2.2. Ана тілі пәнінен батырлар жыры тақырыбы бойынша сабақ үлгілері
Сабақтың тақырыбы: “Ер Тарғын” жырының үзіндісі (4-сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Халық ауыз әдебиетінің күрделі саласының бірі – батырлар жыры туралы мағлұмат беру. “Ер Тарғын” жырының үзіндісінің мазмұнымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың қатыгез жауын жеңген батыр, Ер Тарғын жайлы білімдерін шыңдау, батырдың ерлігіне қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге жетелеу.
Тәрбиелік: Елді жаудан қорғаған, елі үшін ерлік көрсеткен ер азаматтарын құрметтеуге, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, өз ойын ортаға салу, деңгейлік оқыту әдісі.
Сабақтың көрнекіліктері: Батырдың бейнесі салынған плакат, тірек сызбасы, карточкалар, “Жалғасын тап” ойынына арналған мақалдар жазылған карточкалар. (Оқушылардың жауабы қызыл (5), көк (4), жасыл (3) дөңгелекшелермен бағаланып отырады.)
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа әзірлігін және қажетті құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.
Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берілген тапсырма естеріне түсірілгеннен кейін сұрақтар арқылы білімдерін тексеру.
а) Мақал-мәтелдер жайлы білетінімізді ортаға саламыз. Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не ?
Мақал-мәтелдер – қазақ ауыз әдебиетінің ең көп тараған бір бөлігі.
ә) Мақалдың мәтелден айырмашылығы неде ?
Мақалда нақты ой, тұжырымды түйін болады. Дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырады. Ал мәтелде ой тікелей білдірмей, жанамалап айтылады.
б) Дәлелде.
в) Мақал-мәтелдердің халық ауыз әдебиеті үлгілері болып табылуының себебі неде ?
Өйткені, мақал – мәтелді әуел баста жеке адамдар шығарған, біреуден-біреу жаттау, ауызекі айта жүріп, өзгеріп, жалпы халықтық мұраға айналған.
г) Төмендегі мақал - мәтелдің кайсысы мақал қайсысы мәтел ? Дәлелде
Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ, аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ.
Айбар керек, әл керек, әлсіз айбар не керек.
д) Мақал-мәтелдердің қандай түрлері болады ? (батырлық, достық, туған жер, отан т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |