Диплом жұмысы мазмұНЫ



бет2/12
Дата04.03.2023
өлшемі219 Kb.
#171079
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Диплом ж мысы мазм НЫ
58850875
Зерттеудің нысаны Ана тілі сабағында өтілетін батырлар жыры, оның бала тәрбиесінде атқаратын ролі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты – балаларды ауыз әдебиетінің бай саласы – батырлар жырымен таныстыру, халықтық салт-дәстүр мен өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, көркем әдебиетке деген ынтасын ояту.
Зерттеудің міндеттері:



Зерттеудің әдіс-тәсілдері:



І тарау
Батырлар жыры – тәрбие көзі
Өзінің ел-жұртын, халқын сүйген, оларға жан-тәнімен беріле адал қызмет кеткен және бұл жолда тамаша ерлік істер жасаған батырлар жайында шығарылған жырлардың бала тәрбиесінде алатын орны орасан зор. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе жырлап, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.
Халық өткен кезде батырлар жырын өскелең ұрпақты елін, Отанын сүюге, халыққа адал қызмет етуге тәрбиелейтін құралдың бірі есебінде пайдаланған. Жырдағы батырлардың ел қорғаудағы ерлік істерін жастарға үлгі, өнеге еткен. Бұл ретте де батырлар жырының тәрбиелік мәні болған.
Ертеден келе жатқан батырлар жыры біздің заманымызда да тәрбиелік мәнін жойған жоқ. Ескі мәдени мұраны қадірлей білетін оқулық құрастырушы әдіскерлер бұл жырлардың ең таңдаулысын, идеялық-көркемдік сапасы жоғарыларын пайдалануда. Бұған батырлар жырының ең таңдаулы үлгілерінің бастауыш сынып оқушыларына оқытылуы дәлел. Патриоттық ерлік істерді, Отанды сүюшілікті суреттейтін батырлар жырын халық аса жоғары бағалайды, ескіден сақталған мәдени мұраның – халықтық педагогиканың ең жақсы үлгілері деп таниды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет