Диплом жұмысы мазмұНЫ



бет7/12
Дата04.03.2023
өлшемі219 Kb.
#171079
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Диплом ж мысы мазм НЫ
58850875
Кіріспе жұмыстар



  • Батырлар жыры (эпостық жырлар) туралы алғашқы әдеби-теориялық ұғым беру (оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып);

  • Батырлар жырындағы халық арманы, оның негізінде халық тарихының жататыны.



Мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыстар



  1. Жырдың сюжеттік-композициялық жоспарын жасап, оны балалардың көз алдына іліп қою. Мысалы, 3-сыныптағы “Қобыланды батыр” жырына мынадай жоспар жасауға болады.

- Жыршының баяндауы (Қобыланды туралы).
- Қобыланды мен Алшағырдың айқасуы.
- Алшағырдың жеңіліс табуы.
Ұзақ жырға әрі оқиғалары да күрделі жырға осындай жоспар құру балалардың жырдағы басты оқиғаларды тез қабылдауы, аңғаруы әрі сол бойынша мазмұнын жүйелі түрде тұжырымды етіп айтып беруіне көмек-нұсқау ролін атқарады.

  1. Жырды күйтабақтан тыңдатып (басқа жырды да оқытуға болады), жырдың оқылу мәнерімен таныстыру.

  2. Жырды мәнерлеп оқу. Басты-басты эпизодтарға бөліп оқып, ізінше мазмұндатып отыру.Мазмұндауды сұрақ-жауап әдісімен жүргізу, басты оқиғаларын айтқызу.

  3. Жыр үзіндісін оқып біткен соң мазмұнын толық айтқызу. Ол үшін үйге тапсырма бергенде жауаптарының тезисін, жоспарын жасатқызу. Мазмұндау жүйелі болу үшін соған қарап айтқызу.

  4. Оқушылар жауабын бір-біріне толықтыртып отыру.

  5. Бір-біріне қоятын сұрақтарын әзірлету.

  6. Ұнаған жерлерін жатқа оқытқызу.

  7. Жауаптарында да жырдан үзінді келтірте отырып айтқызу. (Мақаламен айтқызуға болады, бала қабілетіне қарай).



Жырға әдеби талдау

а). Жырдың идеясын, тақырыбын ашу. Оны мұғалім әңгімесі, сұрақ-жауап арқылы жүзеге асыру. Мынадай сұрақтар қоюға болады:



  1. Қалай ойлайсыңдар, жырда қандай мәселелер сөз болады. Жырдың негізінде жатқан басты ой неде?

  2. Жырдың негізгі ойы кім арқылы көбірек көрінеді?

  3. Қобыландының бойындағы қандай қасиеттерді ұнатасың?

  4. Қобыланды бейнесін жасай отырып, халық не айтпақшы болған?

  5. Алшағыр бойындағы жек көрінішті қасиеттер қайсы?

  6. Сөздік жұмыстарын жүргізу.

Жырды талдау кезінде сурет-мысалдарды пайдалану, қабілетті оқушыларға жыр бойынша өзіне ұнаған эпизодтарға суреттер салғызудың маңызы зор. Мүмкін болса, жыршы-термешілермен кездесу өткізіп, жырдан үзінді жаттатып, оқушыларды да жырды мақаммен айтқызуға талаптандыру жұмыстары тиімді болмақ.
Батырлар жыры ауыз әдебиетінің ірі саласы ретінде ең бірінші 2-сыныпта өткізіледі. Бұл сыныптарда оны оқытудың өзіндік жолдары қайсы?
1. Жыр мазмұнын меңгерту алдын ала үйден оқып келу, сыныптан тыс оқу арқылы жүзеге асырылады. Алайда бастауыш сыныптарда (2,3-сыныптарда) батырлар жырының үзіндісі ғана беріледі. Сондықтан оны талдау оншалықты қиынға соқпауы керек.
2. Жыр мазмұнын тез әрі өз мәнінде толық меңгеру үшін мұғалім басты-басты эпизодтарын қамтыған сюжеттік жоспарды ұсына алады. Келесі жырды оқуға бергенде оқушылар осындай жоспарды өздері жасайды.
3. Жырды талдауда оның тарихи негізі, яғни халқымыздың басынан өткен тарихи оқиғалары осы батырлар жырларынан көрінетініне тоқталу керек. Бұл мәселені мұғалім өзі немесе тарих пәні мұғалімінің көмегімен жүзеге асырады. Кейде оқушылардың өздеріне дайындатып, қысқаша хабарлама жасатудың да маңызы бар.

  1. Танымдық, іздендіретін, ойландыратын сұрақтарды алдын ала беріп, оқушылардың өз ойларын, пікірлерін жинақтатып, жаңа сабақ кезінде пайдаланып отыру, әңгімелесу, пікірталастарын туғызудың да тиімділігі ерекше болмақ.

5. Ғылыми материалдармен мынадай жұмыстар жүргізуге болады:
а). Мұғалім өтіліп жатқан тақырыпты қамтитын еңбектің нақты жерлерін көрсетіп беріп, оқушылардың оны жауаптарына пайдалануды талап етеді (үзінділер келтіру арқылы).
ә). Ғылыми материалдарды оқып, жауаптарының жоспар-тезисін жасау, қысқаша конспектілеу.
б). Мұғалім оқушылардың бірнеше ғылыми материалдар бойынша өз пікірлерін ортаға салып (тақырып бойынша), салыстыруға, әдеби айтыс ұйымдастыруға бастамашы болады.

  1. Бастауыш сыныптағы батырлар жырын талдауда, әсіресе, образдарды талдауда салыстыру жұмыстарының маңызы зор. Мысалы, жырдағы “Әйелдер бейнесі” немесе “Қалмақ батырлары”, “Батырлар бенйнесі”, “Ер қанаты - ат” т.б. тақырыптарда салыстыру жұмыстарын жүргізуге болады. Әйелдер бейнесін салыстыруда “Алпамыс батыр” жырындағы гүлбаршын, Қарлығаш, “Ер Тарғындағы” Ақжүніс бейнелерін алуға болады.

Салыстыру жұмыстары үшін мынадай сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады:

  1. Батырлар жырындағы әйелдер бейнесіне тән ортақ қасиеттерді сарала.

  2. Батырлар жырындағы әйелдер бейнесі өзің бұрын оқыған ауыз әдебиеті үлгілеріндегі қай әйелдерге ұқсайды?

  3. Батырлар жырындағы ең ақылды, ең сұлу деп кімді айтар едің? Өзіңе, әсіресе, қай кейіпкер ұнайды?

  4. Жырдың өлең құрылысын бұрын өтіп кеткен тұрмыс-салт жырларымен салыстыршы.

Образдарды талдағандаүемі мәтінге сүйенудің маңызы зор. Мұғалім өз түсінігінде де, бала жауабында да мәтінді басшылыққа алғаны дұрыс. Үнемі нақты мысалдар келтіріп, дәлелді сөйлеудің орны бөлек. Себебі жырдың тілі күрделі, оны тіпті мәтінге жақын мазмұндау да қиын болып келеді.
Батырлар жырын талдауда көрнекіліктердің де тиімділігі бар. Мысалы, “Ер Тарғын” жырындағы Тарғын бейнесін оқытуда төмендегі көрнекілікті пайдалануға болады (кесте-плакат етіп жазып пайдалану).
Үлгі:



Оқиға

Тарғынның іс-әрекеті

Қысқаша мінездеме

1.Тарғынның жауға аттануы.
2. Домбауылмен бетпе-бет келуі.
3.Тарғынның жеңісі.

а). Қорықпай қарсы шабады.


ә). Домбауылға қасқайып қарсы қарап, ақырында оны жеңеді.



Тарғын –үлкенді сыйлай білетін, кескілескен жауын тізе бүктіретін, айтқан сертінде тұратын нағыз намысты батыр.




  • Жалпы жыр туралы ғалымдар, фольклористер пікірін, бағаларын жазып, іліп қою, керегінде пайдалану.

  • “Батырлар жыры - өнерімізде” атты стенд жасатуға да болады. Кино, театр әртістері ойынынан көрініс, жыр кітаптарының суретті безендірулері т.б. бастауыш сыныпта оқитын балаларды қызықтыруы сөзсіз.

  • Әдеби-теориялық ұғым беру (ұғымды тереңдету мақсатында теориялық жұмыстарды практикалық жұмыстармен байланыстыру).

Бұл тұрғыда мынадай практикалық жұмыстар орындауға болады:

  • Қанатты сөздерді теріп жазу, оның маңызын анықтау;

  • Батырлар жырын ауыз әдебиетінің басқа түрлерінен басты-басты айырмашылық, ерекшеліктерін саралау;

  • Балаларға таныс емес сөздермен сөздік жұмысын жүргізу;

  • Оқушылармен сыныпта атқарылатын, сыныптан тыс орындауға берілетін жұмыстардың барлығында да шығармашылық, ізденушілік сипат болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет