ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге “Қабанбай қалай Қабанбай атанды?” өлеңін мәнерлеп саналы оқу берілген, соны тексеру.
ІІІ. Жаңа материалды игеру.
а). жобалау техникасы (сызбаға түсіру); Алдыңғы 1-сабақта өлең 4 бөлікке бөлініп, әр бөлікке тақырып қойылған. Тапсырма: Әр топқа әр бөлік бойынша тірек сөздер таратылады. Оқушылар топта ақылдаса отырып, сол тірек сөздерден сызба (жоба) құрастырады;
ә). жобаларды қорғау. Әр топ өздерінің құрастырған жобасын қорғайды;
б). сызба (құрастырылған) бойынша өлеңнің мазмұнын баяндау;
Алакөл
Ерен ұлдар
Бай ел
Берекесі мол
Тамам ел
Қабанбайдың жұрты
Әкесі
Шешесі
Еңбекқор
Ақ бесігін тербеткен
Сәби
Той
Бағылан Бал қымыз
Азан шақырып
Ерасыл
Ерасылдың өсуі
Алакөлде шомылуы
Асау тайды шыңғыртты
Садақ атты
Атанға жүк артты
Ақылды, әділ, тәртіпті
Атан жілікті сындырды
Алпамыстай жігітті жықты
Білмейтін жан болмапты
Елдің көші
Жылқы табыны
Үрку
Қабандар
Жылқышылар безіпті
Жылқыларды жарып өлтірді
Ерасылдың ашуы
Қабандар
Ерасыл
Найзасын түйреп лақтырды
Түгел өлді
Жол ашылды
Көш жалғасты
Ерлігін ел көрді
Бата
Ер Қабанбай атанды
в). маңыздысын табу;
Маңыздысын табу
Ерасыл бала кезінен күшті болып өсті.
Ерасыл әділ болып өскен.
Ерасыл ерлігіне қарай ер Қабанбай атанды.
Күшіне ақылы сай азамат ел батасын алды.
|
г). дилемма.
Оқушыларға қойылған сұрақ:
Егер Қабанбайдың орнында сен болсаң не істер едің?
Алдын ала жолды бақылау.
Батыр жігіттерді көштің алдына қою.
Басқа жолмен кету.
IV. Үйге тапсырма.
Өлеңнің мазмұнын сызба бойынша жүйелі баяндау.
V. Бағалау.
Әр топтың жұмысын бағалау.
Қорытынды
Диплом жұмысының негізгі өзегі болған батырлар жыры – баланың ой-санасы мен мінез-құлқын қалыптастыратын тарихи мектептің маңызды құралы. Бір өзінде тәрбиенің алуан түрі бар батырлар жыры өскелең ұрпақ бойына дене шынықтыру, ақыл-ой, эстетикалық, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік тәрбиелерін дарытады.
Бағдарлай зерттеп байқасақ, бір ғана батырлар жырының өзінде тәрбиенің алуан түрі бар. Дене шынықтыру тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, отансүйгіштік тәрбие, еңбексүйгіштік тәрбие, еңбек тәрбиесі – батырлық жырлардың табиғатындағы мақсатты мұрат – міне, осылар. Батырлар жырындағы негізгі оқиғалар арқауы да осы тәрбиелік мақсаттар.
Батырлық жырларды тыңдаған жас өрен жақсылық пен жамандықты, мейірбандық пен зұлымдықты көз алдына елестетіп, шығармадағы ой-мақсатты жылы сезініп, ой-өрісін дамытады. Шығармадағы қызықты оқиғалар, отты сөздер, өнегелі іс-әрекеттер балаларды неғұрлым көп білуге құштарландырады.
Батырлық жырлар осындай тәрбиелік әсер етумен қатар өткен замандардан мәлімет береді, жаңа заманның артықшылығын қадірлеуге себепші болады, оймен бірге тілді де дамытады, халықтың тұрмыс-салтын, ой-арманын айқындайды, жеке адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуіне, мінез-құлықтарының қалыптасуына себепші болады.
Өзінің ел-жұртын, халқын сүйген, оларға жан-тәнімен беріле адал қызмет еткен және бұл жолда тамаша ерлік істер жасаған батырлар жайында шығарылған жырлардың бала тәрбиесінде алатын орны орасан зор. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе жырлап, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.
Халық өткен кезде батырлар жырын өскелең ұрпақты елін, Отанын сүюге, халыққа адал қызмет етуге тәрбиелейтін құралдың бірі есебінде пайдаланған. Жырдағы батырлардың ел қорғаудағы ерлік істерін жастарға үлгі, өнеге еткен. Бұл ретте де батырлар жырының тәрбиелік мәні болған.
Ертеден келе жатқан батырлар жыры біздің заманымызда да тәрбиелік мәнін жойған жоқ. Ескі мәдени мұраны қадірлей білетін оқулық құрастырушы әдіскерлер бұл жырлардың ең таңдаулысын, идеялық-көркемдік сапасы жоғарыларын пайдалануда. Бұған батырлар жырының ең таңдаулы үлгілерінің бастауыш сынып оқушыларына оқытылуы дәлел. Патриоттық ерлік істерді, Отанды сүюшілікті суреттейтін батырлар жырын халық аса жоғары бағалайды, ескіден сақталған мәдени мұраның – халықтық педагогиканың ең жақсы үлгілері деп таниды.
Жас буынды төл мәдениет мәйегімен тәрбиелеу барысында ана тілінен сабақ беретін мұғалімдердің мүмкіндігі де, міндеттілігі де жоғары. Ендігі қажеттілік – тынымсыз шығармашылық ізденіс. Шығармашылықпен жұмыс жасауға талаптанған мұғалімге мектеп бағдарламасындағы ана тілі сабағының әрбір тақырыбын, әрбір көркем мәтінді ұлттық тәрбиемен өзектестіре оқытуға жол ашық. Ал ұлттық тәрбиенің ақ тұмасы халқымыздың ауыз әдебиетінде, оның ішінде батырлар жырында жатқаны да ақиқат. Сол себепті мәтін аясында көркем образдарды талдап-тану арқылы оқушының өмірлік көзқарасын қалыптастыруға, дүниетанымын дамытуға ықпал ететін әдебиет сабақтарында халықтық мұраларды оқыту барысында білімділік, дамытушылық мақсаттармен қоса тәрбиелік сипатына баса назар аударылғаны абзал.
Ана тілі – бастауыш сынып оқушылары бойындағы азаматтық, адамгершілік қасиеттерді дамытуда, шығармашылық қабілеттерін оятып, ойлау дағдыларын жетілдіруде ерекше маңыз иеленетін пән. Бұл орайда батырлар жыры – сабақ барысында тәрбиелік мақсатты көздеген әрбір мұғалімге сарқылмас қайнар болып табылатыны да шындық. Мұғалім парызы – халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа ұлағат етіп қалдырған асыл мұраларын ұтымды пайдалана білу.
Болашақ ұрпақты ұлттық рухта, биік адамгершілік, еліне, Отанына, халқына асқан сүйіспеншілік сезімде тәрбиелеудегі ауыз әдебиетінің ролін халқымыз әруақытта айрықша бағалаған.
Достарыңызбен бөлісу: |