Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


Үнтаспада «Көңіл тасқыны» күйі



бет9/16
Дата05.11.2016
өлшемі4,34 Mb.
#495
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Үнтаспада «Көңіл тасқыны» күйі.

Балалар, біз бүгінгі сабақ барысында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен және шығармашылығымен танысамыз. «Адам болам десеңіз» өлеңінің мәнін ашып меңгеріп, сауатты оқуға жаттығамыз.



1. Кіріспе әңгіме. Картамен ұғындыру.

Қасқабұлақ Жидебай

^Семей


Абай - қазақ халқының ұлы ақыны, данышпан ойшылы. Абайдың шын аты - Ибрагим. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы тамыздың оныншы жұлдызында туып, 1904 жылы шілденің алтыншы жұлдызында қайтыс болған.

Абай Семей облысы Абай ауданының Шыңғыс тауының бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде туған.

Абайдың әкесі Құнанбай бай адам болған. Абайдың анасы ¥лжан - ақылды, мейірімді кісі екен, ал Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Ол Ибрагимді еркелетіп «Абай» деп атаған.

Қос ана қазақтың ертегі, аңыз-жырларын көп білген. Абайға кішкене кезінен әңгімелерді қызықтыра айтып, оның санасына құя

білген.


Абай ауылында Ғабитхан деген татар молдасынан үш-төрт жыл сабақ алады. Әкесі Абайдың зеректігін байқаған соң оны Семейдегі Ахмет - Риза медресесіне оқуға береді. Сонда жүргенде өз бетімен орыс тілін үйренеді.

Абай 12 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Өз өлеі-щеріне 20-дан астам әндер шығарған.

Абай үлкен аудармашы Лермонтов, Пушкин, Крылов өлеңдерін қазақшаға аударған.

Абай атамыздың шығармаларындағы ең өзекті мәселе жастар мәселесі, оның ішінде оларды білім алуға, оқуға, еңбекке, мәдениетке шақыру жетекші орын алады.

А. Құнанбаев - ұлы ақын. (1845-1904)


Семей, Қасқабұлақ

ч




/




Ғабитхан молда







Ақын портреті

/













Ахмет риза

медресесі






X

Лермонтов Пушкин Крылов

Осы сызба нұсқа арқылы түсіндіремін.

Содан соң оқушыларды кітап көрмесіндегі Абайдың кітаптарымен, өлеңдері, шығармаларымен таныстырамын.

Оқушылардың кітабын жапқызып ортадағы партада тұрып, жатқа, мәнерлеп айтып беремін. Осыдан кейін өлеңнің әрбір жолын оқып тұрып, балаға түсінікті тілмен, өз сөзіммен түсіндіремін.

2. Сөздік жұмыс:



Рақым - адамның өзге кісіге жасайтын жақсылығы, көмегі.

Қанағат - барға риза болу.

Бекер мал шашу - қолда бар дүниені, ақшаны, мал-мүлікті дұрыс пайдалана алмау.



«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба...» - дегендегі орын деп отырғаны - алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын. Ақын ғалым мен адам болу екеуінің тамыры бір дейді. Ғалым болудың басты шарты -не нәрсені болсын ақылға салу, ақылың сенген нәрсеге ғана сену.

Бес жаман істе адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алады.



Өсек - біреуді сыртынан кінәлау, жала жабу, сөз тасығыштық (Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін).

Өтірік - бұған өтірік сөзді шын деп ант еткен, азғын адамды жатқызады. (Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлесемін).

Мақтаншақтық, даңғайлық.

Ондай адамдар өзін мақтануды сүйетін, басқалардың алдында білімді, жағымды болып көрінгісі келетін бөспе сөзге құмар. (Осы арада оқушылардың пікірін білемін сөйлетемін).

Адам бойына біткен жаман қылықтардың ең жағымсызы еріншектік (мысал келтіру) талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық кедейлік - бәрі осыдан шығады. (Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін).

Бекер мал шашу - қолда бар қаржыны, мал-мүлкін дұрыс пайдалана алмау, өз пайдасын білмеу, сырт көзге жомарт болып көрінуге тырысатын мақтаншақ адамды айтады. (Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін).

Ал осы жаман әдеттерден аулақ болу үшін қазақ халқы «Тоқсан ауыз сөзден тобықтай түйін шығарған» мақал-мәтелдер қалдырған.

3. Шығармашылық жұмыс.

Плакаттағы сөздерді дұрыс пайдаланып мақалды жазу.


  1. Өрге баспас сөз өтірік.
    (Өтірік сөз өрге баспас)

  2. Түбі - қорлық ұрлық, ұрлық.
    (¥рлық, ұрлықтүбі - қорлық).

  3. Ертеңі таусылмас еріншектің.
    (Еріншектің ертеңі таусылмас).

  4. Жалқау жатады, белшеден қарызға батады.

Ал жаман қасиеттерге қарама-қарсы Абай атамыздың өлеңіндегі бес жақсы қасиетті таңдайық.

Талап - талаптың ішіндегі ең негізгісі - бұл бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығару, болашаққа талпыну.

Еңбек - Абайдың пікірінше ерінбей еңбек еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды.

(Оқушының пікірін білемін сөйлетемін.)

Терең ой - адамды барлық жан-жануардан айырып Тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның біріншісі -ақыл, ой, екіншісі -сөз.

Нағыз адам өткен - кеткеніне қорытынды жасап, келешекке үмітпен қарайды. Адам үнемі үздіксіз ойлауы керек. Терең ойдың негізі ми мен ақыл.

Қанағат - барға риза болу, місе тұту. «Әке мен бала» көрініс.

Рақым - адамның өзге кісілерге жасайтын жақсылығы, мейірімі, көмегі. Рақымдылықтың негізі - жүрек пен сезім. Барлық адам баласын өз бауырындай көру, өзіне ойлаған жақсылығын өзгеге де жасау.

4. Дәптермен жұмыс.

Осы бес жаман қасиет пен бес жақсы қасиетті дәптерлеріне жазып алуын қадағалаймын.



5. Кітаппен жұмыс.

«Адам болам десеңіз» өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқытамын.



Ү. Қорытынды.

Жаман қасиеттерден ада болып, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек болашақта Отанын сүйер азамат болып шығарымыз сөзсіз.



Сұрақтармен жұмыс жүргіземін. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек.








Адам болам десеңіз













ғ







1 Г







Бес асыл іс




Бес дұшпан










ү







1 г







Талап Еңбек Терең ой Қанағат Рахым




Өсек Өтірік Мақтаншақ Еріншек Мал шашпақ










Жүрек






















Ақыл ч

\

/

Қайрат













\

/













Білім




  1. Адам болуға кері әсер ететін қандай қасиеттерді білесіі-ідер?
    Оқушылар жауап бере отырып, адам бойындағы жаман қасиеттерді
    атап табады.

  2. Ал адам болу үшін қандай қасиеттерді бойға сіңіру керек
    екен?

Осы сұраққа да жауап бере отырып сызбадан адам бойындағы жақсы қасиеттерді атап табу.

А. Құнанбаев былай деген:

Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық, қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.


Осы үшеуінің басын қосып, оны үлкен күшке айналдыратын ғылым.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей үста, сонда толық боласың, елден бөлек. Яғни осы үш қасиет бірігіп біліммен көзге түседі.

ҮІ. Үйге тапсырма.



  1. Өлеңді мәнерлеп оқы.

  2. Өлеңнің өзіңе ұнаған жолдарын жаттап ал.

4-сыныпта ана тілі оқулығына ақынның 38-сөзінен мына үзіндісі келтірілген. Соны оқушыларға түсіндіру жолын қарастырдық.

Отыз сегізінші сөз

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек:

Әуелі - надандық, Екіншісі - еріншектік, Үшіншісі - залымдық.

Надандық - білім-ғылымның жоқтығы. Дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.

Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады.

Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.



Түсінік

Данышпан ойшыл: адам баласы үш нәрседен 1) надандықтан 2) еріншектіктен 3) залымдықтан қор болады, яғни нағыз кісі болудан қалады дейді. Бұдан нағыз адам атына лайық болу үшін білімді, еңбекқор, басқаға қиянат жасамайтын болу керек деген қорытынды шығатынын түсіндіреміз.



Білім - ғылымсыз адам ешнәрсенің байыбына, мәніне түсінбейді, демек мал есепті.

Еріншек ештеңені үйренбейді, яғни қолынан түк келмейді. Демек, нағыз қор, нағыз сорлы -сол, - деп оқушыларды одан бойындағы жаман қасиеттерден аулақ болуына баулимыз.



Залымның адам баласына жаны ашымайды. Демек, оны адам хисабына, яғни адам санатына, есебіне қосуға болмайды - деген қорытынды шығарып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелейміз.


ІІ-Тарау.

2.1. Абай шығармаларын меңгерту арқылы пәнаралық

байланысты жүзеге асыру

Пәндерді бір-бірімен байланыстыра оқыту оқушыларға жүйелі білім берудің тиімді тәсілдерінің бірі болып саналады. Себебі көптеген ғылымның жалпы табиғатында, шығу тегінде туыстық бар. Мысалы тіл мен әдебиет ғылымдарының төркіні - ортақ. Ол -тіл. Солай бола тұрса да бұл екі ғылымның әстетикалық әсері, құрылымы, жасалу жүйесі сияқты бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан бұл екі пәнді өзектестіре оқыту ісі мұғалімнен жан-жақты білімділікті, мол тәжірибені талап етеді. Көркем шығарма адамның психологиялық болмыс, бітімін бейнелейді, азаматтық рухты, халықтық қасиеттерді, уақыт тынысын, заман сипатын өрнектейді. Әдеби туындының сол қасиетін жақсы түсініп, одан рухани нәр алуы үшін оқушы тілдің, оның түрлі заңдылықтарын жете түсінуге тиіс.

Демек, оқушының әдеби шығармаларының табиғатын терең, жан-жақты түсініп, одан рухани-әстетикалық әсер алуына тіл ғылымының тигізер көмегі аз емес. Сондықтан мұғалім оқушылардың 2-4 - кластарда қазақ тілінен оқыған сөз және оның лексикалық мағынсы, тура, ауыспалы мағыналы сөздер, синоним, омоним, антоним, диалект, кәсіби, архаизм, неологизм, термин сөздер, фразеологиялық тіркестер, т.б. мәліметтерді көркөм мәтінмен байланыстыра оқыту керек. Себебі, әдебиет сабағында көркем шығарманың идеялық мазмұнымен қоса оқушылардың сөз байлығын молайту, оларды мағынасын айыра білуге, оны орынды қолдануға, ол арқылы өз ойын жүйелі айтып жеткізугө дағдыландыруды мақсат еткен орынды. Мұнан шығатын қорытынды, оқушы сөздің түпкі мағынасын терең ұғынса, көркем шығарманы да соншалықты жете түсінеді. Сол арқылы ауызекі дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға жаттығады. Сондықтан бастауыш сыныптан бастап ана тілі сабағын қазақ тілі сабағымен, тағы басқа пәндермен ретті жерінде байланыстыру барысында, көркем шығармаға жоспар құру кезінде сұраулы, лепті, хабарлы, атаулы сөйлемдердің қолдану ерекшеліктерін айыруға көмектеседі. Ана тілі мен грамматика байланысының оқушылардың көркем мәтінді ауызша, жазбаша жүйелі мазмұндау кезінде, алынған үзінді, қитата, сөз тіркестерін өз сөздерімен кірістіре әңгімелеп үйренуге тигізер пайдасы мол.



Оқушыларды шығармашылық ізденіс пен көркем шығарманы мәнерлеп айтып үйренеді.

Пәнаралық байланыс жайлы жазылған әдістемелік құралдар аз, санаулы ғана, сондықтан әрбір мұғалімдер өздерінің ізденістерімен білім дәрежелеріне сүйеніп жүргізуде.

Көбіне ана тілі мен қазақ тілінің байланысы сөздік жұмыстарын жүргізу кезінде орындалады. Ел басшыларының Қазақстан халқына Жолдауында, бүгінгі жастарымыз ғылым, білімнің әртүрлі саласынан хабары бар, заман талабына лайықты бүгінгі техника тілін жете меңгерген азамат болып өсулері керек - деп атап көрсеткендей, пәнаралық байланыс оқытудың осындай өскелең талабынан туып отыр.

Оқушылар бойына әсемдік сезімін дарытып, әстетикалық сезімдерін оята отырып, өнерге, тарихқа, дүниетануға деген білімдерін арттыра отырып, елін, жерін, әдет-ғұрыптарын қадірлейтін азамат тәрбиелеуде пәнаралық байланыстың алар орны ерекше. Осыған орай бастауыш сыныптың ана тілі пәнінде оқытылатын Абай шығармаларын қазақ тілінің фонетика, лексика, морфология салаларымен байланыстыра оқыту арқылы оқушыларды сөйлемді сауатты жазуға, жатық сөйлеуге, тыныс белгілерін орынды қолдана білуге болатынын мектепте өткізген іс-тәжірибемізден байқағандарымызды ортаға сала отырып, Абай шығармаларын өткен кезде қолданған әдістерімді диплом жұмысында көрсетіп, жазып отырмын.



4-сыныпта Абайдың "Күз" өлеңін қазақ тілі сабағымен былай байланыстырдым.

Сабақтың кіріспе бөлімінде "Күз" суреті бойынша қысқаша әңгіме өткіздім. Өлеңді оқыр алдында оқушыларға жапырағы сарғайып, түсіп сиреген ағаштарға, қоңырқай тартқан көлеңке басқан сұрғылт күздің суретіне назар аударып отыруды тапсырдым. Өлеңдегі түрлі-түрлі көрініс - суреттерге негіз болып тұрған заттар: жер, бұлт, аспан ағаш, жапырақ екенін тақтаға жазғызып, енді осылардың түрі - түсін сипаттап тұрған сын есіммен тіркестіріп жазғызамын. Сонда оқушылар сұрғылт аспан, сұр бұлт, қоңырқай жер, сарғайған жапырақ, жалаңаштанған ағаш, -деп тауып жазады.

Осыдан кейін өлеңді өзім мәнерлеп оқып беремін. Сонан соң өлеңді бірнеше оқушыға кезектесіп оқытамын. Өлеңнен күз бейнесін беріп тұрған суреттерді теріп оқытып, қазақ тілі дәптерлеріне жазғыздым. Бейнелі сөздің астын сызғызып, дәлеледеп, сұрақтарын қойғызып, талдаттым. Сонда оқушылардың көпшілігі мына шумақты көшіріп жазды.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан...

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Күзеу тозған, оты жоқ, елдің маңы,

Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.

Оқушылардан өлеңдегі күздегі бұлт, ағаш, қурай, тұман күзеу елдің маңы сөздерінің қай сөз таптарына жататынын сұрадым.



Оқушылар бұл сөздердің зат есімдер екенін, оларды сұр, түсі суық, қайыршы шал, кемпірдей түсі кеткен, жапырағынан айрылған, дымқыл, тозған, оты жоқ - деген тәрізді сөздердің сипаттап тұрғанын айтады.

Бұлар сөз табынан сын есім екенін, бірақ жай сын есім емес, бейнелі сын есімдер, яғни ана тілінде ақын заттың қасиетін көзге әсерлі, көңілге қонымды етіп суреттеген поәтикалық сөздер екеніне оқушының көзін жеткізу үшін жай сын есімдермен ауыстырып дәлелдедік.

Мысалы; "Қайыршы шал - кемпірдей түсі кеткен ағаш қурай" -дегенді "жапырағы түсіп, сиреген ағаш қурай" деп ауыстырып қай сөз тіркесінің көңілге әсер қалдырып тұрғанын оқушының өзіне тапқыздым.

Осыдан кейін оқушыларға өздік жұмыс бердім. Өлеңде күзді бейнелеп тұрған өлең жолдарын өздерін қара сөзбен жазыңдар да, ішіндегі сын есімдерді тауып астын сызыңдар деген тапсырма бердім.

Қайназаров деген оқушы былай әңгімелеген: "Күзде аспады сұр бұлт қаптайды. Жөрге дымқыл түман түседі. Жердегі шөп қурап, сарғаяды. Жаз күндеріндегідей бәйшешектер болмайды. Жапырақтары қурап түскен ағаштар қайыршы шал-кемпірге ұқсайды. Кішкене жел соқса, шөбі қурап, жалаңаштанған жердің жапырағы аспанға көтеріледі".

Біреу малма сапсиды, салып иін,

Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.



Енесіне иіртіп шуда жібін,

Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

Қай ауылда көрсең де жабыраңқы,

Күлкі -ойын көрінбейді, сейіл - серуен,

Кемпір -шал құржаң қағып, бала бүрсең,

Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.

Кемік сүйек, сорпа -су тимеген соң,

Үйде ит жоқ, тышқан аулап қайда көрсең.

Осы жолдардағы малма сапсу, қара суық, шуда жіп, кемік сүйек - тіркестерінің мағыналары анықталғаннан кейін, 3 оқушы осы тіркестерді қатыстырып, өлеңді өз сөздерімен әңгімелеп шықты. Кейбір оқушы "Шаруа адамның жайы" десе, енді бірі "Күздегі ауыл тіршілігі" тағы біреулері "Күздің қара суық кезіндегі шаруа адамдардың хал-жағдайы" - деп атады.

Қара суық, көңілсіз, жаздағыдай ойын-күлкі жоқ, балаларда шулап ойнамайды. Кемпір - шал бүрсең қағып, жабыраңқы. Кемік сүйек, сорпа-су болмағандықтан ауылдың маңында иттер де көрінбейді. Олар да аулақта тышқан аулап кеткен, - деп жазады Дәмегүл деген оқушы.

Оқушылардың назары "Күз" өлеңіндегі бейнелі сөздерге, тіркестерге аударылғанмен, оның әпитет, не теңеу екені анықталған жоқ. Оқушыларға мұндай әдебиет теориясы ана тілі сабағында әпитет, теңеу жайлы айтқанмын. Сондықтан да өздерінің ауызша мазмұндауында ол сөздерді, тіркестерді орынды қолданады. Міне, Абайдың бұл өлеңін өтуде қазақ тіліндегі зат есім мен сын есімді қайталап естеріне түсірдім. Олардың қазақ тілінен алған білімдерін ана тілі сабағында бекітіп, кезінде практикалық дағдыға айналдырып қолдана алатын болады деп ойладым.

Сондай-ақ, 4-класта Абайдың "Қыс" өлеңі оқытылады. Бұл өлеңді өткен кезде қазақ тілінің лексика тарауымен байланыстырыла өткізіледі. "Қыс" өлеңінің соңында берілген сұрау-тапсырмаларда да өлеңніңтілдік құрылысына көңіл бөлінген. Оқушыға мынадай тапсырма береміз.

1. Өлеңдегі теңеу, балау мағынасында қолданылған сөздерді
табыңдар!


  1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр мылқау сөздері
    сөйлемнің қандай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын тапқызуға
    болады. (анықтауыш).

  2. "Кейіпкер" - деген сөздің синонимді сыңарын таптыру
    (кейіпкер, қаьарман, герой).

  1. Өлеңде ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді
    анықтау. (ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр, мылқау, кәрі құдаң).

  2. Берілген ауыспалы мағыналы сөзді қатыстырып өлеңді
    мазмұндап, әңгімелетуге болады.

Міне, осындай тапсырмалар арқылы қазақ тілі грамматикасындағы сөздің тура және ауыспалы мағынасын, көп мағыналы сөздерді, синоним, омоним сияқты тақырыпты қайталап, еске түсіруге болады.

Ана тілі сабағында берілген көркем тексті инсқенировкаға (сахналық көрініске) айналдырып жаздыру арқылы да пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Мұндай сахналық көрініске жаттықтыру үстінде оқушылардың назары мәтіндегі автор сөзі мен төл сөздерге, диалогтарға, қаратпа сөздер мен сөйлемнің түрлеріне аударылады. Мысалы А. Құнанбаевтың И. Крыловтан аударған аудармасы "Шегіртке мен құмырсқа" мысалының сахналық көрінісін сыныпта оқушылармен бірігіп талдадық. Көріністі қара сөзбен былай суреттеп балаға түсіндірдім.

Қақаған қыстың алғашқы сәті. Айналаны тұтас жапқан аппақ қардың бетінде шөптің басы қылтияды. Осы айдалада бүрсеңдей жортып шегіртке жүр.



Ол салымдағы жылы илеуінде жинаған азығы (дән) мол, тамағы тоқ құмырсқаны кездестіреді.

Шегіртке жығыла - сүріне келе құмырсқаның аяғына бас иеді. Жыламсырап, жалынышты дауыспен:

-Қарағым жылыт, тамақ бер, Жаз шыққанша асыра - дейді. Аяғына жығылып, жылап тұрған шегірткеге құмырсқа: -Мұның жаным сөз емес, Жаз өтерін білмеп пе ең? Жаның үшін еш шаруа,


Ала жаздай, қылмап па ең?

Шегіртке өзінің құмырсқадай еңбекқор, шаруашыл еместігін мойындай, бәсең дауыспен:

Мен өзіңқей шаруашыл,

Жұмсақ илеу үйлі ме.

Көгалды қуып, ән салып,

Өлеңнен қолым тиді ме? Құмырсқа кекесінді дауыспен:

Қайтсін қолы тимөпті,

Өлеңші, әнші есіл ер.

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де билей бер.



Мұнан оқушыға мынадай тапсырма бердім.

1). Мәтіндегі автор сөзін табу;

2). Оқиға болған мезгіл - мекен жайын суреттеген жолдарды тап!

3). Жыл мезгілдерін рет - ретімен жүйелеп жаз!

Бұл мысалдың негізгі түйіні - сауықшыл, жалқау, іске қырсыз, басқаның еңбегімен күн көруге дайын тұратын адамдардың психологиясын бейнелеу.

Қайтсін қолы тимепті,

Өлеңші әнші, есіл ер,

Ала жаздай ән салсаң,

Сөлкілде де билей бер!



Автордық айтайын деген негізгі ойы да осы шумақ арқылы ашылған. Оқушыларға осындай жаттығу жұмысын ауызша аударғаннан кейін мәтінді сурет-көріністер түрінде хабарлы сөйлемді қолданып жазу тапсырылады.

Сонда оқушылар былай орындайды.

I. көрініс.

Жаз. Көгал, айнала қалың шөп. Соларды аралап ән салып, билеп жүрген шегіртке.

II. Көрініс.

Жер беті сарғайған. Күн суық, жаңбыр жауып тұр. Тоңған, жүдеген шегіртке селкілдеп, дірілдеп тұр.

Бұндай жұмыс яғни, сурет-көрініс жасатып үйрету арқылы, көркем мәтіннің жанрлық ерекшелігін таниды, шығарманың мазмұнын анығырақ біледі, қазақ тілімен байланыстыра отырып, сөйлемнің мағыналық түрлерін қайталап ойына берік сақтайды, керекті жерінде хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемді ана тілінен өтіліп жатқан шығарманың мәтінімен байланыстырып қолдануға үйренеді.





2.2. Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту арқылы берілетін тәрбие

Абайдай ұлы адамның өз бойындағы ақындық қасиетін халықты тәрбиелеуге бағытталғандығы "Жаздым үлгі жастарға бермек үшін" - деген ойларынан айқын байқалады. Ақын шығармаларын мектепте бастауыш сыныптан бастап сабақта, сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушы бойына сіңіруге болады. Бастауыш сыныпта тәрбиелік сағат түрінде өткізіледі.

Онда - тақпақ айтқызу, ақын әндерін орындату, шығармаларынан сахналық көріністер көрсету, қара сөздерінің ішінде тәрбиелік мәні жағынан оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттісін түсіндірген дұрыс.

Қазіргі жастар, мектеп оқушылары т.б. барлығынан есіл-дерті мал табу, пайда табу. Бұл жаман талап емес. Ал, мұғалімдер міндеті осылардың адал жолын үйрету. Сондықтан оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді дамыту үшін мал табу, өнер үйрену, еңбектену жақсы оқу керектігі төңірегінен бастаған дұрыс сияқты.

1 - сынып оқушыларының Абайдың сөзімен айтсақ "білсем екен, көрсөм екен"- деген құмарлығы басым болады. Дегенмен, қайрат-күші әлі әлсіз болады. Міне, осы екі нәрсені мұғалім байсалдылықпен ұштастыра білулері керек. Осы жерде Абайдың 32-қара сөзіндегі пікірді оқушыларға түсіндіре отырып, оқудағы мақсатты білу, білуге ұмтылу, білгендерін ойларында берік ұстау керектігін айта отырып, мұғалімнің айтқандарын түсінуге ұмтылу, оны саналарына орнықтыру керектігін сабақта, тәрбие сағаттарында айтып отыру. Атап айтсақ, сабаққа кешікпей келу, сабақ үстінде мұғалімнің айтқандарын түсінуге үмтылу керектігін оқушы ойына қайталап салып отырған дұрыс. Ол үшін ақынның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінен мына үзіндіні алсақ болады;



Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба...

Ғалым болмай немене

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз...

Міне, осындай мазмұндағы өлеңдерінен, қара сөздерінен үзіндіні тәрбие сағаттарында айтып мәнін түсіндіруге болады.



2-сынып оқушыларының бойына тәрбиелік жұмыста Абай шығармаларын пайдалану тәртіпке бойсынуға тәрбиелеумен қатар еңбектегі дағдысын қалыптастырады. Бұл жастағы оқушыларға ең алдымен оқу, білім алуға әрекеттену, білім үшін намысының барынша ұмтылудың өзі де еңбек екендігін түсіндіреді. Сонымен қатар, еңбектің басқа түрлерімен таныстыру және еңбектену дегеннің не екендігін ұғындыру, оның шарттарымен таныстырып, орындауға үйретіп, тәрбиелейміз. Әрине, еңбек - деген ұғымды кең көлемде алумен қатар, осы жастағы балалардың ұғымына сәйкестендіріп түсіндіріп, кейбір шарттарын игертіп, бойына сіңіруге күш жұмсау керек. Мұнда Абайдың еңбек туралы пікірлерін кең пайдалану мүмкіншілігі бар. Мәселен, не нәрсені болмасын игеру үшін еңбектену керек, бұл ретте ақынның:

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған - деген өлең жолдарын жаттатып, қазіргі заман талабына сәйкес түсіндіріп, мәселен, оқу оқығанда бастық болам (қазақ арасында өте кең тараған ұғым "менің балам бастық болады") деп емес, өзіме, еліме, Отаныма еңбек етем, қызмет етем, еңбектеніп бәрін табуға үйрену үшін оқимын (оқисың) деген ойды баланың мақсат болса, одан соң не нәрсені болмасын игеру үшін еңбектену керек, мысалы, егін егіп одан мол түсім алу үшінде, бір өнер үйрену үшін де оны өз пайдасына жарату үшін де т.б. Одан соң ақынның 31- қара сөзіндегі "естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар" дегенін оқу үшін де, бір нәрсені жасау, игеру үшін де қажет қағида ретінде түсіндіріп мына үзіндіні жаттату қажет. "Әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек" - бұны әуелі табанды, шыдамды, төзімді, қайратты болу керек деп түсіндіру мен сөзсіз жаттату және әрқашан есіне салып тұру керек. Әйтпегенде, ескерілмей қалады. Егер оны жақсы игерсе оқушының бірде болмаса бірде ескеріп, одан өзіне жағымды нәтиже тапса үнемі ескеретін болуы әбден мүмкін. Одан соң осы қара сөздің "сол нәрсені естігенде, я көргенде көңілденіп, ынтамен ұғу керек" - бұл өзі де түсінікті, тек оқушылардың осыны жаттап алуын қадағалау керек. Тағы бір шарт "Сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек". Бастауыш мектеп оқушылары үшін Абай сөздері ауырлау келеді, сондықтан ол мұғалімдер тарапынан түсіндірумен қатар, байыппен бірінен соң бірін, асықпай, алдыңғы ережені игерген соң, толық жаттап кез-келген уақытта есіне түсіре алатын болған соң кейінгісін қолға алу дұрыс болады.

Әрине, екінші сыныпта ақынның басқа да өлеңдері мен қара сөздерін пайдалануға болады, тек оны оқушылардың ұғымына сәйкестендіру керек.



3-сынып

3-сыныпта алдыңғы сыныптағыларды пысықтай отырып жаңа сатыға көтеру, мұнда оқу-ғылым, тәртіп тақырыбы жалғасуымен қатар оқушының өзіне сенімін арттыру, өзіне сенуге тәрбиелеу – Абай шығармалары арқылы тәрбиелеуді ұйымдастыруды арқау етіп алынады. Мұнда ақынның:

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтан,-

деген өлең жодарымен қатар өзіне сену деген не? Ақыл деген не? Ақылды кісі қандай болады немесе қандай баланы ақылды дейміз? деген сұрақтарына жауап беруде Абайдың 13 - қара сөзіндегі "беріктік" туралы пікірді негіз етіп алуға болады. Ақыл туралы ақынның 17, 38-сөздеріндегі пікірлерді алуға болады. Осыларға сүйене отырып әркім өзіне сенімді болуы үшін қатты еңбектеніп сабақты жақсы оқуы, өтірік, ұрлық сияқты жаман қылықтардан аулақ болса ғана өзіне сене алады. Мысалы Абай:

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге, -деген.

Мұнымен қатар:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашапақ.

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым, ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз,

- деген үзінділерді сөзсіз жаттауға беруге болады.

Өзіне сенуге тәрбиелеу әр баланың өз басына көңіл бұрады. Мұғалім сөзсіз әрқайсысы оқушыға "мен қандаймын?" деген сұраққа өте кең болмаса да осы жастағы балаларға сәйкес "мен қалай оқимын?" Тапсырманы қалай орындаймын? Өтірікті көп айтып жіберген жоқпын ба? деген сияқты олардың ұғымына жақын сұрақтарға жауап берулеріне көмектесу керек. Бұл оқушыларда сын көзқарас қалыптастырудың басы. Осы өзін-өзі сынаудың кемшілігінен әр адам, тіпті бүкіл бір қоғам қатты зиян шегуі мүмкін. Байыптап қарасақ, біздің қоғамымызда осы жағы кемістеу секілді.

4-сынып

4-сыныпта оқу ғылым тақырыбы жалғасады. Сонымен қатар, бұл жерде өзін-өзі танып білу мәселесі тәрбие ісінің арқауы етіп алынады. Мұнда 3-сыныптағы "Мен қандаймын" - деген сұрақ тереңдей түседі. Абайдың:

Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің, Өзіңді-өзің күзет, кел шырағым... деген сөзін арқау ете отырып оның:

Ойға түстім толғандым

Өз мінімді қолға алдым.

Мінезіме көз салдым,

Тексеруге ойландым...

Осыншама ақымақ болғаным

Көрінгенге қызықтым

Ғаділетті жүректің

Әділетін бұзыппын

Ақыл менен білімнен

Әбден үміт үзіппін...

деген үзіндіні жаттаумен бірге, тәрбие сағатында талдап түсіну керек. Мұғалім оқушының тек жаман жақтарын емес жақсы қасиеттерін көруіне жағдай жасап қандай оқушыны талапты дейміз, қабілетті оқушы қандай болады, еңбек сүйгіштік деген не? Тек қабілетті оқушылар ғана табысты оқи ала ма? қабілетті дамытуға бола ма? қалайша? Деген нәрселер төңірегінде тәрбиелік жұмыстар жүргізсе, бұл олардың өзін-өзі танып білулеріне көмектеседі. Бұл жұмысты мектеп мұғалімдері ғана сауатты жүргізе алады. Өйткені ата-аналардың барлығы бірдей керекті деңгейде, бұларды балаларына таратып бере алмайды. Осылардың барлығын реттеп, өмірде іске жаратудың жолын Абай 15-қара сөзінде көрсеткен. Ол; "Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен..." - міне оқушыларға керегі осы. Осы мәселені оқушылармен тәрбие сағатында талдап, түсіндірдік.




Қорытынды

Абай Құнанбаев шығармашылығы, өмірбаяны, туған жер, өскен ортасы жайлы оқушыларға бастауыш сыныптан бастап сабақта, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында мәлімет бөріледі. Абайдай ұлы адамның өз бойындағы ақындық қасиөтін халықты тәрбиелеуге бағышталғандығын: "Жаздым үлгі жастарға бермек үшін" - деген тұжырымынан айқын байқалады. Абай арнайы тәрбие туралы ғылыми еңбек жазбаған. Алайда, әрбір ұстаз күнделікті сабақта, сабақтан тыс кезде жүргізетін іс-шараларына Абайдың тәрбиелік ой-пікірлерін тауып пайдаланған дұрыс. Абай ең алдымен ақын, бірақ ол өз өлеңдерін тек өзінің тек ақындық болмысын, талантымен адалдығын халыққа көрсету үшін емес, халқына қызмет ету үшін, жаман мінез құлықтарды жойып, жақсылыққа жету жолын көрсеткен.

Абайды бір заман жапсарлас жатқан елдер дана кісі, қара қылды қақ жарған әділ би, алдына жан салмайтын шешен деп білсе, алыс-жақындағы зиялы адамдар, өнерпаз шәкірттері зор, оқымысты хакім, қазақта болмаған терең ойлы, көркем өлең жазған әулие ақын деп таниды. Оның осындай атағы көзі тірісінде Алтай-Тарбағатай, Көкше мен Жетісу өңіріне жетті. Кейбір өлеңдері жырақтағы басқа жұрттың қалаларында шығатын газеттерде, жинақтарда жарық көре бастады. Оның оқымыстылығы мен жаңашыл ақындығы жайында орыс білімпаздарының кұлағына жетті. Оны Семейдегі өлкетану және география жөніндегі ғылыми қоғамдардың мүшелігіне сайлады. Сондағы орыстан шыққан оқымысты әріптестері «Алтын басты адам» деп білді. Тіпті осы ғасырдың басында сонау алыс Америка Құрама Штаттарында шыққан американ саяхатшысы Кеннанның кітабында

Абай есімі құрметпен әрі таңырқаныспен аталды.

Ұлттық кемеңгер, философ Абайдың үлкен тағылымға толы

нақыл сөздерін кітапқа енгізу, жастарға жаттатқызу жеткіліксіз. Ақын сөздері өміріміздің өзегіне айналуы қажет. Егемен еліміздің 16-ға толған азаматына берілетін төлқұжатта Абайдың: сөздері өміріміздің өзегіне айналуы қажет. Егемен еліміздің 16-ға толған азаматына берілетін төлқұжатта Абайдың:

«Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан», - деген ұлы сөзі тұру керек деп ойлаймыз,

Абай сынды ақынның қадірін білмеу қазақ халқының зор кемшілігін көрсетуге толық жарайды. Себебі қазақ басқа жұртпен үзеңгі тебісіп, тең халық болып жасай алмауы - тарихы, әдебиеті жоқтығынан. Тарихы, әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруде ұлттығын сақтап, ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады.



Сондықтан, Абайдың аты жоғалуы, мұнан кейінде шығатын Абайлар сондай ескерусіз ұмытылуы ықтимал. Қазақтың жоғалуы, қазақ атты халықтың ұмытылуымен бірдей.

Әдебиетіміздің негізіне қаланған кірпіш Абай сөзі. Абай аты болуы керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқитын, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ.

Бәлкім, мұнан кейін Абайдан үздік, артық ақындар жазушылар шығады, бірақ ең жоғарғы ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп алғашқы атқан жарық жұлдыз - Абай

Ақынның мерей тойы бүкіл ЮНЕСКО бойынша тойлануы да қазақ халқының әдебиетінің биік дәрежеде екендігін дәлелдейді.



Абай - халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз. Оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту - біздің ғұмырлық парызымыз. Өйткені Абайды әлемге таныту - әлемге қазақты таныту деген сөз.

Олай болса бастауыш сыныптан бастап Абайдың шығармаларын жан-жақты талдап оқыту арқылы оқушылардың тіл байлығын дамытып, жақсы қасиеттерге тәрбиелейміз.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Ана тілі оқулығы 1-4 сынып. Алматы, 2001ж.

  2. Асқарбаев А. Кластан тыс оқыту методикасы. Алматы, 1992ж.

  3. Ахметов Ә. Қазақ балалар әдебиеті кітапханасы - Алматы, 1992ж.

  4. Ахметов 3. Абайдың ақындық әлемі. Алматы: Ана тілі. 1995ж.

  5. Абай. (Ибрахим Құнанбаев) ІІ-томдық шығармалар жинағы.
    Өлеңдер поәмалар. І-ші том. Алматы: Жазушы, 198бж.

  6. Абай. (Ибрахим Құнанбаев) ІІ-томдық шығармалар жинағы.
    Өлеңдер поәмалар. ІІ-ші том. Алматы: Жазушы, 1986ж.

  7. Абай. Қалың елім қазағым: өлеңдер. Алматы: Атамұра. 2002ж.

  8. Абай. Қалың елім қазағым: шығармалар. Алматы: Жалын, 1995ж.

  9. Абай. Қара сөз. /Қаз аударған К. Серикбаева., Ю. Кузнеқова/.
    Семей: Межд. клуб Абая. 2001 ж.




  1. Әбдіғазиев Б. Асыл арна: Абай дәсТұрі және Шәкәрім. Алматы:
    Қазақ университеті. 1992ж.

  2. Әуезов М. Абай Құнанбаев: Монографиялық зерттеулер мен
    мақалалар. Алматы: Санат, 1995ж.

  3. Әуезов М. Абайтану дәрістері. Алматы: Рауан, 1994ж.

  4. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. Оқу құралы.
    Алматы: Санат, 1997ж.

  5. С. Бақтыгереев «Абайды оқы, таңырқа». А., Ана тілі, 1993ж.

  6. Досжан Д. Абай айнасы: Ғұмырнамалық зерттеу - әссе. Алматы:
    Қазақстан, 1994ж.

  7. Жұмақаева Б.Д. Абай Құнанбаев шығармаларын 5-8 сыныпта
    оқыту методикасы. Автореферат. Алматы: 2003ж.

  8. Есламғалиұлы. Жүрегімнің түбіне терең бойла... Алматы:
    Жазушы, 1995ж.

  1. Керімбаев Н, Жандыбаев Ғ. Жасымда ғылым бар деп
    ескермедім: Абай шығармаларын оқыту мәселелері. Алматы:
    Рауан, 1995ж.

  2. Құнанбаев Т. Әкем Абай туралы. Алматы: Ана тілі, 1993ж.

  3. Құнанбаев А. Сен де бір кірпіш дүниеге... Абай туындыларының
    мектепке арналған хрестоматиясы. 1994ж.

  4. Құнантаева К., Халитова I. Абай мұрасы және мектептегі тәрбие
    жұмыстары. Алматы: 2001ж.

  5. Мырзахметұлы М. Ғалым Абай туралы. Алматы: 2001ж.

  6. Мырзахметов М. Түркістан Тараз қаласы. Абай туралы. Алматы:
    2002ж.

  7. Мырзахметов М. Абай және Шығыс. Алматы: Қазақстан, 1994ж.

  8. Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы:
    Рауан 1993ж.

  9. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. Алматы: Ана тілі, 1994ж.

  10. Мырзахметов М. Абайды оқы, таңырқа. Алматы: Ана тілі, 1993ж.

  11. Мұхамедханов X. Абай мұрагерлері. Алматы 1995ж.

  12. Мұханов С. Жарық жұлдыз: Абай Құнанбаевтың шығармалары
    туралы. Алматы: 1995ж.

  13. Сарғожаев Н. Сен де бір кірпіш дүниеге. Алматы: 1990.

  14. ЫсмағұловЖ. Абай: ақындықтағылымы. Алматы: Ғылым, 1994ж.

ШЫҒАРЫЛҒАН



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет