Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет7/16
Дата05.11.2016
өлшемі4,34 Mb.
#495
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Шведова Н.Ю. Активные проқессы в современном русском
    синтаксисе. М., 1966. стр. 5

  2. Қордабаев Т.Р. Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі. Алматы, 1966,
    13-6.

  1. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. Алматы, 1973.

  2. Серебренников Б.А, Гаджиева Н.З. Сравнительно-историческая
    грамматика тюркских языков. М., 1979 стр.256.

  3. Шербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских
    языков (Имя). Л., 1977, стр. 97-98.

  4. Мусаев К. Некоторые наблюдения над развитием морфологии
    казахского языка, в послеоктябрьский период. Исследования по
    тюркологии. Алма-Ата, 1969, стр. 214.

  5. Шербак А.М. Грамматика староузбекского языка. М-Л, 1962, стр.
    113

  6. Қордабаев т, Томанов М. Тарихи грамматикалық мәселелері,
    Алматы, 1975, 118-119-6.

  7. Шербак А.М. Грамматика староузбекского языка. М-Л, 1962, стр.
    122.

  8. Ю.Шербак А.М. Грамматика староузбекского языка. М-Л, 1962, стр.

185-186.

11. П.Қордабаев Т.Р. Қазақ жазба тілінің синтаксисі, Алматы, 1966, 46-

47-6.

12. Дмитриев Н.К. Русские предлогии и татарские послелоги.

Стройтюркских языков. М., 1962, стр. 169.



ІЗ. Гуломов А.Г., асқарова М.А. Хозирги узбек адабий тили.

Синтаксис. Ташкент, 1965, стр.12.

14. Аханов Қ. Грамматика теориясының негіздері. Алматы 1972, 195-6.

15. Ысқақов А, Қазіргі қазақтілі. Морфология. Алматы, 1974. 174-6.

16. Ысқақов А, Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1974. 198-6.

17. Борковский В.И.Дузнеқов П.С. Историческая гармматика русского

языка. М. 1963 стр.313.

18. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языков. М.,-Л., 1948, стр.

120.


19. Казем-Бек М.А. Общая грамматика туреқко-татарского языка.

Казань, 1939,318-6

20. Баскаков Н.А. Каракалпакский язык, П-М., 1952

21. Батманов И.А. Грамматика киргизкого языка. вып. П.Фрунзе, 1940.



22. Искаков А. Наречие в совремменном казахском языке. Алма-Ата,

1950, Современный казахский язык. Алма-Ата, 1950.

23. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. Алматы, 1951.

24. Шәкенов Ж. Қазак тіліндегі сын есім катергориясы. Алматы 1961.



25. Реформатский А.А. Число и грамматика. Вопросы грамматики. Сб.

Статей к 70-летию академика И.И.Мещанинова, М.-Л., 1960. стр.

384.

26. Балақаев М, Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис, 1962, 43-6.



27 .Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языков. М.,-Л., 1948, стр.120.

28. Искаков Г.Ф. Имя числетельное. Исследование по сравнительной грамматика тюркских языков. П.Морфология, М., 1955. 29.Убрятова Е.И.

29. Исследование по синтаксису якутского языка. М.-Л., 1950.



30. Балақаев М.Б. Структурные особенности словосочетания в тюркских языках. (Казахский Государственный университет им.

С.М. Кирова к 40-летию республики). Сборник статей, Алма-Ата,



1961.стр.407.

31. Хасенов Ә. Қазақ тіліндегі сан есімдер. Алматы.1957, Қазіргі қазақ тілі, 1954. 55-6.

32. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. Алматы, 1965, 66-6.

ЗЗ. Мусаев К. Некоторые наблюдения над развитием морфологии

казахского языка, в послеоктябрьский период. Исследования по

тюркологии. Алма-Ата, Наука, 1969, стр. 214.

34. Гаджиева Н.З. Основные пути развития синтаксисической

стуктуруры тюркских языках. М., 1973, стр.65

35. 0ралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналиткалык

форманттары, 1975, 20-6.



З6.Айдаров Г. Язык орхонского памятника билькагана. Алма-ата,

1966, стр.49.

37. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. Алматы, 1965, 146-6.

38. Балақаев М.Б. основные типы словосочетания в казахском языке

Алма-Ата, 1957 стр.19.



39. Джапаров А. Грамматическая структура словасочетания в

современном киргизском языке. М., 1955.

40. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. 1975,390-бет.


41. Сергалиев М.Синонимия синтаксических

конструкқий в современном казахском

литературном языке. Наук. Алма-Ата, 1987.

42. 0ралбаева Н, Мадина Г, Әбілқаев А. Қазак тілі. Алматы, 1982.


43. Балақаев М.Б. «О комбинированном

управлении прямого дополнения в казахском

языке». Тюркологический сборник. 1951, № 7, 37-6.


44. Қазақ тілінің гармматикасы. Синтаксис. II. 1967.

45. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971. 46.Ә.Әбілақов. меңгерудің өзіндік ерекшеліктері, қазақстан мектебі,

1965, № 6, 37-6.


47. Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983, 37-6.
48. Балақаев М.Б. «О комбинированном

управлении прямого дополнения в казахском языке».

Тюркологический сборник. 1951, № 7, стр.46.

49. Балақаев М, Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1971, З-б.

5О. Балақаев М, Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис, 1971.

51. Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модельді және мақсат

мәнді жай сөйлем типтері. 1968.
52. Арғынов X. Қазақ тілі методикасы. Синтаксис,

пунктуақия. 1974.


53. Сауранбаев Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған.

1953.


54. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі есімдіктер. 1963.

55. Сайрамбаев. Т. Есім пысықтауыш. Алматы, 1976.

56. Асылов Ү, М.Қ.Сұлтанғазина. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -

Алматы: «Атамұра», 2000 ж 42 бет.

57. Асыл сөз. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы — Алматы:

«Жалын», 1987 ж 24-34 бет.

58. Әлімжанов Д. Қазақ тілінде морфологияны

оқыту методикасының кейбір мәселелері - Алматы: 1972ж

59 бет.


59. Әуелбеков Ш, Қонақбекова Қазақ тілінен дидактикалық

материалдар. 2-сыныпқа арналған - Алматы: «Мектеп»,

1984ж .


60. Балақаев М.Қазақ тілі 2-сынып (оқулық) - Алматы: «Мектеп»,

1990.


61. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы:

«Мектеп», 1997 ж 42 бет.

62. Бастауыш мектеп 1997. №16, 17, 18, 19 бет.

63. Бәкірова «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нүскау - Алматы:

1987ж48бет.

64. Балақаев М, Әмірова Р. Қазақ тілі 3-сынып (оқулық) - Алматы:

«Мектеп», 1990 ж 57 бет.

65. Бектаев К, Молдабеков К. Бастауыш сынып оқулықтары тестінің

сөздігі Шымкент обл. Баспаха 1990 ж.

66. Қазақ тілінің грамматикасы, «Ғылым» баспасы, II том, Синтаксис,

Алматы, 1967, 18-6.

67. Нұрмаханова Ә. Қазіргі қазақ тілі. 1982,133-6.

68. Балақаев М, Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис, 1977, 81-6.



ШЫҒАРЫЛҒАН

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігі

М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан || Мемлекеттік университеті



«Бастауыш мектепте филология пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

Диплом жұмысы

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта Абай шыгармаларын оқыту.

Ғылыми жетекші: аеа оқытушы Елеусинова Т.

Орындаған: Малзайдарова Г.

Пікір берушілер:

ф.в.к., Омарова Базаркүл Көлбайқызы

№65 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шегірбаева Ж ^

(мерзімі)

(мерзімі)

Шымкент 2005 ж



ПІКІР


Малғайдарова Гүлсара осы аталған тақырып бойынша көп еңбек етті. Жинақтаған тәжірибелері негізіндө үшінші курста курс жұмысын жазып, ойдағыдай қорғап шықты.

Студенттедің ғылыми конференwиясында баяндама жасап, жоғарғы бағаға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды.

Малғайдарова Гүлсара тақырыпқа сай көптеген ғылыми теориялық және ғылыми әдістемелік әдебиеттерді қарастырған. Қаладағы бастауыш мектеп мұғалімдерінің озат тәжірибелерін пайдаланды. Өзі мектептерде педагогикалық іс - тәжірибеден өткен кезде бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқытылу жолын іс жүзінде тексеріп көрді.

Абай шығармаларын оқыту арқылы ұлы ақынның лирикалық өлеңдерімен қара сөздеріндөгі жақсы қасиеттерден үйреніп, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеуге болатынын жұмыста көрсете білген.

Диплом жұмысы кіріспеден, төрт бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Диплом жұмысының нәтижесін бастауыш мектеп мұғалімдері, болашақ мұғалім - студенттер көмөкші әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады.

Диплом жұмысына қойылатын талаптар толық орындалған. Жұмыс қорғауға жіберілді.


ПІКІР

«Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту» тақырыбы мектеп оқушыларына білім мен тәрбие беруде өте құнды өзекті мәселе болып есептеледі. Диплом жұмысы осынысымен құнды болып саналады. Диплом жұмысына ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен қоса, ғылыми - теориялық әдебиеттерді де молынан қарастырғаны көрініп тұр.

Бізді қуантқан нәрсе Малғайдарова Гүлсара тек әдебиеттермен ғана шектеліп қоймай, өзі іc-тәжірибеде болған мектептерінде өз сабақтарында сынап көріп, соның нәтижесін диплом жұмысында көрсеткен.

Диплом жұмысының нәтижелерін қазірдің өзінде бастауыш мектеп мұғалімдері мен осы мамандықта оқитын, болашақ бастауыш сынып ұстаздарына әдістемелік материал ретінде ұсынуға болады деп білеміз.

Біздің тілегіміз Г. Малғайдарова жұмысын осымен доғарып қоймай, әрі қарай жалғастырса, ғылымға ұштастырса.

Диплом жұмысына қойылатын талаптар толық орындалған, ал мұның авторы «өте жақсы» дөген бағаға лайық деп білеміз.






ПІКІР

Малғайдарова Гүлсара үшінші және төртінші курста Шымкент қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №65 гуманитарлық - әстетикалық гимназия мектебіндө педагогикалық іс-тәжірибеде болды. Іс-тәжірибеде болған кездерінде өзі сабақ берген сыныптарда Абай шығармаларын оқыту жолдарына зерттеу, бақылау жұмыстарын жүргізді. Өзі Абай шығармаларынан ашық сабақтар өткізді. Нәтижесі жақсы болды. Абай шығармаларын оқыту жолдары жайлы баяндама жасап студент - мұғалімдер арасында қызу пікір таластар болды. Бастауыш сынып мұғалімдері тарапынан ұсыныстар ақыл-кеңестер айтылды. Абай шығармаларын оқыту арқылы оқушыларды тәрбиелеу, білім беру өте құнды мәселе. Сондықтан студенттің осы диплом жұмысы студенттерге, бастауыш сынып мұғалімдері үшін қажетті материал болып есептеледі.

Біз Г. Малғайдаровадан болашақта білгір де, білімді ұстаз шығатынына сенеміз.

Диплом жұмысы «өте жақсы» деген бағаға лайық деп білеміз.




М а з м ұ н ы

Кіріспе........................................................................................................................1-3

І-Тарау.

Абай, оның шығармалары жайлы жалпы түсінік

1.1. Абай, оның шығармалары жайлы жалпы түсінік.........................................4-14

1.2. Бастауыш сыныпта оқылатын Абай шығармалары ............15-41

ІІ-Тарау.

Абай шығармаларын меңгерту арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыру

2.1. Абай шығармаларын мөңгерту арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыру ............42-49

2.2. Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту арқылы берілетін тәрбие................................................................................................................................50-55

Қорытынды ............56-57

Пайдаланылған әдебиеттер ............58-59




Кіріспе

Абай Құнанбаев шығармашылығы.өмірбаяны, туған жер, өскен ортасы жайлы оқушылар сабақ үстінде мәліметтер алады. Ақынның өсіп келе жатқан жас буындардың күнделікті өміріне іс жүзінде қажетті аса құнды ой-тұжырымдарын бастауыш сыныптан бастап жас ерекшеліктеріне лайықтап танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылуда. Бастауыш мектепте қазақ тілі, ана тілі пәндеріне баса назар аударылады. Себебі ана тілі ерте меңгерілсе , басқа пәндерді де соғұрлым оңай және толық меңгереді. Ана тілі арқылы оқушылардың тіл байлығын арттырумен бірге дүниетанымын қалыптастырып, өмірге бейімдейді.Ақын шығармашылығы мен өміріне қатысты бастауыш сыныптарда өткізілетін тақырыптар көп жағдайда педагогикалық жүйелілік, бірізділік , сабақтастық секілді т.б қағидаларға сәйкес келе бермейді.

Міне, осындай мәселелерді шешуге үлес қосу мақсатында осы дипломдық жұмысымызды арнап отырмыз.

Диплом жұмысының мақсаты:

Ана тілі, әдебиет пәні - қоғамтанудың басты құралдарының бірі. Әрбір шығарманың өзінен ұғым, нәр, ләззат ала білмеген оқушының жан дүниесі ойдағыдай өсіп жетілмейді. Балада көркем шығарманы қызығып оқитын ынта болса, бұл- білімнің басы.



Бастауыш сыныптарда оқушы шығарманың жай мазмұнын игеріп, соны жүрдек, саналы түрде түсініп оқиды.

Міне, осы кезден бастап шығарманың мазмұнымен бірге көркемдік ерекшеліктері жөнінде толық түсініктер алып, оқу, талдау балалардың өз біліміне негізделуі тиіс.

Ең бастысы, көркем шығарма арқылы тіл байлықтарын арттыру болып табылады.

1. Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын меңгеру және зерттеу;



  1. Ақын шығармалары арқылы біртұтас тұлға қалыптастыру;

  2. Бастауыш сыныпта көркем әдеби шығарманың айырықша роль
    атқаратынын ескере отырып, Абай шығармаларының сынып-
    сыныптарда оқытылу жүйесі мен атқаратын қызметін анықтау.

  3. Ақын шығармаларындағы практикалық ой-тұжырымдарды іс
    жүзінде қолдануға үйрету.

Диплом жұмысының алға қойылған міндеті.

  • Абай шығармалары тақырыбының мәнін кеңінен ашу;

  • Оқыту әдістемесін жетілдіре түсу жолдарын іздеу;

  • Балалардың ана тілі пәнінен, оның ішінде Абай шғармаларын
    оқыту арқылы терең де тиянақты білім алуына қол жеткізу;

  • Оқу үрдісінде алған білімдерін тәрбиелік мақсатта ары қарай
    дамытуға мүмкіндік жасау;

  • Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын арттыруға
    қол жеткізу;

  • Бастауыш класс мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау
    дайындау.

Практикалық колданылымы:

Еңбектің нәтижелері: - Бастауыш мектеп мұғалімдеріне, студенттерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдалана алады.

Диплом жұмысының материалдары:

Диплом жұмысын жазуда:

-Бастауыш сыныптың ана тілі оқулықтарының мәтіндері;

-Ғылыми әдістемелік әдебиеттер;



-Бастауыш мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелері пайдаланылды.

Диплом жұмысының зерттеу әдістері:

Диплом жұмысын жазуда;

- Салыстырмалы әдіс;

- Бақылау әдісі және сипаттау әдісі;

- Дәстүрлі талдау және жинақтау әдістерінен пайдаланылды.

Диплом жұмысының құрылымы:

Диплом жұмысы кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінөн тұрады.




І-Тарау. 1.1. Абай, оның шығармалары жайлы жалпы түсінік

«... Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!..»

Абай болашақ ұрпақ, біздерге сөзін осылай арнады. Бұл сөз өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысының қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Өзінің әкесі Құнанбай, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай бәрі де Тобықты руының билеушілері, ірі феодалдар болған. Абай жастайынан сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері - әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан естіген ертегі аңыздары болатын.

Әкесінің 40 жасынан асқан шағында дүниеге келген Абай, соңғы 40 жылдық әкесінің өмірін көрген ол Құнанбай туралы бар шындықты айтты, әкесінің ел сүйсінерлік ерен тұлғасын жасайды. Абайдың суреттеуінше Құнанбай-ізгі істерімен артына өлмейтін атақ қалдырған, мұңды-шерлі кедей жігіттердің қамқоршысы болған, ақылды, адал, жомарт, әділ адам болған. Құнанбайдың қоғамдық қызметтегі игілікті қызметінің бірі - оның оқу ағарту ісіне ерекше мән бергені. Ол діни оқуды мықтап жақтағанмен, орысша оқудың заман ағымына қажет екенін ұғынып, өз аулының қазақ балаларына тіл үйретіп, білім беретін училище ашпақ болып,1845 жылы шекара басқармасына орысша-қазақша сөйлей алатын мұғалім жіберуді сұрап өтініш жазған. Құнанбай «Ескітам» деген жерде балаларын оқыта бастайды. Абай да алғаш сауатын осы мектептен ашады.

Он жасында әкесі Абайды Семейге оқуға жібереді. Әуелі Ғабдул-Жаппардың, кейін Ахмет Ғизаның медресесінде оқып білім алады. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі "Приходьская школада" үш айдай орысша оқиды. Бос уақытын ізденумен, кітап оқумен өткізген зерек Абай осылайша орысшаны да тез игеріп кетеді. Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі орыс мәдениеті мен білімінің маңызын насихаттауға арналады.

Абай замандастарының айтуына қарағанда, өлеңді өте ерте, он екі жасынан бастап шығарған. Бұл кездегі шығармаларының көпшілігі бізге жеткен жоқ, кейбіреулерінің аты ғана сақталған. Қазақстанда ол кезде жазу-сызу нашар дамығандықтан Абайдың жас кезіндегі өлеңдерін сақтаған, өмір тарихын баяндайтын жазбалар жоқ. Үстем тап өкілдерінің ақынға деген қарсылығы аз болмады. Осының әсерінен Абай өзінің көпеген өлеңдерін жас достарының атынан таратқан.

Болашағынан көп үміт күткен Құнанбай Абайды ел билеу ісіне ерте баули бастайды. Алғашқы кезде әке жұмсауымен елдегі даулы мәселелерге Абайдың қасына ірілеу кісіні ертіп, «барып кел», «біліп кел» деген тапсырмалар береді. Осы жұмыстарды атқарып жүріп, ел ішіндегі жағдайларды, әкесінің кейбір жағымсыз істерін байқап отырады. Ру таластарының қым-қуат дау-жанжалына амалсыз араластырылған Абай әкесінің қаталдығымен, әділетсіздігімен келісе алмай және көп істерге, әкесінің ырқына көнбей әділ үкім шығарып отырады. Абайдың халық арасынан шыққан адал, ақылгөй адамдармен дос болуы және жас кезінен бастап орыс мәдениетіне бой ұруы Құнанбайға ұнамады. Қатал, айлалы әке мен әділетті қайсар баланың арасында елеулі тартыстар жиі-жиі болып тұрады. Жиырма сегіз жасқа келгенде Абай әкесінен біржолата ажырасады. Ол өз тағдырын өзі белгілеп алатын болды. Абай ең алдымен орыс тілін үйренуге қайтадан бет бұрады.

Оның жаңа достары кедей руларынан шыққан талантты жастар, ақындар, жыршылар және орыс интеллигенциясының таңдаулы өкілдері болды. Есейген, мәдениетті өскен Абай орыстың классик әдебиеті мен Шығыс халық творчествосын оқи бастады. Отыз бес жасқа келгенде ғана Абай творчествоға қайта оралады. 1880-1886 жылдарға дейінгі көптеген өлеңдері Көкбай атынан таратылған. Тек, 1886 жылы қырық жастан асқан соң «Жаз» деген атақты өлеңін жазғаннан кейін ғана Абай шығармаларына өз атын қойды. Отыз жасқа келгенде Абай феодал, рулық ортадан біржола түңілді.

Нағыз ақын, әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге тырысты. Өзінің өлеңдерінде ол феодал-рулық билеп-төстеушілерді аяусыз әшкереледі және халықты өнер-білімге шақырды.

Абай орыстың жер ауып келген 70-80 жылдардағы революционерлермен танысады. Солардың бірі - Е.П. Михаәлиспен таныстығы үлкен достыққа айналады. Абайдың өз бетімен білім алуына ерекше назар аударып, зор көмек көрсетті. Орыс халқының рухани мәдениеті мен білімінен нәр алған Абайдың ой-өрісі мейлінше кеңейді. 1886 жылдан бастап ол Крылов, Пушкин, Лермонтов шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Абай тек қана ақын емес, қазақтың халық музыкасын терең білген, жете бағалаған адам болды. Ол өзінің «Евгений Онегиннен» жасаған үзінді аудармаларына да әуендер шығарған. 1889 жылдар арасында - Пушкин есімі оның кейіпкерлері-Онегин мен Татьянаның есімдері сол әндермен бірге бүкіл қазақ даласына кең таралды.

Сексенінші жылдардың аяқ кезінде ақын, ойшыл, музыкант Абай халық жақсы білетін әрі аса қадір тұтатын кісі болды. Оған алыс жерлерден ақындар, музыканттар, жыршылар келді. Ауылдағы жас талантты ақындар Мұқа, Ақылбай, Кәкітай, Мағауия, Шәкәрім тағы басқалар Абай төңірегіне топталған.

Абай маңына тек қазақтар ғана емес, шығыс халықтарының қуғынға ұшырыған озат ойлы адамдары да келеді.

Сібірдегі ссылкадан өз еліне қашып бара жатқан кавказдықтар ауылына айлап жатып қонақ болады. Абайдың ауылы Шығыстың прогресшіл ойдағы алдыңғы қатарлы адамдары көптеп келетін орталыққа айналады. Олар Абайдың, оның айналасындағы өнерлі жастардың шығармаларын жаттап ел арасына таратып жүреді.

Абайды царизм үшін қауіпті адам ретінде далалық өлкенің генерал-губернаторына дейін жетеді.

Шындықтың батыл жаршысы, әлеуметтік тәртіптің әшкерелеушісі болған ақынды приставтар, урядниктер, болыстар үнемі қудалауда болды.

Ру басшыларының бірі - Абайдың қас жауы Оразбай, оның айналасындағылар қосылып, қолдарынан келген қастандықтарын Абайға жасайды. Ақынның жаулары Абайға деген халықтың сүйіспеншілігінен қаймықты. Олардың қолынан келгендері жер ауып келген достарынан айырып, тығыз байланысты үзумен ғана шектеледі.



Абайдың ақындық шығармалары дала жастарының арасына кеңінен жайылды.

Көптеген жиын-тойларға, қыз ұзатып, келін түсіргенде жыршылар мен ақындар Абай өлеңдерін айтады. Абайдың өз ауылының қыздары ұзатылғанда өздерінің жасауларының ішінде Абайдың өлеңдерін, нақыл сөздерін, поәмаларының қолжазба жинақтарын ала кететін болған. Ондағы көзделген мақсат жат жұртқа кетіп бара жатқан қыз елдің сағын сындырмасын, Абай атасының өсиет өлеңдерін есте ұстап, әдепті, көрікті келін болсын деген тілектен туған. Мысалы: Әсия, Уасила, Рахила сияқты қыздардың сондай қолжазба жинақтары бүгінге дейін сақталған.



Абайдың үміт еткен оқыған баласы Әбдірахманның өлімі Абайға үлкен соққы болады.Осы баласына арналған көптеген жоқтау өлеңдер жазған.

Абай творчествосының зерттелуі жайлы атап айтатын болсақ, Абай өлеңдері мен поәмалар, аудармалар мен ғақлиялардан тұратын әдеби мұрасы үлкен-үлкен екі том болып басылды.

1918 жылы ақпан-қазан айлары аралығында Семейде Жүсіпбек Аймауытов редакторы болған «Ғылыми-әдеби және шаруашылық» журналының 1 санына Абайдың «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңін әпиграф етіп алып, Абай жайлы көлемді мақала жарық көрген.

1939 жылы М.Әуезов пен Л.Соболев бірігіп жазған 4 актілі 7 суретті трагедиясы, сахнаға 1940 жылы 30 қазанда қазақ академиялық драма театры сахнасына қойылды. (Реж-А.Тоқпанов суретшілері- Ә.Чарномский. Қ.Қожықов.)



Пьесада күрескер Абай жан-жақты көрсетілген. Абай ақынның туғанына 95 жыл толуына орай Қазақ мемлекет баспасынан 1940 жылы қазақ тілінде жарық көрген өмірбаяндық жинағы (Құрастырғандар Е. Ысмайлов пен Қ. Бекхожин). Абай әндерінің әуені бойынша 1941жылы А.Жұбанов жазған сюита ақынның шығармашылық күрескерлік қызметін музыка тілімен баяндайтын бес бөлімді лирик-драмалық шығарма.

1945 жылы орыс тілінде жарық көрген Абай жайлы ғылыми зерттеу еңбек. (Авторы М.С. Сильченко.) Еңбек он алты мақаладан тұрады. Онда автор Абайдың балалық, жастық шағын, өскен ортасын, ақынның надандыққа, әділетсіздікке, зорлық-зомбылыққа күрес жолына тоқталған. Аудармалық шығармаларына, қара сөздеріне талдау жасалған.

М.Әуезов - жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-ғалым, абайтанушы, филология ғылымының докторы, профессор, ҚазССРҒА-сының академигі, ҚазССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың лауреаты. Абайдың бүкіл өмір жолын жиырма жылдай зерттеп атақты «Абай» және «Абай жолы» романын жазып, әлем оқырмандарына қазақ халқы жайлы толық, жан-жақты түсінік берген.

«Абай жолы» - М. Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы-қазақтың тұңғыш әпопеясы. Бірінші-кітабы 1942 жылы, екінші кітабы - 1947 жылы , үшіншісі - 1952 жылы, 4-томы 1956 жылы жарыққа шықты. Әпопеяның Абай атанған алғашқы екі кітабы ССРО Мемлекттік сыйлығы 1949 жылы «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық 1959 жылы ( бір мың тоғыз жүз елу тоғызыншы) берілді.

1954 жылы Алматы киностудиясы түсірген Абай деректі фильмі жарық көрді. "Мектеп баспасы" 1976 жылы авторы Қ. Оразалин "Абай ауылына саяхат" очерктер жинағы баспадан шықты.

1934 жылы Алматыдағы көркем әдебиет баспасынан жарық көрген Абайдың «Таңдамалы өлеңдер жинағы", Абай Құнанбаевтың 1936 жылы Москвадан Алматыға Қазақстан өлкелік баспасы дайындауымен шыққан орыс тіліндегі кітабы.

1956 жылы "Абайдың қара сөздері" (авторы X. Сүйіншәлиев).

1986 жылы Пекиндегі "¥лттар" баспасынан "Абай қара сөздері" жарық көрді.



Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану. («Мектеп» баспасынан авторы Қ. Өмірәлиев). Кітапта Абайдың нақыл сөздерін сабақта пайдалану жолына тоқталған.

"Абай - сатирик" жинағы ақынның 125 жыл толуына байланысты баспадан шықты.

¥лы ақынның мұрасын танып білу мақсатымен республикалық жоғарғы оқу орындарында арнаулы пән «Абайтану арнайы курсы» «Абайтану» сабағы өтіледі. «Абайтану бағдарламасы» ұлы ақын мұрасы туралы ізденістер мен зерттеулердің бірізге түсіп жүйеленген жоспары.

1995 жылы «Абай әнқиклопедиясы» (бас редакторы Р.Н. Нұрғалиев басшылығымен ) «Атамұра» баспасынан жарық көрді.

Әнқиклопедия қазақтың ұлы ақыны данышпан перзенті, қазақ жаңа жазба әдебиетінің негізін салушы Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың (1845-1904 ж.ж.) өмірі мен шығармашылық жолына арналған. Абайдың өскен-өнген ортасы, бай мұрасы, дүниеге көзқарасы, әстетикалық, поәтикалық қоғамдық-саяси пікірлері сөз болады.

Бүгінгі таңда Абай туралы, оның шығармалары жайлы сөз қозғағанда қазіргі ұғым түсініктер деңгейіне көтеріле, бұрын-соңды айтылғанды жинақтай айту қажет екені мәлім. Осы тұрғыдан келсек, Абайдың шығармашылық өнеріне, ақындық тұлғасына, жекелеген өлең, дастандарына қатысты әр кезде айтылған сын пікірлерге де назар салуға болады.

Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын ауызға аламыз. А Байтұрсынов 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай-қазақтың бас ақыны» атты мақаласында:

«Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»,-деп Абайды аса жоғары бағалады.

Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болғаннан соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік \Р. Мұсаұлы Абай өлеңдерінің алғашқы жинағы. «Абай журналы» 1993ж. 9-13беттер.\ -Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын қарастырылып, 1909 жылы Санк-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңдері (аударма өлеңқерін қосып санағанда) және «Ескендір мен Масғұт» поәмасы басылған, яғни, осы күнгі белгілі поәзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрықша атап айтарлық. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын.



Абайтанудың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 жылы жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын оған кірген Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуымыз қажет. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі - екілі ғана екенін жене ақын өзі қолмен жазған жазбалары сақталмай шығармалары түгелдей дерлік М.Бүкеүлының қолжазбалары арқылы жеткенін ескерсек, бұл жинақтың мәні зор екені анық.

Абай шығармаларына қатысты жеке деректер туралы айтсақ, ақынның көзі тірісінде 1903 жылы Санкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша басылған. «Ресей біздің Отанымыздың географиялық баяны» атты көп томдық жинақтың 18-кітабында А.Сидельников жазған мақалада: «Абай-қазақтың әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі» - деген баға берілгенін көреміз.

1914 жылы Санкт-Петербургте шыққан «По киргизской степи» деген кітабында Дм.Львович (Иванов Дмитрий Львович-кейбір кітаптарында авторын солай көрсеткен.) «Татьяна хаты» ел ішінде әнге салып айтылып жүргені туралы нақтылы дерек келтірілген.

Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтарға ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын шығармаларын жүртшылыққа танытуға Н. Рамазанов, Ғабдрахман Сағди және Н.Н.Белослюдов т.б. да ат салысты. Бұлардың еңбектерінің Абай шығармашылығын сипаттап, бағалаудағы мәні әркелкі болса да, ақын шығармаларын насихаттауға қалайда үлес қосқанын білеміз.

Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрдегі дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 жылы М. Әуезов бастырған жинақтардан (мұнда М.Әуезов бастырған жинақтардан өмірбаяны берілген) және 1934жылы жарық көрген І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады.

Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген М Әуезов болды. Әуезов өзінің «Абай жолы» әпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүние жүзі оқырмандарына толық танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек етті. М.Әуезовтың Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі болып табылды. Әсіресе, 1957 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген, М. Әуезовтың басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының Абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет.

40-50 жылдарда Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, әстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Абайтану ғылымына Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев, Қ.Мұхамеджанов, М.Сильченко, Ы.Дүйсенбаев, Б.Ерзакович, Х.Сүйіншәлиев, М.Мырзахмет, А.Ысқақов, Р. Сыздықова секілді ғалымдар салмақты үлес қосты.

Абай шығармаларын қалай түсініп, қаншалықты терең талдап дұрыс бағалап жүрміз деген мәселе ойлануға тұрарлық.. Абай сөздерін түсінудің оңай түсе қоймайтынын кезінде А.Байтұрсыновтың атап айтқаны тегін болмаса керек.

Мүхтар Әуезов «Абайдың өмірбаяны» атты зерттеу еңбегінде былай дейді: « Абай өзі бір жазып тастаған өлеңін қайтадан жоқтап, жинап отырмаған. Әрқашан, кейде кітап оқып отырғанда, кейде жай бір оймен қозғалып отырғанда, қолына қағаз, қарындаш алып, айтпақ ойын өлең етіп жазады екен». (М.Әуезов, Абайдың өмірбаяны, А. Құнанбаев шығармаларының екі томдық толық жинағы.1957, 2-том, 55-бет).



Ғ. Сағди «Абай» атты мақаласында былай дейтіні бар: «Абай барлығы 5313 жол шамасында өлең жазған. Бұлардың ішінен орысшадан тәржіма қылғаны 1700 шамасында соңғыларын шығарып тастағанда, Абайдың нақ өз тарапынан шығарған өлеңі 3612 жол шамасында болады».

Ақын мұрасының құндылығы санымен емес, сапасымен өлшенетіні ешбір толассыз.

Абай халықтың мұңын мұңдап, өмірде әділетсіздік, қиянатшылдық көп деп налыған болса, оны өмірден торығушылдық, күйгелектік деп санау мүлде орынсыз.

Ендеше, М.Әуезовтың 1922 жылы жазған «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» атты мақаласында айтқан Абай өлеңқерінде сүлдері құрыған зар да, әлі құрыған уайым да жоқ, оның орнында қазақ өмірінің кем-кетігін түсінген көзі ашықтық бар, дәлелдеп ауруын тауып, емін айтқан шырақтық бар. Абай қазақтың жасына: «Білім жарығына ұмтыл, адал еңбек ет, парызыңды атқар», -дейді.

Бірде жыр алыбы Жамбылдан «Абайдың ақындығына байланысты қандай пікір айтасың?»-деп сұрағанда XX ғасырдың Гомері атанған ұлы жырау:

- «Абай ақын емес, ол - ғұлама» депті.

Ия, Абай-өзіне теңдесі жоқ ғұлама екенін уақыт дәлелдеп отыр.

Абай-тұтас бір халықтың рухани әлемі. Кемеңгер ойшыл, данышпан Абайдың артында қалдырған мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жетер, мәңгілікпен ұласар асыл қазына.

Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы бүгінде егеменді мемлекетін құрып, төрткүл дүниеге танымал болуы Абайдың: «Мынау азған - қу заман қалыбында тұрмайды» -деген ұрпағына байлаған үкілі үмітінің орындалуының дәлелі.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет