Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті



бет16/16
Дата05.11.2016
өлшемі4,34 Mb.
#495
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

3.1 Фонема, дыбыс және әріп

Қазақ тілі бітім-тұлғасы жағынан өзге де түркі тілдері тәрізді жалғамалы тілдердің қатарына жатады. Сондықтан да түрлі-түрлі лексика-грамматикалық амалдардың барлығы дерлік сөз тудырушы , сөз түрлендіруші қосымшалары арқылы жасалады. Сөздің түрлі қосымшалармен түрлену барысында түбір мен қосымшаның жігінде әртүрлі дыбыстық құбылыстар (ассимиляқия, аккомодақия, абсорбқия, лабиалды аттракқия, палаталды аттракқия, диссимиляқия, метатеза, диәреза, протеза, редукқия т.б.) пайда болады. Неліктен бұлай жазылады, неге басқаша жазылмайды? Дыбыс өзгерістерінің орфографиясындағы көрінісі қандай? Түбірдің қосымшалардағы дыбысқа, керісінше, қосымшалардың дыбыстардың түбірге тигізер әсер-ықпалы болады. Жазу тәжірибесінде мұндай құбылыстардың бәрін бірдей ескеру қажет пе? Бұлардың қайсысы есенеді, қайсысы еленбейді? Алайда, сырт қарағанда, [башшы], [жұмүшшү], [сеңсейсің], [сембісің], [ылашшыз] деп жазбай, басшы, жұмысшы, сенгейсің, сенбісің,



лажсыз деп таңбалауымыздың себебі өзінен-өзі түсінікті де тәрізді. Бұлай жазудағы мақсат - сөздің «түбірін» сақтау. Мұндай дәстүрлі түсінік, тіпті ектеп оқушыларына да белгілі. Бірақ сөздердің барлығы бірдей осы қағида бойынша жазыла ма? Бірқыдыру сөздерді басшы, жұмысшы, сөзшең, ақ алма деп «түбір» сақтап жазып, [ш]-ның [с], [з]-ға, <а>-ның <қ>-ға тигізер әсерін ескермейміз, ал бірсыпыра сөздердің жазылуына келгенде ақ-ағар, жок-жоғал, теп-теуіп, тебін, тарақ-тарағы деп жазып, дауыстылардың дауыссызға тигізер әсерін ескеруіміз неліктен? Сөздің түбірі ағ,- жоғ-, теу-,теб-, тарағ-, емес қой? Бірде олай, бірде бұлай жазуымыз, бәлкім, қосымшалардың сөз мағынасын өзгерту қабілетіне байланысты болар? Бірақ бұлай деуімізге негіз жоқ. Өйткені бұл арада қосымшалармен түрленген сөздердің қай-қайсысының да лексика-грамматикалық мағынасы өзгермей қалған жоқ. Міне, бұл тәрізді сауалдардың жауабын іздесек, мәселе әлдеқайда күрделене түседі. Сонымен, қазақ орфографиясының бұл тәрізді принципті мәселелері, жекелеген жайттары арнайы зерттелмесе, бірсыпыра сөздердің жазылуы тиянақты шешімін таппай, жазу тәжірибесінде ала-қүлалық тудыруы ықтимал. Мұндай кемшілік жалпы жазу мәдениетін төмендетері сөзсіз. Жазу мәдениеті төмен болса, әдеби тілдің коммуникақиялық қызметі де айтарлықтай болмайды.

Тілдік системаға, оның құрылымдық жүйесіне орфографияның сәйкес болуы қажет. Сонда ғана тілдің жазбаша және ауызша түрлері бір-бірінен алшақ, кереғар кетпейді. Алайда мұндай талап тілдің жазбаша және ауызша түрінің айырмасын мүлдем жойып, ерекшелігін елемеу деген сөз емес. Жазба тіл ауызша тілдің хатқа түскен жай ғана көшірмесі емес. Ауызша сөйлеуде интонақия, сөздердің ерекше мәнермен айтылуы, ой екпіні, әмфазалык құбылыс т.б. толып жатқан дыбыс заңдылықтары болады. Олардың бәрін бірдей жазуда таңбалау мүмкін емес. Тіл тарихында ондай жазу болған да емес. Бернард Шоудың «иә» деп айтудың елу түрлі, «жоқ» деп айтудың бес жүз түрлі тәсілі бар, ал оларды жазудың амалы біреу-ақ деген сөзі осы орайда айтылған. Қой, түн, жаз тәрізді сөздердің айтылуы мен жазылуында айырма жоққа тән. Бірақ тілімізде көптеген сөздің айтылуы мен жазылуы бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Мысалы, [қоралат]; [төрөгөрсең, тоналарсың] (мақал) деп айтылғанмен, өзгеше жазамыз.



Қарым-қатынасқа түскенде сөздер белгілі бір орфоәпиялық заңдылыққа орай бір-бірімен ұласа айтылып, бір-біріне ықпал жасап, әртүрлі фонетикалық өзгеріске ұшырайды. Ал осындай жүйені елдемей, тілдік дыбыстарды нақпа-нақ айтсақ, сөздің дыбысталудагы тұтастығы бүзылып, дыбыстау мүшелеріне айрықша күш түседі. Сөйлеуде дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, ықпалын тигізіп, үласа айтылуы - мәнді фонетикалық құбылыс. Бірақ аса маңызды бола тұра бұл құбылысты бәрі бірдей жазуда еленбейді.

Өйткені жазу — «жүгіртіп» оқуға жеңіл, қабылдауға қолайлы болуы қажет. Жазудың (письмо) мақсаты сөздің айтылуы мен дыбысталуын дәлме-дәл көшіру емес, қандайда болсын белгілі бір ойды хабарлау. Егер қоралы ат, төреге ерсең, тоналарсың дегендерді айтылуынша жазсақ (қоралат па, қоралы ат па, «төреге ерсең, тоналарсың әлде төре көрсең, тон аларсың» ба?), информақияны қабылдауды күрделендіре түсер еді де, артық әнергия жұмсауға тура келер еді. Сондай-ақ (бірқанатты гөрдү) дегенді )бір ғана атты көрді), «бір қанатты көрді» деп әртүрлі үғынуы мүмкін. Сөз ішіндегі, тіркес шеніндегі дыбыстардың бір-біріне тигізер позициялық, комбинаторлық әсер-ықпалын ескермей, дыбыстарджың фонематикалық мәнін сақтап жазу тексті қиындықсыз, кедергісіз оқуға мүмкіндік береді. Бұл - жазудағы (графикадағы) фонематикалық принцип.

Бірақ фонемалардың «мәнін» сақтап жазу дегенді қалай түсінуге болады?

Фонемалардың әртүрлі позициялық, комбинаторлық реңктері болатын белгілі. Ол реңтер (оттенок, аллафон) белгілі бір фонетикалық қоршауда көрінеді. Мысалы, [н]-ның сөз басында, сонорлармен іргелес келгенде, жуан, жіңішке, еріндік, езулік дауыстылармен қатар айтылғанда т.б. фонетикалық жағдайларда тәуелді әр қилы реңктері болады. Қысқасы, фонетикалық жағдай қанша болса, фонеманың соншама реңкі болады. Бірак солардың ішінде фонемалық неғұрлым тәуелсіздері негізгі реңк те, қалғандары қосымша реңк болады.



Мысалы, бүгін, бүгінгі сөздеріндегі [н]-ның фонетикалық жағдайға тәуелділігі бірдей емес. Бүгін сөзіндегі [н]-ға қарағанда бүгінгі сөзіндегі [н]-ның дыбыстық қоршауға тәуелділігі әлдеқайда басым [бүгүңгү]. Әрине, дыбыстардың барлық реңктерін ғылыми зертеулерде болмаса, жазуда көрсетудің мәні жоқ. Жазуда фонеманың сөзтанымдық қызмет атқаратын негізгі реңкі ғана белгіленеді. Морфеманың фонемалық мәнін сақтап жазу дегенді осылайша түсінуге болады.

Сонымен фонема - дыбыс - жазу бір-бірімен тығыз байланысты.

Алайда фонемалардың негізгі реңктері мен қосымша реңкін ажыратудың өз қиындығы бар. Мысалы, тон, төн, таң, тән дегендегі <т> бІрде жуан, бірде жіңішке реңкте жұмсалып тү_р. Бұл екі реңктің де фонетикалық ортаға тәуелдігі бірдеу. Сондықтан <т> -ның негізгі реңкі жуан <т> немесе жіңішке <т> деу қиын. Осыған байланысты алфавиттегі Т әрпі жуан <Т>-ның немесе жіңішке <Т>-нің өкілі деп үзілді — кесілді айту тағы қиын. Сырт қарағанда мұндағы жуан, жіңішке реңк тепе-тең сияқты. Дегенмен бұл екі реңктің бірін негізгі, бірін қосалқы деуге болады. Оны қарапайым мынадай тәжірибеден байқауға болады. Мысалы, филоло. Емес әртүрлі аудиторида түн, түн тәрізді сөздерді тақтаға жазып, «бұл сөздерде қандай дыбыстар бар?» деген сүрауға [т], [ұ], [н], [ү] дыбыстары бар деп, аудитория бірауыздан жауап береді. Бұдан азақ тілінде сөйлеушінің психикасында фонеманың негізгі реңкі жуан [т], [н] екендігін байқаймыз. Олай болса, қазақ алфавитіндегі Т әрпі - жуан [т]-ның өкілі. Сондай -ақ негізгі реңк айтуға «оңай» болса, қосымша реңк, мысалы [т], аздап болса да «күш» салып, сүйемелдеп айтуды қажет етеді.

Бұл жерде алфавиттегі әріптер фонемалардың негізгі реңкін белгілейді деген принципке қайшы келетін мынандай құбылысты байқауға болады. Мысалы, [қ] мен [к]-бір ғана фонеманың - татап айтқанда <к> фонемасының — жуан, жіңішке реңктері. Олай болса бұлар неге бір ғана әріппен таңбаланбайды деген заңды сұрау қоюға болады. Әрине [к] де, [қ] да бір фонеманың әртүрлі реңкі екені даусыз. Бірақ бұл реңктердің бірі негізгі, екіншісі қосалқы деуге болмайды. <к> фонемасының [к], [қ] реңктерінің, <г> фонемасының [ғ], [г] реңтерінің, тепе-тең болуы өзге дауыссыздардан олардың өзіндік ерекшелігі деуге болады. Жоғарыда аталғандай тәжірибені қайталап, «қүн»күн деген екі сөзде қандай дыбыстар бар?» десек, [қ], [к], [ұ], [н], [ү] деген бес дыбыс бар дейді. Сонымен, қазақ графикасында бір фонеманың тепе-тең реңкі арнайы әріптермен таңбаланады:



[к]-к


Ал қырғыз графикасында мұндай тепе-тең реңктер арнайы белгіленбейді:

[4] / [Ү]



<к> к <г> / г

Фонема реңтерін белгілеу - графика теориясы тұрғысынан басы артық құбылыс. Ол белгілі бір алфавиттегі әріптердің санын көбейтеді. Алайда бір фонеманың тепе-тең реңтерін белгіеудің тиімді жақтары бар екендігін жазу тжірибесінің өзі көрсетіп отыр. Әсіресе жүйесі басқа тілден ана тілімізге ғылыми — техникалық, қоғамдық-саяси терминдер мен атаулар еніп жатқан жағдайда, бұл графикалык тәсілдің артықшылығын айқын сезінуге болады. Мысалы, егер <к> фонемасының тепе-тең реңктерін жеке-жеке таңбаламаған жағдайда марка, лак, ток, бак т.б. толып жатқан сөзді екі Тұрлі оқуға

/ [марқа] [лақ] (лақ]

Тура келеді: марка/ лак/ тоі/

\ [марка] \ [лак] \[ток]



[бак]
бак т.б. Сөзді бұлайша екі Тұрлі оқу графикадағы негізгі

[бак] принципке — сөздің әртүрлі оқылмауы дегенге қөайшы келеді.

Қазақ графикасындағы тағы бір шарттылық - белгілі бір әріптің негізгі қызметіи мен қатар қосалқы қызметінің болуы. Мысалы, ә әрпінің негізгі қызметі ә фонемасын таңбалау болса, кей позицияда а фонемасын біілдіруі — оның қосалқы қызметі. Мысалы, күнә, мәрмәр, куә т.б. Бұл сөздердің соңғы буынындағы дауысты а бірінші буынындағы тіл алды дауыстыларының әсерінен палатализацияланған. Бұлар - сөзге әртүрлі қосымшалар жалғау арқылы «тексеруге» болатын дауыстылар (проверяемые гласные). Бұл жағдайда олар өзінің негізгі реңкі а-ға жуықтайды. Мысалы: күнаға -күнәға, мәрмарға -мәрмәрға т.б.

Тіл жұмсау дағдымызда кейбір әріптің қосымша функцияға ие бола бастауы ықтимал. Мысалы, кейінгі жылдарда араб, жанаб (кітаби сөз), баб (кітаби сөз), сөздері осы Түрінде жазыла бастады. Шындығында, мұндай позицияда қазак тілінің дыбыс за-ңдылығы бойынша б дыбысы п түрінде игерілуге тиіс. Бірақ бұл п-ны б әрпімен таңбалау омографтарды көбейтпеу мақсатына байланысты деуге болады. Баб, жанап тәрізді сөздерді б түрінде таңбалау — оларды баб, жанап т.б. төл тума сөздерден өзгешелеп тұрады. Осылайша б әрпі өзінің негізгі қызметі — б фонемасын білдіруімен катар қосымша қызмтке ие болып, п фонемасын білдіруі бертінде пайда болған. Бүған қарағанда қазақ графикасының әлі де пайдаланылмаған мүмкіндіктері бар деуге болады. Мысалы, стиль, декабрь, модель тәрізді жіңішкелік белгіге аяқталған сөздерге дауыссыздан басталатын қосымша жалғанғанеда, жіңішкелік белгі жазылып жүр: Стильге, декабрьге, мождельге т.б. осындағы л-дің жіңішкелігін арнайы таңбамен көрсету басы артық информақия (избыточность). Өйткені л-дің жіңішкелігін қосымшалардың жіңішке вариантта жалғануы «хабарлап» Тұрады. Бұл жерде стилге, декабрге, моделгесөздеріндегі жіңішке л, р дыбыстарын л, р Түрінде жуандатып оқу каупі жоқ. Мұндай орындарда жіңішкелік белгіні қолдану информақияның артықтығын көрсетеді.



Қазақ тіліндегі гемината дыбыстардың арнайы графикалық таңдбасы жоқ. Мысалы: махаббат, жаббар, әдді, мүдде, ләззат, жаннат, оппа, күллі, әмме, ыссы т.б. Мұндай жүйеге қарағанда, небары үш түбір сөзде ғана ашшы

ащы, кешше кеще, тұшшы түщы айтылатын геминатаны арнайы щ әрпімен таңбалау да басы артық информация.

Қосар дыбыстарға аяқталған сөздерге (орыс тілінен енген сөздерге) қосымша жалғанғанда, соңы дауыссызды таңбалайтын әріпті түсіріп жазу -қазақ графиткасындағы шарттылықтың бірі. Мысалы: класс-класқа, прогресс-прогреске, металл-металға т.б. Бірақ баспасөз беттерінде бұлай жазудың дұрыстығына күмәнмен қарайтын пікірлер де бар. Алайда қосар дауыссыздың бірін түсірмей жазудың дұрыстығына күмәнмен қарайтын пікірлер де бар. Алайда қосар дауыссыздың бірін түсірмей жазудың қолайсыздығы бар. Атап айтқанда, грамм, класс, ватт, т.б. сөөздерді, олар кейбір қосымшалармен Тұрленгенде, бірдей 3 әріппен қатарынан таңблауға тура келер еді. Мысалы: гарммен, классыз, ваттты т.б. Грамм, ватт, прогресс тәрізді сөздердің ғылыми тексте жиі қолданылатындығын, тіпті екі сөөйлекмнің бірінде дерлік қайталанып отыратындығын еске алсақ, оқырман тек әріптер «шоғыырнан» көз жаза алмайтындай (психологиялық) қолайсыз күй кешер еді.

Жазудағы фонемалық принцип бойынша әр фонеманың дербес таңбасы болуғ,а тиіс. Қазақ графиткасында негізінен әр фонеманың дербес таңбасы бар, яғни бір әріп бір фонеманы білдіреді деуге болады. Бірақ бұл - жазуда белгілі бір сөздің фонемалық құрамын түгерлдей дербес әріптермен таңбалау шарт деген сөз емес. Сөздің фонемалық құрамынанн әріптердің Тұрлі комбинақиясы арқылы да беруге болады. Мұндай бір әріп бірнеше фонеманың тіркесін білдіреді. Ондай әріптерді көп кызметті (полифункқиялы) әріптер депи айтуға болады. Қазақ графикасында и әрпінің дыбыстық Тұрығдан қарағанда 8 қызметі бар. Кейбір әрітердің көп қызметтілігі нәтижесінде қазақ текстеріндегі жазу бір немесе екі таңбадан үнемделіп отырады. Салыстырыңыз: диқан-5 таңба; дыйқан- 6 таңба; себу-4 таңба, себүу - 5 таңба; лақ-3 таңба, ылақ-4 таңба; Тая - 3 таңба, тайа-4 таңба. әрине бұл тәсілдің осындай жетістігімен қатар кемшін жақтары бар.

1. Мектептегі оқыту ісінде сиыр, суат тәрізді сөздердің буын жігі немесе ою, қою, жаяды т.б. сөздердің морфологиялық құрылымы «бүркемелініп» қалады. Мектеп оқушылары бастапқыда сөздің түбірі о-, ал -ю қосымша деп түсінеді. Мұндай кемшіліктің орыс графикасында да кездесетіндігі айтылып жүр. «Так, слоговые написания ослажняют морфологический анализ слов, проводимый в школе. Особого внимания и изучения требуют случай, когда буквы я, ю, е, ё, и обозначают сочетение звуков йа, йу, йә, и.т.д., и при әтом йот входит в иную морфему, чем соответсвующий гласный. Например, в формах сарая, сараю и т.д. оказываются затемненным корен сарай, так как на письме окончаниями оказываются -я, -ю, и.т.д. между тем в буквах я, ю «прячется» и корневой звук йот; окончаниями, т.е. изменяемой конечной частьюю слова, здесь являются лишь звуки -а, -у и.т.д., например: саай-а, сарай-у .

2. Мына тәрізді үш-төрт сөзді екі түрлі оқуға болатындығы графикадағы буындық принциптің кемшіндеу

[жетісүу] / [шұу] /





\


жері деуге болады: жетісу<^ шу/ ту /

[жетісүу] [шүу] ЧТҮУ]

Сондай-ақ жиду деген сөзді «суретіне» қарап, жійдүу және жыйдүу деп оқуға болады. Бірақ бұл жерде пәлендей қиындықө жоқ. Өйткені жыйдүу -дыбысатарының мағынасыз тіркесі болғандықтан қабылдауда ескерілмейді.

3. Мектеп оқушылары сирақ, тиын тәрізді сөздердегі и әрпін функқиясына карай емес, суретіне қарап, жіңішке оқиды да, орфоәпиялық нормадан ауытқиды. Мұндайда бірінші буынның жуан немесе жіңішке оқылуын соңғы буынындағы дауыстының «хабарлап» тұратындығына назар аудару керек. Әрине, «ереже ескертусіз болмайды» дегендей, бұл тқағидадан тыс тұратын бірнеше сөз бар. Олардың соңғы буыны жуан болғанмен, бірінші буыны, біздің байқауымызша, жіңішке оқылуға тиіс:

[пійала] / [мійзам]

мизам V

[пыйала] емес \ [мыйзам] емес

[шійлан] [бійпаз]

шилан ./ бипаз /



[шыйлан] емес, \ [быйпаз] емес,

[бійдарқа] / [бійқасап]

бидарқа У биқасап /

[быйдарқа] емес, \ [быйқасап] емес,

Графикалық тәсілдегі бұл аталғанг кемшіліктер оның мәнін еш төмендете алмайды. Тіркесу жиілігі аса жоғары фонемаларды бір ғана таңбамен беру (1*-қосымшаға назар аударыңыз) информақияны неғүрлым ықшамдап жеткізу деген талапқа сай кееді. Қазіргі кезең - ғылыми-техникалық прогрестің дәуірі. Информақия «тассқыны» мен информақиялық «қопарылыстың» күшейген кезі. Мұндай кезеңде қандай информақияны болса да «сығымдап» беруге тенденқиясы өмірдің аса бір қажеттілііне айналып отыр.

Ондаған газет-журнал, жүздеген кітап жүз мыңдаған триажбен тарап жатқан қазіргі кезде графикадағы «үнемділіктің» тиімділігі айқын кезілсе керек. Қазіргі кез, жылына бір-екі кітап, бірер ғана газет-жірнал жарық көретін байырғы заман емес. Ондай кезде әріп таңба үнемділігі жөнінде сөз де болмас еді.

Фонемалық принцип бойынша сөз бешшылдық, жұмүшшү, башшы, мүжжарғыщ т.б. Түрінде, айтылуынша жазылмай, фонеманың реңкі бойынша жазылады (бесжылдық, басшы, мүзжарғш), сөйтіп, сөздің сағыналы бөліктеріне нүқан келмейді.

Мүжжарғыш, күшшүгөр, өшшү сөздеріндегі з, ж, с фонемалары іргелес дыбыстардың әсерінен комбинаторлық өзгеріске үшырап ж, ш, ш түрінде айтылып тұр. Бұлар з, ж, с фонемаларының көрінісі, өткені фонетикалық өзге ситуақияда олар өзінің негіөзі реңкіне көшеді: мүзға, жігер, өсші.

Фонемалардың неғізгі мәні (реңкі) ғана сөздің мағыналық «жамылғышы» бола алады. Сондықтан сөзді фонемалардың негізгі мәні арқылы танимыз. Фонемалардың қосалқы мәнін физикалық Тұрғыда түйсінгенімізбен, психикамыз функқионалдық мәні жоқ дыбыстарды автоматты Тұрде назардан тыс қалдырады.



Көп функқиялы әріптер

Әріп

Фонема

Дыбыс

Мысалдар










(позиция)







ә

шәй шай

А

а

а

ай ай




ә

а

қал хал

ә

ә

ә

ән ән,




а

ә

әлем әлем

б

б

б

мәрмәр мәрмәр,

е

п

п







е ый

е ө

күнә күнә




ій

ый




й

ы

үй

берік берік,




і

ій

қүбү қүбыл




л

үй

арап араб,

л

ыл

ы

жәнәп жанаб




ұл

Ү

берік берік




іл

і

күрөк күрек

Р

үл

ү

дайқан диқан




р

л

Бұлтүй бұлти




ыр

ыл

тійек тиек

У

ІР

үл

дүнүйө дүние

щ

¥Р

іл

қыйа қия

ы

У

үл

шүқшұйүу

і

¥У

р

шүқшию ійүу ию

я

ҮУ

ыр

дүңкүйу дүңкию




шш

ІР

олар олар




ы

¥Р

ылақ лақ

ю

¥




үлықсат лүқсат




і

¥У

ілек лек




Ү

ҮУ

үлекөт лөкет




ыйа

шш

дер тер




йа

ы

ыразы разы




ійа

¥

ірең рең




йа

і

үрүқсат рүқсат







Ү

бау бау




йыу

ыйа

сауүу сауу




йі

йа

себүу себу







ійә

ашшы ащы,







йә

түшшы тү_щы







йұу

қыс қыс







йүу

қүлүн қүлын










тіл тіл










түлүк түлік










ыйағный яғни










тайа тая










ійәкій яки, ійә я










болмаса










шәйә шая










қойүу қою, тайұу










таю










түйүу түю.




Психикамызда сөз өзінің «жамылғышында» (өшші емес, өсші түрінде) бейнеленеді.

Сонымен, жазуда фонемалардыңң позициялық, комбинаторлық өзгеріспен пайда қосымша мәндері ескерілмейді. Өйткені дыбыстардың позициялық, комбинаторлық игерілуі, әртүрлі қосалқы мәні елене берсе, орфография тым күрделеніп, қолдануға өте қолайсыз болып шығар еді. Бірақ басты себеп ол емес. Фонемалардың қосалқы мәнінінң (позициялық, комбиаторлық өзгерістердің) еленбеуінің негізгі себебі — олардың функқионалдық ролі болмағандықтан. Дыбыстардың позициялық игерілуінен пайда болған өзгерістер, сонымен, жазуда елене бермейді. Бірақ бұндай принципке мынадай құбылыс қайшы келетін тәрізді. Мысалы: а) қап-қабы, кітап-кітабы, сеп-сеуіп, теп-теуіп, кеп-кеуіп, жап-жауып т.б. ә) ақ-ағар, көк-көгер, үк-үгер, бүк-бүгер, жақ-жағын, тақ-тағын т.б. б) тарақ-тарағы, құрақ-құрағы, шырақ-шырағы, сырық-сырығы, жарық-жарығы т.б. Бұндағы п/б, қ/ғ, к/г, п/у дыбыстарының өзгерісі де белгілі бір позицияға (дауыстылардың аралығы) тәуелді тәрізді. Олай болса дыбыстардың мұндай алмасуы жазуда неге еленіп жүр? Басшы, жұмысшы, түнгі, күнгі т.б. деп дбыстардың позициялық игерілуін елемей жазған соң, ақар, көк-ер, сеп-тепіп, кеп-кепіп, тарақ-тарақы, тақ-тақын деп неге жазбаймыз? Бұл сауалдың жауабын бермес бұрын, алдымен мынадай бір ерекшелікке назар аударайық.

Мысалы, с-ның ш реңкіне көшуі үшін нақты бір фонетикалық жағдайдың болуы, с мен ш дыбыстарының іргелес тұруы шарт: ашша ашса, ташша тасша, жұмүшшү жұмысшы т.б. Егер бұл шарттылық (с ш, ш с дыбыстарының іргенестігі) бұзылса, аталған фонемалар өзгеше реңкте жұмсалады. Бұл заңдылықтан с мен ш немесе ш мен с фонемалары іргелес келген ешбір сөз, ешбір морфема тысқары қалмайды. Бсқаша айтьқанда дыбыстардың комбинаторлық игерілуінде талғампаздық болмйды. Дыбыстардың позициялық, комбинаторлық игерілуі үшін морфемалардың мәні жоқ. з фонемасының с реңкі туралы да осыны айтуға болады: бессе безсе, біссіз бізсіз, ассың азсың т.б. з фонемасының с реңкі пайда болуы үшін мейлі ол шартты рай тұлғасы болсын, жоқтықты білдіретін аффикс болсын, немесе жіктік жалғауы болсын, бәрі бір. Міне, осы екі ерекшелік -дыбыстардың комбинаторлық, позициялық игерілуіне, реңктерінің пайда болуына тән басты қасиет.

Ал жоғарыда айтылған қ-ғ, к-г, п-б -у дыбыс өзгерістерінің де (ақ-ағар, тарақ-тарағы, терек-терегі, жүрек-жүрегі, кітап-кітабы, жауап-жауабы, кеп-кеуіп, сеп-сеуіп) белгілі бір фонетикалық ортаға байланысты екендігі байқалады. Бұл өзгерістер интервокал позицияға тәуелді сияқты. Яғни ғ қ-ның, г к-нің, б п-ның комбинаторлық, позициялық реңкі тәрізді көрінеді. Бірақ олай емес. Өйткені бұл тәуелдік - белгілі бір морфемалар жігінде ғана болатын дыбыс өзгерістері. Алайда мұндағы өзгерістерді қ, к, п фонемаларының позициялық, комбинаторлық реңкі деп тануға, басқаша айтқанда с - ш з- с құбылыстарымен бірдей деп қарауға болмайды. Олай болған жағдайда интервокал позицияда қ — ғ ға, к - г-ге, п-б-ға кез-келген морфемалар жігінде талғаусыз түрде өзгеріп отыруға тиіс. Бірақ қ, п фонемалары кез келген морфемалар жігінде талғаусыз түрде ғ, г,б дыбыстаына өзгеріп отырмайды:



Күп күпін тық тықыл, тығыл

Топ, тобыр топыр бақ, бағыл бақыла, бағыл



Теп, тебін теперіш жақ жақын, жағын

Теп тепең сақ Сақа: сақа адам

Қап қапы: қапы қалу тық тықыр, тығыр

Көп, көбей көпір тік, тіге тіке: тіке жүр

Сап, сабы сапы: еңбек бүк,и бүгіл бүкір, бүкірей

Осымен байланысты қазақ графикасының ерекшелігі бойынша бірінші жағдайдағы дыбыс кұбылыстары фонемаларының тюзиқиялық, комбинаторлық, қосалқы мәні болғандықтан жазуда еленбейді де, екінші жағдайдағы дыбыс құбылыстары (ақ-ағар, қап-қабы) фонемалардың негізгі мәнін сақтап жазу принципіне сәйкес орфографияда ескеріліп отырады.

Бұл айтылғандар фонемалар реңкінің, фонема алмасуларының жазуға қатысты жалпы мәселері деуге болады. Енді осы мәселелердің жеке жақтары да, жеке сөздерге қатысты тұстары да бар.

Кейбір дауыссыз дыбыстардың орфографиясы

3. қ®ғ, к@г, п®б (у) алмасулары екі мморфеманың жігінде жүзеге

асады да, сөздердің белгілі бір тобын қамтиды. Фонетикалық бұл жанды құбылысты синхрониялық сипаттағы алмасу деуге болады: құрық-құрығы, балық-балығы, себеп-себебі, жауап-жауабы, шап-шауып, тап-тауып т.б. Осы аталған дыбыстардың моорфема жігіндегі алмасуынан өзге диахрониялық сипаттағы түрі бар. Соңғы типтегі дыбыс алмасу морфемалар жігінде емес, морфемалардың өз ішінде кездескеді. Мысалы: айкай-айғай, тақат-тағат, садақа-садаға т.б.

қ/ғ, к/г, п/б дбыстарының белгілі бір морфемалардағы ішкі алмасуынан әртүрлі варианттар пайда болды. Олардың кейбір жарыспалы сыңарларының ішінара мағынаық сипат алып, жеке сөз ретінде қалыптасқандығы байқалады: бықы-бығы, шақа (қызыл шақа), шаға әтимологиялық байланыстағы сөздерді де жатқызуға болады: бүк-бүгіл-бүкір; теп-теперіш-тебер, төпе-төпеле-төбелес т.б. Алайда қ/ғ, к/г, п/б алмасуын кез келген жағдйда мағына айырымдық, сөзтанымдық функқияда жұмсалып, вариантртардың барлығы бірдей сеантикалык филиақияға үшырады деуге болмайды. Орфографияда қиындық тудырып, әркелкі жазылып жүрген сөздердің бір алуаны осы құбылыспен байланысты. Мысалы: айқай, садақа-садаға, қым-қуыт-қым-ғуыт, кереқар-кереғар, ала-көбе-ала-гөбе, алакеуім-алагеуім, алакүлік-алагүлік, алақаншық-алағаншық, сайкүлік-сайгүлік, аракідік-арагідік, миғүла, тым-тырақай - тым-тырағай, байқүс-байғүс, түқым-түқиян-түкым-түғиян, түқжыңда — түғжыңда, қылқындыру — қылғындыру, қыз-қырқын-қыз-ғырқын, ада-күде - ада-гүде, адың-күдің-адың-гүдің, апыл-қүпыл - апыл-ғүпыл, кіші-кірім - кіші-гірім, желқабыз-желғабыз, жедеқабыл-жедеғабыл т.б.

Диахрониялық тұрғыдан алғанда сөз құрамы екі (үш) түрлі морфемадан құрылуы ықтимал. Бірақ синхрониялық тұрғыдан оларды екі (үш) морфемадан құрылған деуге болмайды. Өйткені синхрониялык тұрғыдан алагеуш сөзін «ала» және «кеуш»; алағаншық сөзш «ала» және «қаншық»; алагөбе сөзін «ала» және «гөбе» тәрізді морфемалардан құрылған деп үзілді -кесілді айту қиын. Морфемалық құрамы көмескі, жазылуы бірізге түспеген бұл тәрізді сөздерді үяңдаған вариант бойынша бірыңғай жазу бағытын үстану бірізділікке саяр еді.

П-б (немесе б-п) дыбыстарының алмасуына байланысты әркелкі жазылып жүрген сөздер бар: қақбас-қақпас, көнбіс-көнпіс, төртбақ- тқртпақ, дегбір-кегпір, ақбар-ақпар, етбетінен-етпетінен, бетбақ-бетпақ, шүберек-шүперек, кебе-кепе, ебтейлі-ептейлі т.б. Бұл тәрізді морфема құрамы көмескі сөздердегі [к], [п] қатаңдарын көршілес дыбыстардың ықпалына бағындыра жазу бағытын ұстануға болатын тәрізді. Мысалы: қақпас (қақбас емес), тәбділ (тәптіл емес), көнбіс (көнпіс емес), төртпақ (төртбақ емес), ақпар (акбар емес), дақпырт (дақбырт емес), етпетінен (етбетінен емес), бетпақ (бетбақ емес), шүберек (шүперек емес), кебе қозы (кепе қозы емес), ептейлі (ебтейлі емес).

Бұл жүйеден тек -дан, дар морфемаларымен келген бірер сөздің ғана жазылуы тысқары тұрады. Мысалы: есепдан (есебдан), қасапдан (қасабдан емес), есепдар (есебдар емес).

Сонымен фонемалардың қосалқы мәнін негізгі мәнінен ажырата білу белгілі бір жүйемен жазуға, бірізді жазуға таяныш болады. Мысалы, бүрыңғы, алдыңғы деп жазамыз ба, әлде бұрынғы, алдынғы деп жазған дұрыс па? Неге соңғы, таңғы деп жазамыз, неге күңгей, түңкі деп бінр сарынмен жазбаймыз?

Қазақ тілінде <н> және <г> фонемалары іргелес келген тұста комбинаторлық әсерден <н> фонемасының қосалқы мәні [ң] пайда болады: [түңгү] түнгң, [бүрұнғұ] бұрынғы, [күңгей] күнгей т.б. Егер осы фонетикалық ситуақияны өзгертсек, бұл фонема өзінің негізгі мәнінде жұмсалады: тү[н]-де, бұры[-н]-нан, кү[н]-мен т.б. Со[ң]ғы, та[ң]ғы сөздеріндегі [ң] өзінің негізгі мәнінде жұмсалып тұр. Алайда орфографиялық сөздікте (1978 ж) фонемалардың негізгі мәні ескерілмегендіктен, асты [ң]ғы, алды[ң]ғы, үсті[ң]гі түрінде жазылса, ал осы типтес сөздердің кейбірі бұры[-н]ғы делініп берілген. Белгілі бір жуйеге бағынатын бір типтес сөздерді эркелкі жазу орфографияны қиындата түседі. Дүрысы - бүл типтес сөздерді фонемалық негізгі мэні бойынша жазу. Егер үстіңгі, алдыңғы т.б. сөздердегі ң-ге өзгеше фонетикалык жағдай тудырсак, бұл дыбыс озшің негЬгі мътне көшеді: алдын ала (алдың ала емес), астын-үстін (астың-үстің емес), астынан (астыңан емес), үстінде (үстіңде) т.б. Ал қараң қалу сөзіндегі [ң] фонемасы өзінің негізгі мнінде жұмсалып тұрғандығын көреміз. Салыстырыңыз: каран болды. Сонымен қатар бү_л сөздің қараңдау, қараңғы тэрізді сөздермен этимологиялық байланысы бар екндігі байқалады.

Сондай-ақ қайран қалу - қайраң қалу, қаран қалу-қараң қалу, жиһангер-жиьаңгер, жиһангез-жиьаңгез, тыңғылықты- тынғылықты, түңғиық-түнғиық, тебінгі-тебіңгі трізді сөздерді дүрыс жазудывң өз қиындығы бар. Сондықтан да мүндай сөздер тэжірибеде эркелкі жазылып жүр. Осы сөздердегі [ң] комбинаторлық өзгерістің нэтижесінде пайда болған. Бүл өзгеріс жазуда ескерілмей, н түрінде жазылуға тиіс.

Сөз тіркесінен өзгерту, сөзге эр түрлі қосымшалар жалғау, қосымшаларды түбірден бөліп қарау тэрізді тэсілдер арқылы морфемалар жігіндегі фонема реңкінің фонетикалық ортаға неғұрлым тэуелсіз түрін табуға болады. Мысалы: [қайраңғалу] қайран қалу - қайрансың; [тыңғылықты] — тындыр, тындырымды; [тұңғұйүқ] түғғиық-тү_н, түндыр; [жиьаңгез]-жиһан, жер-жиьан. Осылардың ішінде басқаларымен салыстырғанда қайрансың, тындыр, түн, жиьан морфемаларындағы <н> фонемасының реңкі фонетикалық қоршауға анағүрлым тэуелсіз. Сондықтан бүл сөздер фонематикалық принцип бойынша (фонемалардың мэнін сақтап жазу) <н>~ның қосалқы реңкі <ң> арқылы емес, негізгі рекі <н> бойынша таңбалануға тиіс.

Қазақ орфографиясында -нг-немесе-ңг-арқылы таңбаланатынын ажырату киынға соғатын бір алуан сөз бар: інген-іңген, кемеңгер — кемеңнгер, жауынгер-жауыңгер, эменгер-эмеңгер, шенгел-шеңгел, жынғыл-жыңғыл т.б. Бүл типтес сөздердегі фонеманың (<н> ба, <ң> ба?) негізгі реңкін жоғарыда айтқандай тэсілдермен тексеру мүмкін емес. «Тексеруге»

50


болмайтын бү_л типтес сөздерді жазуда қазақ емлесі, жауынгер, дүнген, монғол тэрізді бірер сөзді еске алмағанда, ң варианты түрінде таңбалау бағытын ұстанған. Мысалы: іңген, шеңгел, шеңбер, эмеңгер, жыңғыл, бастаңғы, жеңге т.б.

Жалпы алғанда, морфемалар жігіндегі фонеманың негізгі реңкін сақтап жазудың пәлендей қиындығы жоқ тэрізді көрінеді. Шындығында, негізгі реңк пен қосымша реңкке байланысты жазылуы қиын бірсыпыра сөз морфемаішілік дыбыс құбылыстарына қатысты. Мысалы, жамбас дегендегі [м] негізгі реңкте (<м>) қолданылып тұр ма, элде <н> фонемасының қосымша реңкі түрінде жұмсалып түр ма? Орфографияда бүл типтес сөздер жамбас, шамба, сэмбі тэрізді м аркылы таңбаланғанмен, бірақ жазу тэжірибесінде бүл сөздерді н арқылы жазып қою дағдысы да үшырайды. Қазіргі қазақ емлесінде күн аттарының -нб арқылы жазылуы дэстүрге айналды. Бірақ осы дэстүрге күмэн келтІріп, тіл мамандарының «жаздырып» жібергені деп түсінетіндер де бар.

5!

Қорытынды

Қоғамдық қатынас ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл

- тілдің өмір сүруінің, қызмет етуінің ерекше формасы. Ол белгілі бір халық тілінің нормаға түскен, өңдеуден өтіп, сүрыпталған ең үлгілі формасы. Әдеби тіл - дэстүрге берік, сол тілде сөйлеуші қоғам мүшелерінің бэріне бірдей міндетті, қызмет аясы, элеуметтік ауқымы кең тіл. Осындай қасиетке қоса әдеби тіл эр түрлі ауытқулардан арылып отыруы қажет. Қандай да болсын күрделі ойды, мағынаның небір нэзік реңктерін тап басып, дэл, ешбір қиындықсыз, емін, еркін жеткізуі оның коммуникациялық сапаларының қандай екендігін көрсетеді.

Қазақ эдеби тілінің «ауызша» жэне «жазбаша» деп аталатын бір-бірімен тығыз байланысты екі формасы бар. Әдеби тілдің «ауызша» формасы өз кезегінде маңызы артып отырса, қоғамның элеуметтік, мэдени дамуы тэрізді қолайлы жағдай «жазба» тілдің ролін өлшеусіз өсіре түсті.

Орфография эдеби тілдің («жазбаша» түрінің) «киімі» ғана емес. Ол, алдымен, сауатты жазудың, ана тілін мэдени меңгерудің маңызды қүралы. Ондай қүрал тілдің қүрылымдық жүйесіне (системаға) лайық, пайдалануға неғүрлым жеңіл, қолайлы да тиімді болуға тиіс.

Қандай да болсын тілдің коғамдық құбылыс ретінде өзгеріп, дамып отыратындығы белгілі. Тілдің құрылымдық жүйесінің де дамып, өзгеріп отыруына сэйкес оның «киімі» де «жаңаланады». Олай болмаса, орфография тілдің системасына лайық болмай, оның қүрылымдық жүйесіндегі заңдылықтарды дүрыс бейнелей алмас еді. Ондай орфография пайдалануға ауыр тиіп, сауатты жазуға «түсау» болар еді.

К. Маркске жазған хатында Ф. Энгельс араб графикасының күрделігігі болмаса, парсы грамматикасын 48 сағатта біліп алар едім деген болатын.

Ағылшын балалары күн қүрғатпай, үздіксіз тоғыз жыл оқығанның өзінде кеңес қағаздарына қатысты жүмыстарды ойдағыдай жаза алмайды екен. Әйгілі жазушы Бернард Шоудың есептеуінше жазу жұмысымен шұғылданған ағылшындар эрбір минуттың 12 секундын «басы артық» эріптерді жазуға жұмсайды екен. Ондай басы артық эріптерді жазуға бір жылда 73 күн кетеді. Англия мен АҚШ-та жазу жүмысы, кеңсе қызметі,

52

ғылыми зерттеулермен 2,7 миллион адам шұғылданады. Олар бір жылда 540 мың жыл жоғалтады екен.

Жазу сызуда мүндай қиындықтар болмас үшін орфографияны тілдің қүрылым жүйесіне лайықтап, ондағы өзгерістерді бейнелейтіндей етіп, жазу нормаларына эволюциялық өзгерістер енгізіп отыру қажеттілігі тіл қүрылысы тэжірибесінде де айқындала түсіп отыр.

Қазіргі қазақ орфографиясы әдеби тілдің жазбаша түрінің нормалану процесіне зор ықпалын тигізді. Оның 40 жылдан астам тэжірибесі жазу нормаларының түрақталып, ала -қүлалықтар арыла, жетіле түскендігін байқатады. Бүл процесте 1957 жылғы «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері», «Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері», «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш» тәрізді т.б. практикалық қүралдардың, ғылыми зерттеулердің орны айрықша. Әрине, бүл нэтижелер қазақ орфографиясының барлық мэселелері зерттеліп болды, жазу мэдениетіміз ешбір мүлтіксіз дегенді аңғартпайды.

Қазақ орфографиясының ғылыми түрғыда элі де зерттеле беретіні даусыз. Өйткені, біріншіден, қазақ тілі де, өзге тілдер тәрізді, қүрылым жүйесі өзғеріп, дамып отыратын тіл. Осыған байланысты ондай қүбылысты айқындап, зерттей отырып, жазу нормаларына да ішінара өзгеріс енгізіп отыру қажеттілігі туады. Екіншіден, қазақ тілінің қүрылым жүйесінде элі де танылмаған заңдылықтар бар екендігі сөзсіз. Оларды зерттеп, танып білмей, жазу-сызу нормаларын сол жүйеге лайықтап белгілеу мүмкін емес.

53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Қазақ тілі оқулығы 4-сынып Алматы, 2003ж.

  2. Асқарбаева А. Кластан тыс оқыту методикасы. Бастауыш
    сынып мұғалімдеріне арналған - Алматы, 1992ж.

  3. Айтазин Қ. Кәсіби лексика мәселелері. -Алматы 2000ж.

  4. Әлметова Ә.С. Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді оқыту. -
    Алматы, 2001 ж.

  5. Әуелбаев Ш. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту
    әдістемесі. -Алматы 1997 ж.

  6. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы.
    -Алматы 1965 ж.

  7. Әміров Р. 3 класс. Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау.
    -Алматы, 1969 ж.

  8. Әміров Р. Асылов ¥. 4 класс, Қазақ тілі оқулығына әдістемелік
    нүсқау. Алматы, «Рауан» 1997.

  9. Балақаев М.О. Қазақтілінің мәдениеті, -Алматыв 1991.




  1. Бектүров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі Алматы 2001 ж.

  1. Бегалиев Г. «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының
    мәселелері» - Алматы, 1980ж.

  1. Оқушылардың жазу дағдысын қалыптастыру -Алматы 1998ж.

  2. Біз қалай жазамыз?. - Алматы, Жалын 2001 ж.

  1. Бектаев Қ. Молдабек Қ. Бастауыш класс оқулықтары тексінің
    сөздігі. Шымкент, 1989ж.

  1. Ғаббасов С. Ізгіліктің әліппесі. - Алматы, 1993ж.

  1. Кенжеахметов С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-
    ғүрыптары. -Алматы, Ана тілі 1999 ж.

  1. Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауы Қазақстан -2030.

  2. Қазақ энциклопедиясы. Қазақ-Алматы, 1998ж.

  1. Молдабеков Қ., Сандыбай Қ., Балқыбекова Ы. Бастауыш
    мектепте тіл дамыту. -Шымкент, 1999ж.

  1. Қазақ тілі оқулығы 3,4 сынып. Алматы «Ата-мұра» 2003 ж.

  2. Қазыбаев С. Қазақ тілінің жаттығулар жинағы. (1-2-3
    сыныптарға арналған). Алматы 1991.

  3. Қазыбаев С. Қазақ тілі методикасы - Алматы 1990ж.

  4. Құлмағанбетова Б. Мемлекеттік тілді меңгертудегі тіл
    дамыту. -Бастауыш мектеп, 1996ж. №11.

  5. Исаев С.М. Қазақтілі - Алматы, 1996ж.

  6. Ишмұханбетов Ә. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық
    ойындар. -Алматы, 1964ж.

  7. Самуратов Г.Б. Халық педагогикасы негізінде тәрбие беру -
    өмір талабы. Әдістемелік құрал. - Арқалық, 1992ж.

Салқынбай А. Қазақ тілі. Сөзжасам. -Алматы 2003ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет