Қабілеттердің қалыптасуы мен дамуы диагностикалық құралдарды жасаудағы негізгі сүрақ. Ес психологиясы тарихқа бай екендігі баршаға мәлім. Егер ес процестерін түсінуге ретроспективті қарар болсақ, онда оның құрылымын әртүрлі көзқарастар тұрғысынан анықтауға жасалған көптеген талпыныстарды көреміз. Абстрактілі-теорилық трактовкадағы есті із ретінде қарастырудан ес психологиясындағы іс-әрекет бағытына дейін есті зерттеудегі шешуші қозғалысты іс-әрекет пен психиканың бірлігі туралы диалектико-материалистік методологияның ортаңғы принципін тарату негізінде жүзеге асты.
20-шы жылдардың аяғында ес процестерін талдаудың жаңа бағыты байқалды (П.Жане, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н.Леонтьевтің еңбектері). Есті әлеуметтік-генетикалық талдаған П.Жане болды. "Ес эволюциясы мен уақыт ұғымы" (1928) еңбегінде П.Жане адам есінің психологиялық механизмдерін қарастырады. П.Жане бойынша естің жоғарғы формасы "жоқка әлеуметік реакция" жоқты жеңудегі ерекше әрекет болып табылады /13/.
Қазіргі мінез-құлықта алдыңғы тәжірибенің қатысуы мен
пайдаланылуы есті білдіретіндігі туралы ой Л.С.Выготскийге жатады. Бұл көзқарас тұрғысынан ес реакцияны сақтау мен қайта жаңғырту кезінде іс-әрекетті береді. Бұл ойды Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, А.Р.Лурия эксперименталды дамытты.
А.Н. Леонтьевтің "Ес дамуы" (1931) Л.С.Выготскийдің айтуынша "естің дамуы оның қасиетімен түсіндірілмей, оның дамуы қасиетінен шықты" деген алғашқы зерттеу жұмысы еді. Бұл жоғары психикалық функциялардың
жанамалылығы мен есте сақтау тәсілдері туралы ережелерін жасап шығарды.
Бұл заңдылық тура және жанама есте сақтау өнімділігіне, кішкентайдан орта мектепке дейінгі жасқа қарай біртіндеп дивергенция болатын, орта мектеп жасынан ересек сыналушыларға қарай конвергенция көрсеткіштерінің көрінуінен байқалады. А.Н.Леонтьев "даму параллелограмы" деген атпен белгілі зандылықта нақтыланған сыртқы құралдардың "айналуы" мен есте сақтау тәсілдері туралы ережелерін жасап шығарды. Бұл заңдылық тура және жанама есте сақтау өнімділігіне де кішкентайдан орта мектепке дейінгі жасқа қарай біртіндеп дивергенция болатын, орта мектеп жасынан ересек сыналушыларға қарай конвергенция көрсеткіштерінің көрінуінен байқалады.
А.Н.Леонтьев «Егер адамға есте сақтауға көмектесетін психологиялық процестер мен операциялардың генетикалық ауысуын және ес даму тарихының реалды мазмұнын құрайтынын қарайтын болсақ, онда екі әр түрлі естердің – логикалық және механикалық естердің барлығы туралы ескі түсінікті бірегей функцияның бірегей процесс дамуы алмастыратындығы ашылады», деп жазды. А.Н.Леонтьевтің ойынша, ес даму процесінің мәні, мінез-құлықтың жоғарғы даму кезеңінде ерекше биологиялық қасиет ретіндегі естің орнына, адамның әлеуметтік өмір сүру жағдайында ес орындайтын функцияны атқаратын, яғни есте сақтауды жүзеге асыратын психикалық процестердің күрделі функционалды жүйесінің қалыптасуы болып табылады. /15/
Есті әрекет немесе іс-әрекет ретінде түсіну 20-30-шы жылдардағы ес психологиясының мәнді жетістігі болып табылады. Осыған орай П.И.Зинченко, осы көзқарастардың арқасында, «Г.Эббингауз сияқты есте сақтау нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ есте сақтаудың іс-әрекеті мен оның ішкі құрылысын да зерттеу мүмкін болды», деп жазды. Ес тарихи дамушы пәндік іс-әрекет өнімі ретінде қарастырылды, яғни ес зерттеу пәні, ал іс-әрекет оның дамуы мен қызметінің түсіндіруші принцип ретіндегі мәні бар жаңа методологиялық бағыт қалыптасты.
Ес құрылымына "стимул – құралды" енгізу тек процестің құрылымын толығымен қарастыруға ғана емес, оның құрамын да қайта қарастыруға әкелді. Одан әрі ес мәселесін зерттеуге соңғысы өз әсерін тигізді. П.И. Зинченко, А.А. Смирнов еңбектерінде есте сақтаудың әр түрлері негізінде жатқан процестерді құрылымдық-функционалды талдау мәселесі қойылған. П.И. Зинченко «ырықсыз есте сақтау өз дамуында арнайы әрекет сияқты, осы психикалық әрекеттің реалды мазмұнын кұрайтын: есте сақтаудың заты, мақсаты, мотиві, құралдарының сипатына қарай әр түрлі формаға ие болады», деп жазды. Есте сақтау кұрылымы осы компоненттердің ауысу сипатына қарай өзгереді. Бірақ, есте сақтау сипаты жекеленген компоненттердің өзгеруіне емес, бүкіл есте сақтау құрылымының өзгеруіне байланыстылығын П.И.Зинченко атап көрсетеді.
Сонымен, естің эксперименталды зерттеулерінде екі бағыт: есті із ретінде (Г.Эббингауз және т.б.) және есті әрекет ретінде зерттеу айқын көрінетінін айтуға болады, Екінші бағытта есте сақтау процесіне қатысты: А.Н. Леонтьев, П.И. Зинченко, А.А. Смирнов; еске түсіру процесіне қатысты – Ф. Бартлетт, П.И. Зинченко, А.А. Смирнов эксперименталды таратушылар болса, ал есті әрекет ретінде зерттеу бағдарламасын алғаш Ж. Пиаже ұсынды. Отандық және европалық психологияға күшті әсер еткен ес психологиясы мәселесіне іс-әрекеттік тұрғыдан құрау туралы айтар болсақ, осы бағыт төңірегінде орындалған зерттеулерді талдай отырып, екі мәселенің көрінетінін айтпай кетуге болмайды: ес және іс-әрекет және ес іс-әрекет ретінде. Л.С. Выготскийдің ес "осы сөздің толық мағынасында" іс-әрекетті береді, деген ойы соңынан "ес және іс-әрекет" мәселесін көтерген бірқатар зерттеулерді ерткенімен, бірақ ес – динамикалық құрылымға ие, күрделі функция деп аталды.
Бірқатар авторлар, 60-шы жылдардың басына қарай ес психологиясы мәселесі басқа психикалық процестерді немесе іс-әрекеттер: ойын, оқу, еңбек, спорт түрлерін қарастырумен астасып кетті. Осыған орай, ес қызметінің көптеген заңдылықтары белгілі болды. Ес процесінің ойлау, қабылдау, жеке адамның еріктік, эмоционалды, мотивациялық жағдайларымен байланысына жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып, есте сақтауды қалай ұйымдастыруға болады? оқушыларды қандай құралдармен қаруландыру керек? деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап беру мүмкін болды.
А.А.Смирнов "есте сақтауда түсінудің ролі жалпыға белгілі", деп жаза отырып, материалды терең, әрі айқын түсіну құралы ретінде көрінетін есте сақтау мен ойлау процестерінің байланысын көрсетеді . Одан әрi А.А.Смирнов ойлау әрекеті "өзінің әр алуан және күрделі көріністерінде" қайта жаңғыртудың психологиялық ядросын құрайды, деп дәлелдейді. Есте сақтаудың қарқындылығы үшін ойлау белсенділігінің маңызды ролі П.И. Зинченко, А.Н. Шлышкованың жұмыстарында бекітілді. Бұл зерттеулердің логикасы авторларды, ойлау әрекетінің өзін қарастыруға әкелді. Ойлау процестерін зерттеу логикасы Ж. Пиаже мен Б. Инельдерді ес процестерін зерттеуге әкелді. Зерттеушілер көрсеткеніндей, еске түсіру кұрылымы субъект меңгеретін қабілет пен естің оперативті бірліктеріне тәуелді. Ж. Пиаже мен Б. Инельдер «есті ұйымдастыру ой схемасы деңгейіне қатысты өзгеріп, индивидтің интеллектісімен бірге дамуы керек», деген қорытындыға келді. Қысқа мерзімді есті зерттеуге арналған П.И.Зинченко, Б.М. Величковский, Г.Г. Вучетич еңбектері "қысқа мерзімді есті зерттеуде алынған ақпараттың қайта құрылуы, ақпараттық шешімді даярлауда, мәселелік жағдайдың бейнелік-концептуалды моделін калыптастыруда мәнді роль атқаратынын" көрсетті.
Б.Г. Ананьевтің басшылығымен жүргізілген зертеулерде ес басқа психикалық функциялармен: зейін, ойлаумен және Д.Векслердің тестер жинағымен анықталған жалпы интеллектуалды даму деңгейімен байланысты зерттелінді. Естің басқа психикалық функциялармен байланысында ұзақ мерзімді есте тұту мен ырықты зейін арасында оң байланыстар көп болды.
К.Д. Ушинский, Рибо, П.П.Блонский, А.А. Смирнов, С.Г. Бархатовалар еске түсіру, есте сақтау, жеке адамның ерік-күшінің байланысын көрсетеді. Е.С. Маклах және И.А. Рапорттың ес ерекшеліктері мен жеке адам ерекшеліктері арасындағы нақтылы байланыстарды анықтауға бағытталған зерттеулері, жоғары мектеп оқушыларында ұзақ мерзімді есте сақтаудың дамуы, жеке адамның еріктік сапаларының дамуымен байланысты екенін көрсетті. А.И. Липкина өзін-өзі бағалауында әр түрлі адамдардың мнемикалық іс-әрекеттеін зерттей отырып, жеке адамның өзін-өзі бағалау сипаты мнемикалық есептердің нәтижесін шешуге әсер ететінін көрсеті.
Операционалды механизмдердің зерттелуі А.А. Смирновтың (Е.К. Матлин, К.П. Мальцев, А.И. Липкина, Э.А. Фарапонова және т.б) басшылығымен жүргізілген жұмыстарда барынша көрсетілген.
Вербалды және бейнелік есті экспериментті зертгеу негізінде Э.А. Фарапонова, «материалды есте сақтаудың әртүрлі тәсілдерін қолдану, мнемикалық іс-әрекеттердің жас айырмашылықтарына байланысты», деп қорытынды жасайды.
В.И.Самохвалова, К.П.Мальцев, З.М.Истомина жүргізген мектеп жасына дейінгілердің классификация, мәтін жоспарын жасау, мағыналы сәйкестендіру есте сақтау тәсілдерінің қалыптасуын зерттеулері, есте сақтау тәсілдерінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін жақсы ұғынуға мүмкіндік береді.
Г.Г.Гордилова, И.А.Зимняя, Н.С.Магина және т.б. еңбектері естің шет тілге деген қабілетпен байланысын қарастыруға арналған. Олардың зерттеулерінен шет тілді меңгеруге мнемикалық қабілеттердің тікелей қатысатынын көруге болады. И.А.Зимняя шет тілді меңгерудің сәттілігіне әсер ететін екі индивидуалды-психологиялық көрсеткіштерді бөліп көрсетеді: оперативті ес және ықтималды болжау. Сондай-ақ оқудың бастапқы кезеңінде ес жетекшілік етеді.
Т.В. Зотова зерттеу нәтижелерінде қабілеттердің функционалды механизмдері өз табиғатынан модальды, яғни әртүрлі физиологиялық негізі бар функционалды механизмдер арқылы көру, есту, есте сақтаулары жүзеге асады.
Операционалды механизмдер "интермодальды", яғни, есту
және көру есте сақтауларына бірдей ортақ.
Есте сақтауға бөлінетін уақытты көбейту, механизмдердің
есте сақтау процесіне қосылуына оң әсерін тигізеді.
3. Материалды құрылымдық ұйымдастыру механизмдерді қолдану деңгейіне тікелей әсер ететiндігі туралы қорытындыға
келді.
Қабілеттерді құрылымдық тұрғысынан қарағанда Б.Г.Ананьевтің психикалық функциялар механизмін комплексті қарастыру туралы идеясы үлкен қызығушылыққа ие. Оның схемасы бойынша кұрылымдардың дамуы функционалды, операционалды мотивтер механизмінің дамуы ретінде көрінеді. Функционалды механизмдердің пайда болуының ең ерте кезінде филогенетикалық программаларды жүзеге асырып, операционалды механизмдердің пайда болуына қарай қалыптасады. Әр психикалық функцияның өз операционалды механизмдері қалыптасады. Функционалды механизмдер мен операционалды механизмдер арасында күрделі өзара әрекеттер бар. Операционалды механизмдердің дамуы үшін функционалды дамудың белгілі бір деңгейі талап етіледі. Өз кезегінде операционалды механизмдерді дамуы функционалды механизмдердің жаңа даму фазасына ауыстырады, олардың мүмкіңдіктері прогрессивті өседі. Жүйелік деңгейі жоғарылайды.
Б.Г.Ананьев жасаған психикалық функция механизмі концепциясында биологиялық және әлеуметтік негіздерді сәйкестендіру мәселесін шешуге қадамдар жасалған. Функционалды механизмдер индивидтің онтогенетикалық эволюциясы мен адамзаттың табиғи ұйымдасуымен детерминацияланған. Операционалды механизмдер сананың субстраты – мидың құрамында емес, олар индивидті тәрбиелеу, оқу, оның жалпы әлеуметтену процесінде игеріліп, нақтылы тарихи сипатқа ие болады. Қабілеттердің дамуы осы және басқа да функцияларды жүзеге асыратын жүйенің дамуы, бұл системогенез жүйесі.
Естің индивидуалды айырмашылықтарын сипаттау үшін есте сақтаудың нақтылығын, жылдамдығын және беріктігін индивидуалды ерекшелік ретінде анықтап, ғылымға алғаш мнемикалық қабілет ұғымын А.А.Смирнов енгізді.
В.Д. Шадриков берген анықтама бойынша, қабілеттілік-әрекеттің өзіндік сапалы орындалуының сәттілігінде көрінетін, айқын индивидуалды өлшемге ие, ақпаратты есте тұту, есте саққау, ұмыту функцияларын атқаратын жүйе қасиеті ретінде анықтауға болады.
Әдебиеттердегі мәліметтерге қарасақ, қабілеттілік функцияларының қалыптасуы мектептегі оқу кезінде жүреді. Расында да, мектепке дейінгі кезде ес эмоционалды толғаныстар мен көрнекті образдарға сүйенсе, ал мектеп жылдарында әртүрлі ойлау операцияларын меңгерумен ол айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Б.Г. Ананьев бойынша қабілеттердің дамуы функционалды механизмдердің, операционалды механизмдердің, реттеуші механизмдердің дамуының көрінісі. Қабілеттердің жалпы системогенезін былай көрсетуге болады:
- функционалды механизмдердің дамуы,
- операционалды механизмдердің пайда болуы және дамуы,
- функционалды,операционалды механизмдер арасындағы байланыстардың дамуы,
- реттеуші механизмдердің пайда болуы және дамуы,
- функционалды, операционалды, реттеуші механизмдер жүйесінің дамуы.
Қабілеттердің дамуын сызықты етіп көрсетуге
болмайды. Операционалды механизмдер қалыптаса отырып
функционалды механизмдердің дамуына жағдай жасайды, ал ол өз
кезегінде жаңа сапалық деңгейге көтеріле отырып операционалды
механизмдердің басқаша жетілуін, дамуын стимулдайды. Адамның өз есін игере алуы функционалды механизмдердің тоқтағанын
білдірмейді.Қабілеттер процесі үздіксіз, әрі әр келкі
және гетерохронды. Мнемикалық функциялардың қайта құрылуы, оның эффективтілігіне қойылатын талаптарға негізделген. Оның жоғары деңгейі оку іс-әрекетінде пайда болатын әр түрлі мнемикалық есептерді шешуде қажет. Естің оку барысындағы маңызын П.П.Блонский "оқушының негізгі қызметі ойлана отырып меңгеру, және осы жастағы негізгі функциясы ойлаушы ес, яғни нені қалай есте сақтау, ойланумен бірге жүретін есте сақтау, және нені қашан еске түсіру, ойлаумен бірге жүретін еске түсіру" деп атап көрсеткен.
Э.А. Голубеваның бірқатар зерттеулері балалар мен жасөспірімдердің ырықты және ырықсыз ес өнімділікгеріне әсер етуші фактор ретінде нерв жүйесінің құрылымының мәні бекітілді. Э.А.Голубеваның өзі экспериментті түрде ес алғы шарттары арасында нерв жүйесінің икемділігі мен тұрақтылығының айтарлықтай мәнге ие екенін дәлелдеді. Нерв жүйесі күшінің ролі есте сақтаудың қиын жағдайларында айтарлықтай көрінеді. Салыстырмалы түрде кең көлемді материалды есте сақтаған обьектілерді вербалды классификациялау мүмкіндігі жағдайында жоғары маторлы естің жетістігін көрсетеді.
Нерв жүйесінің лабилділік-инерттілік көрсеткіштерін ес өнімділігі көрсеткіштерімен салыстырғанда ырықты және ырықсыз есте сақтау жағдайында физиологиялық және психологиялық айнымалылар арасында анық та, айқын статистикалық айырмашылық байқалады.
Әртүрлі материалды қолдануда лабилді сыналушылар ырықсыз есте сақтауда жоғары ес өнімділігін көрсетсе, ырықты есте сақтауда негізінен инерттілер жақсы ес өнімділігін көрсетеді.
Б.М.Тепловтың "инерттілік жүйелер байланыстардың беріктігін қамтамасыз етуі мүмкін", деген гипотезасы расқа шықты.
Қабілеттерді талдау ең алдымен ақпаратты есте ұстау, есте сақтау және қайта жаңғырту функцияларының жүзеге асуын қамтамасыз ететін ішкі психологиялық механизмдерді қарауды көздейді. Функциялардың жүзеге асуына мүмкіндік жасайтын ішкі психикалық механизмдер онтогенездің өте ерте кезінде "тұрақтылық аралдары" түрінде, яғни ең қарапайым мнемикалық кұрылымдар шоғырлары ретінде жинақталынады. Ары қарай ішкі функционалды механизмдердің, олардың өнімділікгерінің дамуы тікелей психиканың индивидуалды ерекшеліктерімен анықталады. Сондықтан естің әр түрінің нерв жүйесінің жеке құрылымдарына тәуелділігі зерттеледі.
Қабілеттердің дамуы мен олардың құрылысын талдай отырып мынандай қорытындыға келуге болады: ақпаратты ұйымдастыру, оны өңдеу немесе кодтау тәсілдерінің бірі мнемикалық қабілеттердің операционалды механизмдері ретінде көрінуі мүмкін. Ақпаратты ұйымдастыру тәсілдерінде, функционалды механизмдермен қатарласа, өзара әрекеттесе жұмыс істеген жағдайда ғана мнемикалық қабілеттердің операционалды механизмдері ретінде айтуға болады.
Қабілеттердің функционалды, операционалды механизмдер жүйесінің динамикалық дамуы және жаңа операционалды механизмдердің жаңа құрылымдарының пайда болуына қатысты ашық түрде болуы, оның құрамдас бөліктерінің даму деңгейі мен олардың операционалды механизмдердің мүмкін жиынымен өзара әрекет дәрежесімен анықталады.
Л.В. Черомошкина өз жұмысында, қазіргі уақыттағы мнемикалық қабілеттердің операционалды механизмдерін зерттеудің бірнеше бағыттарын көрсетеді:
1. Жоғары психикалық функциялардың даму механизмі ретінде, психикалық функциялардың жанамалылығы (Л.С. Выготский, А.Н.Леонтьев);
2. Естің интерфункционалды байланыстары (өте көп фактілер мен заңдылықтар жинаған керемет үлкен бағыт
болғанымен, көбіне тек психикалық функциялар арасындағы
байланыстарды нақтылап қана қояды);
3. Мнемикалық тәсілдер (А.А.Смирнов).
Ақпаратты өңдеу тәсілдері ретінде Л.В.Черемошкина мнемикалық қабілеттердің операционалды механизмдерінің мына түрлерін көрсетеді: топтастыру, тірек пунктерін бөліп көрсету, мнемикалық жоспар, классификация, құрылымдау, жүйелеу, схемалау, аналогия, мнемотехникалық тәсілдер, қайта кодтау, есте сақтау материалын толықтыру, материалды сериялы ұйымдастыру, ассоциация, қайталау.
Қазіргі ғылыми мәліметтер естің операционалды механизмдерінің кұрылымының күрделілігін көрсетеді. В.Я.Ляудис мнемикалық әрекеттердің толық кұрамын анықтауға бағытталған зерттеулерінде оның төрт операциясын көрсетеді. Олар: категориялау, топтарды бөліп көрсету және оларды негіздеу, топ аралық байланыстарды бөліп көрсету, топ іші байланыстарды бөліп көрсету.
В.Д.Шадриков, Л.В.Черемошкина, В.Я.Ляудис және т.б. зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып мнемикалық қабілеттердің операционалды механизмдерінің құрылымын былай сипаттауға болатынын көрсетеді: категориялау, топтарды бөліп көрсету және оларды негіздеу, қабылдау мен есте сақтау шарттарын сипаттау, шешім қабылдау, антиципация,есте сақтау мен қайта жаңғырту бағдарламасы туралы түсінік қалыптастыру, ақпаратты сақтауда топ аралық байланыстарды бөліп көрсету, топ іші байланыстарды бөліп көрсету, есте сақтау мен қайта жаңғыртуды қадағалау .
Қабілеттер құрылымында операционалды механизмдердің пайда болуы принципиалды мәнге ие. Белгілі бір өндірістік құралдар жиынын меңгеру, иңдивидтердің өзінің белгілі бір қабілеттерінің дамуына тең,- деген идея ес психологиясында кеңінен таралған. Бұл процесті Л.С. Выготский мінез-құлықтың социогенезінің жоғары формасы деп атаған, ал А.Н.Леонтьев оны тура естің жанама еске ауысуы ретінде жазған. А.Н.Леонтьев бұл процестегі принципиалды ролді есте сақтау процесiнде пайда болатын стимулды-құралдарға бердi. Бастапқыда бұл қосымша функцияларды сыртқы тітіркендіргіштер орындаса, соның әсерінен субъектінің өзі қандай да бір әрекеттерді орындайды. А.Н. Леонтъев ес даму процесінің үш сатысын көрсетеді. "Естің бірінші даму сатысы — бұл оның есте қалдыру мен қайта жаңғыртуы деген табиғи қабілеті. Бұл саты қалыпты жағдайда мектеп жасына дейін аяқталуы ықтимал. Алғашқы мектеп жасына тән келесі саты — сыртқы ортаның басым әсерінен өтетін есте сақтау процесінің құрылымының жанамалылыққа өзгеруімен сипатталады. Өз кезегінде жанама есте сақтау екі жолмен дамиды: сырттан әсер етуші тітіркендіргіштер формасында қала беретін қосымша құралдарды даму мен жетілу тәсілдерінде пайдалану және сыртқы құралдардан ішкі құралдарға ауысу жолы. Мұндай ес тәжиірбенің ішкі артықшылықтары бар элементтерін құралды пайдалану жоғарғы дамыған қабілеттің негізгісі және оның ең жоғарғы дамыған сатысы" .
А.Н.Леонтьев ес даму сатыларын реалды ес даму процесінің барлық күрделілігін көрсете отырып алдыңғы схема деп атады. Расында да ес дамуында жанама есте сақтаудың пайда болуымен "есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың табиғи қабілетінің" дамуы тоқтайды деуге болмайды. Есте тұту адам дамуымен тоқтамайды және жоғалмайды. Ес жүйесінде тек оның орны өзгереді, енді басты орынға есте сақтаудың жанама процестері келеді.
Бұл жағдайда "есте қалдыру мен қайта жаңғыртуға деген табиғи қабілеттердің" дамуы ес жүйесіндегі құрамдас бөліктерінің қайта пайда болған байланыстарының нығайыуы арқылы жүзеге асады.
Операционалды механизмдердің дамуы екі бағытта жүреді: ақпаратты өндеу тәсілдерінің өсуі мен оларды пайдалана білудің өсу жағына қарай. Екеуінің де мәні операционалды механизмдердің ақпаратты перцептивті өңдеуден түсініктер деңгейіне, есте, қиялда, ойда өңдеуге күрделенуі болып табылады. Көрсетілген мнемикалық тәсілдердің көпшілігі әртүрлі деңгейде жүзеге асуы мүмкін. Операционалды механизмдердің кұрылуында есте сақталар материалдың өңделуінің перцептивті және ойлау деңгейінде жүзеге асуына қарай әртүрлі болуы мүмкін. Естің принципиалды даму кезінде, мнемикалық қабілеттердің операционалды механизмдерінің ойлау деңгейінде пайда болуы, осы кезеңде бірқатар фактілерге, оның ішінде ойлаудың басқа төменде жатқан деңгейлерге реттеушілік әрекетіне негізделіп, ес жүйе ретінде қызмет атқара бастайды.
Егер осыған дейін, реттеу, айтарлықтай дәрежеде есте сақталатын материалға негізделсе, енді операционалды механизмдер құрылымының дамуымен есте сақтау процесін реттеу субъект жақтан реттеуге айналады, басқаша айтқанда, субъект пен объектінің өзара әрекеттерінің сипаты, субъекгінің доминантты ролі жағынан сапалы өзгереді. Есте сақталғанды ойлау деңгейінде өңдеудің пайда болуымен функционалды механизмдік, операционалды механизмдік, реттеушілік механизмдік жүйелер интеграцияланады.
Интеграция процесімен қатар көп қырлы, иерархиялы ұйымдасқан жүйе ретінде естің дифференциация процесі де өтеді. Иңтеграция мен дифференциация мнемикалық қабілеттердің функционалды жүйесінің қалыптасуының салдары болғанда ол өз феноменологиясына ие: бұл әртүрлі эффектіліктегі естің көптүрлілігі. Сонымен қатар қандай да бір мнемикалық механизмдердің үлесінен алынған нәтижелерді түсіндіру қиындықгар туғызады.
Қабілеттердің ойлау деңгейінде операционалдық механизмнің пайда болуымен есте сақтау мағыналы, әрі ырықты басқарылатын, бола бастайды. Операционалды механизмдердің осы және басқа бағыттарда дамуы, әр түрлі мнемикалық тәсілдердің тең дәрежеде емес екендігін көрсетеді. Есте сақталатынды өңдеудің перцептивті деңгейде жүзеге асатын аздаған мағыналық өңдеу тәсілдері бар (тірек пунктерін бөліп көрсету, топтастыру, реттіліктерді бөліп көрсету, ассоциациялар). Мнемикалық тәсілдердің келесі тобы айтарлықтай мөлшерде ес, елес, қиялдың қызметімен сипатталады (қайта кодтау, мнемотехникалық тәсілдер). Есте сақтау мақсатында ақпаратты өңдеудің ең күрделісі ойлау өңдеуінің басым болуымен жүзеге асуы (аналогия, жүйелеу, құрылымдау) болып табылады.
Операционалды механизмдер дамыған түрде өзінің белгілі бір мнемикалық тәсілдерді жүзеге асыру мақсаты бар танымдық іс-әрекетті көрсетеді. Мнемикалық тәсіл перцептивті-мнемикалық-ойдың- қиялдың іс-әрекеттің соңғы звеносы болып табылады. Қабілеттердің операционалды механизмдерінің дамуы әр бағыттағы тенденциялардың, субъект жақтан да, іс-әрекет жағынан да өзара әрекет нәтижесі, деп қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар әр индивидуалды, өзіндік есте сақтау тәсілі "жоғарыдан" субъектінің танымдық іс-әрекетінің ерекшелігі әсерінен, яғни ойлау жағынан және "төменнен", яғни қабылдау жағынан жүреді.
Реттеуші механизмдер қабілеттерге қатысты сыртқы реттеулерден дамиды, яғни мотивация жағынан (мүмкін бұл жерде мотивациямен бірге еріктік және эмоционалды компоненттер де көрінер).
Қабілеттердің көру есте сақтаулары мидың сенсорлы облысында өлшенген көру іздерінің табиғи құрылымына өте тәуелді. Қабілеттердің материалды мағыналы өңдеумен байланысты, негізінен мидың реттеуші бөліктерінің параметрімен анықталады.
Әр түрлі пәндерді меңгеруде ақпаратты өңдеумен байланысты мнемикалық қабілеттердің атқарар ролі өте зор. Олардың өте жоғары дамуы барлық талданған пәндерді жемісті меңгеруді анықтайды. Қабілеттер түрінің негізінде материалдың ішкі кұрылымындағы жекеленген бөліктер арасындағы қатынастарды іздеу мен логикалық байланыстарды орнатуға бағытталған ақпаратты мағыналы өңдеу тәсілдерін дұрыс пайдалану жатыр /15/.
Қабілеттердің операционалды механизмдері ақпаратты есте сақтау мен өндеу тәсілдері мен әдістері ес процесінің өнімділігінің өсуіне әкеледі:
- есте сақтау мен кайта жаңғырту жылдамдығы артады;
- есте сақтау мен қайта жаңғырту көлемі өседі;
- есте сақтау мен кайта жаңғыртудың дәлдігі артады;
- есте сақтаудың беріктігі артады;
- есте сақтау мен қайта жаңғырту дұрыстығының ықтималдығы артады. Мектеп кажеттілігін өтеу үшін таза зерттеушілік емес, мыңдаған мәселелерді шешетін қолданбалы сипаттағы әдістер керек. Әдістер "білімдерді пайдалануы" қажет. Осындай әдістердің бірі объективті, психологиялық өлшейтін, стандартталған әдіс тест болып саналады.
Алдымен классикалық әдіс мнемикалық қабілеттерді реалды, іс-әрекет жағдайында диагностикалайтын психологиялық тест мәселесін қанағаттандыратын, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген талаптарды орыңдай алатынын біліп алу керек. Бұл мәселені шешу үшін психологиялық тест әдісінің сипаттамасын қарастыру керек.
Ең алдымен психологиялық тестің бірнеше анықтамасын топтастырайық.
Айнымалы жағдайын жасанды тазарту өте маңызды қосымша айнымалыларды есепке алмауға ұрындырады.
Барлық ғылыми-зерттеу әдістеріне ортақ мақсат теориялық болжамдарды эмпирикалық тексеру, яғни бұрын қарастырылмаған құбылысты зерттеу болып табылады . Бұл факт тәуелсіз айнымалыны бөлуде және тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арасындағы өзара әрекетті ұйымдастыруда қателіктерге әкелуі мүмкін, ал ол қате нәтижеге әкеледі.
Осылайша, есті зерттеу әдістерінің тағы бір сипаты эксперименталды жағдайдың жасандылығы, яғни жасандылықпен барлық оның құрамы сипатталады: а) эксперименталды материалдың өзі реалды іс-әрекет жағдайынан алшақтатылған, жасанды кез-келген материал еске сақтауға ұсынылады; б) арнайы тәуелсіз айнымалыны енгізу арқылы және "қосымша" айнымалыдан зерттеу жағдайын тазартумен, сондай-ақ зерттеу жағдайын қатаң қадағалаумен зерттеу процедурасының өзі де жасандылыққа ие. Бірақ дәп осы жағдай зерттеу әдістеріне жоғары сенімділік және дәлдік, жоғарғы ішкі валидтілік бергенімен, экологиялық валедтілігін төмендетеді. Яғни, реалдылықта мұндай эксперименттер адекватты болмағандықтан, олардан алынған нәтижелер экспериментке қойылған мәселелерді шешуге пайдалану мүмкін емес /22/.
Жасанды эксперименттің реалды жағдайға қаншалықты сай келетінін қарастыру үшін эксперименталды болжамның әр құраушыларына жататын тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды, олардың өзара қатынасын, сондай-ақ мәнді қосымша айнымалы деңгейін талқылау керек. Жасанды эксперименте тәуелсіз айнымалының реалды іс-әрекет жағдайына сәйкестігін шешу үшін экспериментатор енгізген жағдай реалды жағдай үшін қалыпты екендігіне сенімді болу қажет. Жасанды эксперименттегі тәуелсіз айнымалының реалдылықтағы прототипіне сәйкестігі туралы мәселені шешу үшін, тәуелсіз айнымалының әр жағдайында тәуелді айнымалы белгілі бір мәнге ие болатындықтан, тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арасындағы қатынасты қарастыру керек. Әр осындай мән өзінде осындай компонентті біріктіреді: 1) сыналушының жауабы және оның мінез-құлқы; 2) сыналушы жауабының өлшенетін көрсеткіші; 3) өлшеу тәсілдерін көрсету тәсілдері (тәуелді айнымалыға түпкілікті мән беретін) мәнді қосымша айнымалы деңгейі маңызды құрамның бірі болып табылады.
1.3. Қабілеттердің классификациясы факторларының
ерекшеліктері
Қабілеттердің құрылымы туралы сұрақ психологиялық теорияда негізгілердің бірі болып табылады. Оның шешімі көбінде психологиялық функциялар мен оның механизмдерінің қасиеттерін түсінумен анықталады және теориялық негізделген психодиагностикаға ықпал етеді. Қабілеттердің қүрылымын зерттеудің ғасырдан асық тарихи қабілеттерінің көрінуі жеке аспектілері мен диагностикасына қатысты үлкен эмпирикалық материалдың жиналуына ықпал етті.Дегенмён бүл сүрақ көп жағынан ашық қалпында қалуда. Бүгінгі күнге дейін тіпті қабілеттің толық, жақты анықтамасы жоқ.
Қабілетті зерттеудің қиындығы қабілеттің өзінің не екендігін анықтаумен байланысты екендігі жалпы мойындалған факт болып саналады.Кеңестік психологиядағы қабілеттердің жалпы теориясының бірнеше еркшеліктерін келтірейік.
1)Қабілеттер бүл әрқашанда іс- әрекеттің белгілі бір түрiне қабілеттілік, олар адамның сәйкес нақты іс-әрекетінде ғана қолданылады.
2.) Қабілеттер диңамикалық түсінік. Олар іс- әрекет барысында көрініп және бар болып қана қоймай, сонымен қатар іс-әрекет барысында құрылады және дамиды. ( Б.М.Теплов)
3.) Адамның дамуындағы жеке кезеңдерде қабілеттердің жеке түрлерінің дамып, қалыптасуына қолайлы жағдайлар туады. Белгілі бір қабілеттердің дамуы үшін жағдайлардың оптималды болатын жастық кезеңдерді сензитивті деп атайды. ( Л.С.Выготский, А.Н. Леонтьев)
4.) Iс-әрекеттің табыстылығы қабілеттердің комплексіне байланысты.
5.) Белгілі іс-әрекеттегі үлкен жетістіктер қабілеттердің әртүрлі үйлесімділігімен шарттануы мүмкін. Бір қабілет екіншінің орнын толтыруы мүмкін, нәтижесінде қандайда бір қабілеттің салыстырмалы әлсіздігі басқа қабілетпен толықтырылады. А.Г. Ковалев пен В.Н. Мясищев компенсацияны кеңірек түсінеді – жетіспей тұрған қабілеттің біліктілікпен, мінездік қасиеттермен (қайсарлық, шыдамдылық) толықтырылуы мүмкін екендігін айтады.
6.) Қабілеттерді жалпы және арнайы деп бөледі. С.Л. Рубинштейн: “... жалпы және арнайы дарындылықты бір-біріне карсы қою қажет емес, жалпы дарындылықтың бар болғандығы арнайы қабілеттердің өзгешелігінен білінеді”, - деп дұрыс айтқан.
Психологияда кез-келген қабілеттер емес, тек психикалық қабілеттер қарастырылатындығын ескеру қажет. В.Д.Шадриков былай жазады: “Психикалық қабілеттер дегенде объективті бар әлемді суреттеу функциясын жүзеге асыратын ерекше жолмен қүрылған материя – бас миының қасиеттерін түсінеміз . Олар – сезіну, ойлау, сезу т.б. қабілеттер”.
А.Н. Леонтьев адам қабілетіндегі екі түрлі қабілеттерді анықтау керек екендігін айтады: табиғи (биологиялық, мысалы, шартты байланыстардың жылдам құрылу қабілеті) және ерекше адамдық қабілеттер (қоғамдық, тарихи шығу тегі). Осыған байланысты А.Н. Леоньтевтің басқаруымен жүргізілген, кейбір сенсорлық қабілеттерді эксперименталды қалыптастыруға бағытталған жұмыстар үлкен қызығушылық туғызады. Мысалы, айқын тонды саңылау адамдарда тондық естуді қалыптастыруға байланысты жүргізілген зерттеулер. Осылайша адамда психикалық қасиеттерді және функционалдық органдарды қалыптастыруға болатындығы туралы ой шынайы демонстрацияланды. Сонымен қатар, қабілеттердің қалыптасуы мен дамуының күрделі процесінде табиғи қасиеттерді қабілеттердің нышаны деп анықтаған, яғни адаммен бірге өмірге келетін ми мен нерв жүйкесінің кейбір анатомиялық- физиологиялық еркшеліктері./13/
Қабілеттердің нышаны туралы айтқанда негізінен нерв жүйесінің типологиялық қасиеттерін айтады.Типологиялық қасиеттер адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтардың табиғи негізі екендігі белгілі.Осы негізде сырқы әсерлерді суреттейтін әртүрлі уақытша байланыстардың күрделі жүйелері пайда болады. Типологиялық ерекшеліктерден осы байланыстардың қүрылу ерекшеліктері – жылдамдығы, мықтылығы, жеңілдігі, жіктелінуі тәуелді. Олар зейіннің шоғырлану күшін, ақыл- ойдың жұмысқа қабілеттілігін анықтайды. Жалпы және арнайы қабілеттердің нышаны ретінде бір інші және екінші сигналдық жүйелердің ара- қатынасын да қарастыруға болады.
Нышандарды қазіргі ғылымда бар мидың клеткалық құрылымы туралы мәліметтерден мидың алкен жарты шарларының қабығының құрылымының индивидуалды вариацияларынан іздеу керек.
В.А. Крутецский нышандардың ролі туралы қызықты ой айтады: „Нышандардың ролі қабілеттердің әдеттегі деңгейі және талантты адамдардың жақсы қабілеттері туралы сөз болғанға қарай әртүрлі бағалану керек сияқты. Мысалы әрбір қалыпты адамда мектеп курсын, математиканы меңгеруге қажетті қабілеттерді дамытуға қажет нышандар бар. Бірақ кез-келген адамда ғылыми шығармашылықпен, жаңалық ашумен байланысты математикалық қабілеттердің жоғарғы деңгейін дамытуға нышандар жоқ. Әрбір қабілетке белгілі бір нышан сәйкес келеді деп. санауға болмайды. Нышандар - көп мәнді. Бұл дегеніміз бір ғана нышанның негізінде әртүрлі қабілеттер дамуы мүмкін деген сөз. Мысалы, қимылдың жылдамдығы, дәлдігі, шеберлігі және ептілігі сияқты нышанның негізінде өмір жағдайлары және қызметіне қарай гимнаст денесінің жатық және үйлесімді қимылға, хирург қолының шебер және дәл қимылға, ал скрипкашының саусақтарының жылдам және жатық қимылға қабілеттілігі даму мүмкін. Көркемдік тип негізінде актердің де , жазушының да, суретші, музыканттың да қабілеттері дамуы мүмкін.Ал ойшыл тип негізінде математиктің, лингвистің,, тіпті философтың қабілеттері де дамуы мүмкін. Нышандар қабілеттер дамуының бір ғана шарты екендігін үмытпау керек».
В.А. Крутецский: „ Ешбір адам қандайда бір қолайлы нышандарға ие бола түра сәйкес іс-әрекетпен ұзақ және өжеттілікпен айналыспай көрнекті музыкант та, суретші де, ақын да бола алмайды".
В. А. Крутецский іс-әрекеттің табысты жүзеге асуы үшін мінездің ерік күші, сонымен қатар іс- әрекетке деген сәйкес қарым-қатынас қажет екендігімен толық келісе отырып, қабілет түсінігі негізінде сенсорлық, ақыл-ой және моторлық сферамен шектеуге тырысады.Бұл сұрақта оның позициясы Н.Д. Левитовтың позициясымен сәйкес келеді. Крутецскийдің „қабілеттер – бұл сонымен қатар психикалық процестер - қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау т.б. индивидуалды ерекшеліктері" дегенін ескеру қажет.
Бүгінгі күні танымдық процестердің психологиясы психология ғылымының көбірек дамыған салаларының бірі болып табылады. Онда үлкен фактке негізделген материалдар жинақталған және көптеген теориялық концепциялар түжырымдалған.
Қабілеттердің қүрылымы сүрағына С.Л.Рубинштейн үлкен көңіл бөлгені жайлы жоғарыда айтылып кеткен. Ол теориялық және эмпирикалық мәліметтердің негізінде гипотеза үсынды. Осы гипотезаға сәйкес... адамды белгілі бір іс- әрекетті орындауға жарамды ететін әрбір қабілеттің құрамына сол іс- әрекетті орындауға көмектесетін кейбір операциялар немесе әрекет тәсілдері кіреді. Ешқандай қабілет өзіне сәйкес келетін қоғамдық өнделген операциялар жүйесін органикалық таңдап алмағанша көнекті, шынайы ерекшелік бола алмайды.
Қабілеттің онтогенезде даму мәселесі қабілеттердің нышандар негізіндеқалыптасу туралы мәселе әлі күнге дейін шешілген жоқ. Іс-әрекет барысында нышан қабілетке айналады дегентүжырымның өзі де әлі дәлелденбеген. Өйткені қабілетке айналуы үшін нышандар іс- әрекетте қандай орың алатынын көрсету керек.
Қабілеттің генезис мәселесінің мәні, оны тек шешу арқылы қабілеттің даму механизмін түсіну нәтижесінде олардың мақсатты калыптасуы мен диагностикасын жасауға мүмкіндік бередi. Бұл мәселені шешудегі ерекше жетістіктер С.Л. Рубинштейннің еңбектерінде керінеді.Ол адамды жануарлардан бөлетін қабілеттер оның табиғатын қүрайды деген. Бірақ адам табиғаты – тарихи өнім болып табылады. Сондықтан да адам табиғатының қалыптасуы мен өзгеруі тарихи процесс негізінде жүреді. (адамның еңбек іс-әрекеті нәтижесінде қалыптасады) Бірақ Рубинштейн осы мәселені нақтылағысы келгенмен, сол мәселенің шешімінен алшақтайды." Нышандар-қабілеттің алғышарты,- дейді С.Л. Рубинштейн. Қабілет нышандар негізіндн дамымағанмен, кабінет бәрі бір нышанның функциясы болып табылмайды, керісінше нышандар алғышарт негізінде дамудың функциясы болып табылады. Ол индивидтің даму негізіне кіріп, олар өздері дамиды, яғни ауысып және өзгеріп отырады.
Ең қызығы көптеген зерттеушілер қолданбалы есептерді шешуде қабілеттер генезисі мәселесін пайдаланбайды. Н.С. Лейтес бойынша: балалық шақта жас ерекшелік дамудың ішкі жағдайлары қабілеттердің қалыптасу факторы болып табылады. Лейтес жастық шақта дамудың ішкі жағдайы ретінде бейімділікті көрсетеді. Оның ролі: бейімділік қабілеттің алдында жүреді және дамудың алдында жүреді және дамудың негізгі факторларының бірі – ми қатысатын процесстерге жағымды эмоциялық күй береді, еңбекқорлықты жоғарлатады, ұйқыдағы күштерді оятады.
Достарыңызбен бөлісу: |