Диплом жұмысымды жазуда пайдаланатын әдебиеттер тізімін алып



Pdf көрінісі
бет9/32
Дата04.01.2022
өлшемі1,09 Mb.
#109559
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Байланысты:
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
педагогика
Көрнекілік  принципі 

– 

оқытудағы  ең  алдыңғы  қатарлы  принцип.  Оның 

қажеттілігі  танып  білу  процесінде  сезініп  қабылдаудан  абстрактылы  ойлауға 

өту диалектикасына негізделеді. Осыған байланысты оқу белгілі бір образдарда 

құрылады,  оқушылар  көріп,  сезініп  қабылдауы  керек.  Көрнекілікті 

қабылдаудың  екі  бағыты  бар:  танып-білу  және  оқу  құралы  ретінде.  Бірінші 

жағдайда  көріп-тыңдау  үлгілері(таспа,  кестелер,  схемалар,  оқу  суреттері,  кино 

және  видеофильмдер,  компьютерлік  бағдарламар)  оқушылардың  тілді 

дыбыстап  айту  нормаларын  игеруге,  лексика  және  грамматикалық  біріктерді, 

әңгімені  түсінуге  және  өз  ойын  жеткізуге,  берілген  тақырыптар  мен 

ситуациялар  көлемінде  көмектеседі.  Екінші  жағдайда  көрнекілік  құралы 

информацияның шығу көзі ретінде, тілін оқып жатқан елді таныстыру негізінде 

қолданылады.  Көрнекілік  принципін былайша  түсіндіруге  болады:  тілдік  және 

экстролингвистикалық  материалдарды  жақсы  түсіну  мақсатында  арнайы 

ұйымдастырылған,  сөз  әрекетінде  материалды  жақсы  түсініп,  игеріп  және 

пайдалана алу үшін ұйымдастырылған.  

 

Бұл принциптің тілдік және тілдік емес формалары бар. Тілдік көрнекілік 



уемес  формалары  бар.  Тілдік  көрнекілік  деп  тілді  естіп  қабылдау  арқылы 

түсіну. Тіл сабақтарында тілдік көрнекілік үлкен роль атқарады. Қазіргі кездегі 

әдістеме  көрнекіліктің  барлық  түрлері  сабақтарда  интенсивті  қолдануды 

қарастырады.  Тілдегі  оқытылып  жатқан  құбылыстарды  дұрыс  түсінуге  және 

іскерліктер мен дағдылардың дамуына көмектеседі.  

Тіл  сабақтарында    көрнекіліктің  мынадай  қызметтерін  атауға  болады:  1) 

танымдық  және  оқу  информацияларын  енгізу  көрнекілік  құралы  ретінде,  2) 

бақылау  (көрнекі  құралдары  қалыптасқан  жатқан  іскерлік,  дағды  және  білімді 

бақылау  және  өзін  өзі  бақылау  сипатында);  3)  ұйымдастырғыш  (оқу 

материалдарын таңдау және оларды таныстыру құралы ретінде). 

Үйрену (оқыту) функциясы келесі бағытта жүзеге асады; а)семантизация 

(көрнекілік  құралы  фонема,  сөз,  ереже  деңгейінде  тілдің  шетелдік  бірлігінің 

мағынасын  түсіндіруге  көмектеседі);  б)  стандартизация  (көрнекілік  құралы, 

көріпестуге  сүйене  отырып  тілді  автоматтандыру  үшін  қолданылады);  в) 

қарым-қатынас ситуациясын құру(көріп-есту информацияны жақсы түсіну үшін 

тірек  ретінде  қолданылады);  г)  әңгімелеп  айту  (көрнекілік  құралы  әңгімелеп 

айтуға тірек ретінде қолданылады).  

Оқытудың  бірнеше  әдістемесімен    жұмыс  жасау  барысында  (тура, 

аудиовизуалды,  аудиолингуалды,  коммуникативті)  көрнекілік  принципін 

қолданылуға  мән  беріледі,  көрнекілік  бұл  жерде  тілдік  дағдылар  мен 

іскерліктерді қалыптастырудағы негізгі көзі. Басқа әдістемелермен жұмыс істеу 

барысында  (сапалы-практикалық,  аударма-грамматикалық)  көрнекілік  –  басқа 

әдістер және құралдармен қатар оқытудың қосымша құралы болып табылады.  

Оқытудағы көрнекілік принципін ескере отырып, ережелерді басшылыққа 

ала  отырып,  бұл  ережелер  сабақта  осы  принципті  іс-жүзіне  асыруға 

көмектеседі: 

 

Шетел  тілін  естіп  түсінуді  дамыту  және  дыбыстап  айту  дағдыларын 



қалыптастыру  үшін  бірінші  сабақтардан  бастап  жазылған  таспаны 


 

10 


қолданыңыз.  Шетел  тілінен  оқу  кешендеріне  кіретін  фонограммалар 

сәйкес келеді. 

 

Оқыту  құралы  ретінде  оқу  суреттерін,  диафильмдер,  кино  және 



видеофильмдер, таблицаларды қолданыңыз.  

 



Техникалық  құралдардың  көмегімен  өздік  жұмыс  іскерліктері  мен 

дағдыларын қалыптастырыңыз.  

 

Оқушылардың  техникалық  құралдарымен  өзіндік  жұмысына  көп  көңіл 



бөліңіз,  бұл  тілдік  ортада  көбірек  болуды  және  оқытудың  тиімділігін 

арттыруға мүмкіндік береді. 

Беріктік  принципі  оқу  материалының  оқушының  есінде  қалуын  және 

оның  әр  түрлі  ситуацияларда,  яғни  қарым-қатынас  ситуацияларында 

қолданылуын    қамтамасыз  етеді.  Материалдың  берік  игерілуі  оның оңай  

түсіндірілуінен, 

оқушыға 

эмоционалды 

әсер 

етуінен, 



әртүрлі 

жаттығулардың    жасалуынан.    Бұл  принцип  саналылық  принципімен 

тығыз  байланысты:  түсінікті  нәрсе  тез  және  берік  есте  қалад.  Бұл 

принципті жүзеге асыру белгілі бір жаттығуларға сүйенуді талап етеді:  

 

Жаңа  материалды  кіргізу  кезінде  іскерліктің  түрлі  сфераларынан 



ассоциативті  байланыстар  жасаңыз,  ол  оқушы  қызығатын,  материалды 

оңай түсіндіру нәтижесінде қамтамасыз етіледі.  

 

Материалдың  берік  игерілуінің  шарты  жаттықтыруды  ұйымдастыру 



болғандықтан,  түрлі  жаттығулар  жасаңыздар.  Жаттығудың  негізгі 

мақсаты  –  үйретілген  құбылыстың  еркін  айтылуын  және  оның 

коммуникативті – маңызды контекстерде қолданылуы.  

 



Қарым-қатынастың 

түрлі 


ситуацияларында 

коммуникативті 

тапсырмаларды  шешу  үшін  қолданылатын  материалдар  ғана  оқушының 

есінде берік сақталатынын естен шығармау керек. Бұл үшін материалдың 

қайта-қайта тыңдалуын қамтамасыз ету керек.  

 



Өтілген  материалды  тексеру  мақсатында  бақылау  жасау,  оның  берік 

игерілуіне септігін тигізеді. Осы себептен бақылау үнемі жүргізілу керек, 

ал оқытушы оның түрлі формаларын қолдану керек, оның ішінде тестер.  

Жеңілдету принципі

 

бойынша бірінші сабақтан бастап материал оқушының 

жасын  және  интеллектуалды  игерілуі  оқушыларға  қиындық  туғызбайды.  Ал, 

керісінше  болған  жағдайда  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығы  тез 

түсіп кетеді. Жеңіл болу материалға да, және оның әдістемесіне де байланысты.  

Жеңілдету  кіргізілетін  (енгізілетін)  материалдың  көлеміне  қойылатын 

белгілі  талаптардың  сақталуын  қажет  етеді,  оқу  бағдарламасындағы  алға 

жылжу темпінің сақталуын  қамтамасыз етеді.  

Жеңілдету  принципін  сабақтарда  жүзеге  асыру  үшін  мұғалімге  бірнеше 

ережелер көмектеседі: 

 

Сабақ  үстінде  оқушының  материалды  қалай  игеріп  жатқандығын  үнемі 



тексеру қажет; 

 



Сабақты  жоспарлағанда  тапсырманың  жеңілдігін,  қиындығын  ескеру 

керек,  оқушылардың  түрлі  топтарын  естен  шығармау  керек  (күшті, 




 

11 


орташа,  төмен).  Бірлесіп  мүмкіндік  береді  және  бұл  талаптың  іс-жүзіне 

асуына жағдай жасайды.  

 

Бақылау  сұрақтарының  көмегімен,  оқушылардың  материалды  қалай 



игеріп жатқандығын тексеру керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет