Диплом жұмысымды жазуда пайдаланатын әдебиеттер тізімін алып



Pdf көрінісі
бет5/32
Дата04.01.2022
өлшемі1,09 Mb.
#109559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
педагогика
Зеттеу объектісі –

шетел тілі сабағындағы тілдік қарым қатынас.



 

 

Диплом  жұмысының  теориялық  және  методологиялық

  негізіне  Е.И. 

Пассов, А.Н.Щукин, Н.Д.Гальскова және т.б. әдіскерлердің еңбектері жатады. 

 

Диплом жұмысының практикалық базасына

 мыналар жатады:   




 

- осы мәселеге арналған педагогтар мен әдіскерлердің жұмыстарының    



   теориялық анализдері

-  өз практикаларында тілдік қарым- қатынасқа үйретудің түрлі әдістерін    

    қолданатын  мұғалімдердің тәжірибесі. 

 

Әдістеме  дегеніміз  –  қойылған  мақсатқа  жету  жолы.  Педагогика 



ғылымында әдістеменің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу әдістемесі. 

Әдістеме  –  мұғалім  тәрбиесінің  педагогикалық шеберлігінің негізі.  Шет  тіліне 

оқыту әдістемесінде «әдіс» сөзі мынадай ұғымды қолданылады: біріншіден, ол 

оқытудың  белгілі  бір  мақсатына,  мазмұнына  және  қағидаттарына  негізделген 

тұтас бір бағыт. 

 

Мысалы:  грамматикалық  –  аудармалық  әдіс,  тура  әдіс,  т.б. 

Грамматикалық – аудармалық әдісінің негізіне логикалық ойлау мен оқушының 

шет  тіліндегі  мәтінді  оқып  аудара  білуі  мүмкіндігі  жатады.  Көбіне 

грамматикалық  ережелерді  оқып  білуге  көңіл  бөлінеді.  Тура  әдісте  алдымен 

сөйлеу  дағдыларын  қалыптастырып,  шет  тілін  түсіне  және  сөйлей  білуге 

үйретеді, сондай –ақ оқу және жазу да қатар үйретіледі. 

 

Екіншіден,  «әдіс»  сөзі  белгілі  бір  автордың  ұсынған  оқыту  жүйесіндегі 



бағытын  білдіреді.  Мысалы:  тура  оқыту  әдісіндегі  Ф.  Гуэн  әдісі,  Г.  Пальмер 

әдісі, М. Уэст әдісі, т.б. 

 

Үшіншіден, әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының арасындағы белгілі 



бір  тәртіпке  байланысты  процесс.  Бұл  ретте  әдіс  оқытудың  қағидаттарымен 

айқындалатын іс - әрекет арқылы анықталады.  

Егер, оқытуды тұтас жүйе ретінде алып қарасақ, оның екі құрастырушысы бар: 

оқытушы (мұғалім) және оқушы (оқушы, студент). Оқытушы оқушының оқуға 

деген қызығушылығын оятып, оны басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқу - өте 

белсенді процесс, онда оқушы оқыту жұмыстарының бәріне қатысуы керек. Бұл 

екі жақты іс - әрекет: біріншісі – оқытады, екіншісі – оқиды, мұнда екі жақтың 

атқаратын іс - әрекетін бөлек қарауға болады. 

 

Сабақтағы  мұғалімнің  қызметтері.  Оқытушы  ұйымдастыру,  оқыту  және 



бақылау қызметтерін іске асырады. Ал оқушының міндеті  – оқу материалымен 

танысу,  үйренген  шет  тілін  арақатынас  құралы  ретінде  қолдана  білу,  үйрену 

және  шет  тілінде  түсінгенін  айтып,  еркін  сөйлеуге  талпыну  және  мәтінде 

кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын түсіну.  

Оқытушының  өз  міндеттерін  ұйымдастыруы.  Мұғалімге  қойылатын  басты 

талап-  оны  ұйымдастыру  қабілетінің  жоғары  болуы.  Оқушыны  оқу 

материалымен  (тілдік  және  сөйлеу)  дағдыларын  үйретуге,  жаттығуға  үйретіп, 

оқу процесін ұйымдастыруы тиіс. 

  

Мұғалімнің  бастапқы  кездегі  ұйымдастыру  қызметінің  маңызы  зор, 



себебі, шет тілі – оқушылар үшін жаңа пән және ана тілінен кейінгі екінші тіл. 

Бұл ерекшеліктерді міндетті түрде ескерген жөн. Бірінші сабақтардан бастап әр 

оқушыны  сабаққа  тартуға  тырысу  қажет,  ол  үшін  оқыту  тәсілі  мен  тәртібін 

дұрыс  құра  білу  керек.  Бастапқы  кезде  хормен,  жұппен,  топпен  жұмыс  істеп, 

сонымен  бірге  ойын,  жарыс  ұйымдастырып,  көрнекі  құралдарды  пайдалану 



 

қажет.  Мысалы,  2-сынып  оқушыларына  магнитафон  тыңдатып,  оған  еліктеуге 



үйрету қажет. 

Мұғалімнің  оқыту  қызметіне  түсіндіру,  талқылау,  хабарлау,  түзету  және 

үйреніп  жатқан  тіл  арқылы  білімді  толықтыру,  тілді  ауызша  және  жазбаша 

қарым – қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету жатады. 

Мұғалімнің  бақылау  қызметіне  оқу  материалын  оқушының  (түсінгенін, 

түсінбегенін)  білуі  және  жаттығуды  қалай  орындағанын  (дұрыс,  дұрыс 

еместігі), байланыс құралы ретінде қолданғанда (байланыс құралы орындалды, 

орындалмады, қалай орындалды) немесе оны қолдану үшін не кедергі болғанын 

т.б. анықтау жатады. Ал енді оқушы қызметіне не жатады, соны қарастырайық. 

 

Оқушының  қызметтері.  Оқушының  негізгі  міндеті  –  оқу  құралдарымен 



танысып, формасын, маңызын және қолданылуын түсіне білуі. Келесі міндет  – 

жаттығу.  Жаттығу  дегеніміз  оқу  материалын  бірнеше  рет  есту,  сөйлеу  және 

көру мүшелері арқылы өткізіп оны есте сақтау. 

Шет тілін жаттығусыз оқып – үйрену мүмкін емес. Оқушының тағы бір міндеті 

–  қолдану,  яғни  үйренген  тілді  қатынас  құралы  ретінде  пайдалана  білу.  Оқу 

процесінде  оқушы  мен  оқытушының  іс  -  әрекеті  тығыз  байланысты,  бұл 

оқытудың әдістемесін анықтауы қажет. 

 

Ағылшын  тілін  оқытудағы  көрнекілік  әдіс.  Әдістеме  оқытушының 



қызметін  көрсетіп,  оқушының  материалымен  танысуына,  жаттығуына, 

қолдануына  сілтеме  жасауы  тиіс.  Әдістеме  дегенімізді  оқушының  оқуын 

басқару  тәсілі  деп  түсінуімізге  болады.  И.Л.  Бим  көрсеткендей,  әдістеменің 

негізгі және қосалқы түрлері бар.  

Негізгі әдістемеге:  

 



таныстыру; 

 



жаттығу; 

 



қолдануды жатқызуға болады. 

Қосалқы әдістемеге: 

 

бақылау; 



 

түзету; 



 

бағалау жатады. 



Ал оқушының қызметінің негізгі әдістеріне: 

 



танысу; 

 



жаттығу; 

 



қолдануды жатқызуға болады. 

Сабақтың бір бөлігін беру үшін әуелі көрсету қажет.Мұғалім затты  көрсете 

алады.  Ағылшын  тіліндегі  сөздерді  атау  үшін  ол  заттың  суретін  салып 

көрсетеді.,  фланелограф,  магнитті  тақтада  көрсете  алады.  Магнитофон, 

үнтаспалар қолдануға болады.  

 

Оқыту принциптері 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет