Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі


Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау



Pdf көрінісі
бет12/65
Дата24.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#170023
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65
Байланысты:
027-1
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 11-2, Оспанова Арайлым Питон, ОФД,Лекция жинағы, 2022ж., 572221.pptx, анар биохим, 15 дәріс, 1590487531j7xn7
Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 11–ші
беті
Барлық емтихан түрлері бойынша қатысу парақтарын (
қосымша 13, 14
) емтиханнан бір
күн бұрын Өлшеу және бағалау секторына факультет әдіскерлері жеткізеді. 
6.1.20 Аралық аттестаттау басталғанға дейін Ақпараттық технологиялар департаменті
тарапынан 2 апта бұрын техникалық құралдары тексеріліп, дайындық актісі жасалынады.
6.1.21 Барлық емтихандар қабылданатын аудиториялар бейнекамералармен, басқа
техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
6.1.22 Барлық емтихандар бейнекамерамен бақыланады және түсірілген бейне жазбалар
Ақпараттық технологиялар департаментінің қызметкерлерімен қадағаланып, 1 жыл сақталады.
6.1.23 Пән бойынша емтиханға екі аралық бақылау нәтижесінде (І, ІІ аралық бақылаудың
арифметикалық орта мәні) 50 балдан кем емес ұпай жинаған, төлемақыдан (ақылы оқитындар
үшін) қарызы жоқ, академиялық демалыста жүрмеген білім алушылар декан өкімімен
жіберіледі. 
6.1.24 Курстық жұмыстарын (жоба) орындап, оң бағаға қорғап шықпаған білім алушылар
сол пән бойынша емтиханға жіберілмейді. 
6.1.25 Емтиханға кіргізетін орынға, емтихан өтілетін аудиториялар мен коридорларға
кезекшілер және емтихан қабылдаушылар кестесін факультет деканының ұсынысы негізінде
ОЖҰБ дайындайды, Академиялық департаментпен келісіліп, вице-ректормен бекітеді.
6.1.26 Емтихан қабылдаушылардың жұмысын үйлестіру, тәртіп пен тыныштықтың
сақталуын қамтамасыз ету т.б. қажетті шараларды ұйымдастыру факультет декандарына
жүктеледі.
6.1.27 Аралық аттестаттаудың өту барысын қадағалауды және мониторинг жасауды
Академиялық мәселелер вице-ректорына қарасты құрылымдық бөлімдер, факультет декандары
мен декан орынбасарлары (
қосымша 15
), студенттік ұйымдар өкілдерінен жасақталған жұмыс
комиссиясы атқарады (
қосымша 16
).
6.1.28 Тест-ЭЕМ емтихандар өтетін аудиторияларда сынып мамандарының кезекшілігін
ұйымдастыру кестесін дайындау Ақпараттық технологиялар департаментімен бірлесе отырып,
Оқу жұмысын ұйымдастыру бөліміне жүктеледі.
6.1.29 Тест-ЭЕМ емтихандары өтетін аудиторияларда компьютерлерді (нөмірлеу, сәйкес
бағдарламаны орнату) дайындау Ақпараттық технологиялар департаментіне жүктеледі,
дайындығы туралы акт түзіледі.
6.1.30 Аралық аттестаттау алдында білім алушыларды, профессор-оқытушылар құрамын,
көмекші оқу құрамын осы ережемен таныстырып, танысу парақтарына қол қойдыру факультет
деканына жүктеледі. 
6.1.31 Білім алушылардың бекітілген кестеге сәйкес емтиханға келулерін факультет
деканы қамтамасыз етеді.
6.1.32 Факультет әдіскері білім алушылардың емтиханға қатысу парақтарын дайындап
шығарады.
6.1.33 Факультет әдіскері бекітілген емтихан кестесі бойынша емтиханның қатысу
парақтарын ӨБС-на емтихан басталуынан 1 күн бұрын жеткізіп береді. 
6.1.34 Тест-ЭЕМ түрдегі емтихандарда тесттік бағдарламасына кіруі үшін білім
алушылардың жеке сәйкестендіру нөмірімен (ЖСН) жүзеге асырылады
6.1.35 Тест-ЭЕМ түрдегі емтихан қабылдаушылар әр білім алушы тестілеуді аяқтаған соң
алған нәтижесін қатысу парағына тіркейді және білім алушыға қол қойдырады. Белгіленген
тәртіппен компьютер терезесін жауып, келесі білім алушыға дайындайды.
6.1.36 Тест-ЭЕМ түрдегі емтихан аяқталған соң Оқуға қолдау көрсету бөлімінің өкілі
емтихан қабылдаушылардан қатысу парағын және емтихан нәтижесін қабылдап, көшірмесін
алып, тұпнұсқасын ТО күнделікті тапсырып отырады.


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет