Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі


Емтихан жұмыстарын тексеру



Pdf көрінісі
бет14/65
Дата24.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#170023
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65
Байланысты:
027-1
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 11-2, Оспанова Арайлым Питон, ОФД,Лекция жинағы, 2022ж., 572221.pptx, анар биохим, 15 дәріс, 1590487531j7xn7
6.2. Емтихан жұмыстарын тексеру
6.2.1 Аралық аттестаттау басталғанға дейін жазбаша емтиханның жауап парақтарын
тексеру үшін біліктіліктері сол пәннің бейініне сәйкес келетін және әдеттегідей сол
академиялық топта (лекте) оқыту сабақтарын өткізбеген профессорлар-оқытушылар құрамы
факультет деңгейінде өкіммен айқындалып, Тіркеуші офиске, Оқу жұмысын ұйымдастыру
бөліміне ұсынылады. 
Емтихан жұмыстары емтихан аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күні тексерілуі тиіс.
Пән оқытушысы (лектор) оқыту нәтижелерін бағалау критерийлері академиялық мерзім
басында дайындап, силлабуста көрсетеді. Емтиханға келген білім алушының бағалау
критерийлері туралы толық мағлұматы болуы керек. Жазбаша емтиханның жауап парақтарын
тексеретін ПОҚ-ы 
бағалау критерийлерін 
қолданады.
Емтихан жұмыстарын бағалау силлабуста көрсетілген критерийлерге сәйкес 100-балдық
жүйеде жүзеге асырылады. 
6.2.2 Тексеру бейнекамералармен жасақталған арнайы аудиторияда немесе кабинетте
жазбаша жұмыстарын тексеру орны өкілдерінің (
қосымша 20
) қадағалауымен жүзеге
асырылады.


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 13–ші
беті
6.2.3 Емтихан жұмыстарын тексеру орнында жұмыс комиссиясы мүшелерінен басқа
адамдардың болуына қатаң тыйым салынады. 
6.2.4 Жазбаша жұмыстарды тексеру аяқталған соң, емтихан жұмыстарын ТО өкілдері
арнайы бөлмеде шифрсыздандырады (
қосымша 21
).
6.2.5 Емтиханға қатысу парағына эссе, жазбаша жұмыстардың алған нәтижелерін ТО өкілі
толтырады, рәсімдеп (қол қойып), жазбаша жұмыстармен (күмән тудырған жұмыстар мен
оларға толтырған Актпен қоса) бірге ТО тапсырады, қатысу парағы мен актінің көшірмесін ТО-
та қалдырады. Қатысу парағы толтырылған болу шарт (келмеген білім алушыға «келмеген»
белгі, себепті қатыспаған білім алушыға «I-Incomplete» белгі, актпен шығарылған білім
алушыға «акт» белгі қойылады). ТО емтиханға қатысу парағында қойылған ұпайлардың
автоматтандырылған жүйеге ендірілген бағалармен сәйкестігін тексереді.
6.2.6 Жазбаша жұмыстары мен бақылау парағы келесі аралық аттестаттауға дейін ТО
сақталады. Қатысу парағы емтихан тізбесіне тіркеледі.
6.2.7 Емтихан нәтижелерін ТО қадағалауымен пән оқытушысы (лектор) университеттің
автоматтандырылған ayu.edu.kz домені бар жүйесіне енгізуі тиіс.
6.2.8 Пән оқытушылары (лектор) нәтижелері қойылған емтиханға қатысу және бағалау
парақтарының түпнұсқаларын, емтихан билеттерін ТО өткізеді. ТО емтихан тізбелерін
дайындап шығарады.
6.2.9 Қос кезеңді емтиханның қорытындысы осы Ереженің 6.1.4-бабына сәйкес ТО қатысу
парақтарындағы екі кезеңнің нәтижесі бойынша пән оқытушысымен (лектормен)
қорытындыланады және университеттің автоматтандырылған ayu.edu.kz домені бар жүйесіне
енгізіледі.
6.2.10 Аралық аттестаттаудан өту кезінде білімді бағалауға қатысты даулы мәселелер осы
ереженің 8-тармағына сәйкес жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет