Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі


Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау



Pdf көрінісі
бет17/65
Дата24.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#170023
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65
Байланысты:
027-1
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 11-2, Оспанова Арайлым Питон, ОФД,Лекция жинағы, 2022ж., 572221.pptx, анар биохим, 15 дәріс, 1590487531j7xn7
Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 15–ші
беті
Түркия үлгісінде дайындалған (Қазақстандық үлгідегі диплом нөмірі мен сериясы бірдей)
екінші диплом алу мүмкіндігіне ие болады.
6.5.2 Жазғы семестрдегі оқу тек ақылы түрде ғана жүзеге асырылады. 
6.5.3 Жазғы семестрде қажетті кредиттерді меңгеру үшін білім алушы жазғы семестрдің
басталуына бір апта қалғанға дейін академиялық мәселелер вице-ректорының атына өтініш
жазылады (
қосымша 22
).
6.5.4 Білім алушы жазғы семестр басталғанға дейін пәндерді қайта оқу үшін төлем ақысын
төлегені туралы түбіртекті деканатқа тапсырады.
6.5.5 Білім алушы жазғы семестр басталғанға дейін пәндерді қайта оқу үшін төлем ақысын
төлеп, бірақ әртүрлі себептермен жазғы семестрге қатыса алмайтын жағдайда, пәндерді қайта
оқу үшін төлеген төлем ақысы жазғы семестр басталғанға дейін соңғы жұмыс күніне дейін
жазылған өз өтініші негізінде кері қайтарылады.
6.5.6 Жазғы семестрде пәндер бойынша 5 және одан жоғары білім алушы тіркелген
жағдайда рентабельді топ деп есептеледі. Элективті пәндерге 5-тен кем білім алушы жазылған
жағдайда басқа альтернативті электив пәніне жазылуға мүмкіндігі бар. 
6.5.7 Жазғы семестр кезінде сабақ берген профессор-оқытушыларға еңбек ақылары
сағаттық мөлшерде есептеліп төленеді.
6.5.8 Жазғы семестрді ұйымдастыру іс-шаралары:
6.5.8.1 Жазғы семестр басталардан 1 апта бұрын ТО келесі білім алушылар тізімдерін
қалыптастырады:
- пән бойынша қанағаттанарлықсыз баға алғандар; 
- рейтингтік бақылау нәтижелері бойынша аралық аттестаттауға жіберілмегендер;
- GPA көшіру балын жинай алмағандар; 
- академиялық айырмашылықтары барлар;
6.5.8.2 Жазғы семестрдің басталуына бір апта қалғанға дейін тиісті пәндерді ақылы
негізде қайтадан оқу туралы өтініш берген және оқу төлемақысын төлеген білім алушыларға
жазғы семестрге қатысуға рұқсат беру туралы білім алушылардың тегін, аты-жөнін, пәндер
атауын, оқу курсын, кредит санын, бір кредиттің құнын, төлем ақы сомасын көрсете отырып
факультет деканы жазғы семестрге өкім шығарады, өкім көшірмесі ТО және ОЖҰБ өткізіледі.
6.5.8.3 Кәсіптік практиканың барлық түрі бойынша академиялық қарыздары ақылы
негізде тапсырылады. Тәжірибе өту орны университет ректорының бұйрығымен ресімделеді.
6.5.8.4 Жазғы семестрдің сабақ кестесін факультет маманы бекітуге ұсынады.
6.5.8.5 Факультет деканы жазғы семестр кезінде сабақтардың тиісті деңгейде өтуін,
өткізілген сабақтардың міндетті түрде тіркелуін, білім алушылардың сабаққа қатысуының
тексерілуін, университеттің автоматтандырылған ayu.edu.kz домені бар жүйесіндегі электронды
журналына енгізілуін ұйымдастырады.
6.5.8.6 Факультет деканы жазғы семестрдің аяқталуына он күн қалғанға дейін жазғы
семестр бойынша емтихан кестесінің бекітуге ұсынылуын қамтамасыз етеді.
6.5.8.7 Жазғы семестрдің аяқталуына бір апта қалғанға дейін екі аралық бақылау
нәтижесінде 50-ден кем емес ұпай жинаған, төлемақыдан қарызы жоқ, курстық жұмыстарын
орындаған, пререквизиттер бойынша академиялық қарыздары жоқ білім алушыларды жазғы
семестр емтихандарына жіберу туралы өкім шығарылып, емтихандарға қатысу парақтары ТО
тарапынан дайындалады.
6.5.8.8 Жазғы семестр емтихандары осы ережеге сәйкес ұйымдастырылып, өткізіледі. 
6.5.8.9 Жазғы семестр емтихан нәтижелерін ескере отырып білім алушыларды курстан
курсқа көшіруге ұсыныс беріледі.


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет