Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі


Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау



Pdf көрінісі
бет19/65
Дата24.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#170023
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
Байланысты:
027-1

Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 17–ші
беті
белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, білім алушы оқу пәнінің
бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды ақысыз аралық аттестаттауды және
демалыс кезінде кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бекітілген қайта тапсыру
кестесіне сәйкес бір реттен артық емес қайта тапсырады. 
7.15 Білім алушы "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан «"F"
белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, ол ақылы түрде келесі
академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пәнге қайта жазылып оның барлық оқу
сабақтарына қайта қатысып, ағымдық бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға
жолдама алады және оны тапсырады.
7.17 Білім алушы мемлекеттік емтихан қорытындысымен келіспесе, емтихан өткізілген
күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей МЕК-ке апелляция беруіне болады.
7.18 Апелляция өткізу үшін университет ректорының бұйрығымен аталған пән бойынша
тәжірибелі оқытушылар қатарынан "Қазақстан тарихы" пәні бойынша апелляциялық комиссия
құрылады.
7.19 "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтихан өту кезінде білім бағалауға
қатысты даулы мәселелер осы ереженің 8-тармағына сәйкес жүргізіледі.
7.20 "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханның қорытындысы осы
емтиханды тапсыру көзделген аралық аттестаттаудың қорытындысын шығару барысында
есепке алынады.
8 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ӨТКІЗУ
8.1 Жалпы ережелер 
8.1.1 Білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және жұмыс оқу
жоспарында қарастырылған.
8.1.2 Қорытынды аттестаттау жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының жалпы
көлемінен кемінде 12 академиялық кредитті құрайды және дипломдық жұмысты және
дипломдық жобаны жазу және қорғау түрінде жүргізіледі (
денсаулық сақтау даярлау
бағытынан басқасы
). Бұл ретте, дипломдық жұмыстың немесе дипломдық жобаның орнына
төмендегідей негіздер бойынша екі кешенді емтихан тапсыра алады:
- денсаулығына байланысты стационарда ұзақ ем алу;
- ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, бала кезінен
мүгедектер, I топтағы мүгедектер;
- жүкті әйелдер немесе екі жасқа толғанға дейінгі бала тәрбиелейтіндер;
- оқуды аяқтамаған сырттай оқу нысанының студенттері.
Кешенді емтихан тапсыру үшін білім алушылар университет ректорының атына өтініш
жазады және тиісті құжатты ұсынады. Дипломалды практика басталу мерзімінен бір ай бұрын
өтініштерін қабылдау аяқталады. Дипломдық жұмыстың немесе дипломдық жобаның орнына
екі кешенді емтихан тапсыратын білім алушылар дипломалды практикасын университетте
қабылданған ереже бойынша өтеді.
8.1.3 Білім алушылардың дипломдық жұмыстар (жобалар) мәтінді пайдалану және басқа
тілден аударылған мәтінді пайдаланумен қоса мағынаны (парафраз) өзгертусіз сөйлемдерді
және пікірлерді синонимдік ауыстырумен бөтен мәтінді пайдалану (бұдан әрі – бөтен мәтінді
пайдалану) нысанына тексеруден өтеді. Дипломдық жұмыстар (жобалар) тексеру процедурасы
университетте қабылданған ереже бойынша жүзеге асады.
8.1.4 Дипломдық жұмыстың немесе дипломдық жобаның орнына ұсынылатын кешенді
емтихандардың пәндерінің тізімін және бағдарламалары оқу жылының күзгі семестрдің
аяғында кадр даярлаушыі кафедраның ұсынысы негізінде университеттің
факультеттің
Оқу-


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет