Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі 72 беттің 24–ші
беті
8.3.46 Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын оқып бітірген университетті
бітірушілердің тізімі олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мамандығы және
университет ректоры қол қойып, берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып, бітіру туралы
бұйрық шыққаннан кейін бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға
ұсынылады.
8.4 Жалпы ережелер (Жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша) 8.4.1 Магистратура бағдарламасы бойынша қорытынды аттестаттау магистрлік
диссертацияны (жобаны) қорғау түрінде өткізілсе, резидентура бағдарламалары бойынша
кешенді емтихан түрінде өткізіледі.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың ұзақтығы мен мерзімі академиялық
күнтізбеге және мамандықтардың негізгі оқу жоспарларына сәйкес белгіленеді.
8.4.2 Қорытынды аттестаттауға білім беру процесін аяқтаған және білім алушының
жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын толық орындаған білім алушылар жіберіледі:
Магистратура бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім
алушылардың:
- ғылыми-педагогикалық магистратурада магистранттың оқу және ғылыми қызметінің
барлық түрін қоса алғанда, оқудың барлық кезеңінде кемінде 120 академиялық кредитті
мөлшерінде анықталған;
- бейінді магистратурада 1 жыл оқу мерзімімен 60 академиялық кредитті және 1,5 жыл оқу
мерзімімен 90 академиялық кредитті игеруі болып табылады;
Резидентура бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты:
академиялық кредиттердің белгіленген көлемін игеру және біліктілікті беру үшін күтілетін оқу
нәтижелеріне қол жеткізу кезінде резидентураның тиісті мамандығы бойынша дәрігер
резидентураның білім
беру бағдарламасы толық игерілген болып есептеледі
8.4.3 Бітіруші курстың жұмыс және жеке оқу жоспарлары мен оқу жұмыс
бағдарламаларының талаптарын орындамаған білім алушылары жазғы семестрден өткізілмей,
қайтадан оқу курсына қалдырылады.
8.4.4 Магистратурада білім беру бағдарламалары бойынша магистрлік диссертацияны
(жоба) қорғау үшін, сонымен қатар резидентура білім беру бағдарламалары бойынша білім
алушылардан кешенді емтихан қабылдау үшін Аттестаттау комиссиясы құрылады. АК төрағасы
Сенат шешімі қаулысының негізінде, құрамы факультет деканының ұсынысы негізінде
ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан кешіктірілмей университет басшысының бұйрығымен
бекітіледі және ол бір күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады.
8.4.5 АК төрағалығына ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар, немесе философия
(PhD) докторы немесе бейіні бойынша доктор бітіруші мамандардың тиісті бейініне сәйкес
келетін және осы ұйымда жұмыс жасамайтын тұлға тағайындалып, сонымен қатар факультет
деканы немесе кафедраның меңгерушісі кіреді. АК-тың басқа мүшелері бітіруші мамандардың
тиісті бейініне сәйкес келетін профессорлардан, доценттерден, жоғары білікті мамандардан
құрылады.
8.4.6 АК отырысы оның жұмысына комиссия құрамының кемінде үштен екі мүшесі
қатысқан жағдайда, заңды саналады.
8.4.7 Резидентурада білім алушылардың ҚА мынадай екі кезеңде жүргізіледі:
1-кезең – резидентураның үлгілік оқу жоспарының барлық пәндері бойынша
ықпалдастырылған тестілеу емтиханы;
2-кезең – объективті құрылымдалған клиникалық емтихан әдісімен тиісті мамандық
бойынша практикалық дағдыларын аттестаттау.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022 Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі