Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі


Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау



Pdf көрінісі
бет28/65
Дата24.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#170023
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65
Байланысты:
027-1

Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 25–ші
беті
Қорытынды мемлекеттік аттестацияның бірінші кезеңін тапсырмаған резидентурада
білім алушылар екінші кезеңге жіберілмейді. Бұл кезең бойынша қолданыстағы тиісті
бағдарламаның негізгі оқу жоспарына сәйкес келетін пәндер тізбесі бітіртуші кафедраның
ұсынысы негізінде факультет/мектеп отырыстарында қаралып, Оқу-әдістемелік комитет
шешімімен бекітілуі қажет. 
8.4.8 АК жұмысының кестесін құру факультет мамандары мен тиісті деканатқа
жүктелінеді. АК-ның жұмыс кестесін университет ректоры бекітеді және аттестаттау
комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 2 апта қалғанда білім алушылардің назарына
жеткізіледі. АК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс және күніне
қорғауға 12-15 адамнан артық жіберілмеуі керек.
8.4.9 Білім алушыларды ҚА-ға жіберу ҚА факультет декандарының ұсынысы негізінде
ректордың бұйрығымен жүзеге асырылады. Ректордың бұйрығын тіркеуші офис дайындайды.
8.4.10 Шетелдік білім беру ұйымдарынан берілген тиісті білімі туралы құжаты бар білім
алушы оны ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы
нострификацияламаса, ҚА-ға жіберілмейді.
8.4.11 Жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламасын игергенін растаған және
қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға аттестаттау комиссияның шешімімен
"магистр" дәрежелері немесе тиісті білім беру бағдарламасы бойынша біліктілік тағайындалады
және бітіру туралы бұйрығының жарияланған күнінен бастап бес күн ішінде қосымшасы бар
диплом тегін негізде беріледі.
8.4.12 Транскриптте қосымшада барлық оқу пәні, тапсырылған курстық жұмыстар
(жобалар), ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстары, кәсіптік практика
түрлері, қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша көлемі кредит және академиялық сағат
түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білімді бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар
жазылады.
8.4.13 Қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалар келесі оқу жылында, қорытынды
аттестаттау басталғанға дейін бір айдан кешікпей, ЖЖОКБҰ басшысының атына қайта
қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы өтініш жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет