Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі


Білім алушыларды магистрлік диссертацияны (жобаны), докторлық



Pdf көрінісі
бет29/65
Дата24.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#170023
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65
Байланысты:
027-1

8.5 Білім алушыларды магистрлік диссертацияны (жобаны), докторлық
диссертацияны қорғауға жіберу және қорғау рәсімі 
8.5.1 Білім алушылар (магистрант) магистрлік диссертация (жоба) тақырыбы бойынша
ғылыми басылымдарда, журналдарда, немесе халықаралық немесе республикалық ғылыми
конференцияларда жарияланған ең кемі бір жарияланымы бар болған жағдайда қорғауға
жіберіледі
8.5.2 Бітіру жұмысын қорғау ғылыми жетекшінің оң пікірі болған жағдайда жүзеге
асырылады. Талаптарға сәйкес ресімделген, ғылыми жетекшінің пікірі және сыртқы
рецензенттер пікірі бар болған дағдайда магистрлік диссертация/жоба жұмысы қорғауға
ұсынылады. 
Магистрлік диссертацияны/жобаны шет тілінде дайындау және қорғау кафедрада
таңдалған шет тілін меңгерген және кеңесші көмегін көрсетуге қабілетті маман болған
жағдайда рұқсат етіледі.
8.5.3 Ғылыми жетекшінің және рецензент пікірлеріне қол қойылуы қажет және қолдары
тиісті ұйымдардың мөрімен расталуы тиіс. Ғылыми жетекші және рецензент пікірлерінде
магистранттың жасаған жұмысына қысқаша сипаттама береді, оның өзектілігін, теориялық
пысықтау деңгейін және тәжірибелік маңыздылығын, магистранттың алдына қойылған
міндеттерді шешуінің толықтығын, тереңдігін және түпнұсқалығын атап өтеді, сондай-ақ


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 26–ші
беті
жұмыстың қорғауға дайындығы туралы ұсыныс береді. Ғылыми жетекшінің және рецензент
пікірлерінде магистрлік диссертацияның/жобаның қойылатын талаптарға сәйкестік дәрежесі
көрсетіледі (
Қосымша-27
).
8.5.4 Кафедра магистрлік диссертацияның/жобаның көпшілік алдында қорғауға дайындық
дәрежесін анықтау мақсатында алдын ала қорғауды ұйымдастырады.
Диссертациялық жұмысты/жобаны көшіріп жазған мәтін алынған дереккөзге және оның
авторына сілтеме жасамай пайдалану мәніне тексеру (диссертацияны плагиат мәніне тексеру)
ҚР МЖМБС сәйкес жүзеге асырылады (мәтіні электрондық тасымалдауышқа жазылған болуы
тиіс). 
8.5.5 Рецензент университет ректорының бұйрығымен бітіру жұмысын қорғауға дейін бір
айдан кешіктірмей біліктілігі (ғылыми дәрежесі) қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін;
факультет декандарының ұсынысы негізінде тағайындалады. Рецензент Аттестаттау
комиссияның мүшесі болмауы тиіс, магистранттың ғылыми жетекшісі, университет қызметкері
болмауы тиіс. Рецензенттерді тағайындау туралы бұйрықты тіркеуші офис дайындайды.
8.5.6 Бітіру жұмысы сырттай рецензенттің теріс пікірі болған күннің өзінде қорғауға
ұсыныла алады. Бұл жағдайда, рецензенттің диссертацияны қорғауға қатысуы міндетті. 
8.5.7 Докторлық диссертацияларды қорғауды ұйымдастыру мен өткізу Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен
бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып
тіркелген) Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет