Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі


Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау



Pdf көрінісі
бет25/65
Дата24.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#170023
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65
Байланысты:
027-1

Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 22–ші
беті
АК-ның бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмеген
жағдайда, ол өз пікірін хаттамаға жазуға және өзі қол қоюға құқығы бар. Хаттамада «бакалавр»
дәрежесін немесе біліктілік беру, білім алушыға қандай диплом (үздік немесе үздік емес)
берілетіні көрсетіледі.
8.3.20 Хаттамаға АК-ның төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.
8.3.21 Дипломдық жұмысты (жобаны) бағалауда ғылыми жетекші мен рецензенттің сын-
пікірі және бітірушінің теориялық, ғылыми тәжірибелік дайындығының деңгейі ескеріледі.
8.3.22 Қорытынды аттестаттауға бекітілген кестеге сәйкес дәлелді себеппен келмеген
білім алушы АК төрағасының атына өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты
ұсынады және оның рұқсатымен дипломдық жұмысты (жобаны) осы АК-ның басқа отырысы
болған күні қорғауына болады.
8.3.23 Дипломдық жұмысты (жобасын) қорғау «қанағаттанарлықсыз» деп есептелген
жағдайда, АК сол жұмысты комиссия анықтаған пысықтаулармен қайтадан қорғауға ұсынуға
немесе жаңа тақырыпты әзірлеуге мүмкіндік береді. АК-ның бұл шешімі мәжіліс хаттамасына
жазылады.
8.3.24 Білім алушы қорытынды аттестаттаудың нәтижелерімен келіспесе, аттестаттау
өткізілгеннен кейінгі бір жұмыс күннен кешіктірмей апелляцияға беруіне болады. 
8.3.25
Қорғау нәтижелері бойынша комиссия білім алушыға сәйкес баға қояды
Кешенді емтихандарды өткізу тәртібі
8.3.26 АК жұмысының кестесін құру тиісті деканатқа жүктелінеді. АК-ның жұмыс
кестесін университет ректоры бекітеді және аттестаттау комиссиясының жұмысы басталғанға
дейін 2 апта қалғанда білім алушылардің назарына жеткізіледі. АК отырысының ұзақтығы
күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс және күніне емтихан тапсыруға 12-15 адамнан
артық жіберілмеуі керек.
8.3.27 Білім беру бағдарламалары бойынша
кешенді
емтихан бағдарламасы 
факультеттің
Оқу-әдістемелік комитетте бекітіледі.
8.3.28 АК отырысының хаттамалары осы Ереженің
26, 25-қосымшаларына
сәйкес АК
жұмысы басталғанға дейін А4 форматында жеке кітапшада нөмірленіп, бумаланады және
Академиялық департаменттің мөрімен белгіленеді.
8.3.29 АК отырысының хаттамалары әр білім алушыға жеке толтырылады. Кешенді
емтихан тест формасында өткізілген жағдайда, хаттама толтыруға емтихан ведомосы негіз
болып табылады.
8.3.30 Хаттаманы маман дайындайтын кафедра оқытушылары арасынан комиссия
құрамына бекітілген АК хатшысы толтырады.
8.3.31 Хаттамаға мемлекеттік емтихандарда анықталған білімдердің бағалары енгізіледі,
сондай-ақ берілген сұрақтар мен АК мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер АК-тың бір
мүшесінің пікірі комиссияның қалған мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, ол
өз пікірін хаттамаға жазуға және өзі қол қоюға құқығы бар.
8.3.32 Хаттамаға АК-ның төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.
8.3.33 Қорытынды аттестаттауға бекітілген кестеге сәйкес дәлелді себеппен келмеген
білім алушы АК төрағасының атына өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты
ұсынады және оның рұқсатымен осы АК-ның басқа отырысы болған күні емтихан тапсыруына
болады.
8.3.34 Кешенді емтиханның қорытындысы тапсырылған күні жарияланады.
8.3.35 Емтихан сұрақтарын құрастыру бойынша талаптар:


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет