Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 20–ші
беті
8.2.2 Дипломдық жұмыстың (жобаның)
тақырыбы мен мазмұны, құрылымы және
безендірілуі, жазылу тәртібі университетте қабылданған ереже бойынша рәсімделеді.
8.3 Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі
8.3.1 Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу білім алушылардың тізімі тегі,
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мамандығы (білім беру бағдарламасы) көрсетіле отырып
қорытынды аттестаттауға дейін 2 аптадан кешіктірілмей факультет деканының (тиісті
құрылымдық бөлімше басшысының) өкімімен рәсімделіп, АК-ға ұсынылады.
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға күніне 10-12 адамнан артық жіберілмейді.
8.3.2 Қорытынды аттестаттауға
білім беру бағдарламаларының, жұмыс және жеке оқу
жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқу үдерісін толық
аяқтаған студенттер ғана жіберіледі. Медицина мамандықтары
бойынша қорытынды
аттестаттауға білім беру бағдарламаларының, жұмыс және
жеке оқу жоспарлары мен оқу
жұмыс бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқу үдерісін толық аяқтаған, алайда 6-курсқа
өту балын (GPA) ала алмаған білім алушы, клиникалық іс-практикамен байланысты емес өз
мамандығы бойынша жұмыс жасау немесе оқуын магистратурада жалғастыра үшін, өз өтініші
негізінде қорытынды аттестаттауға жіберіледі.
8.3.3 Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және қорғауға ұсынылатын жұмыс бейініне сай
келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда білім алушы диплом жұмысын (жобасын)
қорғауға шыға алады.
8.3.4 Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» деген қорытынды берген жағдайда,
білім алушы дипломдық жұмысты (жобаны) қорғай алмайды. Білім алушы рецензент қандай
пікір (оң, теріс) берсе де дипломдық жұмысты (жобаны) қорғай алады.
8.3.5 Қорғауға кафедрада
алдын ала қорғаудан өткен, жұмысы толық аяқталған және
ғылыми жетекші мен каферда меңгерушісі қол қойған жұмыстар ғана жіберіледі.
8.3.6 Білім алушы АК хатшысына төмендегі құжаттарды ұсынылады:
-
баспаға шығарылған, түптелген, ереже бойынша рәсімделген дипломдық жұмыс (жоба) 1
экземпляр;
- дипломдық жұмыстың (жобаның) электронды нұсқасы жүктелген диск
- дипломдық жұмыс (жобаның) ғылыми жетекшісінің «
Достарыңызбен бөлісу: