Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі


Емтиханды кестеден тыс тапсыру



Pdf көрінісі
бет15/65
Дата24.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#170023
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
Байланысты:
027-1

6.3. Емтиханды кестеден тыс тапсыру 
6.3.1 Білім алушы І және ІІ аралық бақылаулар бойынша 50 балдан кем емес балл жинап,
емтиханға дәлелді себептермен (науқас болған жағдайда АИ дәрігерлік амбулаториясымен
расталған медициналық анықтама) келмеген жағдайда оған ТО қызметкерімен «І»
(«Incomplete») бағасы қойылады.
6.3.2 «I» бағасын алу үшін білім алушы емтиханға келмеу себебін көрсетіп, ем қабылдау
мерзімі біткеннен кейін сала бойынша вице-ректордың атына өтініш жазады және өтінішке
себепті жағдайларды растау құжаттарының түпнұсқаларын тіркейді, факультет деканының,
академиялық департамент директорының визаларын қойдырады.
6.3.3. Сала бойынша вице-ректорлар визасынан кейін факультет деканының өкімімен
факультет маманы аралық аттестаттау біткеннен кейін қосымша емтихан кестесін құрады және
бекітуге ұсынады.
6.3.4 Факультет әдіскері қосымша кестенің негізінде емтиханға қатысу парағын жасайды.
ӨБС емтихандарды өткізуді осы Ережеге сәйкес ұйымдастырады.
6.3.5 Емтихан нәтижелерінің негізінде толтырылған емтиханға қатысу парағындағы
бағаларға сәйкес пән оқытушысы ТО қадағалауымен «І» бағасын стандартты бағалардың біріне
алмастырады. Білім алушы белгіленген уақыт кезеңінде (30 күн) қойылған талаптарды
орындамаса «І» бағасын «F» бағасына ауыстырады.
6.4. Емтиханды қайта тапсыру 
6.4.1 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік
жүйесіндегі «FХ» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» бағаны алған жағдайда, білім


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 14–ші
беті
алушы оқу пәнінің/модулдің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды ақысыз
аралық аттестаттау және демалыс кезінде кезекті академиялық кезең басталғанға дейін
бекітілген қайта тапсыру кестесіне сәйкес бақылауды бір реттен артық емес қайта тапсырады. 
6.4.2 «F» (0-24) белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» бағасын алғанда білім
алушы осы оқу пәніне (модульге) қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне
қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды
бақылауды тапсырады. Пәнді қайталап оқу тек ақылы түрде жүргізіледі.
6.4.3 Тілдер бойынша "F" (0-49) белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" баға алған
жағдайда, білім алушы осы оқу пәніне/модуліне ақылы негізде қайта жазылады, оқу
сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық
түрлері орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады. 
6.4.4. Қайта тапсыруға себепсіз келмеген білім алушыға қарыз пәні академиялық берешек
ретінде ескеріледі, нөл болып жазылады, білім алушы осы реттегі қайта тапсыру мүмкіндігінен
айырылады.
6.4.5. Белгіленген ауысу ұпайына қол жеткізген және академиялық қарызымен келесі
курсқа ауыстырылған білім алушы білім беру грантын сақтай отырып, «F» белгісіне сәйкес
қарыз пәндерін ақылы негізде жояды.
6.4.6 ТО аралық аттестаттаудың өту барысы туралы күнделікті есеп және біткеннен кейін
қорытынды есеп (Нысан 34) дайындайды.
6.4.7 Емтихандарды ұйымдастыру және өткізу, емтихан жұмыстарын тексеру, емтихан
тапсыру мерзімінің себепті негіздері, емтиханды қайта тапсырудың негізгі үлгілері осы
ереженің қосымшаларында көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет