Осы аталған мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды: - тақырыпқа қатысты тарихи деректерді ғылыми айналымға енгізу, тарихнама мәселесін жүйелілеп бір ізге салу, ғылыми тұрғыдан талдау;
- қайраткердің өскен ортасы мен заманын қарастырудың барысында Ә.Марғұланның өмірдегі көзқарасының қалыптасуының негіздері мен оның қоғам қайраткері ретінде өсу жолдарын тарихи тұрғыда талдау;
-Ә.Марғұланның археология, этнография, фольклор т.б. ғылым салалары бойынша ғылыми еңбектерінің құндылығына баға бері;
- Ә.Марғұлан саяси қуғын-сүргін кезеңіндегі қызметін зерделеу.