Зерттеужұмысының нысаны – Ә.Х Марғұланның қоғамдық-мемлекеттік қызметі мен елге қалтырған ғылыми мұрасы болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні – ХХ ғасырдағы ұлттық ғылыми-шығармашылық интеллигенцияның тағдыры мен кәсіби мұрасы
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі.Мәселенің методологияның негізіне қоғамның, тарихи дамудың диалектикалық даму заңдылығын, тарихи құбылыстарды объективті тұрғыдан қарастыру бағытын алдық. Зерттеу жұмысы тарихи және логикалық әдістердің ортақтылығы, дамудың себептілік, көпжылдылық, көпқырлылық, жүйелілік әдістеріне сүйеніліп жазылды. Сонымен қатар, субъективтік және объективтік шарттардың қарым – қатынасы да есепке алынды. Жоғарыда көрсетілген әдістерді қолданумен қатар, зерттеу жұмысында қазіргі заман талабынан туындаған ғалымның зерттеу мәселесі бойынша жаңа көзқарастар, ғылыми ойлар ескеріліп отырды.