1.4. Іс-тәжірибе жетекшілерінің құқықтары мен міндеттері
1.4.1 Факультет және кафедрадан жетекші міндетті:
Дайындық кезеңінде:
- іс-тәжірибе басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын іс-тәжірибеден өту объектілерін анықтау;
- іс-тәжірибе объектілерінің жетекшілерімен білім алушылардың іс-тәжірибе жұмысының жоспары мен мазмұнын, оны өткізу тәртібін келісу;
- деканатты, кафедраны іс-тәжірибеге дайындық барысы туралы хабардар ету;
- базалық мекемелердің басшыларымен, мамандарымен дайындық және нұсқаулық-әдістемелік жұмыстар жүргізу.
Іс-тәжірибе кезеңінде:
- білім алушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
- іс-тәжірибе өткізуді жүзеге асыратын базалық мекемелердің мамандарымен үнемі іскерлік байланыста болу;
- білім алушылардың іс-тәжірибе бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету;
- білім алушылардың жұмысын бақылау, қажет болған жағдайда түзетулер енгізу;
- білім алушылармен жеке кеңестер, әдістемелік кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
- іс-тәжірибе барысы туралы деканатты, кафедраны хабардар ету;
- іс-тәжірибе қорытындысы бойынша білім алушылардың есептерін, құжаттарын талдау; комиссия алдында білім алушылардың есептерін қорғауға қатысу.
1.4.2 Базалық кәсіпорындардан жетекшілер:
- бекіту конференциясына қатысады;
- іс-тәжірибе өткізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз
етеді;
- білім алушыларды мекеме жұмысының мазмұнымен таныстырады;
- білім алушыларға жеке жұмыс жоспарын құруға және оны жүзеге асыруға көмектеседі;
- білім алушыларға жеке шығармашылық тапсырмаларды орындауда көмек көрсетеді;
- білім алушыларға мінездеме беріп, олардың жұмысына баға береді.
1.5 Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері
Білім алушы құқылы:
• кафедра мен факультеттен, сондай-ақ іс-тәжірибе базасында ұйымдастырылған мекемеден іс-тәжірибе жетекшілері тарапынан ұйымдастыру-шығармашылық және оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуде уақытылы әдістемелік көмек алу;
• университет кітапханасы, кафедра кабинеттері мен іс-тәжірибе базасында бар қажетті құжаттарды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, құралдар мен жабдықтарды пайдалану;
• базалық мекемеде өткізілетін іс-шараларға, әдістемелік кеңестерге қатысу.
Білім алушы міндетті:
• іс- тәжірибеден өту бағдарламасын зерделеу, іс-тәжірибеден өтудің жеке жоспарын құру;
• базалық мекемелерде сағат бойы болу;
• іс-тәжірибе бағдарламасында қарастырылған жұмыстардың барлық түрлерін орындау;
• іс-тәжірибе өтетін мекеменің ішкі тәртіп ережелеріне бағыну;
• әкімшілік және іс-тәжірибе жетекшілерінің өкімдерін орындау;
• іс-тәжірибе күнделігін жүргізу;
• іс-тәжірибе бағдарламасын және жеке жоспарды толық көлемде орындау.
Қойылатын талаптар орындалмаған жағдайда білім алушы іс-тәжірибеден өтуден шеттетілуі мүмкін. Іс-тәжірибеден шеттетілген немесе іс-тәжірибесінің жұмысы қанағаттанарлықсыз деп танылған білім алушылар факультет кеңесінің шешімі бойынша университетте оқу сабақтарынан қол үзбей қайта іс-тәжірибеден өту тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |