Дипломалды іс-тәжірибесінің бағдарламасы оқу түрі: күндізгі күндізгі қысқартылған


Білім алушының іс-тәжірибеден өту сапасын бақылау



бет9/12
Дата24.04.2023
өлшемі56,65 Kb.
#175322
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дипломалды практика ПиМНО

2.3. Білім алушының іс-тәжірибеден өту сапасын бақылау

Білім алушылар дипломалды іс-тәжірибеден өтуін бақылауды факультет деканы, кафедра меңгерушісі, жоғары оқу орнынан және базалық мекемеден іс-тәжірибе жетекшілері жүзеге асырады.


ЖОО-ның тәжірибе жетекшісі білім алушылардың іс-тәжірибе базасына баруына және олардың тапсырмаларын орындауына үнемі бақылау жасайды. Кафедра меңгерушісі білім алушылардың іс-тәжірибеден өту базасына апта сайын, факультет деканы – іс-тәжірибе өту кезеңінде бір-екі рет, іс-тәжірибе жетекшісі – аптасына 2-3 рет барады.
Іс-тәжірибе кезеңінде ағымдағы (іс-тәжірибе барысында) және қорытынды (іс-тәжірибе аяқталғаннан кейін) бақылау жүзеге асырылады. Ағымдағы бақылау іс-тәжірибе барысында жүзеге асырылады және оған қатысу, іс-тәжірибе бағдарламасының орындалуын, білім алушылардың тәртібін бақылау кіреді. Қорытынды бақылауға білім алушылардың құжаттарын тексеру, білім алушылардың есебін қорғауды ұйымдастыру, қорытынды баға қою кіреді.
Іс-тәжірибе нәтижелерін бағалау үшін келесі әдістер қолданылады:
- іс-тәжірибе барысында білім алушыларды бақылау және олардың жекелеген жұмыс түрлерінің сапасын талдау;
- іс-тәжірибеден өту объектілерінің әдіскерлерімен, білім алушылармен әңгімелесу;
- мекеме әкімшілігі растаған және іс-тәжірибеден өту объектілерінің әдіскерлері берген білім алушылардың сипаттамаларын талдау;
-іс-тәжірибе процесінде ақпараттық-аналитикалық, жобалау-технологиялық жұмыстардың нәтижелерін талдау, білім алушылардың іс-тәжірибелік қызметке дайындығының дәрежесін және өз жұмысының сапасына өзін-өзі бағалау;
- іс-тәжірибе бойынша білім алушылардың құжаттарын талдау (іс-тәжірибеден өту күнделігі, іс-тәжірибеден өту орнынан мінездеме, қорытынды есеп);
- комиссия алдындағы есепті қорғау сапасы.
Іс-тәжірибені бағалау келесі критерийлер бойынша сараланып жүргізіледі:
- іс-тәжірибе бағдарламасында қарастырылған барлық талаптарды орындау кезінде білім алушыға 90-нан 100-ге дейін балл қойылады, бұл "өте жақсы" бағасына сәйкес келеді . »;
-іс-тәжірибеден өтуші білім алушыға елеусіз ескертулер болған жағдайда 70-тен 89-ға дейінгі балл қойылады, бұл "жақсы" деген бағаға сәйкес келеді»;
- іс-тәжірибе жетекшісінің іс-тәжірибе мазмұны және тапсырмаларды ішінара орындамау бойынша елеулі ескертулері болса, сондай-ақ толық есеп беру құжаттарын ұсынбаса, білім алушыға 50-ден 69-ға дейін балл қойылады, бұл "қанағаттанарлық" бағасына сәйкес келеді.»;
- келмеген немесе толық талаптарды орындамаған және есеп беру құжаттары болмаған жағдайда, сондай-ақ, егер білім алушы 50 көрсеткіштен төмен балл жинаса, іс-тәжірибе өтті деп саналмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет