Дипломалды іс-тәжірибесінің бағдарламасы оқу түрі: күндізгі күндізгі қысқартылған



бет2/12
Дата24.04.2023
өлшемі56,65 Kb.
#175322
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дипломалды практика ПиМНО

1 Жалпы ережелер


1.1 Дипломалды іс-тәжірбиенің ерекшеліктері


"6B01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврын даярлау үшін Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылғандай дипломалды іс-тәжірибесі университетте жоғары сапалы мамандарды дайындаудың маңызды бөлімі болып табылады.
Білім алушылар үшін дипломалды іс-тәжірибесін оқытудың күндізгі және ҚББТ қолданумен күндізгі қысқартылған бітіруші курстарда жүреді және ұзақтығы 2- 3 апта аралығы.
Білім алушылардың дипломалды іс-тәжірибе университеттегі оқу процесінде алған білімдерін бекітуге, практикалық дағдылары мен жаңашыл тәжірибелерді меңгеруге бағытталған және мемлекеттік аттестаттаудың соңғы кезеңі болып табылады. Кафедраның ішкі тәртібі бойынша білім алушылардың бітіру жұмысының дайындық деңгейі дипломалды іс-тәжірибеден өту кезіңде көрсетіледі.
Дипломалды іс-тәжірибесі білім алушылардыңжалпы және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, өз бетінше ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге даярлығын тексеруге бағытталған.
Дипломалды іс-тәжірибесі болашақ мамандарды ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне дайындауда теория мен практиканың бірлігін қамтамасыз етеді. .Іс-тәжірибе барысында білім алушылар мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің аудиториялық оқу талаптарында толық көлемде меңгерілмейтін жақтарын игереді. Мұнда эксперименталдық зерттеудің жоспары мен мәселелерін бекітуге байланысты, болжамды анықтауға, зерттеу әдістемесін құрастыруға, экспериментті жүргізуге, нәтижелерді қорытындылауға және өңдеуге, ғылыми есепті дайындауға байланысты сұрақтар қарастырылады. Педагогикалық экспериментті дербес жүргізу. Дипломалды іс-тәжірибесінің мазмұны қарастырылады:
- әлеуметтік-гуманитарлық және психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша теориялық білім мен іскерліктерді кеңейтуге және тереңдетуге;
- білім алушылардың өзіндік және ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет деңгейін олардың алдына қойылған педагогикалық міндеттерді шешу барысында анықтау;
- мұғалім ретінде болашақ кәсіби іс-әрекеттеріне жағымды көзқарас қалыптастыру.
Дипломалды іс-тәжірибеде соңғы курста өтетін болғандықтан, оқу жоспарында көрсетілген барлық пәндер өтіліп, білім алушы іс-тәжірбиге жіберілмес бұрын бағаланады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет