Дипломалды іс-тәжірибені бағалау шкаласының үлгісі
Дәстүрлі баға
Жиынтық балл
«үздік»
90-100
«жақсы»
70-89
«қанағаттанарлық»
50-69
«қанағаттанарлықсыз»
50 төмен
Жұмыс түрлері бойынша сараланған балл
Ағымдағы жұмыс
Жалпы жұмыс нәтижесі
Есеп беру
құжаттама
10-25
25-40
15-35
2.4. Іс-тәжірибе қорытындысын шығару Іс-тәжірибе соңында білім алушылар практика бағдарламасында қарастырылған барлық орындалған құжаттамамен бірге атқарылған жұмыс туралы есеп береді:
Есептік құжаттар тізбесіне:
1. Іс-тәжірибеден өту туралы есеп.
2. Іс-тәжірибе күнделігі.
3. Іс-тәжірибеден өту орнынан мінездеме.
4. Жеке жұмыс жоспары.
Іс-тәжірибе аяқталғаннан кейін қорытынды конференция өткізіледі. Конференцияда білім алушылар ауызша сөз сөйлеуде өздерінің іс-тәжірибелік қызметінің қорытындыларын ұсынады. Іс-тәжірибе қорытындысы бойынша білім алушылар құжаттама ұсынады, оны іс-тәжірибе жетекшісі тексереді. Білім алушылар академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-нің өкімімен құрылған комиссия алдында өткізілген жұмыс нәтижелерін қорғайды. Есепті қорғау нәтижелері белгіленген балдық-рейтингтік бағалау жүйесі бойынша сараланған сынақпен бағаланады.