Дипломдық ЖҰмыс «5B021000 -шетел филологиясы ағылшын тілі» мамандығы Нұр Сұлтан, 2022



Pdf көрінісі
бет26/27
Дата28.07.2023
өлшемі1,07 Mb.
#179640
түріДиплом
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


47 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Ауызекі сөйлеу – әдеби тілдің ерекше функционалды түрі. Ауызекі сөйлеу 
тілдің ерекше функционалды маңыздылығы ретінде және, тиісінше, 
лингвистикалық зерттеудің ерекше объектісі болып табылады. Ауызекі 
сөйлеудің маңызды белгісі-оның өздігінен, дайын болмауы. Ауызекі сөйлеудің 
екінші ерекшелігі – сөйлесу сөйлеушілер арасындағы бейресми қарым-
қатынаста ғана мүмкін болады.
Жастар дискурсы қазіргі жастардың қарым-қатынасы көбінесе алған 
эмоциялар мен әсерлермен өзара алмасуға негізделген. Ауызекі сөйлеу 
жастардың қоғамында барлық аспектілерді қамтиды. Күн сайын әр адам 
институционалды күнделікті сөйлеу әрекеті жағдайында көптеген әлеуметтік 
байланыстарды жүзеге асырады. 
 
Ауызекі сөйлеу ағылшын лингвист ғалымдарының зерттеуі бойынша Сакс 
Х., Шеглофф Э., Джефферсон Г. А. (Sacks, H. Schegloff, E. Jefferson, G.A.) ауызекі 
сөйлеудің негізгі сипаттамаларын анықтаған олар: белгілі бір ортадағы ауызекі 
сөйлеудің әңгімесі өздеріне тән маңызды ортаға ие болады және олардың 
күнделікті әңгімеде қолданатын сөздері тілдің негізгі формасы деп есептеген.
Ал Британдық социолингвисттер Джим М. және Регина Б. (Jim M., Regina 
W.) ауызекі сөйлеудің келесі қасиеттерін анықтаған. Спонтанды сөйлеу нақты 
уақыт режимінде, таңқаларлық және реакция мүмкіндігімен жасалады. 
Сөйлеушілердің сөйлеу кезіндегі ым-ишараты мен мимикасы, көздерінің 
қозғалысы барлығы дерлік ауызекі сөйлеуде ақпарат алмасуға көмектеседі деген.
Орестром Б (Oreström В.) және Бибер Д. (Biber D.), Миллер Д. және 
Вайнерт Р. (J. Miller, R. Weinert) пікірі бойынша, сөйлеушілердің жеке 
байланысы кезінде, бақылаушылардың болмауы және ойлау, түзету мүмкіндігі 
болған кезде оның нақты уақыт режимінде жүруі ауызекі сөйлеуді жүзеге 
асырудың маңызды шарты болып табылады. Оған қоса паралингвистік тұрғыдан 
қатысушылардың ым-ишараты, мінез құлқы, дене қозғалысы, интонациясы 
ауызекі сөйлеудің негізі ерекшелігі деп естептеген. Сонымен қатар Орестром Б. 
(Oreström В.) пікірінше ауызекі сөйлеудің мазмұнына қарағанда, жалпы 
сөйлеудің қарым-қатынас фактісіне айрықша назар аударылады деген.
Қазақ ғалымдарына келіп тоқталатын болсақ, көбінеке стилистік тұрғыда 
қарастырылған. Әміров Р. С. ауызекі тіл диалог жүзінде іске асатын құрылым 
деп есептейді. Бұл құрылымда сөйлеу өте үнемді, яғни сөздердің қысқартулары 
көп кездеседі және эмоцианалды болып келеді деген. Ал Балқабаев М. Б. ауызекі 
сөйлеуді екі бөлікке бөліп қарастырған. 
1) қарапайым түр
2) әдеби түр деп екіге бөліп қарастыруға болатынын ескерген. Сөйлеудің 
қарапайым түрі көзбе-көз, беттесіп сөйлесу орайында танылады және күнделікті 
өмір кезіндегі ауызекі сөйлеу барысында еркінділік күшті және диалектизм 
сияқты тұрпайы сөздер жиі кездеседі деген. Ал Әлкебаева Ә.Д. пайымдауынша 
бейресми ауызекі сөйлеу қарым-қатынасын стилистік тұрғыда қарастырды. 
Әлкебаева Ә.Д. ауызекі сөйлеудің негізгі ерекшелігі дауыстың үні, тонның 
жиілігі осы стилдің ерекшелігін құрайды деген. Келесі ғалым Рәбиға Сыздық 


48 
өзінің зерттеуінде, ауызекі сөйлеу стилін әдеби тілмен жіті байланыстырады. 
Қазіргі таңда ауызекі тіл мен көркем әдеби тілдің нормалары ұқсас болмаса да, 
әдеби тіл нормаларынан бейресми ауызекі сөйлеу стилін кездестіреміз деп пікір 
білдіреді.
Қазіргі жастардың ауызекі сөйлеуіне қорытынды жасайтын болсақ, Орлов 
Г. А. мен Макаров М. Л. еңбектерінде жастардың ауызекі сөйлеуінде өздерінің 
талдауларын ұсынған. 1) сөйлеу байланысын анықтау; 2) әңгіменің дамуы мен 
ортасы; 3) әңгіменің аяқталуы деген зерттеулерін ұсынған болса, Шатилов А. С. 
өз еңбегінде жастар арасындағы диалогті сапалы талдау мақсатында үш деңгейге 
бөліп қарастыру керек деп санаған. Олар: фонетикалық, лексикалық, 
стилистикалық. Фонетикалық талдауға – ілгерінді ықпалдардың қолданылуы 
мен сөйлеу қарқыны және сөйлеу жиілігі, интонация, сөйлемдер арасындағы 
кідірістердің орын алуы. Стилистикалық талдауға – қыстырма сөздердің 
шамадан тыс көп қолданылуы және сөйлемдер арасындағы мөлшерден тыс 
кідірістердің орын алуы деген үш нақты талдау түрін көрсетті.
Біздің зерттеу барысында пайда болған кестемізде қолданылған талдау 
әдістеріміздің элементтері мынадай:
1.
Сөйлеу қарым-қатынасының сипаттамасы және қатысушылардың 
саны. 
2.
Ауызекі сөйлеу әрекетінің түрлері.
3.
Ауызекі сөйлеуге қатысушылардың сөйлеу манерасы және екі 
коммуниканттың сөйлеу стратегиялары мен тактикалары. 
4.
Ауызекі 
сөйлеуге 
қатысушылардың 
симметриялы 
және 
асимметриялы формалары.
5.
Ауызекі сөйлеуге қатысушылардың сөйлеу кезіндегі қиындықтары.
6.
Ауызекі тілдің лексика-грамматикалық ерекшеліктері.
Осы көрсетілген схема бойынша дипломдық жұмысымыздың практикалық 
бөлімінде ағылшын және қазақ жастарының ауызекі сөйлеу тіліне талдау 
жасалынды. Зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, қазақ тіліндегі жастардың 
ауызекі сөйлеуінде келесі қорытындыға келеміз. Қыз балалар мен ер балалар 
арасындағы бейресми ауызекі сөйлеу кезінде біршама айырмашылықты 
байқадық. Атап айтатын болсақ, қыз балаларда сөйлеу әрекетінде көбінесе 
сөйлеу мәнерінде байсалдылық пен ұстанымдылық байқалды. Ал қыз 
балалардың сөйлеу барысында, яғни олардың бейресми ауызекі сөйлеу тілінде, 
керісінше, дисфемизм мен боқауыз сөздер өте аз мөлшерде кездесетіні 
анықталды. Сонымен қатар, қазақ жастарының ауызекі сөйлеу тілінде қыз және 
ер балалардың ауызекі сөйлеу белгілерінде сөйлеу кодының ауысуы жиі 
кездесті.
Ал ағылшын жастарының ауызекі сөйлеу ерекшелігіне келетін болсақ, қыз 
балалардың сөйлеу ерекшелігі ұл балалармен салыстырғанда байсалды, 
интонациялары бір қалыпты, ұстанымды болып келсе, ер балалардың сөйлеу 
тоны қыз балалардың тонына қарағанда жоғары болды және қыз балаларға 
қарағанда ер балалар ауызекі сөйлеу кезінде боқауыз сөздерді жиі пайдаланды. 
Сонымен қатар, жалпылама жастар арасында сленг немесе жаргондар және қазақ 
тіліндегідей қыстырма сөздер жиі қолданылды. Қазақ тіліне қарағанда, ағылшын 


49 
тіліндегі жастарда одағайлар көп кездесті. Сөйлем тәртібіне келетін болсақ, кей 
кезеңдерде ағылшын тілінде сөйлем тәртібі мүлдем сақталмады. Осы зерттеліп 
аталған белгілер бойынша нақты қорытынды жасалды. Қазіргі заманғы жастар 
ортасында ғана қолданылатын ауызекі сөйлеу тілінде тіл тазалығы мен қатар 
басқа тілден енген сленг пен кірме сөздер көп қолданылады. Ағылшын тілінің 
бейресми ауызекі сөйлеуін зерттеу жұмысы сол тілден енген сленгтарды 
қарастыра отырып, қазіргі заманауи жастардың ортасында қолданылатын кірме 
сөздермен бірге басқа да сөздерді түсінуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет