5
Практикалық маңыздылығы.
Зерттеу
жұмысының практикалық
деректері ағылшын тілінің бейресми байланыс саласының теориялық әдістемесі
ретінде, теориялық курстарда қосымша материал ретінде, ағылшын және қазақ
тілін оқып үйренушілер үшін қосымша материал ретінде қолданылуы мүмкін.
Бейресми санатты қарастыру қарым-қатынас теориясы үшін ауқымды материал
береді және далалық зерттеулердің аудиоматериалдары қазақ тілінің ауызша
корпусын құру кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу әдістері
лингвистикалық бақылау әдісі,
дискурс-талдау әдісі,
интерпретациялық әдіс болып табылады.
Зерттеу материалы
ағылшын және қазақ тілдерінің студенттік ортадағы
достық қарым-қатынастың ауызекі сөйлеу аудиожазбалары болды. Ағылшын
тілі бойынша, американдық ауызекі сөйлеу аудио материалдары Калифорниялық
университетпен әзірленген (Santa Barbara Corpus
of Spoken American English
(SBCSAE)
https://www.linguistics.ucsb.edu/research/santa-barbara-corpus)
корпусынан іріктеліп алынды.
Қазақ тілі бойынша арнайы ауызекі сөйлеу аудиожазбалары жинақталған
корпусы болмағандықтан, ауызекі сөйлеуге зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Барлық зерттеуге ұсынылған аудиожазбалардың жазылу уақыты 6 сағат 59
минут. Оның ішінде қазақ тіліндегі аудиожазбаның уақыты 2 сағат 33 минут ал
ағылшын тіліндегі аудиожазбаның уақыты 4 сағат 26 минут. Барлық
аудиожазбалардың саны 45. Қазақ тіліндегі аудиожазбаның 25 ал қалған 20
аудиожазба ағылшын тілінде. Барлық репликалардың саны 1300. Қазақ тілінде
580 реплика болса, ағылшын тілінде 720 реплика болды.
Достарыңызбен бөлісу: