Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 мамандығы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»



бет6/7
Дата14.04.2020
өлшемі0,7 Mb.
#62514
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Абилова Орынгуль Асылбековна


Сабақтың тақырыбы: Астана

Сабақтың мақсаты: 1) Астана қаласымен таныстыру, Отан туралы білімдерін толықтыру

2) Оқушылардың танымдығын арттыру, шығармашылығын дамыту.

3) Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, буклет, макеттер,оқулық

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ –жауап, түсіндіру, кубизм. Көрнекілік, сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың барысы:

I )Қызығушылыты ояту

Шаттық шеңбері «Мен сендерге сенемін!»

II Үй тапсырмасын тексеру.Кубизм әдісі бойынша

Қазақстан жерінің ұлан – байтақтығын немен дәлелдеуге болады?

Еліміздің табиғаты неліктен алуан түрлі деп ойлайсың?Оның қандай белгілері бар?

Қазақстанда қандай пайдалы қазбалардың түрлері кездеседі?

Қандай шаруашылықпен айналысқан?

Қазақстанда қанша ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады?

Қазақстан неше елмен шектеседі?Көрші мемлекеттердің аттарын ата?

Үй тапсырмасын бекіту.

Біз қандай елміз? Тәуелсіздігімізді қашан алдық? Биыл қандай мерекені тойлаймыз? Біздің астанамыз қай қала?



III Мағынаны тану Жаңа сабақ

Кіріспе әңгіме



Оқушыларды топқа бөлу

I топ «Бәйтерек»

II топ «Пирамида»

III топ «Ақорда»

Әрбір топ өз атауларын қысқаша айтып қорғау.

Астана туралы мәлімет беру (слайдтан көрсету)

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді іштей оқу;



Сұрақ – жауап .

а) Астана қаласының бұрынғы атауы қалай аталады?

ә) Астана қаласы қай жерде орналасқан?

б) Неліктен Астана қаласын таңдаған?

в) Ақмоланың негізі, қай жылы, қайда қаланған?

г) Астананың Қазақстан халқы үшін рөлі қандай?



Ой толғаныс

Топпен жұмыс . «Жылнаманы есіңе сақта»

I топ 45+12+34= 91 (Тәуелсіздік алған жылдың соңғы екі саны )

II топ (225+ 463) – 591= 97 ( Астанаға көшкен жыл, бәйтеректің

биіктігі )

III топ (1000+1000)+11= 2011 (Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Азия

Ойындары, саммит өтті)

Шығармашылық жұмыс

I топ «Бәйтерек» - 1 шумақ өлең шығару

II топ « Ақорда» - әңгіме жазу

III топ « Пирамида » - сурет салу


IV Қорытынды

Топтастыру




V Бағалау

Өзін – өзі бағалау бетшесі бойынша



VI үйге тапсырма беру

Мәтінді оқу , шығарма жазу



Жүректен жүрекке

Сабақтың тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаттары: Шалғын сөзінің мағынасын түсіндіру. Шалғынды жердің өсімдіктерімен, жануарларымен таныстыру. Дүниетанымын кеңейту,сөйлеу тілін арттыру,өз ойын еркін жеткізуге жағдай жасау. Табиғатты сүюге,аялауға,таза ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шалғынды жердің өсімдіктері мен жануарларына арналған шиырма, «Табиғатым - махаббатым»әніннің сөзі жазылған плакат.

Сабақтың әдісі : Сын тұрғысынан ойлау әдісі

Сабақтың барысы:

Қызығушылығын ояту. «Джик-со» әдісі арқылы топтастыру.

  • Балалар, «табиғат»деген сөзді естігенде сендердің көздеріңе не елестейді?

  • Ағаштар: күн; таза ауа; жайқалған гүлдер; шөптер; биік таулар,жануарлар (осы сөздерді оқыта отырып, топпен отырғызу.)

  • Балалар бүгінгі сабағымызда шалғынды жердің өсімдіктері мен жануарлары туралы мәліметтер аламыз. Шалғынды жердің табиғатының қаншалықты көрікті екендігін, қандай өсімдіктер мен жануарлар тіршілік ететіндігі жайлы әңгімелесеміз. Ендеше назар аударайық.

Мағынаны тану Оқушылардың алдына «білемін», «Білгім келеді» «Білмеймін» «Жаңа ақпарат» деген кесте таратылады. Мәтінді оқи отырып белгілейді.

Білемін

Білмеймін

Білгім келеді?

Жаңа ақпарат













А) Мәтінді оқыту;

Ә) Әр бөлігіне түсініктеме жүргізу;

Б) Мазмұнын аша түсу үшін сұрақ-жауаптар;

В) Көрнекілікпен жұмыс (шиырманы көрсете отырып, түсіндіру)

«Түртіп алу» әдісі. Дәптерлеріңе өсімдіктер мен жануарлардың аттарын жазып алу.

Проблемалық сұрақ. Осылардың ішінен өзің білетінің бар ма? Әңгімеле

Көртышқанның неге бұлай аталғанын білесің бе?



Сергіту сәті. Шалғында шөп орып жүрген жұмысшылардың қимылын көрсетеді. Шөп шабады.

Ой толғаныс. «Шалғын – табиғи байлық» деген тұжырымды дәлелдету, өз пікірлерін ортаға салу.

Шығармашылықпен жұмыс. 5 жолды өлең құрастыру. (Кез-келген жануарларға)

Зат есім (1 сөз)

Сын есім (2 сөз)

Етістік (3 сөз)

Тіркес (4 сөз)

Осы зат есімнің синонимі (1 сөз)



Сабақты қорытындылау. Табиғатты аялау керектігін айта отырып, «Табиғатым - махаббатым» әнін хормен орындату.

Мадақтау, бағалау. Үй тапсырмасы. «Шалғынды өсімдіктер мен жануарлар» оқу, мазмұндау.
Сабақтың тақырыбы: Қонақжай

Сабақтың мақсаттары:

Қонақ күтудің ерекшелігін оған балалардың және отбасының әр мүшесінің қатысын, Қонақ күтудің ерекшелігін оған балалардың және отбасының әр мүшесінің қатысын, «қонақжай», «меймандос», «ілтипат» ұғымдарымен таныстыру.

Қонақ түрлерімен танытырап,келген қонақты күтуде балалар қандай міндет атқаруға тиіс екенін әңгімелеп ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорын,мәнерлеп сөйлеуін арттыру.

Үлкенді сыйлауға,кішіпейілділікке, әдет-ғұрпымызды үйренуге,құрметтеуге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Суреттер, Қожанасыр, Қоржын,тірек сөздер

Әдісі: түсіндіру, көрнекілік, проблемалық, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

Қызығушылықты ояту.

Оқушылармен сәлемдесіп,сабаққа даярлықтарын тексеру



Үй тапсырмасын тексеру «Отбасының берекесі», «Балаң жақсы болса» мәтіндерін сұрау

Балалар бүгінгі сабақ күндегіден ереше.

Қонаққа Қожанасыр және ұстаздарымыз келіп отыр. Қожанасыр атамыз бізге қандай сыйлықтар әкелді екен?

Қожанасырдың қоржынындағы сұрақтар алынады.

Отбасы дегеніміз не?

Неке деген не?

ҚР-ның Конституциясында отбасына қамқорлық туралы не деген?

Жас отбасына қандай қамқорлық көрсету керек?

Отбасының мүлкі деген не?

Отбасының қоры деген не?

Қазақ отбасында қандай әдеп- ғұрып қалыптасқан?

ҚР-ның конституциясында ата-анаға қамқорлық туралы не айтылған?

Сенің үйіңде кімдер тұрады?

Әдептілік,тәрбие, бала туралы мақал айт.

Асар деген не?

Мағынаны тану

Менің сендерге дүниетану сабағы бойынша дайындаған сұрақтарым бар. Сендер сұрақтарға жауап беріп көріңдерші.Сонда мына сөзжұмбақ шешіледі. (Сөзжұмбақ шешу «Қонақжай» сөзі шығуы тиіс)

Сөзжұмбақтан қандай сөзді оқуға болады?

Қонақжай


Ендеше,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қонақжай» деп аталады.

Балалардың назарын тақтаға аудару.

Қазақ халқында қонақтың төрт түрі бар. Арнайы қонақ – алыстан іздеп келген тума- туысың, жолдастарың.Бұлар нағыз сыйлы сағына күткен қонақтар. Олаға деген құрмет,сый-сияпат «жат жанынан түңілетіндей» болуға тиіс.

Құдайы қонақ – бейтаныс,шалғай елден,алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін қонақтар.Оларды да ықылас ынтамен қарсы алып,дұрыстап күткен жөн.

Қыдырма қонақ- ерігіп,желігіп,үйден-үйді,ауылдан-ауылды кезіп,сөз аңдып,өсек теріп,қымыз ішіп,ет жеуді әдетке айналдырған сандалма қонақ.

Қылқима қонақ- түтіні түзу шыққан үйлерді торып,құлқыны үшін аузына салғанын шала шайнап қылқытып жұтып,тағы бір түтіні түзу шыққан үйге тарта жөнелетін нағыз сұғанақ қонақ.



Оқулықпен жұмыс

а) Мұғалім өзі оқиды;

ә) оқушыларға тізбектей оқыту;

Б) тақтаға назар аударайық. «меймандос», «Ілтипат», «қонақжай» сөздерінің мағынасын ашқызу; в) үйге келген қонаққа ілтипат көрсетуіміз керек. Қане,қандай сөздер айтасыңдар?

Оқушылар. Келіңіз,жоғары шығыңыз,төрлетіңіз,қолыңызға су құяйын, т.б

Дәптермен жұмыс

Балалар, сендер қонақ келсе дастарханға не қоясындар? Қане,кім дастарханды жақсы дайындайды екен.

Жаздырту.

Бекіту кезеңі Жаңа тақырыпты түсінгендерін тексеру.

Қонақтың қандай түрі бар?

Балалар,бүгін бізде де қонақтар отыр.Бұл кісілерді қонақтың қай түріне жатқызар едіңдер?


  • - Арнайы қонақ

  • Неге?

  • Сабағымызға ол кісілерді шақырдық.

  • Өте жақсы. Бұл кісілерді жақсылап күтуіміз керек қой. Яғни ол кісілерді риза етуіміз керек.Ол үшін сендер не істеулерің керек.

  • Сабаққа жақсы қатысып,жақсы оқумыз керек. Жарайсыңдар.

Үйге тапсырма мәтінді оқып келу. Үйлеріңе қандай қонақтар келеді соны жазып келу.

Сабақтың тақырыбы : Адам және табиғат

Сабақтың мақсаты: экология және адам өміріндегі оның рөлі туралы ұғым қалыптастыру; оқушыларды эколог мамандығымен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: «Экология», «эколог» сөздері жазылған кестелер; балалардың топсеруен барысында салған суреттері; қарындаштар және жұмыс дәптері.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық.


«Табиғат» сөзіне топтастыру жасау.

Жануар Таза ауа


Табиғат
денсаулық

демалыс киім


баспана


өсімдік тамақ
Оқушылар «тірі және өлі табиғат арасында байланыс бар» деген қорытынды шығарады.

Жаңа тақырыппен жұмыс.



Оқулықтағы мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс істеу. Тақтаға сурет ілінеді.

- Суретте нелер бейнеленген? Не байқадыңдар?

Оқушы жауаптары:

Көл. Көлдің айналасы шашылған қоқыс, өлген құс, балықтар.

Зауыт бейнеленген. Зауыттың мұржаларынан қара түтінбудақтап шығып жатыр.

Мағынаны тану Сынған ағаштар. Бүлінген табиғат.

Мұғалім:


Ал осыны қалпына келтіру үшін не істеу керек?

Табиғатта бүлінгендерді қалпына келтіру керек. Ағашотырғызып, гүлдер өсіру керек.Жануарларға қамқорлық жасау керек. Қоқыстарды өзен-көлге төкпей, арнайы коқыс төгетінжерлерге төгу керек.

Тақтаға «экология», «эколог» деген сөздер жазылған кесте ілінеді.

Оқушылар экология және эколог туралы білетіндерін ортаға салады, мұғалім оларды толықтырады.

- Экология – тірі табиғаттың ортасы мен байланысын зерттейтін ғылымның бір саласы. Эколог - табиғатты бүлінуденсақтайтын, қорғайтын адам (мамандық иесі).

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.

Экологиялық ережелермен жұмыс. Оқушылар экологиялықережелерді толықтырады.

Осыдан кейін оқушылар топсеруенде салған суреттерін тақтаға іледі, сурет бойынша қорытынды шығарады.

Бақылау күнделігімен жұмыс.



Ой толғаныс

Қалай ойлайсыңдар, біз эколог бола аламыз ба?



Өзен-көл мен теңіз, мұхиттарда балықтар қырылып, құс,жәндік, жануар, өсімдіктер жойылып кетпеуі үшін не істеукеректігін естеріңе түсіріңдер. Бұған кім кінәлі?

- Жер планетасы үшін сен қандай жақсылық істер едің?Сабақ соңында оқушылар табиғат, табиғат құбылыстарытуралы білетін өлеңдерін оқиды. Мәселен:

Жау, жау, жаңбыр, жау жаңбыр!

Жау, егіннің көгі өссін!

Сұлудай бұраң құракты,

Айдын шалқар көлі өссін!

Ой мен қырдың шалғыны

Жатқан малды жасырсын!

Табиғаттың көркіне

Таңғалып, жан бас ұрсын!

Б.Майлин

Үйге тапсырма беру.

Сабақтың тақырыбы: Адам еңбегімен даңқты

Сабақтың мақсаты: жаз бен күз мезгілдеріндегі адам еңбегі туралы түсініктерін қалыптастыру; адам еңбегіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.



Сабақтың көрнекілігі: «Егістік пен бақшадағы еңбек», «Бақтағы жұмыс», «Ауыл шаруашылык машиналары» атты картиналар.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

Сұрақ:


Адам не үшін еңбек етеді? (Оқушы жауаптары тыңдалады).

Енді көзімізді жұмып, бір сәт «Ешкім не жаз мезгілінде,не күз мезгілінде еңбек етпесе,...» деп ойланып көрейік. Онда неболады? (Оқушылардың пікірі тыңдалады).

Пікірталас.



«Адам міндетті түрде еңбек ету керек» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастыру. Пікірталас барысында оқушылар еңбектің арқасында адамның көп жетістіктерге жететіндігіне көздерін жеткізеді. Адам тамақтанады, киінеді, баспана салады. Еңбек адамды ақылды, мейірімді, қамқор болуға баулиды.

Қорытынды:



Адам төрт мезгілде де еңбек етеді.Бақ, егістік, бақша, гүлзарларда еңбектенеді.Көкөністер мен жемістерді өсіреді.Баспаналарын жөндейді.

Малға азық дайындайды.Қысқа азық дайындайды.Табиғатқа қамқорлықпен қарайды.

Оқулықпен жұмыс.

1. Балалар мәтінді қарындашпен белгілеп отырып оқиды және кестені толтырады. Мәтінді оқу барысында балалар білетіндерін түрту белгісімен, білгісі келетіндерін «?» белгісімен, жаңа ақпаратты «+» таңбасымен белгілейді. Содан кейін кестенің бөліктерін толтырады.


Білемін

Білгім келеді

Не білдім?











2. Мәтін мазмұны бойынша жұмыс.

а) Адам жаз мезгілінде бақ, бақша, егістік пен саябақтардақандай еңбек атқарады?

ә) Ал күзде ше?



б) Бақшадағы күзгі жұмыс басқа мезгілдегі жұмыстарданқалай ерекшеленеді?

Бақылау күнделігімен жұмыс.

Дәптердегі тапсырманы оқушы лар өз беттерімен орындайды, орындай алмай қиналған балалар жұппен немесе оқулықтың көмегімен орындайды.

Сабақты қорытындылау.



а) Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру.

ә) Сергіту жаттығуы.



б) Қорытынды. Еліміздің экономикасының өркендеуі үшінкөптеген адамдар ауылда, қалада аянбай еңбек етеді. Сондыктанбіз олардың еңбегін кұрметтеуіміз керек. Біз де сапалы білімалып, алдағы уақытта Отанымыздың өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз.

Үйге тапсырма беру. «Менің бақтағы, бақшадағы, саябақтағы еңбегім» тақырыбына мәтін құрастырып, сурет салып келу.
Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеттері

Сабақтың мақсаты: оқушыларда ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру. Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Ауаның құрамы» атты тірек сызба, орман бейнеленген сурет, тәжірибе үшін шар, бір стақан су.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық.

Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқулық бойынша жұмыс.



1) Оқушыларға жаңа сабақты түсіндірместен бұрын оқулықта берілген сұрақтар қойылады. Оқушылар өз күштерімен жауап беруге тырысады.

2)Тәжірибе арқылы айналаның бәрінде ауа бар екенін дәлелдеу.

1-тәжірибе. Шарды үрлеп, сонан соң оның желін шығарады.

Сұрақ: Үрлегенде және желін шығарғанда шар қандай күйге түсті?

2-тәжірибе. Екі ұртыңды ауамен толтыр да, екі саусағыңмен ұртыңды бас. Не байқадың?

3) Мұғалімнің түсіндіруі.

- Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз - Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстықсәулесі түгел күйдіріп жібереді. Енді ауа суда да, топырақта да бар екеніне мысал келтіріңдер.

Мағынаны тану

Оқушылар ауаның қасиеттерін кестеге толтырады.




Негізгі сөз

Ауаның қасиеттері

Ауа

Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қатты, т.б.

- Ауаның құрамы қандай? Тақтаға тірек сызбасы ілінеді.




Азот 78 %

Көмір қышқыл газы 1 %

Оттегі 21 %

Сонымен ауа дегеніміз не?



Ауа - газдардың қоспасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет