Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Дүниетану пәнінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010200 - мамандығы – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
Атырау, 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі ___________
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Дүниетану пәнінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану
5В010200 – мамандығы бойынша - «Бастауышта оқыту педагогикасы
мен әдістемесі»
Атырау, 2015
Мазмұны
Кіріспе ........................................................................................................................3
1. Оқыту үрдісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың ғылыми-теориялық негізі
1.1. Педагогикалық технология туралы жалпы түсінік .........................................6
1.2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы және оның ерекшелігі .....................15
2. Бастауыш сыныпта сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың әдістемелік аспектілері
2.1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын дүниетану пәнінде қолдану мазмұны .................................................................................................................... 26
2.2 Бастауыш сыныпта сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану экспериментінің нәтижелері..................................................................................38
Қорытынды ............................................................................................................57
Әдебиетттер тізімі .................................................................................................60
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің қоғам өмірдегі табандылықпен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр. Мұндай ғылым мен техниканың даму талаптарына қарай білім берудің қарқыны да мазмұны мен жүйесі де және оған қойылып отырған талаптар да үлкен өзгеріске ұшырауда.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Білім берудің бастауыш және орта білім беру, сондай – ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін халықаралық стандарттарға жақындата түсу» - деп аталатын бөлімінде сапалы білім беруге жан–жақты қол жеткізудің маңыздылығы туралы ерекше атап өтті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» -деп көрсетілген. Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды көздеуден туындап отыр. Себебі, білім жүйесінде болатын қайта құру мәселесі заңды түрде бастауыш сыныптардан басталатыны анық. Бүкіл орта білімнің іргетасы осы сатыдан бастау алатыны белгілі. Сонымен қатар, орта мектепте оқылатын барлық пәндердің алғашқы ғылыми ұғымдары осы бастауыш сыныптардан бастап-ақ, оқушылардың білім қорына ене бастайды.
Қазіргі таңдағы бастауыш сыныптарда білім берудің басты талаптарының бірі - баланың жеке бастық дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниені терең түсінген, ондағы үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап, бақылай алатын оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда оқушыларға қоршаған табиғи және әлеуметтік, ортадағы заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарын тануға ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары негіздерінің бастауы дүниетану пәнінің маңызы зор.
Оқушыларға ұғым беруде бақылап зерттеуге мүмкіндік беретін олардың көзіне айқын түсетін қоршаған ортада кездесетін нысандарға негіздеудің маңызы туралы педагог-ғалымдар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский ерекше атап көрсетсе, қазақ ағартушылары: М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Қожахметов т.б. қазақ халқының ерекше құнды деп табылатын асыл қазыналарының бірі – қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері: географиялық тиым сөздер, нақыл сөздер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, болжаулар арқылы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде географиялық ұғымдарды тереңірек қалыптастырудың бірден-бір жолы екенін дәлелдеген.
Бастауыш мектепте дүниетану оқу әрекеттері теориясын ұсынған Е.А.Гудинова, Е.Н.Букварева, Л.В.Тарасов, А.А.Вахрушев, А.С.Раутиан еңбектерінде оқушыларға ғылыми ұғымдарды меңгертуде практикалық іс - әрекеттің басым болу керектігін дәлелдейді. Қазақстандық белгілі ғалымдар: Қ.Б.Жарықбаев, А.Е.Әбілқасымова, Ж.А.Қараев, Т.С.Сабыров т.б. жастардың дамуын жетілдіруде олардың танымдық әрекетіне баса мән беруді ұсынады.
Бастауыш сыныптарда жаратылыстару ғылымдарынан оқушыларда ғылыми ұғым қалыптастыруға байланысты пікірлер оқулық авторлары әдіскер-ғалымдар Т.Мұсақұлов, Т.Коргулин, Ә.Бірмағамбетов, Қ.А.Аймағамбетова, А.Мырзабаев, Қ.Сарманова, т.б. еңбектерінде бастауыш сыныптарда жаратылыстану материалдары бойынша білім берудің теориялық және әдістемелік мәселелері кеңінен қарастырылады.
Дей тұрғанмен, Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған «Бастауыш білім беру тұжырымдамасына» сәйкес бастауыш сыныптарда меңгерілетін білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаларының арасында;
- дүниетану сабағында оқушылардың танымын дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;
- оқушылардың танымын дамытуда сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімділігі және ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген әдістемелердің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр.
Бастауыш мектептерде «Дүниетану» пәнін оқытудың қазіргі жағдайын зерттеу оқу үрдісін белсендіруде дидактикалық құралдар жүйесін қолдануға аса назар аударылмай отырғандығын көрсетумен қатар, бұл білімді меңгеруге ықпал ететін жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін орынды қолдану тәжірибесінің жетіспеушілігі біздің зерттеу нысанымызды анықтауға себеп болды.
Жоғарыда көрсетілген қарама-қайшылықтарды шешудің жолдары мен әдістерін зерттеу тақырыбымызды «Дүниетану пәнінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: Дүниетану пәнінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негізін жасау.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәнін оқыту үрдісі Зерттеу пәні: Дүниетану пәнінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын
қолдану.
Зерттеудің міндеттері:
Жаңа технологиялардың теориялық негізімен танысу;
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшелігін айқындау;
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды дүниетану пәнін оқытуда
қолданудың тиімді жақтарын көрсету;
- Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды дүниетану пәнін оқытуда қолдану
арқылы қол жеткен нәтижелерді көрсету.
Зерттеу болжамы:
Егер бастауыш сыныпта дүниетану сабақтарында «сын тұрғысынан ойлау» жобасымен оқытудың тиімді жолдарын қарастыру оқушының санасына, ақыл-ойына қозғау салып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, танымын оятуға игі ықпалын тигізер еді. Сын тұрғысынан ойлау жобасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізетін болсақ, онда:
- оқыту үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдіс, тәсілдері мен формаларын тиімді пайдалануға;
- оқушыларды өз бетімен ізденуге, олардың ойлау қабілеттерін арттыруға;
- берілген оқу материалын толық меңгеруге, өз бетімен білім алуға, сөйтіп білім сапасын арттыруға қол жеткізуге болар еді.
Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәнін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану оқушылардың білім сапасын арттырудың негізгі көзі ретінде қарастырылса, сол арқылы оқушылардың дүниенің біртұтастығы туралы дүниетанымын, білім деңгейі мен біліктіліктерін дамытуға жағдай туады.
Зерттеудің әдіснамалық негізі. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі бойынша әдіскер-ғалымдардың зерттеулері, ғылыми еңбектері, педагогика, психология ғылымдарының соңғы жетістіктері басшылыққа алынды.
Зерттеу көздері ретінде: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын зерттеу мәселесіне қатысты философтар, психологтар, педагогтар, әдіскерлердің еңбектері, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, пәндік оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер, алдыңғы қатарлы ұстаздардың және автордың педагогикалық ғылыми іс-тәжірибелері алынды.
Зерттеу әдістері:
Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; бастауыш сыныптағы оқыту процесін бақылау; талдау, салыстыру, қорыту; педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижесін сұрыптау; диагностика жасау.
Зерттеудің теориялық мәні. Зерттеу жұмысында қарастырылған тұжырымдар мен мәселелер дүниетану пәнін оқытудың әдістемесін теориялық тұрғыдан толығып жетілуіне мүмкіндік береді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Жұмыста ұсынылған жаңа технологияны бастауыш сыныптарда дүниетану пәнін меңгертуде қолдануға болады. Жұмыста берілген сабақ үлгілері дүниетану сабағының сапасын арттыруға, оқушылардың білім деңгейін көтеруге, жаңа тақырыпты тез меңгеруге мүмкіндік береді.
Зерттеу базасы: И.Тайманов атындағы №27 орта мектеп.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Оқыту үрдісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың ғылыми-теориялық негізі
1.1. Педагогикалық технология туралы жалпы түсінік
XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді ойлап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі - ел алдыңдагы маңызы зор міндет.
Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік иновацияға көтерілетін білімді де, мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтык мәселе болған.
Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған, сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдері алдыңда тұрған аса маңызды міндет — талабы таудай жеке тұлғаны өсіріп шығару. Ал еш нәрсеге бейімділігі жоқ қабілеті жоқ адамның болмайтыны педагогикада дәлелденген.
Оқушы талантын тауып, дарынын дамытар жұмысты кіші жастан жүргізу керектігі айдай анық.
Жеке тұлға қалыптастыруда әр оқушының кабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп адам дәрежесін көтеру керек және жаңашыл жұмысқа бет бұру керек, ол үшін ұлттық мәдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы, халық мұрасын пайдалану арқылы намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, Отанын қорғай білетін азамат тәрбиелеу[12].
Сол үшін ұлттық мектебімізде жаңа білім беруде жаңаша әдіс-тәсілмен жүргізуіміз керек. Бірақ, мектептің түрін өзгерткеннен (гимназия, лицей т.б.) ойлаған мақсатқа жете алмаймыз.
Ондағы оқыту мазмұны, білім беру технологиясы баланың талантына, дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып, жеке тұлға қалыптастыруға бағытталу керек.
Қазіргі таңда педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болып, білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде.
Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгерген, онан соң оны оқу мазмұнына балалардың жас және психологиялық ерскшеліктеріне қарай пайдаланудың маңызы зор. Педагогикалық технология ұғыми іс-тәжірибемізде жиірек қолданылып, практикаға енуде.
Ал «технология» түсіндірмесін сөздікте қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амадардың жиынтығы, ал педагогикалык технология — педагогикалык мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті — деп В.Кларин айтып өткендей, педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Технология- оқыту мақсатына осы жүйенің меңгерілуіне қалай жету керек деген сұраққа жауап береді.Технология – алдын ала жоспарланған жүйені жүйелі іске асыруға бағытталған іс-әрекеттердің барысы және оның нәтижесіндегі көрсеткіші.
Ал педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі-бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістер құралдарының жиынтығы.
Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту практикада пайдалану. Педагогикалық технологияның негізі - саралап оқыту. Бұл бойынша оқушы білімді менгеру деңгейін төртке бөлуге болады. Бірінші төменгі деңгей - міндетті деңгей, қалғаны оқушы қабілетіне қарай игеріледі.
Сонда міндетті деңгейді мемлекеттік өлшем ретінде алсақ, білім берудің шығармашылық сипаты қалыптасады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология - оқушының шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиелік тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Мектептің ескі құрылысы мен білімнін жаңа мазмұнының арасындағы қарама-қайшылықты жою үшін жүйелі түрде саралап, білім берудің түпкі мақсаты өмірдің сан тараулы дамуын меңгеретін адамға табиғи мүмкіндігі негізінде дамыта тәрбиелеу.
Кез-келген елдің экономикалық қуат, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.
Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Экономикалық жағынан дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым мен мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр, ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын меңгеру міндетіміз.
Оқыту технологиясы - бұл оқытудың тиіміділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тәсілі. Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген.
1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология» дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі-бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана.
Педагогикалық технология - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру формасымен анықталады. [ 14].
Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері - қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Жаңа технология мен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтенттіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді қарастыру. Оның ғылыми - әдістемелік, оқыту-әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру тенологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу, өйткені оқыту-тәрбиенің негізі
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.
«Оқыту технологиясы» деген түсінік бүгінгі күні дәстүрлі педагогика көпшілік мақұлдаған түсінікке жатпайды. Юнесконың құжаттарында оқыту технологиясы оқытудың құрылу, қолдану және анықтау барысының жүйелі әдісі мен адамның қорлары, оның өзара қатысы болып табылады.Ол білім беру түрлерін оңтайландыруды өзінің алғышарт ы деп есептейді.
Бір жағынан, оқыту технологиясы – ол ақпаратын өңдеудің, ұсынудың, өзгертудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, ал екінші жағынан, оқыту үрдісінде оқытушының қажетті техникалық, ақпараттық тәсілдерді қолдана отырып, оқушыға әсер ету құралдары жайлы ғылым. Оқыту технологиясында оқу мағынасы, әдістерітәсілдері өзара тығыз байланыста болады.
Оқыту технологиясы жүйелі ұғым. Оның құрылымына мыналар кіреді:
-оқыту мақсаты;
-оқыту мағынасы;
-педагогикалық өзара қатынас құралдары;
-оқу үрдісін ұйымдастыру;
-оқушы, мұғалім ;
-іс-қимыл нәтижесі.
Педагогикалық технологияның мәні жайлы соңғы онжылдықта белгілі болып келген көптеген анықтамалар бар.
Технологияны – қандай да болсын істе, өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы( орыс тілінің түсіндірме сөздігі).
Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік,өңдеу тәсілдерінің жиынтығы,қалыпты өзгерту (В.М.Шепель)
- Оқыту технологиясы - дидактикалық жүйесінің құрамдас бөлігі [15] (М.Чашанов).
- Педагогикалық технология - әлеуметтендіру мен оқытудың түрлерін, әдістерін, құралдарын, тәсілдерін үйлестіретін, тәрбиелеу амлдарын анықтайтын психо-педагогикалық құрылымдардың жиынтығы: ол педагогикалық барыстың құралы болып табылады ( Б.Т.Лихачев)
- Педагогикалық технология - оқу процесін іске асырудың мағыналы технологиясы ( В.П.Беспалко).
-Педагогикалық технология – оқытудың жоспарлы нәтижесі процесін суреттеу
( И.П.Волков).
-Педагогикалық технология – оқушы мен мұғалімнің толық жабдықталған шарттарын қамтамасыз ететін оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ бірлескен педагогикалық іс-қимылдарының жан-жақты ойластырылған моделі ( В.М.Монахов). [ 16].
- Педагогикалы технология- білім беру түрлерін оңтайландыруды өзінің тапсырмасы ретінде қарастыратын техникалық және адамның қорларды есепке ала отырып,өзара бірлескен білімді меңгеру мен оқытудың барлық процесін анықтау, қолдану,құру тәсілдерінің жүйесі ( ЮНЕСКО).
-Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдерінің жүйелі жиынтығы мен ретінде жұмыс істеу ( М.В.Кларин).
- Педагогикалық технология- алдыңғы авторлардың барлық анықтамаларының мағынасын бойына сіңірген мағыналы қортындысы ( Г.К.Селевко) [17 ].
«Педагогикалық технология» түсінігі үш түрлі құбылыс ретінде ұсынылады:
- ғылыми;
- іс-жүргізу,суреттеу;
- ықпалды іс жүргізу.
Сонымен, педагогикалық технология оқытудың ұтымды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде жұмыс істейді және оқуда қолданылатын тәсілдер жүйесі ретінде, оқытудың шынайы барысы ретінде де қарастырылады.
Педагогикалық технологияның негізі болып педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік ғылыми жетістіктері, алдыңғы қатарлы педагогикалы тәжірибеде, халықтық педагогика, отандық және шетелдік педагогиканың өткенінің барлық жақсы жинақталғаны болып таблады.
Педагогикалық жүйенің табысты жүзеге асуы үшін оны құрайтын барлық нәрселердің тыңғылықты ойластырылуы қажет.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалану қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр.
Осыған орай, оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалынып, мектеп өміріне енгізілуде. Олар: Ш.А.Амонашвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», С.Н.Лысенконың алдына ала оқыту не «Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы», В.Ф.Шаталовтың интенсивті оқыту, яғни «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, П.М.Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы», В.М.Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы», т.б.
Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болъп табылады.
Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты мынадай ұстанымдардан құралады:
Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
Теориялық білімнің жетекші рөлі.
Оқу материалын жеделдете оқыту.
Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
Л.В.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргесі қаланады.
Мұғалім түсіндіруші, оқыту тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.Б.Элъконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы төмендегідей: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
Сондықтан, танымдық іс-әрекеті белгілі-бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұны, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етіп, орындалуы үшін төмендегі ұстанымдар жүзеге асыруы тиіс:
Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекеттерінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланылып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылық бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «Оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз «оқушы - мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы.
Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады.
Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушының өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар - әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушлардың өз бетішпе жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технология: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы,сын тұрғысынан ойлау технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.
Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты - талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиелеудің ажырамас бірлігі. Ынтымақгастық педагогикасының ерекшелігі - мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да субъект, мұғалім де субъект.
Оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас, ал оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.
Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А.Амонашвили. Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Проблемалы оқыту технологиясының негізгі мақсаты - оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін арттыру және оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәнге жеткізу.
Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Ф.Шаталов тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай мақсаттарын - білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету.
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері - үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту.
Әр оқушының жобасының жариялылығы түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясының авторы жаңашыл мұғалімдердің бірі С.Н.Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты - барлық баланы табысты оқыту. Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
- оқыту материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;
- саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;
- бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндете оңайлату әдісін - оза оқыту әдісін қолдану;
- сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады;
- бірте-бірте толық дербестілікке өту;
- сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру; түсінетін, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;
- оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;
- үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі;
- білім, білік, дағдыны дамыта меңгеру;
- түсіндіруді қабылдау.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясының негізіне әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен оқытуды оқушылардың әртүрлі топтардың ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау жатады.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясының ерекшеліктерін атап айтар болсақ, күштілер өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі де, ал әлсіздер өзін-өзі сьнап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады; әлсіз топтарда оқуға деген ынта артады; білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында аздап жеңілдейді.
Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы мынадай ерекшеліктерімен - білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт, білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау тиіс, оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру, оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігімен сипатталады.
Модельдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген оның мақсаты - оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.
Модельдік оқытудың өзегі - оқу моделі. Оқу моделі - ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны іскер мұғалімнің нұсқауларынан, оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.
Модульдік оқыту - білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңдағы педагогика ғьлымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Ал жаңа педагогикалық технологиялар білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері жиынтығын қорғайды.
Оқыту технологиясын жетілдірудің педагогикалық бағыты негізгі ой-тұжырымдары бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу, оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту болып табылады. [ 18].
Педагогикалық техногогияны қолдану білімді сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларға ірге болуға нақты негіз болып, әрбір мектепке өзіндік тұлғасын табуға, әрбір мұғалімге өзіндік әдістемелік жүйесін құруға себептігін тигізеді.
Оқытудың нәтижелі болуы оны ұйымдастыру әдістеріне және бастамашылдыққа жаңа педагогикалық инновациялық әдістемелікке байланысты. Өйткені, ХХІ ғасырдағы технологиялардың соншалық жылдам қарқынды дамуы адамзат өмірінде болып көрмеген шапшаңдықты талап етеді.
Қазақстанның бұрынғы жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі, қоғамдық құрылыстың күрт өзгеруі білім беруді уақыт талабына сай үйлесімді құрып, оның әлемдік деңгейдегі мәжеге сәйкестікте оқытудың екі бағдарда өріс алуы.
Дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау.
Оқыту үрдісіне инновациялық оқыту енгізу.
Бұл жүйелерді таратып айтсақ, дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау оқушыға берілетін білім мен игерілуге тиіс ұғым-түсінікті меңгеру, уақытқа үйлесімді жетілдіріп жаңа педагогикалық технологияға сәйкес дамыту.
Иновациялық оқыту: оқушының мүмкіндігі мен шамасына қарай мәселенің байыбына барып, үлгі көрсетер өнегелеріне еліктеп, тағылымдық жолдарын қабылдау, оған шығармашылық тұрғыдан пайымдау жасауға үйретуЖаңа технологияның принциптері - оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.
Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруде педагогикалық кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, олардың зерттеушілік жұмыстары, шығармашылық іс-әрекеттері пайдаланылады.
Оқытудың жаңа технологиялары мұғалімнің алдына төмендегідей міндеттерді қояды:
- педагогикалық қызметтің өзекті мәселесін білу;
- оқу бағдарламасының түрлендірген нұсқауларын кұрастыру;
- оқу модулін құрастыру;
- оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;
- оқушылардың жаңа материаларды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау;
- оқу-әрекеттерінің материалдарьн іріктеп ала білу.
Осы аталған оқыту міндеттерін мұғалім меңгеруі үшін, ұстаздар қауымымен төмендегідей педагогикалық жұмыстар жүйесі жүргізілуі керек:
а) проблемалық-рөлдік ойьн;
б) рефлексивті-рөлдік ойын;
в) панорамалық сабақгар;
г) педагогикалық ринг;
д) педагогикалық идеялар аукционы;
е) ашық сабақгарға кіру, талдау және т.б.
Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты - оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өзбетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.
Жаңа оқыту технологияларының мәні – шығармашылық қабілет, дербестік, ізденімпаздықтың дамуы үшін жағдай жасау. Оқу әрекетінің шығармашылық әрекеттен айырмашылығы: ол баланың өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс- тәсілдер іздейді. Проблеманы жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады. Баланың білімін тереңдетуде шығармашылығын , еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарлату барысында жаңа оқыту технологияларының алатын орны ерекше. Жаңа технологиялар баланы тек үйренуші ғана емес өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесіне дейін тәрбиелеуді мұрат тұтады.
«Инновация» термині жаңашылдық, өзгеріс, қандай да жаңалық ендіру дегенді аңдатады. Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу және тәрбие жұмыстарымен мұғалім және оқушының бірлікті іс-әрекеттерін ұйымдастыру мақсаттарына, мазмұнына, әдістері мен формаларына енген, енетін жаңалықтардан хабар береді.
Инновациялық процесс нәтижесі – қолданымға енген теориялық та, практикалық та жаңа идеялар. Мұғалім бұл орайда жаңалық авторы, дайындаушысы, зерттеушісі, пайдаланушысы және насихаттаушысы сипаттарын бірдей алады [7].
Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың бірі – сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |