Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 мамандығы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»


Дүниетану сабағында стратегияларды тиімді қолдану кестесі



бет4/7
Дата14.04.2020
өлшемі0,7 Mb.
#62514
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Абилова Орынгуль Асылбековна


Дүниетану сабағында стратегияларды тиімді қолдану кестесі


Тақырыппен

танысуда



Тақырыпты бекітуде


Шығармашылық жұмыстар

INSERT, ББҮ, талқылау кестесі, ой қозғау, ой жинақтау, ой талдау, топтастыру, түртіп алу, болжау, сұрақ қою, бағытталған оқу т.б.

5 жолды өлең, эссе, негізгі идеяны суреттеу, галереяны шарлау, кубизм, кезекпен қайта – лау, т.б.


Автордың орындығы, жолаушының қойын дәп- тері, венн диаграммасы, оқырманның жауабы, біреу топта, қалғаны қонақта, т.б.

Іс – тәжірибеде стратегияларды қолданудың тиімді жолдарын осы кесте арқылы жүзеге асыруға болады. Себебі, әр жұмысты орындатудың белгілі бір ережелері болады. Сондықтан, әрбір жұмысты жүзеге асыру барысында, ең алдымен стратегияларды дұрыс таңдап алу қажет. Таңдалынған стратегия оқушының танымының дамуына өз әсерін тигізуі шарт. Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу мәнерін өзгерту деп білемін.

Стратегияларды әр сабақтың мақсат – міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты. Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына, тілдік әрекетке өзгеріс енгізуге болады. Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады. Оқушыны жаңашылдыққа ұмтылуға бағыттайды, ой әсемділігін мәнерлі сөзбен жеткізу көзделеді.

Сурет – 5 Дүниетанымын дамыту схемасы:


1

Тақырып немесе үйренетін нәрсе.

2

Ойына шек келтірмей, тақырыпқа сай жауап жазуға үйрету.

3

Бақылау тапсырмалармен жұмыс.

4

Білімін жүйелеуге үйрету.

5

Стратегиялары: еркін жазу, эссе, автордың орындығы, топтастыру, салыстыру, венн диаграммасы.

6

Өз көзқарасын дәлелдеу.

7

Ойын ашық жазу.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

2. Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

3. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдау.

5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.

6. Оқушылардың бір – бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушының осыған байланысты:

- сенімділікпен жұмыс жасау;

- бар ынтасымен оқуға берілу;

- пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

- өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

- Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

- Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?

- Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. [29]

Сурет - 6 Сабақ жоспарының құрылымы






Оқушы шығармашылығы

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны

тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.

Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.

Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.

Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:

Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарында білім беріп, икем – дағды қалыптастырып қана қоймай, ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттер арқылы оқушы болашағына ықпал етіп, оның өз білімін жетілдіре отырып, өзін - өзі тәрбиелеп дамытуына жағдай жасауға болады. Әр оқушының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез – келген сабақтың дамытушылық және тәрбиелік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану осы жүйені қолдану барысында ойдағыдай жүзеге асырыла бастады. “Бір сабақта білім беремін, келесі сабақта тәрбиелеймін, ал мазмұн тәрбиелейді” деген түсініктердің қате екеніне осы бағдарлама біздің көзімізді толық жеткізді. [7]

Бала жетістіктерге жеткенде, мұғалім бұларды жаңа бағдарларға кеңейту үшін бірқатар жолдарды таба алады. Балалар зерттеу әрекетімен айналысып жатқанда, мұғалім мынадай сұрақтар қоя алады: “Бұл неге солай екен?”, “Бұнда не болып жатыр деп ойлайсың?”. Бұндай сұрақтар балаларға өз ойлары жөнінде толғануға және өз болжамдарындағы қайшылықтарды көруге көмектеседі. Балаларды бақылау барысында олардың қиналып отырғанын көріп, мұғалім оның қасына барып, олармен сөйлесе отырып, оларды әлі өз бетімен істей алмайтын істеріне апарады. Мұғалім – бақылаушы шешуге көмек беретін күрделі ситуацияларда, олардың түңілген сәттерінде де болуы мүмкін және олардың тілдерін кеңейту мен тұжырымдауға бағыт алады.

Мұғалім балалардың өзге балалармен өздігінен бірлесіп білім алу біліктеріне сенім білдіруі керек. Тілді зерттеу тәуекелшілдікті талап етеді. Мұғалімдер өздерінің кәсіптік байымдауларына сеніп және балалардың қабілеттерін құрметтей білгенде нәтиже оқу курсының тәжірибелік бөлігі ретінде келеді. Осындай қорғаныс сезімімен мұғалімдер балаларды бақылауға кірісе алады және тілді оқып білуде оқушы мен мұғалім келесе деңгейге көтерілуіне негіз болатын көп алғашқы баспалдақтарды қамтитын балалармен бірлесе одақ құрады.

Мұғалім жұмысында көбіне топтық, жеке жұп бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мұғалім әр оқушының білім алуға бағытталған іс - әрекетін бақылай және мөлшерін анықтай алады. Оқушы жұмыстары жеке жинақ папкаларда көрсетіледі. Ұстаз тек бағытаушы ретінде қызмет жасайды, оқушылар жаңа сабақ, ақпараттарды өз бетінше меңгереді. Ойлау қабілеттері әлдеқайда жоғарылайды. Сабақ үстінде тәртіп мәселесі де өз орнын тауып кетеді. Өйткені қызығушылықпен жұмыс істеп жатқан баланың бұрылуға шамасы келмейді. [37]

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің ролі қандай дейтін болсақ, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу ісін ұйымдастырушы деуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет