«Еркін жазу» - оқушылардың қабілет ерекшелігіне, психикалық жағдайына тікелей әсер ететін стратегия. Бұл стратегия ойды жүйелеп, оқушыны нақтылыққа баулиды. Яғни оқушылар 5 минут ішінде берілген тапсырма бойынша ойларына келген пікірлерін жазады, оны өзінің жанында отырған оқушымен бөліседі және оқиды. Қалған оқушылар мұқият тыңдап отырып, сұрақ қояды, талқылайды және бағалайды. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б.жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
«Венн диаграммасы» - бұл жеке өздеріне тән ерекшеліктері және артық ерекшеліктері бар екі пунктті салыстыру үшін қолданылады. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Сурет -3 Күрделі ойлау операциясын меңгеру жолы
Бұрынғы Жаңа
білетін нәрсе ақпарат
«Бес жол өлең» стратегиясы – ақпаратты жинақтау қабілеттілігі, аз ғана сөзбен күрделі ойын, сезімін, үмітін білдіру. Бесжолдық өлең тақырыпты ашу керек, сондықтан ол ақпараттың талданғанын және материалдың аз сөзбен көп ойды білдіретіндігін талап етеді. Бұл стратегия мынандай жолдардан тұрады:
1 - жол- тақырыпты білдіретін бір сөз (зат есім),
2 – жол екі сөз, тақырып мазмұнына байланысты (сын есім),
3 – жол- үш сөз тақырып бойынша іс-әрекет,
4 – жол- тақырыптағы сөзден тұрады, яғни зат есімге мағыналас сөз,
5 – жол- тақырыптың болмысын білдіретін бір сөйлем.
«Кубизм» стратегиясы да оқыту стратегиясына жатады. Кубизм тақырыпты түрлі қырынан қарастыруға көмегін тигізеді. Онда ойлау, жазу, оқу әрекеттері қатар жүреді. Бұл әдіс мына жүйе бойынша жүзеге асырылады: суреттеңіз- салыстырыңыз- зерттеңіз- ойыңызды айтыңыз- қолданыңыз- талқылаңыз- шешім қабылдаңыз- жауап беріңіз. «Кубизм» стратегиясында кубиктің әр қырына сөз орына шартты белгілер немесе суреттер қолданылады. «Кубик» деген бұл жағдайда фигураның атауын емес, оқытудың кезеңдері мен сатыларын, объектіні танудың, тақырыпты ашудың жол көрсеткішін, алгоритімін бейнелейді. Геометриялық фигура ретінде кубиктің алты қыры бар. Әр қыр таным әрекетінің бір сатысына сәйкес келеді. Мәселен,
1 – қыр. Сипаттаңыз. (Қараңыз, еске түсіріңіз. Бұл қалай көрінеді, оны қалай тануға болады).
2 – қыр. Салыстырыңыз. (Объектіні немесе салыстыруға болатыны алдын – ала анықталып, салыстырмалы сипаттама жасалады. Салыстыратын объектілердің ортақ сипаттары мен айырмашылықтары болуы қажет ).
3 – қыр. Ассоциация құру. (Еркін ойлап, осы объектінің қандай бейнелер туғызатынын анықтаңыз ).
4 – қыр. Талдау жасаңыз. (Құрамдас бөліктерге бөліңіз, құрылымдық байланысты анықтаңыз, оның қалай әрекет ететінін айқындаңыз ).
5 – қыр. Ұсынысыңыз. (Бұны қалай қолдануға болады? Осы жөнінде ойыңыз ? ).
6 – қыр. Дәлелдеңіз. (Қолдау – қолдамау туралы ойыңызды білдіріңіз. Бұл зерттелген объектіге баға беретін деңгей).
«Аралас кезең» стратегиясы – қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылады. «5 минуттық эссе» - оқушылардың ой-өрісінің даму деңгейін көтеру әдісі.
«Көрнекілік» стратегиясы – баланы ойландырып сөйлету, нақты құбылысты көзбен көрсету, қолмен ұстату[8].
«Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы – шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы қасиеттерін сипаттауға көмектеседі.
Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі – INSERT стратегиясы – оқушылардың оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, өз көзқарасын білдіруге ұтымды тәсіл.
Мұнда шартты белгілер арқылы оқытылады және оқушылар материалды немесе жаңа тақырыпты өз бетімен меңгереді.
Сурет -4 INSERT стратегиясы
Мұндағы,
«V» - егер оқушы мәтінде берілген мәлімет таныс болса, сол тұсқа осы белгіні қояды.
«+» - бұл мәлімет оқушы үшін жаңалық.
«-» - бұл оқушы білетін мәлімет сәйкес емес деген сөз.
«?» - бұл жердегі мәлімет оқушы үшін түсініксіз, сұрақ туады.
«Жолаушының қойын дәптері» стратегиясы – бұл әдіс оқушының сын тұрғысынан ойлауын, тілін дамытады. Оқушылар көптеген құбылыстарды көріп, оны ой таразысына салуға үйренеді. Онда қолданылатын сұрақтар:
- Не елестеттіңіз ?
- Нені байқадыңыз ?
- Неге назар аудардыңыз ?
Семантикалық карта. Семантикалық карта бір тақырыпты аяқтағанда, не бір бөлім немесе тарау бойынша алған білім, білік, дағдыларын бақылау, есепке алу мақсатында өте қолайлы. Ол арқылы балалардың осы тарау бойынша қай жерінен қандай тақырыптан ақсайтынын немесе жақсы білетінін анықтауға болады.
«Сурет салу» стратегиясы – оқушылардың шығармашылығын шыңдау, суреттеген оқиғаны немесе құбылысты еркін айтып беру үшін және олардың тілін дамытуда қолданылатын стратегия. Мына сұрақтар негізінде жұмыс талданады:
- Идеялар қайдан келді ?
- Қаламды кім ұстады ?
- Суретті кезекпен салдыңдар ма?
- Келісімге келу жолын айт.
Біз жобадағы әдістердің тек бірнешеуін ғана сөз еттік.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.
«Сын тұрғысынан ойлау» жүйесінің стратегияларымен жұмыс істеген оқушылардың табысы [28]:
1. сабақты түрлендіре біледі;
2. оқушылар арасында еркін сөйлейді;
3. өзіне деген сенімділік;
4. пікірталас жүргізе білу;
5. өз ойын жинақтай білу;
6. сабақта белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істей білуінен көрінеді.
Сабақта оқушылар өз мүмкіндігіне қарай жоба жасай отырып, басқа оқушыларды ынталандыруға үйретеді. Ол өзін-өзі ұйымдастыруына, сабақты мақсатты түрде құруға және шығармашылықпен еркін жұмыс істей білуге дағдыландырады.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, ол шыңдалған ойлау, яғни оқушы ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеудің, ой - өрісін кеңейтудің, еркін ойлаудың, шығармашылық қабілетін шыңдаудың бір амалы. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Бастауыш сыныпта сын тұрғысынан ойлау технологиясын
қолданудың әдістемелік аспектілері
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану сабағында сыни ойлауын қалыптастыру жолдары
Бастауыш мектепте «Дүниетану» пәні «Жаратылыстану» білім саласына жатады.
«Дүниетану» пәнінің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;
күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;
«адам – табиғат» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;
танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;
картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды көрсетуге үйрету;
тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;
танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;
бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;
адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту;
жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
2014-2015 оқу жылында «Шетел тілі» пәнінің 2-сыныпқа енгізілуіне байланысты «Дүниетану» пәнінің апталық оқу жүктемесі: 1-2 сыныптарда аптасына 1 сағатпен оқытылады; 3-4-сыныптарда аптасына 2 сағатпен оқуды жалғастырады.
«Дүниетану» пәні негізінен үш бөлімді: «Адам», «Табиғат», «Қоғам» обьектілерін бірлестіретін пән болып табылады.
«Дүниетану» пәні оқушылардың «Адам-қоғам-табиғат», олардың байланысы туралы білім беру арқылы қоршаған ортадағы баланың өз орнын ұғынуына көмек, негізгі және орта мектептерде оқылатын жаратылыстану пәндерінің алғашқы бастамасы, пәнді меңгеруге дайындау мақсатын көздейді.
Дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымына көмегін тигізетін сезім мүшесі сыртқы дүниені қабылдайды. Дүниені тұтас бірлікте сезініп, қабылдау нәтижесінде оның санасында білім қоры жиналып, ой өрісі кеңейеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының дүниетану сабағында сыни ойлауын қалыптастыруға толықтай негіз бар.
Дүниетану сабағын оқытудың сапасын одан әрі жетілдіру бүгінгі күннің талабы. Оқушылардың дүниетанымын дамытып, сыни ойлауын қалыптастыруда дүниетану пәнін оқытудың мәні ерекше. Өйткені, осы жобаның стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың ой - өрісі дамып, өзіндік көзқарасы қалыптасып, ең бастысы танымы дамып, сыни ойлауы негізінде жұмыс жасауға мүмкіндік мол.
Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттер қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табудың қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар, басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі. Тәжірибеде осы тұрғысынан ойлауға жетелеу негізінен үш бөліктер тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады. [ 29].
Бастауышта сәтті сабақ белгіленген мақсатқа жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатын үрдіс. Оқыту үрдісінде оқушылардың өз бетімен білім алуға дағдыларын қалыптастыруда аталған бағдарламаның өзіндік құрылымы бар. Олар: қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Қызығушылықты ояту.
Үйрену процесі - бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», « Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екенә даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірті-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.
Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – «білемін», -- «мен үшін түсініксіз», +- «мен үшін жаңа ақпарат», ? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. [ 30].
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы- ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әртүрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау арқылы дүниетану сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтауға болады.. Мазмұнға байланысты міндеттер: 1. Әңгімені оқып танысады. 2. Мазмұнын ашады. 3. Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты.
Шәкірттер білімінің сапалы болуы сабақ жүйесіне, әр сабақтың ішкі мүмкіндігіне, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеп, біліктері мен дағдыларын іскерлікпен дамытуға байланысты.
Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік бар. Бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе білу. Сабаққа бөлінген уақытты тиімді пайдалану мұғалімнен ерекше шығармашылық жұмысты, зерделі еңбекті талап етеді. Бұл - заман талабы. Өйткені, бүгінгі таңда білім берудің озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан – жақты болу мүмкін емес. Заман ағымына сай ХХІ ғасырдың озық ойлы, саналы азаматтарын оқытып, тәрбиелеп шығару үшін ұстаздардың өзі көп ізденуі керек.
Осы мақсатта біз “Сын тұрғысынан ойлауды дамыту” жобасының маңыздылығы, пайдасы зор деп ойлаймыз.
Осы әдістеменің негізгі қасиеті: оқушыға тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденгіштігін, байқампаздығын дамытып, жеке тұлғаны тәрбиелеу деп есептейміз.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір - түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізгі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез – келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос - Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. [
Оқушылардың өз бетінше, дербес ізденуіне жол ашатын, шығармашылық жұмысқа баулитын тәсілдердің бірі – сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Бұл технология “нені дамыту керек?” деген сұрақтарға жауап іздеттіреді. Атап айтқанда:
1. Сезім, түйсігін;
2. Қабылдауын, ынтасын;
3. Зейінін, еске ұстауын;
4. Ұғынуын;
5. Ойлау, қиялдау, болжау қабілетін;
6. Ерік – қайратын;
7. Оқу іс - әрекеттерін, дағды машықтарын;
8. Жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденісін дамыту. [ 32].
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы біріншіден, өтілгелі отырған оқу материалының негізінде, оның басты ерекшелігіне байланысты жүзеге асады, екіншіден, оқу мақсатын шешу кезінде, яғни, мұғалім мен оқушы іс - әрекетінің негізінде жүзеге асады. Бұл процесте оқушы белсенді субьектіге айналады да, ал мұғалім көмек беруші, ұйымдастырушы, бағыт беруші деңгейінде болады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе – теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан – жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы оқушымен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау мәселесіне байланысты өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айту, ойын жеткізу, оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдау, сол пікірлерді салыстыру. Басқалармен жұмыс істеу сәтінде (топтасу сәтінде) бірлесіп жұмыс істеу, қасындағы досына құрметпен қарау, зер салып тыңдау, мәденниетті, батыл сөйлеуге, топпен ортақ тұжырымға келуге мүмкіндік алу. Оқушыларды қауымдасып жұмыс істеуге жетелейді, оқушылардың қызығушылығын оятады. Оның ішінде ерекше бір жағдай: сынып бойынша көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен оқушылардың да қызығушылығы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы байқалады.
Сын тұрғысынан ойлау – сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Сынып оқушылары топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді. Сұрақтарға тынымсыз іздене отырып, өз ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Оқушы санасына сәуле себер түсінік пен ұлағатты ұғымды қалыптастырып, білімді жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда “Сын тұрғысынан ойлауды дамыту” жобасының ерекше екендігін сабақтарға қолданғаннан байқауға болады.
Бұл жобаны оқытудағы үш маңызды нәрсе:
1. Сапалы білім.
2. Шығармашылық қабілетін арттыру.
3. Уақытты ұтымды пайдалану.
Осы жобаны оқыту процесінде жақсы оқушының үш түрлі артық қасиеті байқалды:
1. Зеректігі.
2. Зейінділігі
3. Қызығушылығы (ойын толық жеткізуі).
Оқушыны ойландыру үшін жасалынылатын тиімді әдістер:
1. Сұрақты нақты, дәл қою.
2. Қызықтыра білу.
3. Шығармашылық жұмыс.
Бұл жоба кез – келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік береді.
Өмірде , оның ішінде, педагогикалық қызметте мол тәжірибе жинау – ең қиын жұмыстардың бірі. Жобаның тәсілдерін жақсылап меңгеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат – міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы стратегиялардан тұрады. Бастауыш сынып сабақтарында пайдаланатын стратегиялар түрі:
1. Негізгі ойды суреттеу
2. Топтастыру
3. Бес жол өлең
4. Эссе жазу
5. Болжам кестесі
6. Галереяға саяхат
7. РАФТ
8. Блум жүйесі
9. ЖИГСО - 1
10. ЖИГСО - 2
11. Қазымыр оқушы
12. Автор орындығы
13. Инсерт
14. Венн диаграмма
15. Кубизм
16. Бағытталған оқу
17. Кідіріспен оқу
18. Әдебиет үйірмесі
19. Жол қалдырып жазу
20. Қос жазба күнделік
21. Авторға сұрақ қою
22. Үш қарамды сұхбат
23. Әлемді шарлау
24. Ой қозғау
25. Оқиға желісі
Аталған стратегияларды пайдалануда ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастайды. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айтады.
Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой - толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде негізгі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.
Жоғарыда аталған бастауыш сыныпта қолданылатын стратегиялардың ішінен дүниетану сабағында пайдаланылатын бірқатар стратегияларды іріктеп алуға болады.
Венн диаграммасы бойынша оқушылар кейіпкерлерді, жануарларды салыстырады. Бұл стратегияларды сабақта қолданып, белгілі бір нәтижеге жету үшін мұғалім сабақ жоспарын құру барысында қай жерде қай стратегияны қолдану жолдарын, тапсырманы дұрыс ұйымдастыру жолдарын қарастыруы тиіс. Тапсырманы оқушылардың жас ерекшелігіне қарай нақты беруге тырысу керек. Әр стратегияға уақыт өлшеніп берілуі тиіс. Жүйелі, толық жауап алу үшін оқушыларға нақты уақыт беріп, қысқа әрі нұсқа сөйлеуге немесе жазуға, өз ойларын ашық, еркін беруді талап ету керек. Оқушылардың арасында бас кезде сәл қиналып, ойларын жинақтай алмай, біраз әбігерге түсетіндері бар. Жаттыға келе кейін үйреніп, бұл стратегияларды тез меңгеріп алады.
Топтастыру стратегиясы.
Топтастыру – оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқыту стратегиясы. Бұл - жаңа идеяларды жинақтап бір - бірімен сабақтастыру үшін қажетті құралым. Топтастыру қызықтыруды ояту үшін, ой тудыруды күшейту үшін қолданылады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарында мына мәселелерге назар аударылады:
- Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.
- Қиялын дамыту үшін “менің ойымша” деген жауапқа дағдыландыру.
- Әртүрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамай.
- Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.
- Жеке тұлға ретінде “мен” деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру. - Баланың дүниетанымы кеңіп, рухани өсуіне әр сабақта жағдай жасау. - Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау. []
Алғашқы білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Ең бастысы, оқушыға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, талдау жасауға, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, жүйелі, сауатты сөйлеуге баулиды. Сол себепті, осы қолданып отырған технологияның басты мақсаты – оқушыны оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жұмыс жасату барысында танымын дамыту болып табылады. Ал, шығармашылық дегеніміздің өзі – адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Тілді дамыту – шығармашылық бағытта жұмыс жасау, оқушылардың дұрыс, сауатты, еркін сөйлеулеріне жағдай жасау. [ 33].
Ұлы педагог К.Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда: «... кімде – кім оқушының тіл қабілетін дамытқысы келсе, алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс деген». Иә, әрине оқушы ойын ұштамай, оның тілін дамыту мүмкін емес. Сондықтан әрдайым ой дамытуды – танымын дамытумен ұштастырып отыру керек. Оқушының ойын, қиялын, танымын дамытуда – сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын дүниетану сабақтарында пайдалану тиімді.
«Кез келген технология мұғалімнен терең теориялық білім, үлкен педагогикалық шеберлік, баланың жан дүниесін түсіне білетін психолог болуды талап етеді», - деп Ж. Аймауытов айтқандай [12], ең алдымен мұғалім оқушыға берілетін білімнің қаншалықты мағыналы, мәнді, сапалы екендігіне көз жеткізіп алуы қажет. Осыған орай, мен мына сауалдарға жауап іздедім: жаңа технологияны қалай қолдану тиімді, қандай стратегияны басшылыққа алу керек, сабақты жүргізуде ең тиімді әдіс – тәсілдерді таңдау, ең бастысы осы стратегиялардың оқушы танымын, шығармашылығын,қызығушылығын дамытуда алатын орны ерекше.
Бұл жобамен оқытқан мұғалім мына төмендегі стратегияны жасай алуы шарт:
- Оқыту мен үйретудің үш деңгейін түсіне және суреттей алатын болу шарт.
- Әр түрлі оқыту стратегияларын (сабақтың) ұтымды жерлерінде орынды қолдана білу.
- Сабақ үстінде оқытудың әр түрлі стратегиясын таныстыра білу керек.
Сабақ жүргізбес бұрын, сабақтың басында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына байланысты мына ережелер еске түсіріледі:
1) Біреу сөйлегенде сөзін бөлме.
2) Басқаның пікірін тыңда.
3) Біз үшін барлық пікір дұрыс.
4) Барлық тапсырмаларды мүлтіксіз орында.
Сабақ барысында бұл ережелерді оқушыларға орындату, сабақтың жақсы өтуіне, оқушылардың білімді сапалы, саналы меңгеруіне септігін тигізеді.
Түрлі стратегияларды сабақтың үш кезеңінде тиімді қолдану оқушылардың алған білімін дәлелдеуге, талдау жасауға, өз ойларын еркін жеткізе білуге, тақырыпты ашуда көп септігін тигізеді. Сабақтың әр кезеңінде стратегияларды дұрыс пайдалану қажет. Себебі, орынды пайдаланған әдіс мұғалімге де, оқушыға да өз жетістігін берері сөзсіз. [34]
Кесте- 2.
Достарыңызбен бөлісу: |