2.2 Бастауыш сыныпта сын тұрғысынан ойлау технологисын қолдану экспериментінің нәтижелері.
Бастауыш сыныпта сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып дүниетану пәнін оқыту өзіндік ерекшелігі бар педагогикалық үрдіс. Бұл бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану ғылымдарының алғашқы сатысын, өзін қоршаған дүниені қабылдау және білімді, икемділіктері мен дағдыларын меңгерумен байланысты сипатталады.
Зерттеу жұмысында аталған өзекті мәселелер жан-жақты сараланып, нәтижелері тәжірибе жүзінде тексеруді талап етті.
Жалпы орта білім беретін мектептерде бастауыш сыныпта сын тұрғысынан ойлау технологисын қолдану жөніндегі жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың басты міндеттері мынадай мәселелерді анықтауды қамтыды: жаңа технологиялардың теориялық негізімен танысу; сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшелігін айқындау; сын тұрғысынан ойлауды дамытуды дүниетану пәнін оқытуда қолданудың тиімді жақтарын көрсету; сын тұрғысынан ойлауды дамытуды дүниетану пәнін оқытуда қолдану арқылы қол жеткен нәтижелерді көрсету.
Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары Атырау қаласының И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің сыныбында жүргізілді.
Тәжірибелік – педагогикалық эксперимент екі кезеңнен тұрады:
Анықтаушы эксперимент
Қалыптастырушы эксперимент
Анықтаушы эксперименттің мақсаты:
- Дүниетану пәні бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.
Анықтаушы эксперимент міндеттері:
- анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау;
- анықтаушы экспериментті тәжірибеден өткізу;
- тәжірибені қорытындылау.
1- Әдістеме. Сауалнама
1. Адам өміріне қажетті жағдайларды атаңыз
А) ауа,жылу, су, жарық
Ә) өсімдік, ағаш
Б) жануар, қалам
В) көлік, кітап
2. Жылдың неше мезгілі бар?
А) 3
Ә) 4
Б) 5
В) 12
3. Бу қайдан пайда болады?
А) оттан
Ә) бұлттан
Б) судан
В) ағаштан
4.Таза суды қалай сипаттайсың?
А) қоңыр, газды
Ә) ақ, лайлы
Б) көк түсті
В) түссіз, мөлдір
5. Топырақ дегеніміз не?
А) жердің астыңғы қабаты
Ә) әктас
Б) саз
В) жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ, жұмсақ қабаты.
6. Өсімдік - ....
А) өлі организм
Ә) егістік жер
Б) тірі организм
В) көлшік
7. Өсімдік өсу үшін не керек?
А) газ,су
Ә) ауа, су, жылу
Б) саз, бұта
В) ай, жұлдыз.
8. Өсімдіктің көбеюі дегеніміз не?
А) тұқым жаю
Ә) тірі табиғат
Б) өлі организм
В) көбеймейді.
9. Тамыр дегеніміз не?
А) Өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі
Ә) минералды тұздар
Б) ағаштың жапырақтары
В) гүлдердің тұқымы
10. Судың өсімдікке қандай пайдасы бар?
А) адамға ғана пайдасы бар
Ә) пайдасы жоқ
Б) өсімдіктің өсуіне
В) жануарларға ғана пайдалы
11. Шөлге шыдамды жануар
А) қой
Ә) түйе
Б) қолтырауын
В) жолбарыс
12.Табиғат нешеге бөлінеді?
А) 1
Ә) 5
Б) 4
В) 2
Кесте 3. 1-әдістеменің қорытындысы
Тест тапсырмасын дұрыс орындағандар
|
Тест тапсырмасын дұрыс орындамағандар
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
14
|
58,3%
|
10
|
41,6%
|
Кейбір оқушылар тест тапсырмасын орындағанда қателесті.
2- Әдістеме
1-тапсырма «Табиғат» сөзін топтастыру
2-тапсырма Венн диаграмманы толтыру
Өсімдік Жануар
3-тапсырма Сурет бойыша әңгіме құрастыру
2-әдістемені қорытындылауда өте жоғары, жоғары, орташа деңгей көрсеткіштері негізге алынды:
өте жоғары деңгей – 30 ұпай, яғни тапсырманы толық орындағандар, 1-2 стильдік қатесі бар;
жоғары деңгей – 20 ұпай, яғни 3 тапсырманы да орындаған, бірақ 3-4 стильдік қатесі бар;
орташа деңгей – 10 ұпай, яғни екі тапсырманы дұрыс орындаған, бір тапсырманы дұрыс орындамаған.
Кесте 4. 1 - тапсырманың нәтижесі
Өте жоғары деңгей
|
Жоғары деңгей
|
Орташа деңгей
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
8
|
33,3 %
|
7
|
29,1%
|
9
|
37,5%
|
Кесте 5. 2- тапсырманың нәтижесі
Өте жоғары деңгей
|
Жоғары деңгей
|
Орташа деңгей
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
7
|
29,1%
|
9
|
37,5%
|
8
|
33,3%
|
Кесте 6. 3- тапсырманың нәтижесі
Өте жоғары деңгей
|
Жоғары деңгей
|
Орташа деңгей
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
8
|
33,3%
|
7
|
29,1%
|
9
|
37,5%
|
Кесте 7. Берілген 3 тапсырманың қорытындысы
Өте жоғары деңгей
|
Жоғары деңгей
|
Орташа деңгей
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
8
|
33,3%
|
7
|
29,1%
|
9
|
37,5%
|
1-тапсырма бойынша қорытынды жасайтын болсақ, «Табиғат» сөзін топтастыруда 8 оқушы өте жоғары деңгейде, ал 7 оқушы жоғары дейгейде , 9 оқушы орташа деңгейде тапсырманы орындады. 2-тапсырма бойынша венн диаграмманы өте жоғары деңгейде 7 оқушы, жоғары деңгейде 9 оқушы, 8 оқушы орташа деңгейде орындады. 3-тапсырма сурет бойынша әңгіме құрастыруда 8 оқушы өте жоғары деңгейде орындаған. Мәтіні толық, сөйлемдері бір-бірімен байланысқан, жүйелі түрде құраған. 7 оқушы жоғары деңгейде , ал 9 оқушы орташа деңгейде құраған. Сөйлемдері толық емес. Демек, оқушылардың дүниетану пәнінен қызығушылықтары төмен дәрежеде.
Анықтаушы эксперимент қорытындысы (эксперимент сыныбы -2 «ә»).
Кесте-8 Бақылау сыныбының нәтижесі
Өте жоғары деңгей
|
Жоғары деңгей
|
Орташа деңгей
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
9
|
37,5 %
|
7
|
29%
|
8
|
33,3%
|
Салыстырмалы көрсеткіш
Қалыптастырушы эксперименттің мақсаты: дүниетану сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарын тәжірибеге енгізу.
Қалыптастырушы эксперименттің міндеттері:
Қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, тәжірибеден өткізу, қорытындылау;
Оны анықтаушы эксперименттің қорытындысымен салыстыру;
Жалпы қорытынды жасау;
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, сабақ жоспарлары құрылды:
Достарыңызбен бөлісу: |