Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 мамандығы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»


Сын тұрғысынан ойлау технологиясы және оның ерекшелігі



бет2/7
Дата14.04.2020
өлшемі0,7 Mb.
#62514
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Абилова Орынгуль Асылбековна


1.2 Сын тұрғысынан ойлау технологиясы және оның ерекшелігі
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде.

Ондай мәселелердің бірі – бастауыш мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі – оқушыны оқыту, білім беру үрдісін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін пайдалану. Осыған орай жалпы білім беру реформасын жасау қажеттігі туып отыр. 

Бастауыш мектепте саналуан технологиялар қолданыс таба бастады. Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы ерекше басымдыққа ие болып отыр.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғамы институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.

Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.

RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақтың мақсаты:

а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;

б) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу;

в) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру.

«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау – ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану. Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен.

Ал Америка профессоры Дэвид Клустердің "Сыни тұрғыдан ойлау - бұл біздің 21 ғасырға жетуімізге мүмкіндік беретін ерекше қабілет", - деген [2].

Сыни ойлау төрт бөліктен тұрады:

Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Егер ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойланғандық болады.

Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, бастапқы пункті болып табылады.

Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.

Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады.

Сыни ойлау не мағына береді? Ол ағылшын тілінің «Critical thinking» дегенінің тікелей аудармасы. Яғни бұл сынау деген сөз емес, одан да ауқымды терең, сыни ойлау оқушының қоршаған орта, ақпарат әлеміне, өзіне, өзінің іс - әрекетіне, өзінің дербес, интеллектуалдық оқытудан айырмашылығы – теориялық білімінің өте аздығы, оның есесіне өзіне тән сабақ құрылымы жасалған, әр кезеңге сай әдіс – тәсілдер, стратегиялар, яғни оқыту үшін мұғалімге нақты «инструменттер» берілген. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар. Істеуін көрсетіп берші, үйреніп аламын». Яғни бұл баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз.

Оқытудың ең тиімді жолдары мен түрлері, тәсілдерін қарастыру, оны іске асыру бірден-бір өмір талабы болғандықтан жеке тұлғаны дамытуға бағытталған RWST бағдарламасын пайдалану мұғалімнің жұмысын жеңілдетері сөзсіз. RWST – ағылшын тілінен тура алмасқанда «сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді.

RWST жоба үлгісінің алғашқы құрылымын үйретудің 3 фазалы құрылымы анықталды. Бұл үлгі Словенияда RWST жобасына негіз болған, мектепке өзгеріс енгізудің жүйелі бастамасы – Орава жобасы RWST бағдарламасына үлгі болды. Үлгінің 3 фазасы өздерінің қызметтеріне байланысты аталды: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс [25].

Сурет -1 «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» құрылымы

Оқу үрдісінің сатылары




Қызығушылықты Мағынаны тану Ой-толғаныс

ояту

Қызығушылықты ояту оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізуге күш алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі. Осы алғашқы фазада оқушылар бірінші рет болашаққа көз жүгіртіп, ұғынып, жаңадан таныстырылған тақырыптарға зерттеу жүргізу үшін өз алдарына мақсат қояды. Қызығушылықты ояту – оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам болып табылады. Олар өз еркімен саналы түрде алға жылжитындықтарын немесе үйретілетін тақырыпқа енетіндіктеріне шешім қабылдайды.Сонымен қатар оқушылардың жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын болмайтындықтарын шешуі де алғашқы фазада іске асады.

Дәстүрлі оқытуда қызығушылықты ояту фазасы көбіне қалып кетіп жатады. Мұғалімдер оқушылар мектепке дайындалып келеді деп ойлаулары мүмкін. Кейде солай болады, бірақ көп жағдайларда ең алдымен не күтілетінін анықтап, оқушының қызығушылығын оятып алып, бұрынғы құрылым мен білімді санасына сіңіріп, тек сосын ғана ары қарай үйренетіндей орта құру керек. Тіпті, үйренуге дайындықпен келгендер үшін де қызығушылықты ояту фазасы ұзақ, әрі мағыналы оқудың қажетті психологиялық негізін салады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, тазарады. Осылайша, шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.



Мағынаны тану оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, бейнетаспа, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қай- қайсысы болмасын, осы 2 фаза оқушыларды ақпараттар мен мазмұнмен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы білім мен сенімдермен байланысқандығы жөнінде хабардар болу. Тиімді түрде білім алу үшін оқушылардың сабаққа мақсаткерлікпен, ойлампаздықпен,өзінің түсінгенін бақылай, жаңа ақпараттарға дұрыс жауап қайтара отырып және ақпараттың жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастыра отырып, белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдаулары керек. Мағынаны ажырату жаңа мазмұнды ашу жолы. Оқушы мәтінді оқу арқылы жаңа тақырыппен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды.

Ой толғаныс – үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды.

Оқушылардың алған білімдері ұзағынан, мазмұнды болып, шындыққа ұласуы үшін бұрынғы мәліметтермен жаңа мәліметті біріктіре алудағы уақытпен, құрылыммен қамтамасыз ету – осы фазаның мақсаты. Бұл фаза саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе келесі бір зерттеуді бастауға шақырумен айғақталады. Бұл үйрену - жеке сипатқа ие болатын сәт.

Ой-толғаныс фазасында үйренуші жаңа білімді өз меншігіне алады. Ой толғау процесі арқылы оқушылар өздерінің ойын нақтылайды, қатарластары мен мұғаліммен кері байланыса отырып, мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді. Оқушылар осы процеске жетпейінше олардың үйренетіндері – бар болғаны біреудің идеясы немесе сенімі. Мәліметті басқаның идеялар патшалығынан бөліп алу арқылы ғана өзіндік етуге болады. Шын мәнінде, көптеген үйренушілер үшін жаңа мәлімет бұрынғы үйренгендеріне мүлде қарама-қайшы болуы мүмкін. Өзара жақсы идеялар үйренушіге ой толғаныссыз саналы түрде жете қоймайды. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Осы үш сатымен құрылған сабақ жүйелі болары сөзсіз[26].

RWST алты түрлі негізгі сенімнен тұрады:

1. Бүкіл өзгеріс процесінде оқытушының өзіндік билігі болуы керек және өзгеріс мектеп директоры мен университет қызметкерлері, оқушылар мен ата–аналар қатыса отырып, бірлесе істелетін процесс болуы керек.

2. Өзгеріс сыныптағы мұғалім мен оқушы арасындағы және оқушылардың өздерінің арасындағы қарым-қатынас манифесі болып табылады.

3. Өзгеріс процесі жүйелі, әрі жақсы ұйымдастырылған, теория жүзінде дәлелденетіндей, әрі қолданбалы және ыңғайлы болуы керек.

4. Әрине, өзгеріс процесі тәуекелшілдікке тартатын болғандықтан, оған қатысатын мұғалімдер де тәуекел етеді:

а) кәсіби, өздерінің алғашқы алған кәсіби білімдерінің шеңберінен шыға

отырып;


ә) әлеуметтік жағынан, мектеп мәдениетті және мұғалімдердің оқушылармен қатыстарының екеуінен де жаңашылдықты күту.

б) эмоционалдық жағынан, үйретуге жаңа, таныс емес әдіс-тәсілдерді

қолдануда кездесетін сәтсіздіктерге тәуекел ету. Демек, өзгеру процесіне

қатысқан мұғалімдер өздерінің әріптестерімен бірге жұмыс істейді және

тұрақты түрде формальді қолдануға ие болып отырулары керек.

5. Өзгеріс процесіне елеулі уақыт бөлінуі керек. Уақыт үлгілерді құру мен оларды нәтижелі түрде іске асыру үшін, тәжірибесін дамытып және ықпалын өлшеу үшін қажет болады.

6. Егер процесс бірлесіп жүрмесе, атқару, мазмұн және нәтиже толықтай орнамайды. Оған жету үшін соңғы нәтиже мен қадамдар тікелей сол өзгеріс процесі арқылы өзгеріске ұшыраған көрініске жауап беру үшін өте икемді болуы керек.

Осындай негізгі сенімдер мектеп мәдениетінің маңыздылығы мен күшін және өзгеріске түскен түрлі мәдени контекстерді құрметтеуді көздеген. Қысқаша айтқанда, RWST өзінің көпұлтты негізіне көңіл бөліп, мәдени ұқсастықтар мен әртүрліліктерді мектептегі өзгеріске енгізе алатын жоспарды дамыту үшін осындай бай мазмұнды негізде жұмыс жасай бастады [23].


Кесте – 1 Д ә с т ү р л і  және RWCT  сабақтарының айырмашылығы


Д ә с т ү р л і    с а б а қ т а р

Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Тақырыпты түсіндіреді

Мазмұнын айтып береді

Кейіпкерлер туралы айтып береді

Кейіпкерге мінездеме береді

Мәтіннің идеясын анықтайды

Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады

Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді

Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады

Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады

Шығарма жазады

Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады

Жауап береді

 

 


RWCT    с а б а қ т а р ы

Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөліп, ой қозғайды

Ұжыммен жұмыс жасайды

Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

Мәтінмен өздері танысады

Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады

Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді

Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды

Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады

Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды

Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды

Өз ойларын жазуды ұсынады

Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді

Ойларын қорытуға бағыттайды

Өз тұжырымдамасын жасайды

 

 Бұл жобаны насихаттаушылардың бірі Қазақстандағы Соростың Демократиялық Білім беру ассоциация Президенті Мірсейітова Сапаркүл -филология ғылымдарының кандидаты, Білім магистрі. Бұл ұйымның демеушісі ЮСАИД қоры болып табылады.

Сын тұрғысынан ойлау жобасы дегеніміз не?

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы - өте күрделі ойлау процесі, бұл процесс мәліметтердің қабылдауынан басталады және шешім қабылдауымен аяқталады. Бұл педаго- гикалық технология оқушылардың мәтінмен жұмыс жасауын және барлық ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытады.

Бұл технологияның басты міндеті – оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту, оқу үрдісінде қолдану, қызығушылығын ояту. Ал сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі – біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау мен жазу дағдыларын қалыптастыру.

Сын тұрғысынан ойлау кез келген сынау емес, оны жан-жақты терең зерттеу, талдау, бақылау жасау үрдісі болып табылады. Сол шешімді іздеуге жай ойлау емес, шындалған ойлауды қолдану. [ 20].

Сын тұрғысынан ойлау:


  • шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

  • күрделі мәселерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға сыни көзбен қарау;

  • үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің сеніміне негізделген құрылым.

Сонымен «сын тұрғысынан ойлау» кез келген мазмұнды сынау емес, оны жан-жақты терең зерттеу, бақылау, талдау жасау үрдісі, яғни оқушылардың оқу мәселелерін шешу барысында меңгерілген жаңа білімдерді өздігінен табуы.

Сын тұрғысынан ойлау – үздіксіз түрде жүзеге асырылатын үрдіс. Білімді сыни тұрғыдан ойлау арқылы мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу. Б. Шаушенова «Ізденіс» атты журналда RWST СТО – бұл: Негізгіні көрсету, еркін тыңдау, өзара түсіністік, топпен талқылау, ізденіс, өзіндік жұмыс, жеке пікір, тақырыпты жеке меңгеру, соңғы нәтиже деген тоқтамға келген [28].

Мұғалім стратегияны, оны пайдалану ретін білмейінше, сабақты жүргізу мүмкін емес. Сабақта стратегияларды орынды пайдалану, дұрыс жүзеге асыру мұғалімнің шеберлігін танытады. Стратегияларды білу және оны қолдану дегеніміздің өзі бір басқа. Сондықтан мұғалім ең алдымен жаңа технологиялардың стратегияларын мұқият зерттеп, талқыға салуы керек. Ол дегеніміз не? Қандай стратегиялар бар, олар қалай қолданылады, сабақтың қай жерінде қолданылады, қалай қолдану тиімді, қай стратегияның пайдасы мол. Осы сауалдарға толық жауап бергенде ғана, оны тәжірибемен ұштастыруға болады. Кез келген мұғалім оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттарын білуі керек:

- «сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегиялары туралы білім;

- стратегияның қажеттілігі;

- «сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегияларын меңгеру;

- пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары;

- тәжірибе алмасу;

- стратегияның тиімді жолдарын қарастыру;

- стратегияның нәтижесінің болуы;

- жаңалықтың өмір сүру сатыларын меңгеру.

«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау» жобасы 80-ге жуық стратегиялардан тұрады. Олар «Топтастыру», «Болжау», «Венн диаграммасы», «екі жақты күнделік», «білемін, білгім келеді, білдім», «еркін жазу», «шығарма кестесі», «бес жолды өлең» тағы көптеген стратегияларын атап айтуға болады. Бұл жобаның стратегияларын қолданып, оқушылардың бойындағы қызығушылықты арттыруға болады. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып шығармашылықпен жұмыс істеуге, берілген тақырыпты жан-жақты ашуға, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге, өз ойын ашық айтып жеткізуге болады. СТО бағдарламасының стратегиялары бойынша сапалы білім берумен қатар, болашаққа рухани адамгершілікке тәрбиелей отырып, әр оқушының жүрегіне жол табуға, ішкі сезімін толғанысқа түсіруге, танымдық өрісін кеңейтуге болады [28].


Сурет - 2 СТО бағдарламасының стратегиялары
Топтастыру Еркін жазу Көрнекілік

Түртіп алу

5 жол өлең

БҮҮ Кубизм

Джик со

Семантикалық карта



Бұдан ары сол стратегиялардың кейбіреуіне тоқталып өтейік.

ДЖИК СО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілік артады.

Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл "жанұя" топтар деп аталады. Содан кейін 1,2,3,4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2,3,4-өз алдына "жұмыс" тобын құрайды.

Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы тақырыпты түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің бірінші бөлігін 1-лер, екінші бөлігін 2 санын алғандар, 3,4-нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға "жұмыс тобында" мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті "жанұя топ" оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.

Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.

Джик со стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды еске сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген ынтасы артады, ұжымда жақсы қарым- қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ әдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқушы қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Топтастыру немесе ойды жинақтау әдісі оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағыттайтын оқыту стратегиясы. Бұл идеяларды жинақтап, бір-бірімен сабақтастырып біріктіру үшін ойды дамытып жетілдіруге қажетті құрылымдарды тудырады. Бұл адам зердесінің қалай жұмыс жасайтындығымен тереңірек байланысты ойлаудың ерекше түрі.

Топтастыру- ойды, идеяны жинақтау, яғни бұл сонымен қатар оқыған нәрселерді жинақтап, беретін қорытындылау құралы. Бұл - әсіресе, енжар жазушыларды жазуға ынталандыруға, жазу ісінде белсенділік танытуға қолданылатын әсерлі құрал. Көбінесе, бұл адамның өз білімін сенуге (өз білімін білуге), бір тақырыпқа қатысты түсінігін немесе сенімін білуге көмектесетін стратегия. Топтастыру - оқыту стратегиясы, бұл стратегия оқушыларды еркін және ашық ойлауға үйретеді. Ол ойлауды шыңдайтын идеяларды байланыстыратын бірнеше құрылымнан тұрады. Бұл стратегияның түсіндірмесі мынандай: кілтті сөзді ортаға жазу. Ол тақырып болуы да мүмкін. Керекті уақыт өткеннен кейін жазылған пікірлерді топтастыру, қателерге көңіл бөлу, ешқандай шешім қабылдамау. Бұл әдіс көбінесе қызығушылықты ояту және ой толғаныс кезеңінде жүзеге асырылады. Топтастыру – қарастырылып отырған мәселе жайлы ойдағы бар мәліметті қағазға түсіру. Тоқтаусыз, шектелмей жаза беру, содан кейін классификациялау арқылы ішкі байланысын анықтау, білімнің желісін немесе торын құру осы стратегия үлесінде. [ 13].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет