Ой толғаныс
Оқушылар «Ауа. Ауаның қасиеттері» мәтінін оқиды. Осысабақта алған білімдерін оқулықтағы мәтінмен салыстырады.Ауа туралы алған білімдерін бекітеді.
Мұғалімнің басшылығымен тәжірибе жасалады. Жұмысмайшаммен жүргізілетін болғандықтан, қауіпсіздік ережесі қатаң сақталуы тиіс.
Тәжірибенің нәтижесін кестеге жазады.
Сабақты қорытындылау.
-Ауа туралы не білдіңдер?
Дәптермен жұмыс.
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың тақырыбы : Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Сабақтың мақсаты: су қоймаларын ластау, су қоймаларын ластанудан сақтандыру шаралары туралы әңгімені жалғастыру; суды үнемдеп пайдалану және оны босқа шығындауға болмайтындығын түсіндіру.
Көрнекілігі: «Табиғаттағы су айналымы» плакаты, сызба.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
Су туралы жазылған кәркем шығармалардан (өлең, әңгіме, ертегі) үзінді оқыту.
Өз біліміңді тексер. - Су табиғатта қандай күйде кездеседі?
Кесте толтыру.
Судың күйі
|
Түрлі күйде болуының себептері
|
Қатты
|
Температура 0 градустан төмен болған кезде
|
Сұйық
|
Температура 0 градустан жоғары болған кезде
|
Газ тәрізді
|
Температура, 100 градуста қайнайды. Буға айналады.
|
Пікірталас ұйымдастыру.
«Су тіршілік - көзі» деген пікірді дәлелдеңдер.
Су Жер бетінен жойылып кетсе, не болады?
Қорытынды шығару.
Мемлекет тарапынан суды қорғауға қандай шараларжасалынады?
Әрбір оқушы, әрбір адам суды сақтауы және қорғауыүшін не істеу керек?
Оқулықпен жұмыс.
«Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы» мәтінін оқыту.
Сабақты қорыту.
«Суға қауіп төніп түр» дегенді қалай түсінесіндер?
Оқушылар «Суға қауіп төніп тұр» тақырыбында сурет салып, оны қорғайды.
Үйге тапсырма беру.
«Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы» мәтініноқып, сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларын орындау.
Сабақтың тақырыбы: Туған туыстардың атауы
Сабақтың мақсаты: Қазақтың әдет-қғұрпын оқушылардың бойына сіңіру. Олардың тек өз ата-анасы,бауырларын ғана біліп қоймай, жігіт адамның өз жұртынан басқа нағашы жұрты және қайын болатындығын ұғындыру . Олардың туыстық жақындығын жете түсіндіру арқылы туыстарға деген қарым-қатынасты дамытуға оқушылардың ой-өрісінің дамуына жағдай жасау. Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, отбасы, туған-туысқандар суреті.
Әдісі: сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
І Оқушылардың қызығушылығын ояту
-Балалар , қазір сендер бір-бірлеріңе деген ең жақсы тілектеріңді қағаз бетіне түсіріңдер
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
-Үйге дүниетану сабағынан қандай тапсырма берілді
- «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген сөздің мазмұнын түсініп келу, ата-ана туралы мақал-мәтелдер жазу.
- Олай болса, сендерге мен мынадай тапсырма бергім келіп тұр.
І топ Мәтіннің мазмұнын баяндау
ІІ топ Мақал- мәтелдер айту
ІІІ топ Ата туралы шағын әңгіме немесе өлең жазу
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
- Осы аңызға әңгімеден көкейлеріңізге не түйдіңіздер?
- Қандай үлгі алдыңыздар?
- үлкенді сыйлау, оларға жамандық жасамау
Жеті ата: ата-әке-немере- шөбере-шөпшек- немене-туажат
ІV Ой шақыру
Әпке
Әке-шеше
Жезде
Туыс
Аға
Жиен
Нағашы
Бөле
Іні
V Кітаппен жұмыс
-Ендеше балалар, қазір біз сіздермен «Туған-туысқандар» деген мәтінмен танысамыз
VІ Түртіп алу – білмеймін, мені таң қалдырады
І бөлім: өз жұрты – бөлімді оқыту
ІІ бөлім: нағашы жұрт
ІІІ бөлім: қайын жұрты
Құран Кәрім: «Біз адамдарға ата-аналарына жақсылық жасауды бұйырдық» деп жазады.
Ата заңда: «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» делінген.
Логикалық ойын:
1.Оның шешесі – менің апайым,сонда ол маған қандай туыс? (жиен)
2.Оның әкесі – менің нағашым, сонда мен оған қандай туыс? (жиен)
3. Ол екеуіміздің аналарымыз бірге туған – біз қандай туыспыз?(бөле)
4.Оның ағасы маған – жезде, мен оған кім боламын? (құдаша)
5. Ол бізге күйеу бала –біз оған кім боламыз? (қайын апа,қайын аға)
VІІ Жаңа сабақты бекіту
І топ жігіт адамның неше жұрты бар? Олар кімдер?
ІІ топ Өз жұрты дегенді қалай түсінесіз,оған кімдер кіреді?
ІІІ топ Нағашы жұрты деп кімдерді атайды?
ІV топ Жиен,жиеншар деп кімдерді атайды?
V топ Бөле деген кім?Сенің бөлең бар ма?
VІІІ Үйге тапсырма беру
Қалыптастырушы эксперименттен кейін оқушыларға тапсырма берілді.
1-тапсырма «Менің сүйікті қалам Атырау» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру.
2-тапсырма «Табиғат» тақырыбына бес жол өлең құрастыру
3-тапсырма Өзің білетін балықтардың суретін сал және аттарын жаз. Әдістемені қорытындылауда: өте жоғары, жоғары, орташа деңгей
көрсеткіштері негізге алынды:
Өте жоғары деңгей – 30 ұпай, яғни тапсырманы толық орындағандар, 1-2 стильдік қатесі бар;
Жоғары деңгей – 20 ұпай, яғни 3 тапсырманы орындаған, бірақ 3-4 стильдік қатесі бар;
Орташа деңгей – 10 ұпай, яғни екі тапсырманы дұрыс орындаған, бір тапсырманы дұрыс орындамаған.
Кесте 9 1-тапсырманы орындау нәтижесі
Өте жоғары деңгей
|
Жоғары деңгей
|
Орташа деңгей
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
9
|
37,5%
|
9
|
37,5%
|
6
|
25%
|
Кесте 10 2- тапсырманы орындау нәтижесі
Өте жоғары деңгей
|
Жоғары деңгей
|
Орташа деңгей
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
8
|
33,3%
|
9
|
37,5%
|
7
|
29%
|
Кесте11 3 – тапсырманы орындау нәтижесі
Өте жоғары деңгей
|
Жоғары деңгей
|
Орташа деңгей
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
9
|
37,5%
|
9
|
37,5 %
|
6
|
25%
|
Кесте 12. Берілген 3 тапсырманың қорытындысы.
Өте жоғары деңгей
|
Жоғары деңгей
|
Орташа деңгей
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
Саны
|
Сапасы
|
9
|
37,5%
|
9
|
37,5%
|
6
|
25%
|
|
|
|
|
|
|
Салыстырмалы көрсеткіш
1-тапсырма бойынша қорытынды жасайтын болсақ, «Менің сүйікті қалам - Атырау» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыруда 9 оқушы өте жоғары деңгейде орындады. Өз ойларын еркін, толық жеткізген. 9 оқушы жоғары деңгейде орындаған. Оларда толық жазған, арасында 1-2 стильдік қателері бар. 6 оқушы орташа деңгейде орындаған. Сөйлемдері толық емес, 3-4 силдік қателері бар. 2- тапсырма бойынша 8 оқушы өте жоғары деңгейде тапсырманы орындады, ал 9 оқушы жоғары деңгейде орындады, 7 оқушы орташа деңгейде орындады. 3-тапсырма бойынша 9 оқушы өте жоғары деңгейде орындады, 9 оқушы жоғары деңгейде орындады, ал 6 оқушы орташа деңгейде орындады.
Енді 3- тапсырманы қорытындылайтын болсақ, өте жоғары деңгей 37,5% көрсетіп, анықтаушы эксперименттен 4,2% артты. Жоғары деңгей 37,5% көрсетіп, анықтауыш эксперименттен 8,5% артты. Орташа деңгей 25% көрсетіп, анықтаушы эксперименттен 12,5% кемиді.
Демек, оқу үрдісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын дүниетану пәнінде жүйелі қолданылса,онда оқушылардың танымдық қызығушылығы, оқу белсенділігі артады.
Салыстырмалы көрсеткіш
(қалыптастырушы эксперимент нәтижесі бойынша)
Кесте 13
Эксперимент сыныбы 2 «ә»
|
Бақылау сыныбы 2 «а»
|
Өте жоғары деңгей
|
Жоғары деңгей
|
Орташа деңгей
|
Өте жоғары деңгей
|
Жоғары деңгей
|
Орташа деңгей
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
9
|
37,5%
|
9
|
37,5%
|
6
|
25%
|
9
|
37,5%
|
7
|
29%
|
8
|
33,3%
|
Кесте 14. Салыстырмалы көрсеткіш
(эксперимент сыныбы 2 «ә»)
Анықтаушы эксперимент
|
Қалыптастырушы эксперимент
|
Өте жоғары деңгей
|
Жоғары
деңгей
|
Орташа деңгей
|
Өте жоғары деңгей
|
Жоғары деңгей
|
Орташа деңгей
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
8
|
33,3%
|
7
|
29%
|
9
|
37,5%
|
9
|
37,5%
|
9
|
37,5%
|
6
|
25%
|
Тәжірибелік – эксперимент жұмысы бастауыш сыныптың дүниетану сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану оқушылардың білім сапасы мен танымдық қызығушылығыны, белсенділігіні арттыруға тиімді ықпал етіп, нәтижелі екендігін көрсетті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жаңа оқыту технологияларының мәні – шығармашылық қабілет, дербестік, ізденімпаздықтың дамуы үшін жағдай жасау.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы - өте күрделі ойлау процесі, бұл процесс мәліметтердің қабылдауынан басталады және шешім қабылдауымен аяқталады.
Зерттеу тақырыбы «Дүниетану сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану» деп таңдалғандықтан дүниетану пәніне ерекше көңіл бөлінді. Көптеген әдебиеттер зерттеліп, ұлы ағартушы – педагогтардың , ірі ойшылдардың, психологтардың ғылыми жұмыстарымен танысып, тақырып жайлы әдістемелік басылымдардан озық тәжірибелерді реттеп алып, кітапханалардан көптеген материалдар тауып, бірқатар ізденіс жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмысымда мынандай мәселелерге көңіл бөлінді:
- педагогикалық, ғылыми - әдістемелік еңбектерге талдау жасалды;
- ұстаздардың озат іс-тәжірибелерін басшылыққа алынды;
- эксперимент жұмысы жүргізілді.
Менің алдыма қойған мақсатым – дүниетану сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану барысында оқушының дүниетанымын кеңейтіп, пән бойынша үлгерім нәтижесінің, білім сапасының артуына үлес қосу.
Қорыта келгенде, өміріміздің бір тынысы болып кеткен педагогикалық жаңа технологияның оқыту үрдісіндегі жүйесі – мақсат, мазмұн, әдіс – тәсіл, амал – жол екендігін ұмытпаған жөн. Өйткені, біріншіден жаңа педагогикалық технология ұстаз шеберлігін жетілдіруге ықпал жасаса, екіншіден шәкірттің ой және танымдық қорының ұштала түсуіне әсері мол. Сондықтан еліміз 2030 жылы Орта Азия барысы, жастарымыз еліміздің арысы болсын десек, ұрпақ болашағына ерте үңілейік. «Бүгінгі бала – ертеңгі әлем» демекші, Қазақстанның өркениетті елу елдің қатарына қосылуы, осы жас жеткіншектердің қолында екені бәрімізге мәлім.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықты орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім мен тәрбие беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы салаларда оқушылардың өздігінен жан-жақты ойлау деңгейіне келіп тіреледі. Бұл өз ретінде олардың сын тұрғысынан ойлау негіздерін қалыптастыру қажеттігін көрсетеді. Экономикалық тұрғыдан күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесінде кез келген фактіге, құбылысқа, оқиғаға пікір білдіру арқылы жаңа материалды игерудің өте тиімді екендігі дәлелденіп отыр.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау негіздерімен қаруланғандығы пәнді оқып-меңгеру барысында жақсы нәтижелерге қол жеткізуі, сонымен қатар өзінің белсенді позициясын табуымен байланысты болады. Мұнда оқушылар өздігінен білім алуға деген қызығушылықтары арта түскендігі байқалады.
Зерттеу барысында қол жеткізілген нәтижелер бастауыш білім беру сатысында, атап айтқанда, бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелерінде, әдістемелік бірлестіктерде, оқу-әдістемелік құралдар дайындауда, бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау және қайта дайындау барысында кеңінен пайдалануы мүмкін.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының жүзеге асуын ғылыми тұрғыдан зерттеп, нәтижесін сараптай келгенде мынадай қорытынды жасап және көрсетіліп отырған ұсыныстар белгіледік:
- дүниетану пәнінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімді әдістерін дұрыс таңдай білуі керек;
- оқу үрдісінде қолданылатын сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын дұрыс іріктелініп, баланың оқу мазмұнын терең түсінуіне жағдай жасалуы керек.
Қорыта келгенде, қолданып жүрген жаңа технология, яғни Сын тұрғысынан оқыту технологиясын әлі де болса толық нәтижеге жету үшін дамыту қажет деп ойлаймын. Дүниетану сабағында «Сын тұрғысынан оқыту технологиясын» қолдану арқылы оқушылардың дүниетанымы қалыптасып, қазіргі таңда өз ойларын еркін жеткізе алады, шығармашылық жұмыстармен жиі айналысып, білім сапасы артты. Бұл арқылы өз бетінше іс атқаруы қамтамасыз етіледі деп ойлаймын.
Сын тұрғысынан оқыту технологиялары элементтерін тиімді, әрі дұрыс қолданса, «Дүниетану» сабағының сапасын арттыруға болатынына толық көз жеткізуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауы // Егемен Қазақстан, 2010жыл.
Қазақстан Республикасының бастауыш білім мазмұнының мемлекеттік
стандарты. – Алматы,1998.- 223б.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы. Жоба // Егемен Қазақстан, 30 желтоқсан, 2003.
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы, 2007ж.
Мирсеитова С., Іргебаева Ә. Әрекеттегі RWST философиясы мен әдістері. –Алматы, 2006. – 260 б.
Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар. //Қазақстан мектебі. – 2005.№4. – Б. 5-8.
Кішібаева Д.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар . Түркістан,
Темпл Ч., Стилл Д., Мередит К. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. – М: 1999. – 140 б.
Шаушенова Б. RWST бағдарламасын тәрбие беру негіздері тақырыптарында қолдану / Б. Шаушенова // Поиск – Ізденіс-2005.- №4.-284-288 бет.
Темпл Ч. Кез – келген пәнде қолдануға болатын стратегиялар. Алматы, 2001. –275 б.
Бұзаубакова К. Жаңа технологияны енгізу / К. Бұзаубакова // Бастауыш мектеп-2004-№10.-13-14 бет.
Бұзаубақова Қ. Дәстүрлі емес сабақтардың құрылымы / Қ. Бұзаубақова // Бастауыш мектеп-2004-№11.-48-49 бет.
Сұлтанова Ғ.Т., Сатқаева З.Қ. Жаңаша оқыту – заман талабы – Алматы,2011.-275бет
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии / В.П. Беспалько. – М: Просвещение, 1989. -321 бет.
Бесимбаева Г. К. Урок по теме "Водоросли" ( с элементами технологии критического мышления через чтение и письмо) [Текст]: Биология в школе// Биология и окружающая среда-Биология жјне ќоршаєан орта.- 2008.- №4.- С. 13
Борисенкова И.А. Критическое мышление как объект педагогического исследования // Педагогические науки.-2006.- N 2. - С. 119 - 128
Жазылбекова Г. Развитие критического мышления учащихся при работе над теоретико-литературными понятиями : Педагогические исследования: опыт и новые технологии// Русский язык в школах и ВУЗах Казахстана.- 2007.- № 2.- С. 11-13
Игликова К. С. Из опыта использования технологии развития критического мышления в преподавании общественных дисциплин: методические рекомендации// История Казахстана: преподавание в школах и вузах.- 2006.- №9.- С 10-13
Пугачева Т. Н. Урок с использованием технологии критического мышления// География в школе.-2007.- N 7. - С. 52-55
Тригубова, Н. Дадыкина, Е. Формирование критического мышления учащихся как средство разностороннего развития личности// Вопросы педагогики - Педагогика маселерi.- 2009.- № 2.- С.37-42
Философия и методы RWCT в действии / Казахстанская Ассоциация по Чтению ; под ред. С.Мирсеитовой.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.- 263 с.:ил.-(Школа профессионального развития)
Ақпентаева Р. З.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ үлгісі [Мәтін]: Менің сабағым// Қазақ тілі қазақстан мектебінде - Казахский язык в казахстанской школе.- 2007.- № 2.- 12-15 б.
Ахаев С. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу және жазу: Мұғалім іс -тәжірибесінен// Қазақ тілі мектептер мен жоғарғы оқу орындарында.- 2007.- № 1.-11-14 б.
Ахметова Б.Оқушыны ойын жеткізе білуге баулу жолдары / Б. Ахметова// Бастауыш мектеп.- 2007.- № 3. - 39,40 б.
Әбуева Ш.Сын тұрғысынан ойлауын дамыту: Мұғалім іс -тәжірибесінен// Қазақ тілі мектептер мен жоғарғы оқу орындарында.- 2007.- № 4.- 19-20 б.
Байбахина А.Сын тұрғысынан ойлау: Мұғалім іс -тәжірибесінен// Қазақ тілі мектептер мен жоғарғы оқу орындарында.- 2007.- № 4.- 17-18 б.
Бесімбаева Г.Сын тұрғысынан ойлау мен жазу / Г. Бесімбаева// Биология және салауаттылық негізі.- 2009. - № 5. - 30-32 б.
Елемесова А. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту: Мұғалім іс-тәжірибесінен// Қазақ тілі мектептер мен жоғарғы оқу орындарында.- 2007.- № 5-6.-15-16 б.
Жазықбаева, Ұ. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды меңгеру [Мәтін]: Педагогика: тәрбие теориясы мен әдістемесі// Қазақ тілі мектептер мен жоғарғы оқу орындарында.- 2006.- № 2.- 2-4 б.
Жақыпбаева Б. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту: [мұғалім іс-тәжірибесінен]// Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте.- 2008. - № 4. - 4-8 б.
Құрманбек Н. Сын тұрғысынан ойлау мен жазу// Биология және салауаттылық негізі.- 2007.- №6.- 42-43 б.
Өтемісова Ж. Сын тұрғысынан ойлау әдістері /Ж. Өтемісова// Тәрбие құралы.- 2009. - № 4. – 29-30б
Достарыңызбен бөлісу: |