Сабақтың міндеттерін анықтау. Әр сабақта балалар жаңа тапсырмалар мен іскерліктер алулары тиіс, дене жаттығуларымен бағытты айналысу процессінде олардың дене дамуы жақсарып келе жатқандығын сезінулері керек. Сонымен қатар әр оқушының өзінің жеке рекорды болуы шарт және осы рекордтарға оларды мұғалім жетелеуі керек. Ол үшін мұғалім оқушының мектептегі оқу мерзімінің барлығындағы онымен бірігіп жасайтын жұмысының аяққы нәтижесін нақты анықтап алуы тиіс: бір жылға, бір тоқсанға, бірнеше сабаққа, яғыни әр түрлі уақыт аралығындағы атқарылатын қызметінің нәтижесін көз алдына елестете алуы керек. Сабақтың мақсатын қою оқушылардың атқаратын қызметтерін бағыттап бағдарлайды және оларды саналы түрде орындауға тәрбиелейді. Оқушылардың дене шынықтырудың мақсаты – мектептің оқу курсын тәмәмдау шағына өмірдің әр қилы жағыдайларында қолданылатын қажетті қимыл-әрекеттерді тәрбиелеу және спорттық жаттығулармен жүйелі түрде айналысуға деген қажеттілікті қалыптастыру. Әр оқу жылының мақсаты – мектеп бағдарламасымен қарастырылған, нақты бір сыныпқа арналған оқулық материалды меңгеру. Бірнеше сабаққа немесе тоқсанға қоиылған мақсатқа – нақты бір жаттығуды меңгеру кіреді: мысалы, ұзындыққа секіруді үйрену.
Осы бірінен бірі туындай беретін мақаттарды, әр сабаққа нақты міндеттер қою арқылы шешуге болады.
Дене тәрбмесінің әдістемесінде барлық міндеттерді олардың бағыттарына қарай отырып, үш топқа бөледі: білім беру, сауықтыру және тәрбиелеу.
Білім беру міндеттерін шешу оқушыларды біліммен қаруландырады, спорттық жаттығуларды орындаудың іскерлігімен дағдысын қалыптастырады, сонымен қатар оларды өмірде қолдануға үйретеді.
Сауықтыру міндеттерін шешу белгілі бір жас шағында болатын дене дамуы мен дене дайындығын, тұлғаның дұрыс қалыптасуын және сабақта орындалатын жаттығулардың организмге жағымды әсер етуіне қолайлы жағыдайларды туғызуды қамтамасыз етеді.
Тәрбиелік міндеттерін шешу оқушының жеке тұлғасына дене жаттағуларымен айналысудың моральдық және еріктілік қасиеттерінің дамуына жағымды әсер етуін қамтамасыз етеді.
Дегенмен осы топтарға бөлу, көп жағыдайларда нақты нәтиже көрсетпейді. Мысалы, дене қасиеттерін тәрбиелеуді, оның тұлғаны қалыптастыруға және бүкіл органдар мен жүйелердің жақсы жұмыс істеуіне тигізетін маңыздылығын ескере отырып біз оларды сауықтыру міндетіне жатқазамыз. Дене қасиеттері дамуының қажетті деңгейі болмай дене жаттығуларына жетістіктермен үйрету мүмкін емес, яғыни дене қасиеттерін тәрбиелеу жұмыстарын білім беру міндеттерінеде жатқызуға болады. Дене қасиеттерін дамытудағы кездесетін қиындықтарды бағындыру процессінде оқушы еріктілікті, табандылықты, батылдықты, тәрбиелейді ал, ол адамның бірқатар моральдық қасиеттерінің пайда болуына үлкен себебін тигізеді. Сол себепті мұғалім жұмыс тәжірибесінде білім беру, сауықтыру, тәрбиелеу міндеттерін бірге шешіп отырады. Осы міндеттерді бөлек-бөлек қарастыру, олардың әр қассысының мағынасына тереңірек үңілу үшін жасалады.