Дипломдық ЖҰмыс 5В010800-Дене шынықтыру және спорт Шымкент, 2017


Білім беру міндеттері. Білім беру міндетінің мақсаты, кез келген өмір жағыдайында оқушылар өз әрекеттерін еркін бағындыра алуды қамтамасыз ететіндей қимыл қасиеттерінің деңгейін дамыту болыр табылады



бет14/35
Дата16.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#136035
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
Айтилеуов Сакен

Білім беру міндеттері. Білім беру міндетінің мақсаты, кез келген өмір жағыдайында оқушылар өз әрекеттерін еркін бағындыра алуды қамтамасыз ететіндей қимыл қасиеттерінің деңгейін дамыту болыр табылады.


Белгілі бір іскерлігі бар адам ешқашан қапыда қалмайды, кекздескен қйыншылықтарда керекті іс-әрекеттерді қолданып, шешімін табады. Дене дайындығы бар оқушы әрқашанда жолында кездескен кедергілерден өтудің шешімін тез қабылдай алады, мысалы су кедергілерінен өту кезінде. Ол осы кедергіні секіріп, қарапайым көпір жасау арқылы, кешіп, жүзіп немесе кез келген қолдан жасалған жүзу құралдары арқылы бағындыра алады.
Оқушы бұндай деңгейге оқу барысындағы әр сабақта жеке тапсырмаларды рет-ретімен шешу арқылы қол жеткізеді, олар соңында бүтін іс-әрекетті құрайтын жеке қимылдардан тұрады. Мысалы, ұзындыққа секіруді меңгеру үшін жеке сабақтарда екпіндеуді, серпінуді, қонуды үйрету тапсытмасы қойылады. Осымен қатар оқушы белгілі бір білімді түсініп, меңгеріп алады.
Әр мұғалім мектеп бағдарламасында көрсетілген қмиыл-қозғалыстардың толық жинағын өз оқушыларына меңгертуге ұмтылуы керек. Кейбір мұғалімдердің аз ғана қимыл-қозғалыстарын меңгеруге ұмтылуының болашағы жоқ және қимылдардың кедейлеуіне ұшыратады, ал ол өз кезегінде оқытуда үлкен қиындықтарға алып келетіні анық. Жоғарғы деңгейдегі дене біліміне – жүйелі байланыстарымен біріктірілген кең көлемде меңгерілген дене жаттығулары ықпал етеді.
Қимыл-қозғалысты басқару қасиеттерін тәрбиелеу орындайтын қимылды уақыт аралығында, кеңістікте және бұлшық күшінің ширығу деңгейінде бағалай алумен тығыз байланысты. Белгілі болғандай, уақыт аралығында, кеңістікте және бұлшық күшінің ширығу деңгейінде бағалау, балаларда арнайы бағытталған қимылдарды қолданғанда және жіберілген қателіктердің көлемі туралы ақпараттар берген кезінде пайда болады. Алдымен балаларды қимылдардың жеке мінездемелерін, дененің жеке бөліктерінің (қолмен, бел буынымен, аяқпен) үлкен, кіші амплитудамен және бүкіл денесімен қозғалуын айыра алуға үйрету керек. Осы жерде қимылдарды үлкен және кіші амплитудамен, жылдам және баяу, үлкен және кіші ширығумен алмастырып отыру қажет. Мінездемесі жағынан ерекшеленіп тұратын қимылдар, қарапайым қимылдарға қарағанда есте оңай сақталады. Бұндай мінездегі қимыл тапсырмалары 6-7 жастағы балалар үшін қол жетімді.
Қимылдардың негізгі мінездемелерін біріктіруге үйретуді өз бетімен орындайтын тапсырма ретінде беру қажет – жалпы қимыл дайындығы тапсырмасы. Бұл қимылдың жеке мінездемелерін бағалай алу іскерлігі, дене қасиеттерінің даму деңгейінен тәуелсіз екендігін дәлелдеу үшін жасалады. (оқушының күш, жылдамдық қасиеттері дамыған болғанымен, ол өзінің осы қасиеттерін бағындыра алмауы мүмкін). Жаттығуларды берілген қашықтықта берілген күшпен және амплитудамен орындау, оқушылардың үлкен қызығушылығын туғызады. Бұндай жұмыс сабаққа эмоционалдық пен алуан түрлілікті кіргізеді. Соңында, қимыл іскергігінің белгілі бір жинағын меңгеріп қана қоймай, оларды өмірде қолдануға үйрету қажет.
Білім беру міндеттері оқыту процессінің мазмұнын анықтайды, оқу жұмысына белгіленген бағыт береді, сабақтың нақты қорытындысын болжауға мүмкіндік туғызады. Дегенмен, бұндай тиімділікке қол жеткізу үшін қойылған міндеттерге нақты тұжырым беру керек.
Нақты емес, балама қойылған білім беру міндеттері оқу процессінің логикасының бұзылуына әкеп соғады, оқушыларды алған жолдарынан адастырады, олардың белсенділігіне ықпал етпейді.
Нақты жалпы білім беру міндеттерін қою, әрекетті толық орындауға керекті барлық қимылдарды меңгерудің қажеттілігінен туындайды. Мысалы, биіктікке секіруді меңгеру үшін екпіндеуді, итерілетін аяқты қоюды, итерілуді және планкадан өтуді, қонуды меңгеруге бөлек тапсырмалар қойылуы керек. Осылай бола тұра жеке қимылдарды меңгеруді олардың орындалу ретімен үирету міндетті емес. Сонымен, биіктікке секіруді, итерілу мен қонуды меңгеруден бастайды.
Білім беру міндеттерін қоюдың екінші бір талабы – үйрету кезеңдері белгіленген оқыту процессінің логикасы болып табылады (алдына-ала үйрету, тереңдетіп үйрету, қимылдарды бекіту және жетілдіру). Кейбір жаттығулар сабақтарда текқана үйретілетіндігін есте сақтау керек: оқушыны кейбіреулерімен текқана таныстырады, ал оларды бекіту мен жетілдіру, өз бетінше жұмыс кезінде жасалады.
Сабақтың нақты білім беру міндеті, оның қорытындысыда көрсетілген аяққы тұжырымы болып табылады. Сондықтан сабаққа міндеттерді қою кезінде келесі ұғымдарды пайдаланған тиімді: «үйрету», «бекіту», «жетілдіру». Ең нақты міндеттерінің бірі «үйрету» болып саналады, және бұл міндетті шешуге мұғалім ұмтылады. Осы себептен әр сабаққа оқушылар меңгеріп үлгеретіндей көлемдегі материалдар жоспарлануы керек. Дегенмен бұл үнемі іске асырыла бермейді, сондықтан мұғалім басқа тұжырымдамаларға жүгінеді («үйретіп көру», «үйретуді жалғастыру»).
Бұдан басқа, сабақтың міндеттері «таныстыру» (мысалы, жарыс ережелерімен, президенттік тесттердің нормаларымен және талаптарымен) және «бағалау» (жеке жаттығуларды немесе жаттығулар кешенін орындауды) сөздерімен тұжырымдылуы мүмкін.
Бұндай нақты міндеттер әр сабақта жоспарға енгізіліп оқушыларға жеткізіліп отыруы кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет