АННОТАЦИЯ
Оқушылардың дене шынықтыру Қазақстан Республикасының келешек ұрпағын жоғарғы дәрежедегі азамат қылып тәрбиелеуге бағытталған.
Оқушылардың дене шынықтырумен күнделікті айналысуының маңызы өте зор. Біріншіден: еңбек пен оқу пәндерінің интелектуалды және өте жылдам қарқында дамуы, оқу пәндерінде белсенді әдістемелерді кеңінен қолданылуы, жылдағы сыныптан сыныпқа өту емтихандарын оқу бағдарламасына енгізуде т.б.; Екіншіден: сабақтан тыс уақытта балалардың қозғалыс функциясына кедергі келтіретін қосымша сабақ түрлерінің артуы, сыныптағы тәрбие шаралары, техникалық және көркемөнер үйірмелерінің белсенді жұмыс істеуі, компютерлік ойындар мен теледидар бағдарламаларының жастардың уақыттарын көп алатындығы және т.б.; Үшіншіден: техника жетістіктерін тұрмыста көп пайдалану т.б.
Мазмұны
КІРІСПЕ.......................................................................................................................7
1. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...............................................................................9
1.1 Мектеп жасындағы дене шынықтырудың ұйымдастыру формалары...................................................................................................................9
1.2 Мектеп жасындағы дене шынықтырудың жүргізу ерекшеліктері............................................................................................................12
2. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМІНІҢ ЖӘНЕ
ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ..............................13
2.1 Дене шынықтыру пәні мұғаліміне қажетті қабілеттер....................................13
2.2 Дене шынықтыру мұғалімінің әдіс-тәсілдер қолдану жолдары......................................................................................................................18
2.3 Дене шынықтыру мұғалімінің шеберлігін жоғарылату әдістемесі....................................................................................................................20
3. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..............................................................................................26
3.1 Дене шынықтыру мұғалімнің әдістемелік дайындығын
жетілдіру.....................................................................................................................26
3.2 Дене шынықтыру сабағың ұйымдастырудың әдістемесін жетілдіру.....................................................................................................................32
4. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ӨТКІЗУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ...........................................................................................................42
4.1 Сабақтың құрамын жетілдіру жолдары......................................................49
4.2 Сабақтағы айналысушылардың қызметтерін бағалау.....................................52
4.3 Оқушыларды дене жаттығуларымен өз бетінше айналысуға
үйретудің жаңаша жолдары.....................................................................................53
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................60
КІРІСПЕ
Оқушылардың дене шынықтыру Қазақстан Республикасының келешек ұрпағын жоғарғы дәрежедегі азамат қылып тәрбиелеуге бағытталған.
Оқушылардың сан-алуан дене шынықтыру міндеттерін ойдағыдай шешу үшін мектеп мұғалімдерінің, мектептен тыс мекеме жұмысшыларының және ата-аналарының бірігіп ат салысуын талап етеді. Осы жағыдайда ғана оқушылар дене шынықтыру жүйесінің барлық ұйымдастырылу формаларының ықпалына енеді.
Бұл жүйенің барлық салалары ортақ, бір міндетті шешуге бағытталған. Дегенмен олардың әрқайсысының өзіндік міндеттері мен ұйымдастырылу негіздері бар. Дене шынықтырун ұйымдастыру жұйесінің салаларын мыналар құрайды:
1. Әр сыныпта аптасына үш рет, сабақ түрінде өткізілетін – сыныптағы сабақ жүйесі;
2. Ұзартылған күн режиміндегі денсаулықты нығайту шаралары – сабаққа дейінгі гимнастика,дене шынықтыру дұілістері мен дене шынықтыру минуткалары, үлкен үзілістегі дене шынықтыру жаттығулары;
3. Ұзартылған күн режиміндегі күнделікті жасалатын – жалпы дамыту жаттығулары;
4. Сыныптан тыс жұмыстар, оларға қоса 1-ші - 5-ші сыныптарда өткізілетін спортттық үйірмелеріндегі сабақтар, ауыруларына байланысты арнайы медициналық топтарға көшірілген балалармен өткізілетін дене шынықтыру сабақтары, жалпы дене дайындығы топтары, спорттың әр түрлерінен жүргізілетін секциялар, спорттық жарыстар, слёттар және саяхаттарға шығу.Бұл жүйе, мектептен тыс мекемелердегі дене шынықтырун ұйымдастыру формаларымен толықтырылады:
Осы дене шынықтырудың ұйымдастырылу формаларының барлығы міндеттілігі сынынан «мідетті түрдегі» және «ерікті» болып бөлінеді.
Бұл формалар оқуды ұйымдастыру және тәрбиелеу тұрғысынан «сабақтағы» немесе «сабақтан тыс» болып екіге бөлінеді:
1. Сабақтағы дене шынықтырун ұйымдастыру формасының негізін құрайтындар (мектептегі дене шынықтыру сабағы және спорттық секциялар) мыналар: а) жоғарғы дәрежедегі педагог-жетекшілер; ә) оқу бағдарламасына сай, мақсаты мен міндеті педагогикалық көзқарастан шешімін табатын сабақтың мазмұны; сабақ негізінің нақты құрылымы және шектелген уақыт көлемі; істелген жұмысқа міндетті түрде баға беру; белгіленген кесте бойынша тұрақты түрде сабақтарды өткізу.
Оқушылардың дене шынықтыру дұрыс жолға қойылып, мүмкіндігінше нәтижелі жүргізілсе, онда бұл шаралар олардың келешек өмірінің дұрыс дамуына үлкен үлес қосатыны анық. Спорт мектептерінде, секциялар мен үйірмелерде және басқада спорт мекемелерінде балаларды спорттық жаттығуларға баулу, оларды түрлі спорт түрлеріне қызықтыру олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, және түрлі жағымсыз әрекеттерден сақтандырудың негізгі түрі болып табылады. Дене шынықтырун мектептің жалпы оқыту-тәрбиелеу жүйесіне енгізу, баланың жанжақты дамуына үлкен көмегін тигізеді (денсаулығына, ақылдылығына, жағымдылығына, еңбекқорлығына және эстетикалық шынықтыруне).
Жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру, жасөспірімдердің жалпы мәдениетін қалыптастырудың, сондайақ оқушыларға тәрбие беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
«Дене шынықтыру» оқу пәні ретінде, үлгідегі жалпы білім беретін мектептерде міндетті түрде оқылып, оқу бағдарламаларында қарастырылады және бүткіл оқу кезеңі ішінде аптасына кем дегенде үш сағат көлемінде міндетті пәндердің оқу кестесіне енгізіледі.
Тиісті мүмкіндіктері бар мектептерде ата-аналардың, қамқоршылардың, демеушілердің және қаржыландырудың басқада көздерінің қаржылары есебінен дене шынықтыру сабақтары мен қосымша сабақтар санын 4-5 сағатқа дейін көбейтуге болады.
Дене шынықтырудың ңегізгі үш міндетін шешу үшін оның мазмұнының кешенділігі және жүйелілігі болуы шарт.
Дене шынықтырудың мақсаты – оқушылардың психологиялық, физиологиялық қасиеттерінің дамуына әсер етіп, оларда қозғалыс дағдыларын ғана емес, сонымен қатар тұлғалық қалыптасыуына әсер ету блып табылады. Бұл шара педагогикалық үдерістің білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерін шешу кезінде қолданылады. Бұл міндеттердің шешілуі дене шынықтыру мұғалімінің негізгі қызметін анықтайды, олар: тәрбиелік білім-білік басқарушылық- ұйымдастырушылық, жобалаушылық, әкімшіліктік-шаруашылықтық.
Басқарушылық-ұйымдастырушылық қызметі оқушылардың спорттық секциялардағы сабақтар, спорттық жарыстар және барлық спорттық іс-әреккеттерді басқару, сабақтарды ұйымдастырудан тұрады.
Жобалаушылық қызметінде оқушылар дене шынықтыру бойынша іс-шараларды жоспарлау, оқу тереңдігі мен нақты нәтижелер көрсетулері тиіс. Бұнда оқушылардың даму ырғағын бақылауды жүзеге асыра отырып, жұмыс жоспарына енгізуі қажет. Негізгі рөл сабақтарды жобалауға беріледі.(жоспар). Бұл сабақтың міндеттеріне сәйкес оқу материалдарына таңдау жасауда оқушылардың жас ерекшеліктерін, топтың спецификасын, жыныстық және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Бұның барлығы сабақтың өткізілу жоспарында бейнеленеді. Сонымен қоса сабақтың өткізілу жоспарында жүйе, оның мазмұны және мұғалімнің іс-әрекетінің реті жайлы ақпараттар мен қоса оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділігін арттыратын әрекеттер жазылады. Дене шынықтыру мұғалімінің әкімшіліктік-шаруашылықтық қызметі сан түрлі. Олар дене шынықтыру үдерісін материалдық қамтамасыздандыруға бағытталған. Бұл спорттық қажетті құралдар-жабдықтар алуға, ремонт жасауға, мектептік спорттық алаңдарды қалыпта ұстауға, туристік саяхаттар ұйымдастыруға және т.б мен қамтамассыз ету. Дене шынықтыру мұғалімінің іс-әрекет түрлері суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |