Дипломдық ЖҰмыс 5В010800-Дене шынықтыру және спорт Шымкент, 2017


Мектеп жасындағы дене шынықтырудың міндеттері



бет5/35
Дата16.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#136035
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Айтилеуов Сакен

Мектеп жасындағы дене шынықтырудың міндеттері
Қойылған тәрбиелік мақсаттарға толығынан жету үшін, оның жан-жақты қарастырылуы қажет. Сондықтан дене шынықтырудың міндеттеріне сипаттама бере отырып, оның тек ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар оқытып-үйретуднгі алатын орыны мен атқаратын қызметтерін де есепке алған жөн. Осыған байланысты дене шынықтырудың міндеттері үш категорияға бөлінеді:
І. Сауықтыру міндеті. 1) Бала денсаулығының нығайуына және оның жан-жақты дамуына жәрдемдесу: дене бітімі мен ңегізгі бұлшық топтарының дұрыс қалыптастыру, барлық орган жүйелерінің ойдағыдай және өз уақтысында дамып жетілуін, нерв жүйесінің қатайуын және зат алмасу процессінің белсенді болуын қамтамассыз ету;
2) Оқушының өз жас шағына сай келетін тиімді дене жұмыскерлігімен жарақтандыру;
3) Бала денсаулығының нығайуына кедергі келтіретін табиғаттың қолайсыз фактроларына организмнің қарсы тұру қасиеттерін дамыту.
ІІ. Білім беру міндеті. 1) Күнделікті өмірде және жұмыс бабында қолданылатын іс-қимыдарына үйрету (жүру, жүгіру, лақтыру, өрмелеу, сырғанау, жүкті көтеру және оны тасымалдау т.б.) және әскери-қолданбалы мінездегі іс-әрекеттерге баулу (түрлі кедергілерден өту, шаңғымен жүгіру, жүзудің қолданбалы түрлерімен машықтану, жеке сайыс түрлерімен айналысу т.б.).
2) Спорттық жаттығулардың айла-тәсілдерін білу арқылы қозғалыс әрекеттерінің сапасын байыту (көбейту).
3) Өмірге қауіпті жағыдайларда сонымен бірге жаңа қимыл әрекеттерін үйрену кезінде өз денесінің іс-қимылдарын бағындыра білу қасиеттерін арттыру.
4) Білім қабылдай білу жүйесін қалыптастыру және осы қалыптасқан қасиеттердің арқасында көптеген биіктерге қол жеткізу (жалпы білім алу мәдениетін көтеру, дене шынықтырудың алуан түрлерін саналы түрде меңгеруді қамтамассыз ету т.б.).
ІІІ. Тәрбиелік міндеті. Оқушылардың жалпы шынықтырунде дене шынықтыру тәсілдерін қолдана отырып, оларды біртұтас жағымды, ақылды, еңбекқор және эстетикалық тәрбиелі азамат қылып тәрбиелеу.
Оқушыларды даярлаудағы дене шынықтырудың жалпы міндеттерін оқыту-тәрбиелеу жүйесінде шешуде, олардың жас ерекшеліктерін, оқулық материялдарың мазмұнын және оқыту-тәрбиелеу кезеңдерін алдыңғы жолға қойған жөн.
Оқушылардың сан-алуан дене шынықтыру міндеттерін ойдағыдай шешу үшін мектеп мұғалімдерінің, мектептен тыс мекеме жұмысшыларының және ата-аналарының бірігіп ат салысуын талап етеді. Осы жағыдайда ғана оқушылар дене шынықтыру жүйесінің барлық ұйымдастырылу формаларының ықпалына енеді.
Бұл жүйенің барлық салалары ортақ, бір міндетті шешуге бағытталған. Дегенмен олардың әрқайсысының өзіндік міндеттері мен ұйымдастырылу негіздері бар. Дене шынықтырун ұйымдастыру жұйесінің салаларын мыналар құрайды:
1. Әр сыныпта аптасына үш рет, сабақ түрінде өткізілетін – сыныптағы сабақ жүйесі;
2. Ұзартылған күн режиміндегі денсаулықты нығайту шаралары – сабаққа дейінгі гимнастика,дене шынықтыру дұілістері мен дене шынықтыру минуткалары, үлкен үзілістегі дене шынықтыру жаттығулары;
3. Ұзартылған күн режиміндегі күнделікті жасалатын – жалпы дамыту жаттығулары;
4. Сыныптан тыс жұмыстар, оларға қоса 1-ші - 5-ші сыныптарда өткізілетін спортттық үйірмелеріндегі сабақтар, ауыруларына байланысты арнайы медициналық топтарға көшірілген балалармен өткізілетін дене шынықтыру сабақтары, жалпы дене дайындығы топтары, спорттың әр түрлерінен жүргізілетін секциялар, спорттық жарыстар, слёттар және саяхаттарға шығу.Бұл жүйе, мектептен тыс мекемелердегі дене шынықтырун ұйымдастыру формаларымен толықтырылады:

  • Жасөспірімдер спорт мектептерінде, оқушылар үйінде, тұрғылықты жер үйірмелерінде өткізілетін тұрақты шынығу сабақтары және спорттық жарыстар;

  • Жазғы және қысқы сауықтыру лагерьлер өміріндегі қарастырылған жалпы сауықтыру шаралары (таңертеңгілік гимнастика, күнделікті шомылу, қозғалыс ойындары, саяхаттарға шығу т.б.);

  • Спорт және саяхат базаларының, сондайақ мәдени демалыс парктерінің өміріндегі бұқаралық ойындар, конкурстар, көңіл көтерулер, серуендеулер және саяхаттар.

Балалардың жанұядағы дене шынықтырун ұйымдастыру формалары мыналар:

  • Күн режиміндегі дене шынықтыру шаралары (таңертеңгілік гимнастика, дене шынықтыру минуткалары, шынығу шаралары);

  • Дене шынықтыру мен спорттың шынығу жүйесіндегі жаттығулармен өз бетінше айналысу, дене шынықтыру сабақтарында берілген үй тапсырмаларын орындау;

  • Демалыс және каникул күндерінде, үлкендердің қатысумен, немесе оларсыз серуендеулер мен саяхаттарға шығу, спорттық көңіл көтерулер ұйымдастыру, спорттық көркем өнер ойындарын ойнау;

  • Жергілікті жерлерде өткізілетін спорттық жарыстарға жанұя болып қатынасу.

Осы дене шынықтырудың ұйымдастырылу формаларының барлығы міндеттілігі сынынан «мідетті түрдегі» және «ерікті» болып бөлінеді.
Бұл формалар оқуды ұйымдастыру және тәрбиелеу тұрғысынан «сабақтағы» немесе «сабақтан тыс» болып екіге бөлінеді:
1. Сабақтағы дене шынықтырун ұйымдастыру формасының негізін құрайтындар (мектептегі дене шынықтыру сабағы және спорттық секциялар) мыналар: а) жоғарғы дәрежедегі педагог-жетекшілер; ә) оқу бағдарламасына сай, мақсаты мен міндеті педагогикалық көзқарастан шешімін табатын сабақтың мазмұны; сабақ негізінің нақты құрылымы және шектелген уақыт көлемі; істелген жұмысқа міндетті түрде баға беру; белгіленген кесте бойынша тұрақты түрде сабақтарды өткізу.
Айналысушылар құрамының жасшақтары мен спорттық дайындық деңгейі шамамен біркелкі болғаны жөн.
Осы аталған талаптардың барлығы орындалған жағыдайда, тұрақты өткізілетін сабақтар формалары ұтымды және тиімді болатыны анық.
2. Сабақтан тыс ұйымдастырылу формалары дене шынықтыру сабағына қойылған талаптардың барлығын қамти алмайды. Мысалы, саяхаттарға шыққанда педагогтар жетекшілік еткенімен, олардың тікелей қатынасы шамалығана, өйткені өткізілетін жарыстарға шектелген уақыт қойылмайды, шұғылданушылардың құрамы тұрақты емес, және т.б.
Осы аталған ұйымдастыру формаларының ішінен дене шынықтыру пәнінің негізі ретінде сыныптағы тене шынықтыру сабағын ерекше атау керек. Оның дене шынықтыру жүйесіндегі жетекші орынды алатындығы келесі жағыдайлармен баяндалады: а) дене жаттығуларымен бұқаралық түрде шұғылдануды қамтамассыз ететін, сабақтың әр бала үшін мінднттілігі; ә) дене шынықтыру міндеттерінің барлық кешендік сұрақтарын ұйымдық бірлестікте шешу мүмкіндігі; б) оқушының жеке тұлғасына және оның организміне жоспарланып, бағытталған және жан-жақты педагогикалық әсер етуді қамтамассыз етуі; дене шынықтыру мұғалімінің барлық заңдылықтары барынша іс жүзіне асыруы; толық меңгерген жағыдайда, оқушының денсаулық деңгейі мен дене дамуын білімділігі мен тәрбиелілігін қамтамассыз ететін, тығыз және ғылыми негізделген оқу материалының мазмұны.Оқушылардың қозғалыс белсенділігінің деңгейінің басқада дене шынықтырудың ұйымдастыру формалары, өзінің тәсілдері мен әдістерінің жан-жақтылығымен толықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет