Дипломдық ЖҰмыс 5В010800-Дене шынықтыру және спорт Шымкент, 2017


Дене шынықтыру мұғалімінің әдіс-тәсілдер қолдану жолдары



бет8/35
Дата16.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#136035
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Байланысты:
Айтилеуов Сакен

2.2 Дене шынықтыру мұғалімінің әдіс-тәсілдер қолдану жолдары

Кез келген мұғалім өзінің педогогикалық іс әрекетін нақты бір әдіс тәсілдер арқылы жүзеге асырады, ол мұғалімнің қандай стильде жұмыс жасайтындығын аңғартады.


Педогогикалық іс-әрекет стилдері негізгі үш топқа бөлінеді: 1) демократиялық, 2) авторитарлық, 3) либералдық.
Демократиялық стиль білім іздеу барысындағы қарым-қатынасты тең құқылы болып саналытындығы мен ерекшеленеді. Мұғалім оқушыларды шешім қабылдауға шақырып олардың ойлары мен санасып, оқушылардың жеке тұжырымдарын қолдайды. Мұғалім үшін тәрбиеленушінің үлгерімі ғана емес, олардың тұлғалық сапасы да маңызды. Негізгі әдісі болып оқу іс-әрекетінде ақыл айту мен өтініш жасау болып табылады. Мұғалім демократиялық стилді ұстана отырып өзіне талапты жоғары қойып, өзінің психикалық кәсіби сапасын жоғарылатады. Олар үнемі өз шеберліктеріне сенімді.
Авторитарлық стиль бұл жерде оқушы мұғалімнің педогогикалық әсер ету объектісі болып табылады, ол барлығын өзі шешеді, өзінің талаптарын орындауға қатал бақылау жасайды, оқушының ойы мен педогогикалық ситуацияларды ескермей, оқушыға зор талаптар қояды. Мұғалім оқушыларға өз шешімі мен іс әрекетін еш уақытта түсіндірмейді. Мұндай педогогикалық іс-әрекет барысында оқушылар агрессивтілік байқатып, өз-өзін бағалауын төмендетіп, оқу белсенділігін жоғалтады. Олардың барлық күші өз өздерін психологиялық бағалауға бағытталған. Мұғалімнің негізгі әсер ету әдістері бұйрық немесе басқару болып табылады. Авторитарлы стильдегі мұғалім өз кәсібі мен үнемі қанағаттанбайды. Олар ерекше көңілін педогогикалық іс-әрекеттің әдістемелік жағына бұрып, педогогикалық ұжымда алда көрінуге тырысады.
Либеральді стиль келесі жағдайлардан тұрады: мұғалім өзі шешім қабылдаудан қашқақтайды. Сабақ барысында шешімді оқушылар қабылдаса, жұмыс барысында педогогикалық ұжымға қалдырады; оқу іс-әрекетін бақылау мен ұйымдастыру үстіртін жүргізіледі. Мұғалімнің бұндай іс-әрекеті үнемі шайқалып сенімсіздік білдіреді. Оқушылар арасында сырт көзге көрінбейтін қақтығыстар мен сыныпта тұрақсыз микро климат орнайды. Мұғалімнің оқушыларға деген тәрбиелік әрекеті жоқ екендігі байқалады.
Қазіргі заманғы психология жеке дара стильдерді бөліп көрсетіп, жеке адам мен жүргізілетін әдіс тәсілдердің тиімді жүйесін қарастырған.
Жеке дара стильді қалыптастыру адамның сол іс-әрекетті жасау қабілеттеріне байланысты. Ол онын бойындағы ерекшеліктерінің жүйке жүйесінің (темпераментінің) нәтижесі. Бұнай іс-әрекет стильінің қалыптасуы стихиялық деп аталады.
Жеке дара іс-әрекет стильін қалыптастырудың санаулы мақсат бағдарлы жолдары да бар. Олда индивидтің күшті және әлсіз жақтарына бағытталып, оның ерекшеліктеріне анықтап өз өзін терең түсінуге немесе сырттан мақсат бағдарлы әсер ету мен сипатталады. өзіндік жеке дара іс әрекет стильін саналы түрде қалыптастыру, адамның дағдылануына, нақты кәсіби іс әрекетіне психологиялық сапасына бейімделуі, одан жоғары квалификациялық істер күтуге әкеліп соғады. Бұл нақты беделі негізінде жеке тұлғаның іс-әрекет стильін қалыптастыру мүмкіндігі.
Педогогикалық психология жеке дара педогогикалық стильдерінің төрт типін бөліп көрсетеді:
1. Эмоционалды-импровизациялық стиль бұл жағдайда мұғалім оқу процесіне бағытталған. Оның жаңа оқу материалын түсіндіруі логикалық түрде жүзеге асырылып қызықты өтеді, бірақ түсіндіру барысында кері байланыс орнату мүлде болмайды. Мұғалім сұрақ қою барысында оқушыларға барлығына қарап тек өзін қызықтыратын оқушылардан ғана сұрайды. Сұрақ қою барысында мұғалім тәжірибелі формальді емес сұрақтарды қолданып оқушыларға жауапты құрастыруға мүмкіндік бермейді. Оқушылардың жабауына белсенді қатысып кетеді.
Бұндай педогогикалық процесті жүзеге асырушы мұғалім негізінен ең қызықты материалдарын қолданып, ал қажетті және қызықсызын үй тапсырмасы ретінде қалдырып отырады. Бұл іс-әрекет жоғары жылдамдығымен ерекшеленеді. Ол оқу әдістерінің көпшілігін пайдаланып, ұжыммен талқылап асығыс сөйлемдер құрастырады.
2. Эмоционалды әдістемелік стиль. Бұны оқу нәтижесі мен процесіне бағытталған мұғалімдер қолданады. Оқу тәрбиелеу процесін жоспарлау не үшін қажет деп санайды.
Бұндай мұғалім оқушылардың білім деңгейіне көбірек көңіл бөліп оқу процесіне үнемі қайталау процестерін енгізіп, өткен оқу материалдарын бекітіп, білім білік дағды деңгейлерін бақылауда ұстайды. Сабақ үстіндегі жұмыс формаларын жиі өзгертіп сабақта топтық талқылауларды қолданады, топтағы барлық оқушыларды оқу іс-әрекеті барысында белсендендіруге тырысады. Оларды өз пәнінің ерекшеліктері мен қызықтырып алады.
3. Ой жүгірту – импровизациялық стиль. Бұлда оқу нәтижесінің процесіне бағытталған мұғалімге тән. Ол оқу тәрбиелеу процесін жоспарлауы жоғарылау бірақ жоғарыдағы екі стиль мен салыстырғанда жаңашылдығы аз. Бұндай мұғалім өзінің жоғарғы жұмыс темпін үнемі сақтамайды, ұжымдық талқылаулар жүргізбейді. Оқушыларға сұрақ қою барысында оқушылардың жауаптарын ерекше зейін мен тыңдайды. Ол оқушыларға жанама түрде әсер етуді жақсы көреді. Сәйкесінше әрбір оқушыға өз ойын толық жеткізуге мүмкіншілік береді.
4. Пікір-әдістемелік стиль мұғалімнің оқу нәтижесіне бағытталғандығымен ерекшеленеді. Бұндай мұғалім оқу-тәрбиелеу процесін дүрыс жоспарлап педогогикалық әдіс құралдарды қолдануда жан жақтылық танытады. Оған әдістемелілік тән (өткен оқу материалдарын қайталау, бекіту, іс-шаралар өткізу, оқушылардың білім білік дағды деңгейлерін дамыту) ол ұжымдық талқылаулар жиі өткізбейді. Оқушыларға сұрақ қою барысына аз уақыт бөліп, жауап беруге ұзағырақ уақыт береді. Бұл стильдегі мұғалімдер төмен оқитын оқушыларға көбірек уақыт береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет