82
бойында мемлекеттіліктің негіз қалаушы құндылықтарына деген құрмет
қалыптастыру,жастарды жұмысқа орналастыру үшін
жағдайлар жасау,
жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту, жастарды мәдени
құндылықтарға тарту, жастардың азаматтық және патриоттық сезімдерін
ӛздігінен дамытуын ынталандыру, жастар ортасында моральдық-рухани
сабақтастықты қамтамасыз ету, мемлекеттік
жастар саясатын ғылыми-
зерттеумен қамтамасыз ету және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру
міндеттері қаралып, зерттелді. Сонымен қатар мемлекеттік жастар
Қысқасы, бұл жұмыста Жастар саясатының теориялық негізі жастар
саясатының негізгі бағыттары бойынша барлық қағидалар талданды.
Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру бойынша елімізде
атқарылып жатқан іс- шаралар кӛрсеткіштер мен ағымдағы жағдайлар
талданды. Жастар саясатының жергілікті жерлерде жүзеге асу деңгейін зерттеу
мақсатында «Жезқазған қаласының ішкі саясат бӛлімі» ММ мемлекеттік
жастар саясатын дамытуды жүзеге асыруы мен ағымдағы жағдайын талданды.
Сонымен қатар «Жезқазған Бизнес және кӛлік колледжді» ЖМ жастар
саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен
әлеуметтік мәселенің шешілу
деңгейі де дипломдық жұмыс барысында талданды.
Жастар саясаты - ел ертеңін айқындайтын басым бағыт. Жастар саясаты
жастардың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы
әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға,
жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм құндылықтарын
қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Мемлекеттік жастар
саясатының басты мақсаттарының бірі - еліміздің әлеуметтік,
экономикалық,
мәдени дамуына үлес қосуға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға тәрбиелеу.
«Мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға
жақсы мүмкіндік беруі тиіс. Ол жастар ӛмірдегі ӛзінің жеке табысын іздей
отырып, жақындары, ӛз халқы және Отаны үшін жағдай туғызатын азаматтар
болуы тиіс. Мен біздің жастарға сенемін», - деген Н.Назарбаевтың үмітін
жастар әрқашан ақтар.