Бесінші кезең « Синтез» . «Сын есім» тақырыбына байланысты синквейн құрастырыңдар.
1 жол-синквейннің атауы.
2 жол- екі сын есім.
3 жол-үш етістік.
4 жол-«сын есім» тақырыбына байланысты сөйлем.
5 жол-зат есім.
Алтыншы кезең «Бағалау». Тапсырма.Өз досыңның мінезіне сипаттама бер. Досыңды сипаттайтын сөздерді пайдаланып , дос туралы әңгіме құрастыр.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының негізі деңгейлік тапсырмалармен тығыз сабақтасады. Деңгейлік тапсырмалардың көздейтін мақсаты - оқушының ой-санасын жеңілден ауырға қарай біртіндеп өсіру, дамыту. Ана тілі мен өзі өмір сүріп отырған қоғамның, жалпы тіл мен мәдениетгің өзара байланысын түсінуде тілдегі сөздің мағынасын білу оқушының танымын кеңейтеді. Сондықтан қазақ тілінің сөздік қорын, тіл байлығын, сөз сырын терендей ұғындыруда деңгейлік тапсырмалардың алатын маңызы зор. Жаңа буын оқулықтарында берілген тапсырмалардың барлығы міндетгі және мүмкіндік деңгейіне бөліп құрастырылған Міндетті деңгейдің мақсаты- оқушының жаңадан меңгерген білімін бекіту,нақтылау, тілдік ұғымдарды ажырату,оларды тілдік қатынаста орнымен қолдануға үйрету; мүмкіндік деңгейдің мақсаты - оқушылардың өз бетінше белгілі бір тақырыпқа арнап шығарма жазуын жетілдіру, ой толғауын дамыту, арнайы суретгер бойынша әңгіме жазуға дағдыландыру; т.б. Дегенмен бұл екі деңгейде меңгерілетін тапсырмалар оқушылардың есте сақтауына, бірден қабылдауына, ойлау қабілетін жетілдіруіне ауыр соғуы мүмкін. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларьша тіл байлығымыздың қайнары болып табылатын қазақ тілін төрт деңгейге (оқушылық, алгоритмдік, ізденімдік, шығармашылық) бөліп оқытудың маңызы зор[14]. Себебі, біріншіден, алғашқы деңгейлердегі (оқушылық, алгоритмдік) тапсырмаларға қарағанда ізденімдік және шығармашылық деңгейлерде орындалатын жұмыстардың мазмұны мен жүргізілу жолдары бірте-бірте қиындай түседі; екіншіден, оқушы тапсырмаларды қызығып орындауы үшін сабақта түрлі амал-тәсілдер іске қосылады; үшіншіден, сабақтағы бір теориялық мәселе бірнеше жаттығулар мен тапсырмалар арқылы пысықталады; төртіншіден, оқушы белгілі бір тақырып бойьшша түрлі тапсырмалармен жұмыс жасайды; бесіншіден, қиындығы сатылай өскен тапсырмалар желісі оқушының қабілетін ұштап, шығармашылық жұмысқа жетелеп отырады.
Бастауыш сынып оқушыларының тіл мәдениетін жетілдіруде қазақ тілінің алатын орны зор. Оқушы лексикалық қорды жетік игере отырып, ана тіліндегі сөз мағынасының дамуы, олардың шығу тегі, қолдану аясы жөнінде білім алады. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, көп мағыналы сөздер мен омонимдер, синонимдер мен антонимдерді жете білуі арқылы қазақ тілінің сөз байлығын, мағыналық қыр-сырын меңгереді. Сабақта қазақ тілінің тұрақты сөз тіркестеріндегі ұлтгық дүниетаным; диалект сөздердегі тіддік ерекшеліктер; табу мен эвфемизмдердегі ұлттық салт-дәстүрлердің көрінісі оқушының санасына сіңірілуі тиіс. Қазақ тілін оқытудағы негізгі мақсаттардың бірі оқушының дұрыс сөйлеуін қалыптастыру, ойын анық та айқын жеткізуге дағдыландыру болып табылады. Оқушы сөздік қор мен сөздік құрамды жете меңгермей, тілдік қатынасты толық игере алмайды. Олар әр сөзді орынды қолдану арқылы өз ойын түсінікті жеткізеді, бір-бірімен пікірлеседі, түсініседі, дұрыс тілдік қарым-қатынас жасайды. Тілдік қатынас жасау оқушының сөз мағынасын орынды қолданған кезінде ғана жүзеге асады. Бүл айтылған ойға ғалым Ф.Оразбаеваның пікірі дәлсл болады: "Тілдік қатынас — тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу". Тіл арқылы дұрыс сөйлеуге үйретуде, сөз мағыналарын тілдік қарым-қатынаста жете игертуде тілші Ф.Ш.Оразбаеваның тілдік коммуникация теориясына қатысты пікірлері басшылыққа алынды[15]. Оқушы әрбір лексикалык тақырыпты тек ғылыми ұғым ретінде қабылдамай, оларды өмірде қолданатындай, өзінің сөйлеу дағдысында, жазба жұмыстарында пайдаланатындай болуы керек.
Деңгейлік тапсырмалардың жүзеге асуы оқушыларға психологиялық тұрғыдан әр түрлі әсер етеді. Оқушылық деңгейдегі тапсырма, жатгығуларды орындау арқылы оқушы оперативтік есіндегі білім мазмұнын қорытады, талдайды, жинақтайды. Алгоритмдік деңгейдсгі тапсырма, жатгығулар алғашқыдан гөрі кеңейтілген түрде беріледі. Мұнда "оперативтік ес" пен "ұзақ уақыттық жадынын," ара байланысы түзіледі. Ізденімдік деңгейдегі тапсырмалар оқушылардың ізденісін қажет ететіндіктен, олардын ойлау ерекшеліктері де соған бейімделеді.
Шығармашлық деңгей - оқушының интеллектуалдық ойлау дәрежесінің өскендігін дәлелдейтін деңгей. Шығармашылық деңгейде оқушының шығармашылық ойлауы, шығармашылык қабілеті оның тілден алған біліміне сүйене отырып дамытылады.
Осыған байланысты белгілі психологтар Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, Э.Ильенков, А.Леонтъев, Л.Выготский, В.Давыдов, Р.Немов, А.Вейн, Б.Каменецкая, В.Петуховтардың көзқарастары негізгі бағытқа алынды. Тілдік ұғымдарды деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту барысында оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көңіл бөлінді. Оқушылардың зейінін сабақта қадағалай отырып, лексиканы оқытуда зейіннің түрлеріне қатысты тапсырма түрлері беріледі. Оқушы зейінін өзіне аудару үшін, тітіркендіргіштің жаңа болуы керек. Бір деңгейден екінші деңгейге өту барысында оқушы зейіні бірқалыпты болмайды, осының өзі тітіркендіргшггердің зейінді өзіне аударуына игі ықпал етеді. Ес пен зейін, ойлау мен қабылдау оқушының зеректігіне әсерін тигізеді. Сондықтан сабақта оқушының есін дамытуға байланысты тапсырмалар жүйесі ерекше орын алуы керек. Қазақ тілін оқыту барысында психологиялык процестердін, барлығына назар аударылып, олардың дамуына қажетті жағдайлар жасалып отырылады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың өз бетімен ойланып, қиялының дамуына жағдай жасалуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалардың түрленіп берілуі оқушынын ақыл-ойын дамытады. Оқушының ойлауы арқылы біртіндеп қиялы туындайды. Бұл жөнінде М.Мұқанов: "Продуктивті ойды толықтыруда қиял ерекше орын алады. Өйткені продуктивті ой — ойланып-толғанудың нәтижесі болғандықтан, қабылданған хабарларды өзгертіп отырудың ерекше мәні бар", - дейді. Сондықтан берілетін тапсырмалардың оқушының қиялын дамытуға ықпалы арнайы қарастырылды.
Оқушының ойлау, қабылдау, зейіндік, танымдық қабілетгері айқындалып, жетілдірілетіндіктен, оқу процесінің өту формасы, мазмұны, әдіс-тәсілдері — барлығы оқушының жеке психикалык күйімен, оның даму процесімен тығыз байланысты. Деңгейлік тапсырмалар арқылы лексикалық ұғымдарды меңгертуде оқушының жеке тұлғасын дамыту — әр мұғалімнің алдында тұрған басты міндет[16].
Әдістеме дидактика ұсынған оқыту ұстанымдарына, оқыту әдістерінің теориясына сүйенеді. Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгерту дидактиканың ұстанымдарын басшылыққа алу арқылы өрістейді. Әдістеме ілімінде оқу материалын саналы меңгерту, оқыту материалының ғылымилығы, жүйелілік пен жалғастық, дидактикалык материалдардың оқушының қабылдауына сәйкестігі, қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға қарай оқыту, теория мен тәжірибенің байланыстылығы, оқу мен тәрбие ісінің бірлігі ұстанымдары негізгі нысана ретінде қолданылады.Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту тсхнологиясында ерекше орын алатын ұстаным — қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға қарай оқыту[17].
Деңгейлік тапсырмаларды орындау процесін басқаруда мұғалімнің басқаруы мен оқушылардың өзін-өзі басқаруы алмасып отырады. Оқушының өзін-өзі басқаруы мен бақылауы оның өз бетімен жұмыс жасауы, оның нәтижесі дұрыс болуы арқылы байқалады. Өзін-өзі жақсы басқара алатын оқушыда өз бетімен іздену мен өз бетімен тапсырмаларды орындау қабілеті жоғары дәрежеде дамиды.
Лексиканы деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тәрбиелік жағы сабақта және сабақтан тыс орындалатын жұмыстардың ұжымдық, топтық, жеке орындалуынан аңғарылады. Сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстардың түрлерін үйірме, олимпиада, апталық, экскурсия, кештер, кездесулер өткізу құрайды. Сабақ барысында жүргізілетін тәрбиелік жұмыстар, біріншіден, күнбе-күнгі сабақ жоспарында көрсетіліп отырылады, екіншіден, лексиканың әрбір жекелеген тақырыбы тәрбиелік потенциалы мол база бола алады, сондықтан әрбір сөздің мағынасына этимологиялық талдау жасатудың өзі де қазақ тілінің қойнауында жинақталған халқымыздың тарихынан, мәдениетінен, экономикалық-әлеуметгік даму барысынан тәрбиелік мәліметтерді мол етіп бере алады.Лексиканы оқыту арқылы оқушыларға тілдер туыстығын тануға, сөздердің этимологиялық негізін танып-білуге және сол арқылы оқушылардың тіл мәдениетін, ұлттық ой-санасын тәрбиелеуге мән берілді. Лексикалық материал арқылы оқушыларды ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбие түрлеріне үйретуге назар аударылды.
Әр деңгейде орындалатын тапсырмаларға байланысты қойылған талаптардың бір-бірінен айырмашылығы ескерілді. Бірінші деңгей мен екінші деңгейде орындалатын тапсырмалар бір-біріне ұқсамайды. Деңгейден деңгейге көшкен сайын тапсырмаларға қойылатын талаптар да артып, күшейіп отырады. Оқушылық деңгейде орыңдалатын тапсырмалар:
Мұғалім түсіндірген білімді оқушы қайталап бере алатындай
болуы керек.
Оқушының жаңадан меңгерген білімін бекітіп, ары қарай
дағдыландыруға бағыт беруі қажст.
Жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көмек бере алуы
тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |