Дипломдық ЖҰмыс 6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі



бет24/43
Дата01.02.2022
өлшемі496 Kb.
#130354
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
Байланысты:
Калменова

3. Пәнаралық тапсырма. Өтілетін тақырыпты басқа пәндермен, ғылым салаларымен байланыстыра отырып, оқушыға материалды терең әрі жан-жақты меңгертуге арналған тапсырманың түрі пәнаралық тапсырма деп аталады. Оқушы білімі пәндердің өзара байланысының негізінде тұрақтана түседі. Мұндай тапсырмалар оқушының логикалық ойлауын дамытады. Мысал ретінде термин сөздерді оқыту барысында орындалған мына тапсырманы алуға болады:

Тапсырма: Қазақ тілі,математика,дүниетану ғылымдарына тән термин сөздерді жаз.

Лексикалық тақырыптардың ішіндегі термин сөздерді оқыту пәнаралық байланыс негізінде жасалған тапсырмаларды қажет етеді. Осындай негізде жасалған жоғарыда берілген тапсырма бойынша оқушы, біріншіден, әр пәнге ойша шолу жасап, ондағы өтілген материалдарды еске түсіреді. Екіншіден, қазақ тіл білімінің лексикология саласынан алған білімін (термин сөз деген не, онын ерекшелігі) пайдаланып, көрсетілген пәндер бойынша термин сөздерді ажыратып жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет