5. Танымдық тапсырма. Оқушының ойлау қабілетін,
дүниетанымын, ой-өрісін дамытуға арналған тапсырманың түрі
танымдық тапсырма деп аталады. Мысалы, көнергсн сөздер
тақырыбына байланысты берілген мына тапсырманы танымдық
тапсырмаға жатқызуға болады. Тапсырма: Сен мына заттарды қалай
елестетесің?/Суретін сал/
Сәукеле - әйелдердің асыл тастармен безендіріліп жасалған
ерте кездегі бас киімі.
Бұл тапсырмада көнерген сөздер түсініктемесімен бірге берілген. Тапсырманың мақсаты - оқушының сол заттың түсініктемесін оқи отырып, оны өзінің елестетуі бойынша суретпен бейнелей білу. Әр оқушы әр түрлі сурет салады. Бұл - оқушының жеке танымына, қабылдауына байланысты.
6. Интеллектуалдық тапеырма. Оқушының жеке ойын, пікірін,
көзқарасын қалыптастырып, өзінің ұсынысын ашық айтуға
бағыттайтын тапсырманың түрі интеллектуалдық тапсырма деп
аталады. Мысалы оған кірме сөздерге байланысты берілетін мына
тапсырманы жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |