Дипломдық ЖҰмыс 6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі



бет25/43
Дата01.02.2022
өлшемі496 Kb.
#130354
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
Байланысты:
Калменова
Учебник 11 каз, Модо 18.04.2022ж. география, 1, План продаж на 01.11.2021
4. Шешендік тапсырма. Оқушының айтар ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыратын, сейлеу мәдениетін қалыптастыратын, кез келген жағдайда сөз тауып, оны орынды қолдануға жетелейтін тапсырманың түрі шешендік тапсырма деп аталады. Мұнда оқушы ойды жеткізуде әр сөздің атқарар қызметінің зор екендігіне назар аударады. Сонымен қатар шешен, әдемі сөйлеуге үйренеді. Мысалы, Тапсырма:

Жақсыбектің бір келіні бар. Оның аты — Нұрила. Нұрила ауылдағы ең мақтаулы келін. Оны еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін жақсы көреді. Қазақ халқының бар салты, әдеп-ғұрпы бір бойынан табылғандай. Ол ауылға түскен жас келінге үлгі.

Бір қызығы, неге екені белгісіз, Нұрила ешқашан "жақсы" деген сөзді айтпайды екен. Бірде ауылдағы ақ жаулықты апалар, бір-бір келіннің енелері, дукеннен келе жатқан Нұриланы сынамақшы болып келіседі. Жақындаған кезде Нұрила иіліп сәлем салады да:

- Армысыздар, апалар, - деді.



Апалар оны танымаған сыңай танытып:

- Бар бол, балам. Шырағым, кімнің келіні боласың ?



  • Е, қарағым, халің қалай?

  • Балаларыңның денсаулығы жақсы ма ?

  • Үлкен балаң биыл мектепке барды. Сабағы қалай өзінің ?

Айтпақшы, сені өткен жұмада төркініне барып келді деп естіп едік. Әке-шешең, аға-бауырларыңның жағдайы қандай екен? — деген сұрақтарды бірінен соң бірін жаудырып кеп жіберді. Апалар келін өзінің жауабында "жақсы" сөзінің бірде-бір рет ауызға алмағанына таңырқаған күйі қала берді.

Бұл — лексикалық тақырыптардың ішіндегі табу сөздерге байланысты берілген тапсырма. Бұл тапсырма оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет