2. Проблемалық тапсырма. Оқушыға проблемалық жағдай туғызып, соған байланысты оңтайлы шешім қабылдауға үйрететін тапсырманың түрі проблемалық тапсырма деп аталады. Мысалы,
Тапсырма: Адамның кейбір дене мүшелерінің атауы көп мағыналы сөзді, ал кейбіреуі омонимдік мағынаны білдіреді. Ойлан, тап.
Омоним сөздер Көп мағналы сөздер
Лексикалық ұғымдар — көп мағыналы сөздер мен омоним сөздер — айтылуы, жазылуы жағынан бір-бірімен ұқсас екені белгілі. Оқушылар көбіне екеуін ажырата алмай жатады. Ереже, анықтамасын айтып тұрса да, нақты мысал келтіру кейбір оқушыға қиындық келтіреді. Бірінің орнына бірін қолданып жататындары да кездеседі. Сондықтан бұл екі ұғымның ара жігін ашу оқушыға проблемалық тапсырма ретінде ұсынылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |