4-тапсырма. Өзіннің досыңның жақсы қасиеттерін ата.
Оқушылар өзінің досының жақсы қасиеттерін атап,достық туралы әңгімелейді. Жақсы достың қандай болатынын түсіндіреді.Басқа сыныптастарымен достық жөнінде пікір алысып, өздерінің ойларын білдіруге дағдыланады.
5-тапсырма. Сен үлкендерге қалай көмектесесің?
Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар өздерінің үйде анасына, әкесіне қандай қолқабыс жасайтындарын әңгімелейді.Монологты сөйлеуге жаттығады.
6-тапсырма. Қандай үй жануарларын жақсы көресің.
Мұндай тапсырманы орындау барысында балалар өздерінің үй жануарлары туралы әңгімелейді.Әрқайсысы өздерінің үй жануарларының жақсы жақтарын айтуға тырысады.
Сонымен қатысымды-ақпаратты сөйлеу деңгейінде берілген тапсырмалар төмендегідей нәтиже берді:
Достарыңызбен бөлісу: |