Дипломдық ЖҰмыс қазақ ономастикасын зерттеудің жаңа бағыттары Мамандығы: 5В020500 Филология


Ономастикалық концептілерді зерттеу (вербалдануы және қызметі)



бет10/17
Дата07.07.2022
өлшемі157,83 Kb.
#147336
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Таншолпан 2022-1 (1)

2 Ономастикалық концептілерді зерттеу (вербалдануы және қызметі)
Ономастикалық зерттеулерде жалқы есімдердің, онимдердің тілдік категория ретінде лингвистикалық қызметтері (функциялары) қарастырылды. Жалқы есімдердің функциональды-семантикалық (прагматикалық) сипаттары Е.Ә.Керімбаевтың, И.С.Карабулатованың, И.В.Крюкованың, Н.В.Васильеваның т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Жалқы есімдердің қызметтері басқа лексикалық бірліктердің қызметімен сәйкес келеді, алайда ономастикалық атаулардың өзіне тән ерекшеліктеріне, өзгешеліктеріне орай тек осы лексикалық бірліктерінің өзіне ғана тән тілдік қызметтері бар екендігін кейбір тілтанушы ғалымдар атап өткен. Мәселен, А.В.Суперанская және В.И.Болотов жалқы есімдердің әлеуметтік куәландыру (социальная легализация) қызметі бар екендігін көрсетеді. Әсіресе, аталған қызмет антропонимдерге және топонимдерге тән. О.И.Фоняковтың пікірінше жалқы есімдердің үш тілдік (атауыштық-жіктеу «номинативно­дифференциальная», идентификациялық дейктикалық) функциялары және бес сөйлеу (прагматикалық, апеллятивтік, контакт жасаушы «кoнтaктoycтaнaвливсющся», адрестік (мекендік, фатикалық) функциялары бар [12,16-17 бб.].
Е.Ә.Керімбаевтың еңбегінде қазақ жалқы есімдерінің қызметі сөйлеу және әлеуметтік аспектілерінде тіл/сөйлеу, жазбаша тіл/ауызша тіл, актив/пассив тіл қорларындағы, әдеби/әдеби емес, норма, нормативтік варианттар, мағыналы-экспрессивтік формалар т.б. тілдік мәселелер тұрғысынан қарастырылды [5]. Осы еңбекте, тағы басқа зерттеулерде жалқы есімдердің функциялары (қызметтері) негізінен тілдік аспектілерде қаралды. Жалқы есімдер тілдік (лексикалық) бірліктер болғаннан кейін олардың қызметі тілде және сөйлеу процесінде қарастырылуы заңды үрдіс, ондай болмауы да мүмкін емес еді.
Ал когнитивтік ономастика аясында, ономастикалық лингвоконцептология қағидалары тұрғысынан қарайтын болсақ, кез-келген жалқы есім белгілі бір концептілік құрылымға енеді немесе өзі микроконцепт (кейде макроконцепт) құрылымын құрамдайды. Осы өте маңызды жәйтті ескеретін болсақ когнитивтік ономастика аясында біз ономастикалық концептілердің қызметтерін (функцияларын) кең өрісте, жан-жақты сипаттап, қарастыруымыз керек.
Ономастикалық концептілер тілдік санадағы лингвоментальді құрылым болғандықтан олардың тілдік көрінісі, яғни вербалдану қызметі және ментальдік өрісте (кеңістікте) басқа да алуан түрлі қызметтері (функциялары) бар. Ономастикалық концептілердің функциялары онимдердің (жалқы есімдердің) қызметтерімен қабысып, біте қайнасып жататын өзіндік ерекшеліктері бар, себебі концептінің тілдегі тірек қазығы – жалқы есім екендігі мәлім. Ономастикалық концептілердің мәтіндердегі қызметі вербалданумен шектелмейді, себебі концептінің вербалдануының өзі мәтіндегі белгілі бір лингвоментальдік көрініс (әлем кеңістігін) құрылымын түзейді. Ономастикалық концептілердің тілдік санадағы қызметі қазақ менталитетінің, дүниетанымы, таным процестеріндегі қызметтері (функциялары) болып табылады. Сонымен қатар, жалқы есімдер мен ономастикалық концептілердің семиотикалық саяси (идеологиялық) астары бар, осының бәрі аталмыш концептілердің идеологиялық (саяси) лингвоментальді кеңестікте өз қызметтерін айшықтайды. Жалқы есімдер мен оларға қатысты ономастикалық концептілердің лингвомәдени (этномәдени, этнолингвистикалық) мәні бар, осыған қатысты қазақ рухани мәдениетінде, менталитетінде айқындалатын қызметтерін осы зерттеуіміздің ғылыми талдау нысаны етіп алғанымыз жөн болар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет