Дипломдық ЖҰмыс қазақ ономастикасын зерттеудің жаңа бағыттары Мамандығы: 5В020500 Филология


Қазақ топонимдеріндегі рухани мәдениеттің көрінісі



бет9/17
Дата07.07.2022
өлшемі157,83 Kb.
#147336
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Таншолпан 2022-1 (1)

Қазақ топонимдеріндегі рухани мәдениеттің көрінісі. А.Е.Жартыбаевтың докторлық диссертациясының «Рухани мәдениетке байланысты аймақтық топонимдер» атты тарауында аймақтық топонимияда көрініс берген, төрт түлік түрлеріне қатысты туындаған мифонимдер, көшпелі тұрмыс-салт дәстүрлерімен және танымдық мәні бар топонимдермен зерделенген.
Рухани мәдениетке қатысы бар осындай ақпараттар мифонимдер формасында сақталған. Олардың ішіндегі ең көнесіне төрт түлік малды қолға үйрету кезеңінде, тым ерте дәуірлерде қалыптасқан төрт түлік иелеріне қатысты мифонимдер жатпақ.
Рухани ақпараттық мәні бар мифотопонимдердің екінші түріне А.Е.Жартыбаев ислам діні ұғымдары мен аңыздарына қатысты жер-су атауларын жатқызады. Мифотопонимдердің осы түріндегі жер-су аттары діни аңыз-әңгімелерге байланысты түсіндіріледі. Мысалы: Халықты ислам дініне тарту барысында қамқоршы құдайлар жаңа есіммен аталып, олар туралы аңыздар да таратылған. Сондай аңыздардың бірі Шопан атаны Қожа Ахмет Иассауи шәкірті ретінде танытады. Аңыз бойынша Шопан ата Қожа Ахмет Иассауидің шәкірті, ХІІ ғ. өмір сүрген. Дәріс (оқу) аяқталып, бата сұраған шәкірттеріне Қожа Ахмет: «Аса таяғымды алысқа лақтырамын, оны кім бұрын тауып алса соған батамды беремін», - депті. Лақтырған таяқты Шопан ата Маңғыстаудан табады. Сол жерге Шопан ата мешіт салады. Қазіргі Қарақия ауданы, Қызылсу елді мекенінде Шопан ата қорымы сақталып қалған. Сиыр малының пірі Зеңбі баба Қожа Ахмет Иассауи ізбасары Хакім атаның шәкірті, әйгілі түрік шейхының лақап атына қатысты аталған. Түйе малының пірі Ойсыл қара, ислам қайраткері Уйасәл-Каранидің бұрмаланған есімі. Аталған түрік пірлеріне қатысты Орталық Қазақстанда Ұлытау ауданы жерінде, тау биіктігі – 492,5 м. Қамбар – қазіргі Ұлытау ауданындағы Сарысу өзені мен Қоңырдың аралығындағы төбе, биіктігі – 276,0 м. Ел аузында «су, суын жылқы» аталатын көк қысқа айғырды Қамбар атаға апарып байланыстыру дәстүрі де бар: «Қазақ өзгеден үздік қасиетті жануар туралы «әлгі пәлен жүйріктің енесіне көл суынан шығып, «су айғыр» деген жануар шапқан екен», - дейтін ертегілер сақталған.
Аймақтық топонимия тұрғысынан зерттелген еңбектерде жер-су атаулары құрамындағы өсімдік аттары негізінен материалдық мәдениет көріністерінің айғағы ретінде қарастырылды. Мәселен, А.Е.Жартыбаевтың байқауынша: «өсімдік түрлеріне қатысты топонимдер аталған жерлердегі өсімдік дүниесінің тұрақтылығынан хабар береді: Жантақты, Жантақсор, Шеңгелді, Топшеңгел, Сасықшеңгел, Шеңгелқұдық, Жыңғылды, Көкжыңғыл, Жыңғылқақ, Жыңғылдыөзек, Жыңғылсай, Тораңғылық, Сексеуіл, Сексеуілді, Сексеуілбұрыш, Сексеуілтөбе т.б. шөлді аймақтағы тұрғындар сексеуіл, тораңғы, шеңгел, жыңғыл т.б. шөлді өңірлерге тән өсімдік түрлеріне қатысты материалды мәдениет түрін терең меңгерген» [10, 38 б.].
А.Әлімхан өсімдіктерге қатысты топонимдерді «жаратылысқа қатысты топонимдер» қатарында қарастырған.
Дәстүрлі топонимика тұрғысынан сипатталатын өсімдіктерге қатысты топонимдер когнитивтік (лингвоконцептологиялық) бағытта (жалпы қазақ ономастикасында) рухани мәдениет көріністері аясында (ономастикалық топонимикалық концепт ретінде) Б.М.Тілеубердиевтің докторлық диссертациясында зерделенді.
Белгілі бір табиғи ортаға бейімделген жануарлар дүниесінің ареалы сол аймақ жеріндегі географиялық атауларда кездесетіні белгілі. Зоотопонимдердің Қазақстан топонимиясында көптеп ұшырасуы тек географиялық фактормен ғана байланысты емес, сонымен қатар қазақ халқының саятшылық, құсбегілік, аң, балық аулау кәсіп өнерлерімен де байланысты екенін атап кеткеніміз жөн. Аталған кәсіп-өнерлермен, жекелеген аң-құстармен байланысы бар қаншама ұғым-түсініктер, салт-дәстүрлер, дүниетанымдық құндылықтар бар екенін ескерсек зоотопонимдерді рухани мәдениет аясында зерттеуімізге болатыны айдай анық.
Дегенмен қазақ топонимиясында рухани мәдениет белгілері мен көріністерін айғақтайтын басқа топонимдер де баршылық екенін аңғаруымызға болады. Солардың бірі және бірегей тобы – діни, мифологиялық жер-су аттары. Осы топтағы әулиеге табынып, сыйынғандағы топонимдердің қалыптасу себептерін А.Әлімхан былай түсіндіреді: «Жергілікті адамдардың әулиеге табынып, сыйынғандығы топонимдерде өзбедерін қалдырған. Мысалы, Әулиетал, Әулиебұлақ, Әулие, Әулиешоқы, Әулиеқұс, Соқырәулие, Әулиебасы, Әулиеқұдық т.б.
Бұл атаудың төркінінде жалпы түркі халықтарына ортақ табиғи ортаға жататын тау мен тас, өзен мен көлдердің иелері болады, деген ұғымнан өрбіген наным бары айғақ. Сол иелердің мекен еткен жерлерін киелі санап, әулиелі жер деп бағалап, сол жерде өсіп тұрған белгілі бір ағаштардың бұтақтарына шүберек байлап, бұлақ бастауларына тиын немесе түйме тастаған» [11, 95 б.].
Оңтүстік Қазақстан агиотопонимдерін талдаған тағы бір зерттеуші Қ.Рысбергенова Оңтүстік Қазақстан агиотопонимдерін төмендегідей лексика-семантикалық топтарға бөледі: 1) араб агионимдерінен құралған, ислам дінімен байланысты – агиотопонимдер: Ибраһимата, Махмудата, Жүсіпата және т.б.; 2) түркі агиотопонимдерімен байланысты – Шаш-ана, Қарашаш-ана, Артықата, Қауғаната; 3) «каноникалық дублеттен (канонические дублеты) құралған агиотопонимдер. Көптеген әулие адамдардың өз есімдерінен басқа каноникалық діни есімдері немесе лақап аттары болған, мәселен, Үндемесата – аңыз бойынша бұл ата мылқау болған, тек кейде жаманшылықты сезген сәтте жылаған, өкірген, сол себепті Жылағаната деп те аталған; Лайқораата «лайды жеген әулие»; 4) мал, жануар, өсімдіктер аттарынан туындаған және тотемизм, зоолатрия сенімдерімен байланысты агиотопонимдер: Үйреката, Әулиежиде, Қоянбаба, Құлайғырата, Балықшыәулие [2, 89 б.].
Осы келтірілген агиотопонимдердің лексика-семантикалық топтарының құрамы жергілікті халықтың наным-сенімдерінен, діни танымдарынан хабардар етеді. Қ.Рысбергенованың байқауынша Қошқарата, Құшата, Қарғабап, Лашынбап, Қарлығышата, агиотопонимдері қой (қошқар) және киелі құстарды тотем ретінде түсіну және сыйлау жайларынан дерек береді.
Рухани мәдениеттің бір бөлігі болып табылатын діни дүниетаным көріністері рухани ақпараттық мәні бар агиотопонимдерде өз ізін айғақтай түссе, сол агиотопонимдердің негізінде құралған жалқы географиялық атаулар яғни агиоантропонимдер ақпараттық (рухани мәдениеттің көрінісін беретін) мәні екеніне куә болып отырмыз.
Қазақ рухани мәдениетінің көрінісі ретінде танылатын топонимдердің бір бөлігі әруақты сыйлауға «өлі разы болмай, тірі байымайды» деген ұлттық ой-санамен байланысты болып келеді. Ондай топонимдерге зерттеуші А.Әлімхан: мола, бейіт, оба, зират сөздерімен тіркесе келген атауларды жатқызады: Абыз бейіті, Ағаш бейіт, Ақмола, Дорбабейіт, Дос бейіті, Үлкен обалы, Ақоба, Шағаноба, Қарамола, Қособа, Балабейіт, Әжім бейіті, Торғынбай бейіті, Ақыш зираты, Жаңбыршы бейіті т.б. [11, 95 б.]. А.Әлімханның байқауынша, жоғарыда берілген халықтық топонимиялық атауларда адамды сескендірер көр, қабір сынды суық сөздер емес, бейіт, оба сияқты жеңілірек синонимдік сөздер қолданылғанын және осы мысалдардан қазақ халқының моральдық, этикалық нормалары мен тіл мәдениетінің өрісін тануға болады.
Түркі соның ішінде қазақ тілдерінде табу мен эвфемизмдерді зерттеген ғалым Ә.Ахметовтің ой желісін келтіре отырып Ә.Әлімхан эвфемистік қолданыстар аймақтық топонимияда да өз көрінісін беретінін айтып кеткен.
Ұлттық рухани таным-түсінігі көріністерін түр-түске байланысты жер-су атауларынан да байқауға болады. Топонимдер құрамындағы түр мен түс семантикасы көптеген зерттеушілер еңбектерінде қарастырылған. Мәселен, Б.М.Тілеубердиевтің мәліметінше: «Оңтүстік Қазақстан жер-су атауларының құрамында белгілі бір түсті білдіретін сөздер саны өте көп кездеседі: қара, ақ, қызыл, сары, көк, ала, боз, қоңыр, құба т.б. Бұл түсті білдіретін сын есімдер әдетте объектілердің түсін немесе түрін білдіреді де тау, тас, төбе, бұлақ, арық, биік, су, дала, жел, адыр, сор, құм, сеңгір, жон т.б. георрафиялық объектідерді анықтау үшін қызмет етеді» [1, 51-52 б.]. А.Әлімханның байқауынша, мысалы ақ компонентті топонимдер Қазақстанның кез келген өңірінде сияқты Шығыс Қазақстан аймағында да жиі кездеседі: Ақарал, Ақбейіт, Ақбосаға, Ақдала, Ақжабағы, Ақжайлау т.б.
Бұл атаулардағы ақтардың барлығы өң мен түс мәнінде қолданылған деп кесіп айтуға келмейді.
Мөлдір сулардың бастау алар жерінде өскен бұталарға, әлем бойлап, тұнығына теңге тасталатын Аққайнар, Ақбастау сынды гидронимдер құрамындағы «ақ» халық арасында «киелілік» ұғымын береді. Ақкеткен атауларындағы ақ төркіні сүт пен сүттен жасалған тағамы мәнінде қолданыс тапқан. Е.Қойшыбаевтың пікірінше: Ақтөбе, Ақдөң сияқты топонимдердегі ақ – «шөп», «шөпті» мағыналарын білдіреді. Ғалымның бұл пікірімен келіспеуге болмайды. Себебі, аймақ топонимиясында ұшырасатын Ақжаулау, Ақтүбек, Ақтеріскей атаулары «ақты жер» түсінігін беріп тұр. Е.Керімбаевтің: «Байқап қарасақ Ақсулар тау биіктеріндегі мұз, қардан басталып ағатын өзендер» деген ойы ақ компоненттінің тағы бір сипатын танытып тұр. Сонымен, аймақ топ жүйесіндегі ақ компонентті атаулар құрамындағы ақ сөзі негізінен, төмендегідей ұғым түсініктерді танытады: 1)түс; 2) шөпті, отты; 3)киелі; 4) ағын, ағынды [11, 96-97 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет