Дипломдық ЖҰмыс дарынды бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу Алматы 2010 мазмұНЫ


Ойлаудың рефлексивтілігі байқалу дегейінің көрсеткіші



бет11/22
Дата17.04.2023
өлшемі200,08 Kb.
#174660
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
dip -daryndy-bastauysh-synyp-oqushylarynyn-daryndylygyn-zertteu (копия)

Ойлаудың рефлексивтілігі байқалу дегейінің көрсеткіші сыналушылардың жинаған ұпайларының оның шешілу санына бөлінуі арқылы анықталады.
Уақыт көрсеткіші анаграмманы шешуге кеткен орташа арифметикалық уақытты білдіреді.
Ранг көрсеткіші шешілген анаграмманың ең қиын нөміріне сәйкес келеді.
Сыналушы М.А., 1 к. сынып.
Дамытушы экспериментке дейінгі рефлексивті ойлау деңгейінің байқалу көрсеткіші 0,3-ті, яғни төменгі даму деңгейін құрайды. (Қосымша - Ә3).
Ал, дамытушы эксперименттен кейін, бұл көрсеткіш 0,6-ны көрсетіп, орташа даму деңгейіне жоғарылады. (Қосымша - Ә3).
Сыналушы И.К., 2 к. сынып.
Дамытушы экспериментке дейінгі рефлексивті ойлау деңгейінің байқалу көрсеткіші 0,4-ті, яғни орташа даму деңгейін ал, дамытушы эксперименттен кейін ол көрсеткіш 0,8-ге артып, жоғары даму деңгейіне көтерілгендігін көрсетеді. (Қосымша - Ә4).


Әдістеме атауы: “Он сөзді жаттау”
Әдістеме мақсаты: Он сөзді жаттау әдістемесі көмегімен естің негізгі амалдарын: есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды зертетуге болады.
Бұл әдістемені А.Р. Лурия ұсынған.
Жабдықталуы: мазмұны жағынан байланысы жоқ он сөзден тұратын сөз қатары.
Сөз қатарының үлгісі:

  1. Нан, бала, терезе, бал, үй, мысық, орман, су, саңырауқұлақ, орындық.

  2. Түтін, ұйқы, шар, мақта, бұта, сағат, мұз, түн, еден, қалам.

  3. Су, лақ, қап, ожау, қағаз, күн, қыс, гүл, терезе, өшіргіш.

Зерттеудің жүргізілу жолы: Алдымен зерттеуші сыналушылардың зертетуге қаншлықты дайын екендіктерін, көңіл-күйлерінің шамасын байқайды. Зерттеу әр баламен жеке жүргізіледі. Сыналушылардың алдағы орындайтын жұмысы келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі:
“Мен қазір, сіздерге он сөз оқимын, мұқият тыңдаңыздар! Мен оқып болған соң, естеріңізде қалған сөздерді кез-келген ретпен қайталаңыздар”.
Зерттеуші сөздерді анық, жәй оқиды. Хататмада әр сөзді айтылғаннан кейін қайта жаңғырту ретін және ділдігін санмен немесе крестикпен белгілейді. Ал, кейде айтылатын сыналушының артық сөздері де хаттамаға тіркеліп отырады. (Қосымша - Б).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет